Жумагулова А.Ж К?бейту мен б?лу Математика 4 сынып


Пән: Математика 18.02.16
Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу.
708 * 347, 245676 : 708
Сабақтың мақсаты:
Үш таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерімен жұмысты жалғастыру.
Қажетті ресурстар: Үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ширату
5 мин
Тірек білімді белсендіру.
Көбейту кестесін қайталау.
Тиімді тәсілмен есепте:
Математикалық диктант. 1.45-ті 2 мен 7 сандарының көбейтіндісіне көбейт.
2.2т-67кг =
3.1 сағаттың 5/2 бөлігін тап
3.6км 6м-ден қаншаға артық?
4.480-ді 80 мен 3сандарының көбейтіндісіне бөл.
6.12000-ді қандай санға бөлгенде 120 шығады?
7.Қарағанды –Астана автобусы 90км/сағ жылдамдықпен қозғалады. 6 сағатта автобус қандай жол жүреді?
Тақтаға 365 және 126 сандары жазылған. Үш таңбалы санға баған түрінде көбейткенде ,бірінші толымсыз көбейтіндінің мәнін бірлік разрядтың астынан бастап оңнан солға қарай жазамыз. Екінші толымсыз көбейтіндінің мәнін ондық разрядтан бастап оңнан солға қарай жазамыз. Үшінші толымсыз көбейтіндінің мәнін жүздік разрядтан бастап оңнан солға қарай жазамыз.Толымсыз көбейтінділердің мәндерін қосамыз.
Оқулықпен жұмыс.
Жаңа тақырыпты 2 оқушы шығып тақтаға түсіндіре отырып шығарады.
Тақтамен жұмыс:
№3 тапсырма Тақтаға 4 оқушы шығады.
Сөз есеп: №5
1.Түсініп оқу. 2.Талдау. 3.Шартын жазу. 4. Сұрағы 5.Шешуі.6.Жауабы.
Жүк машина – 60км/сағ
Жеңіл машина – 80 км/сағ
Жеңіл м. жүк м.-480км қуып жетеді.
Жеңіл м.шыққанға дейін жүк.м. -? км жол жүрген.
480:80=6 сағат
60·6=360 км
480-360=120км
Жауабы: 120 км жол жүрген.
Өздік жұмыс:
Бөліндінің мәні 234 604 49 580
Бөлгіш 23 39 65 27
Қалдық 21 31 64 16
Бөлінгіш 24425 Топтық жұмыс
Шығармашылық тапсырма
Рефлексия Өз жұмыстарыңа ризасыңдар ма? Қандай тапсырмаларды орындағанда қиналдыңдар? Неге?
Бағалау.
Үйге тапсырма:
№9 тапсырма.
 
Топтық жұмыс
Әке мен бала
Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.
Жауабы:12 жылдан кейін әкесі 46 да болғанда, баласы 23 те болады. 46:23=2
Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?
Жауабы:
30 жылқы
 
4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста? 12 + 8 + 4= 24
8. Бір санды 6 - ға көбейтудің орнына 6 - ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді? 90

Приложенные файлы

Добавить комментарий