12 кл Презентация Ж?йке ж?йесіні? ?ызметі


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Жоғарғы жүйке қызметі Дайындаған: Таугистауова Зинаида Саламатовна Жоғарғы жүйке қызметі Адам мен жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесінің жоғарғы қызметі Поведение Іс –әрекет – жануарлар мен адамның мақсатты белсенділігіндегі қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етеді Жоғары жүйке қызметі Әрбір адамның өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің негізінде қалыптасады. И. М. Сеченов адамның психикалық іс-әрекеттерінің жүйке жүйесінің рефлекторлық қағидаларына негізделетінін дәлелдеді.И. П. Павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі аркылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сырткы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Орталык жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі тек ағзаның өзінде ғана жүретін қызметтерді реттеуғе бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат қойған кезде, оны жүзеге асырудың жолдарын саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес әрекет жасайды.Адамның жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттерге сана, ойлау, сөз, еңбек ету кабілеті, қоғамдық өмірге бейімделуі жатады. «Бас миының рефлекстері» 1863 ж. Адамның психикалық «рухани» қызметі жүйке жүйесінің рефлекторлық принципімен түсіндіріледі Сеченов Иван Михайлович.1829-1905 ж.ж Сеченовтің тұжырымдауы бойынша : Бас миының рефлекстері үш түрлі қызметті біріктіреді:Сезім мүшелеріндегі қозуды тудырады;Мидағы қозу мен тежелу процестерін реттейді;Адамның қимыл мен іс-әрекеті , қозғалысын,яғни мінез құлқын тудырады Физиологиялық іс-әрекеттің негізін қалаушы Шартты және шартсыз рефлексті зерттеп ашты. Павлов Иван Петрович.1849-1936 ж.ж Рефлекс түрлері Шартсыз Шартты Туа пайда болатын , тұқым қуалайтын реакциялар- Рефлекторлық орталығы үлкен ми сыңарларында және жұлында - Жүре бара пайда болады, тұқым қуаламайды - Тіршілік ету тәжірбиесімен пайда болады - Рефлекторлық доғасы үлкен ми сыңарларында орналасқан Ас қорыту, жыныстық және қорғаныштық т.б Тамақтың иісіне сілекейдің бөлінуі Маңызы: тіршілігін сақтауға . Ата тектің тәжірбиесінің ұрпаққа берілуі Маңызы: табиғи ортаның өзгерістеріне бейімдеушіліктің пайда болуы Психика - Бұл мидың жоғарғы деңгейде даму құрылымы Бұл объективті әлемнің субъективті көрінісі болып табыладыМидағы шындықтың көрінісі Психикалық танымдық процестер СезінуҚабылдау НазарЕсте сақтауОйлау (сөйлеу)Қиял Ойлау қызметі Қоршаған орта объектілерін және құбылыстарды адам мен жануарлардың игеруі, сондай-ақ жаңа ортада осы заңдардан алған білімін қолдана білуЖануарлардың ұтымды белсенділігінің деңгейі жүйке жүйесінің дамуымен байланыстыЖоғары даму адамда ең жоғарғы деңгейге жетеді және ол ойлау түрінде көрінеді Сезіну - Обективті дүниедегі құрылымдық заттардың бейнелерінің рецепторлардың әсер етуі арқылы пайда болуы . Түйсіну, қабылдау Түйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз - айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады. Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы, жинакталуы. Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте сақталады. Қабылдау - Рецепторлардың қатысуымен бейненің тұтас жүйе түрінде қалыптасуы Зейін Зерзатқа - нысанға немесе оқиғаларға қандай да болса алаңсыз саналы түрде ой жұмылдыру зейін деп аталады. Бір нәрсеге барынша зейін аударған кезде адамның сыртқы кейпінен ерекше өзгерістер байқалады. Тіпті тынысы тарылып, сирек дем алатын болады.Зейін еріксіз зейін жөне ерікті зейін болып екіге бөлінеді. Еріксіз зейін адамның еркінен тыс пайда болады. Адам алдына мақсат қоймайды. Тек қана көңіл аударған окиғалар мен нақтылы деректер көңіл күйіне ерекше өсер етіп, ұзақ сақталады. Ерікті зейін кезінде адам ойға алған пиғылын орындау үшін алдына мақсат қойып, оны арнайы тәсілдермен орындауга жігерін жумылдырады. Ынтасыз адамды жаңгалақдейді. Жаңғалақтық дегеніміз - ерікті зейіннің нашарлауы. Жаңғалақтың көңілін кез келген коздырғы бөле береді де істеген ісін жалғастырмай аяқсыз қалдырады. Есте сақтау Адам өзі куә болған окиғаларды, көргендерін, естігендерін, оқығандарын есте сақтайды. Есте сақтау адамның психикалық үдерістерінің бір көрінісі. Есте сақтау аркылы бұрынғы окиғалар мида жинақталады, қорытылады және қажет кезінде қайта пайдаланады. Есте сақтау арқылы адамзат тарихында мындаған жылдар жинақталған білім мен тәжірибелер еске түседі. Әрбір адамның есте сақтау қабілеті өзіне ғана төн.Есте сақтаудың 2 жолы бар. Оның бірі - ойланбай есте сактау, екінші мәнісіне түсініп есте сақтау.Ойланбай есте сақтау - белгілі бір мәліметтердің мағынасына мән бермей, тек жаттап алу. Бұл бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде жүзеге асады. Жаттанды деректер ұзақ уақыт есте сақталмайды, оның тек уақытша ғана мәні бар.Мәнісін түсініп есте сақтау кезінде адам сол деректердің мәніне терең талдау жасайды. Сол арқылы оқығандарын терең түсінеді, ұзақ уақыт есте сақтайды. Естің түрлері Қысқа мерзімді Материалды өте қысқа уақытқа есте сақтау (қабылданған алғашқы секунттарға ғана ) Ұзақ мерзімді Сезінулерден кейінұзақ мерзімге есте сақтау Есте сақтау түрлері (зейін арқылы жүзеге асады) ЕріксізЕрекше мақсатты жоқ нәрсені есте сақтау, Ерікті Мақсатты түрде есте сақтау Ол өмірлік тәжірибенің негізгі бөлігін қалыптастырады Кәсіби және басқа да дағдыларды қалыптастырады Ойлау Ойлау. Адам кез келген жұмысты орындаудан бұрын ойға беріледі. Ойлау аркылы адам заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын толық күйінде есіне түсіреді. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер адамның бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Адамның ойлау кабілеті еңбек ету барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жагдайларды сөзбен бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.Адам миының сол жақ сыңарының сөзбен қисынды ойлауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететіні анықталды. Ал мидың оң жақ сыңары көрнекі-бейнелі ойлауға қатысты ақпараттарды өңдеуге көбірек әсер етеді. Назар – барлық ақпараттың өтетін «қақпасы» Психикалық қызметтің тек бір нәрсеге ғана нақты қадалып, өзге заттарды қабылдамауы Сана Сана - тек адамға ғана тән айналадағы бар нәрсені психикалық бейнелеудің көрінісі. Саналы адам деген ұғымда терең мән бар. Сана адамның білім дәрежесін, шығармашылык қабілетін, ой-өрісін байқататын көрсеткіш. Сана - адам миының ең жоғары деңгейдегі қызметі.Кейде адам кейбір іс-әрекеттерін сананың бақылауынсыз-ақ орындай алады. Мысалы, әбден дағдыға айналған іс-әрекеттер (жазу, оқу және т. б.). Адамның санасы аркылы жеке басы қоршаған ортамен байланысқа түседі. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды, өз білгенін басқаларға үйретеді. Адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынас құралы - сөз. Сана адамның бойындағы танымдық үдерістермен тығыз байланысты. Сана түйсіну, ұғу, зейін, ес және ойлау қасиеттерін қамти отырып, өзінің үғымдық ауқымын кеңейте түседі. Сөз.Сөйлеу Сөз. Айналада болып жатқан ақпараттарды қабылдау, талдау, жауап қайтару сигналдық жүйелер аркылы жүзеге асады. Ағза мен қоршаған орта арасында сигналдық жүйелер аркылы байланыс түзіледі. Сигналдық жүйелер бірінші сигналдық жүйе және екінші сигналдық жүйе деп 2 түрге бөледі.Бірінші сигналдық жуйе - жануарларға да және адамға да тән қасиет. Оның орталығы ми кыртысында орналасады. Бірінші сигналдық жүйе аркылы ағза сырткы ортаның нақты тітіркендіргіштеріне қайтарады. Бүл кезде сыртқы ортада болатын заттар және құбылыстар шартты рефлекстің түзілуіне әсер етеді. Оған мысал ретінде, сәбидің тамаққа, ойыншыққа катысты рефлекстерін атауға болады.Екінші сигналдық жүйе — тек адамға ғана тән касиет. Бұл жүйедегі негізгі шарты тітіркендіргіш - сөз. Сөздің әсерінен пайда болған қозуды ми қыртысы қабылдап, талдап, жауап кайтарады. Сөз бірінші сигналдық жүйенің жұмысына түрткі болады. И. П. Павловтың пікірі бойынша, сөз «сигналдардың сигналы» болып есептелінеді. Сергіту тесті «Түстерді оқы» жасыл, қызыл, сары, көк, сұр, ақ, қызғылт, жасыл, көгілдір, қара, қоңыр, күлгін, сарғыш, қою көк, қошқыл қызыл Тапсырма жеке жұмыс 2 сабақ № 7 практикалық жұмыс Ой шақыру:Проблеммалық сұрақ: Адамның ақылды болуы оның миының салмағына байланысты болуы мүмкін бе? Видео қарау « Жасырынған горилла» 1,5 мин W) Адамның жоғарғы жүйке жүйесі қалай жұмыс жасайды? Атақты адамдардың ми салмағықалыпты жағдайда 1600-1800грамм Иван Сергеевич ТургеневМиының салмағы– 2012 г. Владимир Ильич Ленин миының салмағы– 1340г. Дмитрий Иванович Менделеев миының салмағы – 1571г. Проблеммалық сұрақ: Адамның миының салмақтылығына қарап,адамды ақылды санауға бола ма? «В Контакте» ойыны №7 Практикалық жұмыс «Жадының түрлерін анықтау»Мақсаты: Адамның жоғарғы жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне сәйкес, жадының түрлерін зерттеу Жұмыс түрі: Оқушылардың зейінін бақылауға арналған тесттер жүргізіледі. Тест Мюнстерберга назардың тұрақтылығын диагностикалауға арналған тест НұсқаулықБерілген сөйлемнің ішінде қажетті дұрыс сөздер жасырынған. Сол сөздерді 2 минут уақыт ішінде белгілеңіз. Мысалға: «рюклбюсқуанышуфркнп». Жасырын сөз «қуаныш» Тест материалыбкүнсвтрпцоцэауданзгучжаңалықъхэьгчяфактьуемтихантрочягщшгцкппрокуроргурсеабетеорияемтоджебьамищхоккейбиологияофцуйгахттелевизорболджщзхюэлгщьбназаршогхеюжипдрпцхщнздқабылдауйцукендшизхьвафыпролдбмахаббатабфырплосдкөрінісячсинтьбюнбюеруқуанышвуфциеждлоррпхалықшазлдьхэипцгиернкуыфйшрепортажэкжлорлафывюфбьконкурсйфнячыувскапрлпартазжэьеюдшщглоджинэприлаваииедтлжэзбьтрдшжнпркывкомедияшлдкуйфшаршауйфрлньячвтлджэхьгфтасензертханаигщдщнруцтргшчтлрстадионзхжьбщдэрщхоукдинозаврсухгвсмтрпсихиатриябплмстчьйфясмтщзайэъягнтзхтм Қорытындысы Табылған сөздер мен байқалмаған сөздерді санаңыз Кілт сөздеркүн, аудан, жаңалық, факт, емтихан, прокурор, теория, хоккей, биология , телевизор, назар, қабылдау,махаббат, көрініс, қуаныш, халық, репортаж, конкурс, парта, комедия, шаршау, зертхана, стадион, динозавр, психиатрия. Интерпретация. 1. Егер сіз 15 сөзден аспаған болсаңыз онда сіздің назарыңызды көбірек жаттықтыру керек. Ол үшін күнделікті өз ойыңызға келген қызықты кез-келген сөйлемді немесе ойыңызды дәптерге жазып жүріңіз және кейін оны оқып отырыңыз.2. Егер сіз 20 дан астам сөз тапқан болсаңыз сізде барі де қалыпты дегенді білдіреді. Қандай сөздерді байқамай қалғандығыңызды тағы да бір тексеріп көріңіз. Өз жауабыңызды кілтпен сәйкестендіріп көріңіз. 3. Егер сіз 24-25 сөз тапсаңыз сіздің назарыңыз жақсы деңгейде дегенді білдіреді. Тек бұндай жақсы назарыңызды одан әрі дамытудың жолын ойластыру керек. Берілген суреттен 13 бүркіттің бейнесін анықтаңыз. Жауабы Есте сақтау қабілетіңді байқайық 1. Көргеніңді есіңе сақта Суреттерге назар салып қара, есіңе сақтап, оларды қайта ата.Уақыт 20 секунт жауабы Егер сіз 16 суретті де тапсаңыз сіздің фото есте сақтау қабілетіңіз мықты дамыған. Егер сіз 10 нан артығын ғана тапсаңыз онда сіздің есте сақтау жүйеңіз қалыпты ,бірақ әлі де жаттығуға болатынын ескеріңіз.Егер сіз 6 дан жоғары тапсаңыз онда сіздің көзбен көргенді есте сақтау қабілетіңіз нашар. Сізге көп жұмыстану керек. Естігнеіңді есіңе сақта Қажетті сөйлемдер: Жұйке жасушасы нейрон. Жұлын миға сопақша ми арқылы жалғасып жатыр. Кеше оқыған тақырыбымда нейрогумаральды жүйе туралы айтылған. Оның әкесі ми сыңарларының қызметі туралы зерттеумен айналысады. Синапс жүйке жасушасының бұлшықетпен бірігетін аймағы. Адамның сөйлей білуі шартты рефлекс. жауабы Егер сіз 6 сөйлемдегі сөздердің орнын шатастырмай тапсаңыз сіздің аудио есте сақтау қабілетіңіз мықты дамыған. Егер сіз 4 тен артығын ғана тауып, қалғанын шамамен мағынасына қарай тапсаңыз , онда сіздің есте сақтау жүйеңіз қалыпты ,бірақ әлі де жаттығуға болатынын ескеріңіз.Егер сіз 2 сөйлемнен жоғары тапсаңыз онда сіздің естігеніңізді есте сақтау қабілетіңіз нашар немесе зейін қойып тыңдамадыңыз дегенді білдіреді. Сізге көп жұмыстану керек. Зейін қойып үйреніңіз. Жасалған жұмыстар бойынша қорытынды жасаңыз: 1.Неліктен әр қайсысыңда тесттің қорытындысы әр түрлі болды. 2. Адамның жоғарғы жүйке қызметінің дамуы эволюцияда қандай жетістіктерге жеткізді?3. Адамдағы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттіліктерін дамытуға қандай ұсыныс жасар едіңіз?4. Ертең де осы тесттерді қайта жасайтын болсақ нәтижесі қандай болуы мүмкін екеніне болжам жасаңыз (II)Үйге тапсырма: Баға беріңіз: •Жүйке жүйесі ауруларын зерттейтін Қазақстанда қандай зерттеу орталықтарының жұмысына баға беріңіз? •Адамның егде жасқа келгенше жоғарғы жүйке қызметінің толыққанды жұмыс жасау үшін не істеу керек екендігіне, бір ұсыныс жасаңыз. Рефлексия : Оқушыларға кесте таратылады. 3 Бүгінгі сабақтан білгенім 2 Маған қызықты болды  1 Бұл сұрағым жауапсыз қалды 

Приложенные файлы

Добавить комментарий