Математика саба? жоспары Азайту мен ?осуды? ?зара кері амалдары


Пәннің аты-МАТЕМАТИКА Уақыты:10.09 Кабинет:34 Мұғалім

Сабақтың атауы Азайту мен қосу өзара кері амалдар. Азайтуды тексеру. Есептер шығару
Мақсаты Азайту және қосу амалдарының өзара кері амалдар екенін тағайындау және осы амалдардың өзара байланысын білдіретін қорытындылар жасау. Азайту амалын қосумен және азайтумен тексеру тәсілдерінің қолданылу үлгісін көрсетіп беру; өзара кері есептерді шығаруды пысықтай түсу, геометриялық фигураларды бір-біріненажыратуға  машықтандыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру жайындағы білімді бекіту.
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Суреттегі мультфильм кейіпкерлеріне кері амалдарды орындап, межеге бірінші болып жетуге көмектесіңдер.
 
           Ә)Екі кемеде отырған,                                Сөредегі сегіз ыдыстың,            Тоғыз кішкене балдырған.                         Біреуін алды Ырысты.
            Алдыңғысында отырса екеуі,                    Нешеуі қалды сөреде,
            Кейінгісінде отырар нешеуі?                      Тауып көрші, есепте.
                                               9-2=7                                                          8-1=7
                                               Он жидек алды Асқар,
                                               Бөліп жеді бәрін достар.
                                               Нұрланға берді төртеу,
                                               Қалғанын алды Төлеу.
                                               Айтыңдаршы, есептеп,
                                               Төлеуге тиді нешеуі? 10-4=6
Мағынаны тану -Бүгін біздің сабағымыздағы басты арифметикалық амал қандай амал?
-Азайту амалының компоненттерін атаңдар.
Оқулықпен жұмыс және дептерде орындау.
№1.Түсіндірмені  тақтаға біртіндеп жазып,оқушылар өздігінен қорытынды жасауға талпындыру.
            Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда азайғыш шығады. Ендеше, азайтуды қосумен тексеруге болады.
            Азайғыштан айырманың мәнін азайтқанда азайтқыш шығады. Ендеше, азайтуды азайтумен тексеруге болады.
№2.Азайту амалын тексеру алгоритмін айта отырып, тақтада орындалады, қорытынды жасалады.
            Азайту амалы қосуға кері амал болып табылады.
№3. Тақтада сан қатары түрінде талданып орындалады.
№4. Өздік жұмысы
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:
«Ата – әжеңмен хабарлас» ойыны
            Ауылдағы ата-әжелеріңмен хабарласып тұру үшін байланыстың бір түрі – телефон. Жиі-жиі хабарласып тұру үшін телефон қажет. Сондықтан телефон сатып алыңдар. 
Тапсырма: берілген амалдарға кері амалдар қолданып, өрнек мәндерін тап.
       
Үйге тапсырма Дәптермен жұмыс Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Приложенные файлы

Добавить комментарий