Кешті? та?ырыбы Т?уелсіздік т??ырым


Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» 

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.  Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.2-жүргізуші
Шексіз шексіз қиырсыз, ұлы дала,Шуақ болып шомылмай жылына ма?Сүй Отанды, шынымен сүйіп өт теГүл боп қадал ойына, қырына да, - деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай біздің Ақсай орта мектебінің ұл – қыздары осы дәстүрді тоздырмай, жоғалтпай бүгінде сіздерге өздері дайындаған мерекелік кештерін көрсетпекші. 1- жүргізуші : Жыр ғұмыр, жан азығым, әнұраным, Мен сені естімесем сағынамын. Алтынға айырбастамас ата - анамдай.Туғалы сенсің менің танығаным.Шексіз көк аспанды жамылады,Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі.Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғынӘнұран — Мемлекеттің халық әні.
Әнұран орындалады
2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!Азат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Жанболат Қазыкенұлы Баймбетов мырзаға беріледі.  1 - жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің 2 - жүргізуші:  Бақытым - Республикам Қазақстан, Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. Саған жетпес құшағы әлемнің де, Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Тәуелсіздік! Бұл неге соншама қастерлі сөз?! Неге соншама қастерлі ұғым?! Әдетте әр халық, дәлірек айтқанда әр ұлт өз елін өзгеге билетпеуге күш салады. Өзі мекендейтін жерді жаудан жанын сала қорғайды.Бұл — атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр.Бұл тәуелсіздік бізге оңай келмеді қаншама қазақтың ұл қыздары тәуелсіздік жолында құрбан болды.Тәуелсіздік бізге мынандай жолмен келгенін ешкім де ,ешуақытта ұмытпауы керек. Мына бейне көрініске назар аударсақ.
Бейне көрініс «Желтоқсан желі ызғарлы» 1 - жүргізуші: Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....Барлық қазақ осындай, бар қанында,Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...2-жүргізушіСол атаның ұрпағы мына менмін,Есте ұста ей жендет, көрмегенің,Мен қазақпын қорықпаған, өлімнен де,Табан асты, ол туған жерім менің.Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,Халқы үшін жауаптығын сезіне,Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;Көрініс «Қайсар рухты Қайрат»
1 - жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш паӨз - өзінен жүрегім ән салады.
«16-желтоқсан» атты бейне көрінісіне назар аударсақ
1-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 - сынып оқушысы Марвен .А  2-жүргізуші:Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира Құрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, Бұғаудағы боздақтары кете бардыБірі атылып, ал бірі дарға асылып1-2-оқушы---------------1 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достықҰлы достық Нұрлы достықКүн достық Достық деген қасиетті ұранғаКең даланың жүрегі де үн қостыБиші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 8а - сынып қыздары

2-жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім.Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсінБас иемін ата баба рухына. «Менің елім Қазақстан» презентацияны тамашаласақ
1-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын ағайын , мен осындай елдің ұрпағы екеніме , осындай елім ,жерім барекніне әрқашан мақтанамын.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырапСол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрапТілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 3-4-оқушыӘн: Орындайтын 8сынып оқушысы Әкімбек .Г 2 - жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағынаЖас өрендер желбіретіп нық ұстаҒасырларға жалғастырып елдіктіДақ түсірме ата баба рухынаҮлгі бізге аталардың ерлігіҰлағаты өнегесі еңбегіТәуелсіздік туын ұстап жоғары
1-жүргізуші:
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 2-жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Ән «Көк тудың желбірегені» 9-сынып оқушысы Марвен.Ә
Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Приложенные файлы

Добавить комментарий