Технология ?ыздар 8-сынып Б?йір тігісіндегі т?ймелігін ??деу


Бекітемін: З.А.Жакаева Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
«___» _____________ 2015 жылСыныбы: 8 -  сыныпСабақ №: 17
Тарау№: ІІ Машина тану элементтері. Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау (белдемше).
Сабақтың тақырыбы: Бүйір тігісіндегі түймелігін өңдеу.
Сабақтың мақсаты:А) Білімділік: Мата қасиеттерін ескере отырып белдемше түймелігін орнату тәсілдерін түсіндіру.Б) Тәрбиелік: Бұйымды өңдеу технологиясын оқытуда әсемдікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, шеберлікке тәрбиелеу;В) Дамытушылық: Белдемше түймелігінің түрлерімен және оларды орнату технологиясын оқытуда оқушылардың білім қорын молайту, еңбекке икемділігін, эстетикалық талғамын дамыту. Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге ықпал ету.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың типі: жаңа білім беруСабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ – жауап, баяндау.Пәнаралық байланыс: математика, сызу, сурет, әдепКөрнекілігі: Белдемше түймелігін орнату тәсілдері – плакаттар                       Технологиялық карта                       Технологиялық схема                       Белдемшені алғашқы өлшеуден өткізу – плакат                       Дайын тігілген ысырмалар                       Тест тапсырмалары.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушылар назарын сабаққа аудару.                                              түгелдеу.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Белдемшені алғашқы өлшеуден өткізудің мақсаты? Алғашқы өлшеу барысында неге мән беру керек? Қандай кемшіліктер пайда болуы мүмкін? Пайда болу себебі? Белдемшедегі кемшіліктерді жою жолдары қандай? Тест тапсырмаларын тарату.ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту:«Кубизм» әдісін пайланып үй тапсырмасын пысықтау. Оқушылардың білімін бағалау. ІV. Жаңа сабаққа кіріспе:«Белдемше түймеліктері» ассоциация аймағын құру.Қолданылатын материалдар түріне қарай (мата, фурнитура) топтастыру;Сабағымызда белдемшеде қолданылатын түймеліктер түрлерімен және орнату технологиясымен танысамыз.V. Жаңа сабақ.Белдемше түймеліктері бүйір тігісте, қатпарлар арасында ысырмамен немесе әдіппен өңделеді. Түйме, ілмектерде модельге байланысты қолданылады. Әйелдер киімінде ысырманы сол жақ бүйір тігіске орналастырады. Ысырманы екі түрлі әдіспен:А) Қиықтардың ортасына орналастыру;Б) Қиыққа жылжыта орналастыруға болады.А) Бүйір тігісті айыра үтіктеп, ысырманың басы белдемшенің жоғарғы қиығынан 1 – 1,5 см төмен бекітіп, буындары қиықтармен сәйкес келетіндей етіп көктейді. Көктеу барысында ысырманың екі жағының тең түсуіне назар аудару керек. Ысырманы мата түстес жіптермен жиегінен 0,5 – 0,7 см тігіспен тігеді. Түймеліктің соңында қиыққа перпендикуляр тігіледі. Б) Ысырманы қиыққа жылжыта орналастыруда белдемшенің артқы бөлігінің қиығынан 0,2 см оң бетіне жылжыта көктейді. Алдыңғы бөлігін тура қиығы бойынша көктеп үтіктейді. Ысырманы қиықтарға көктеуде артқы бөлігінің қиығына 0,1 – 0,2 см жеткізбей, алдыңғы  бөлігін ысырманы толық жабатындай етіп көктеп, 0,8 – 1,2 см тігіс жалпақтығымен машина тігеді. Қынама силуэтті бұйымдарды ысырма астына негізгі матадан дайындалған қақпақ тігіледі. Дайын қақпақты бұйымның теріс жағынан бүйір тігістің артқы бөлігіне ысырмаға жақын тігеді. Белдемше түймелігін әдіппен өңдеу үшін оның бөліктерін түймелікке арналған  арнайы әдіппен пішеді. Түймелік жиектері мықты болу үшін алдыңғы бөліктің әдібіне желімдегіш  материалдар пайдаланады. Әдіптің жиегін торлап, көрінбейтін тігіспен алдыңғы бөлікке бекітеді. Артқы бөліктің әдібінің қиығын қосымша мата жолағымен өңдейді. Әдіптің жиегін артқы бөлікке көрінбейтін тігіспен бекітеді.VІ. Жаңа сабақты бекіту:Ысырманы белдемшеге қондыру технологиялық картасын оқушыларға жасату, технологиялық схемасын сызырту. Көрнекіліктер бойынша тексеру.(Кодоскоп пайдалану) INSERT әдісін пайдаланып жаңа сабақты пысықтау.
БілемінНе білдім? Білгім келеді?
     
 
VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау: Сабағымызда белдемше түймелігінің түрлерін, оларды өңдеу технологиясын меңгердік. Белдемшеге ысырманы қиықтардың ортасына орналастыру және қиыққа жылжыта орналастыру әдістерімен таныстық. Оқушылардың білімін бағалау.VІІІ. Үйге тапсырма беру:Белдемше түймелігін орнату тәсілдері.Технологиялық картаБелдемше түймелігін ысырмамен өңдеу.
Код Орындалатын операция Құрал - жабдықтар Нұсқаулар
1 Белдемшенің бүйір тігісін айыра үтіктеу Үтік 2 Ысырманы бүйір тігіске көктеу Қол ине1 см
3 Тең түсуін тексеру- -
4 Ысырманы машинада тігу22 - А 0,5 – 0,7 см
5 Дайын қақпақты артқы бөлікке көктеу Қол ине6 Қақпақты артқы бөлікке машинада тігу22 – А 7 Түймелікті үтіктеу үтік Технологиялық сызбаБелдемше түймелігін ысырмамен өңдеу
5) қол операция
6) машина
4) машина
3) қол операция
2) қол операция
1) үтік
Қақпақ
Ысырма
Артқы бөлік
Алдыңғы бөлік

Түймелік. Киімнің сәніне қарай түймелік киімнің алдыңғы не артқы бойына, бүйір не иық тігісіне, сәнді тігіс бойына, юбка тігісінің қосылған жерінде, жең манжеттерінде орналасады. Түймелікті түймелі, сыртылдақты, сыдырмалы етіп жасауға болады. Түймелікті өңдеуге қажетті фурнитураларды жапсырып, ілгек дайындау ғана емес, сонымен бірге түймеленетін детальдар мен түймелікті тігу, торлау да жатады.
Түйме қадалатын жерлерді белгілеу үшін киімнің ілгегі бар шетін екінші шетіне салып, яғни алдыңғы бойдың (не артқы бойдың) бір жағының ортасын екіншісімен беттестіріп ілгектің басталар жеріне түйреуішті түйреп қою керек. Ілгектің басына дейінгі арақашықтық түймеленген түйме өңірдің шетіне шығып кетпейтіндей болуы керек. Түймені мата түсіне сәйкес жіппен тігеді. Ілгектерді алдыңғы бойдың ортасынан белгілі бір арақашықтықта (0,2—0,3 см) белгілейтін болғандықтан түймені алдыңғы бойдың тура орта сызығына қадайды. Егер түймелік үшін вертикаль ілгектер жасалған болса, алдыңғы бойлар бір-бірінен артылып, асып тұрмауы үшін жоғарғы түймені ілгектің жоғарғы шетіне, төменгіні төменгі шетіне қадау керек. Ортадағы түймелерді жоғарыдан төмен қарай бірқалыпты етіп қадап шығады. Түймені әдетте матаның қос қабатына, кейде (мысалы астарсыз  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D1%82%D0%BE" \o "Пальто" пальтода) жалаң қабатына қалайды. Мұндай жағдайда іш жағынан матаның кішкентай қиық салып тігеді немесе кішірек түймелі қолданады. Ортасы тесілмеген, дөңес түймелерді қадағанда оған айналдыра жіп ораудың қажеті жоқ. Тесігі үлкен түймелерді төменгі жиектен 0,7 см қашықтықта тігу керек. Астар мен алдыңғы бойды ұзынынан алдыңғы бойдың белгіленген ортасы бойынша ішіне қарай қайырып, көктеп, үтіктейді. Сыдырманы ажыратып, әр бөлікті жеке-жеке астыңғы бетімен жоғары жағында шетіне 1,5 см-дей жетпейтіндей етіп астарға салу керек. Осы қалпында сыдырманың тістері мен астардың тістерін тегістей отырып көктеп шығады. Астарлы сыдырма көктелген жермен бірге алдыңғы бойдың іш жағына бүктеп қырын тегістеген соң көктеп, алдыңғы бой жағынан бүктелген жерден таспа баудың еніндей орын қалдырып машинамен тігіп шығады.
Тоғалы түймелік.
Тоғалардың металдан, пластмассадан жасалған, былғары және матамен қапталған түрлері болады. Белдікті даярлап алып, тоға қадалатын 4 см-ге тең жерді өңдемей қалдырады, содан соң тоғаны белдікке машинамен не қолмен тігу керек.
Сыртылдақты /кнопкалы/ түймелік
Спорттық үлгідегі киімдерге сыртылдақты түймелік жасау кең тараған. Сыртылдақ түсіп қалмау үшін оны матаның бірнеше қабатына бекітеді. Егер сыртылдақты жүн матадан тігілген бұйымдарға бекітетін болса, оның астына мақта-матадан астар салу қажет. Сыртылдақ бекітілетін жерлерді белгілеу үшін киімнің алдыңғы бойларын астар жағымен беттестіріп, оның орта сызығын түйреуішпен түйреп қою керек. Сыртылдақтардың қаншасы қажет екенін анықтап, белгіленген арақашықты түйреуішпен келесі жаққа аударады. Сыртылдақтар мен түймелердің орналасуын белгілей отырып негізгі сыртылдатар мен түймелер міндетті түрде кеуде, бел, мықын сызығына, қалғандары — солардың арасына орналасуы қажеттігін үмытпау керек.
Түймелікті өңдеу:
Түймелікті бір әдіппен өңдеу
Негізгі детальды белгіленген сызық бойынша тілін, тіліктің екі жағы бір түзудің бойында жататындай етіп жазу керек. Тіліктің әдібін көктеп, тігіл шығады. Әдіптің бос жағын ішіне қаратып аударып, оң жағынан тігістің іргесінен әуелі көктеп, содан соң тігіп шығу керек. Түймеліктің төменгі шетін бекітіп қояды.
Түймелікті сыдырманың көмегімен өңдеу
Мойын ойындысын әдіптеу принципімен яғни ілгек шығару әдісімен жүргізіледі. Сыдырманы түймеліктің өңделген тілігінің астына тістері екі әдіптің арасында, рамканың ортасына орналасатындай етіп алып, көктейді. Мұндайда сыдырма рамканың төменгі бөлігін қатпарландырмауы үшін түймеліктің шетіндегі металл бекіткіш рамканың төменгі жағындағы көлденең тігіске 0,1—0,2 см жетпей тұрғаны жөн. Сыдырманы бұйымның оң жағынан рамканың сызығы бойынша тігіл шығу керек.

Приложенные файлы

Добавить комментарий