Ашы? саба? Мені? мектебім (4 сынып)


Двуречный орта мектебі
Ашық сабақ
«Менің мектебім»
4-сынып
Дайындаған және өткізген: Ахметов М.С
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Менің мектебім» Сабақтың мақсаты: Білімділік: мектеп өмірі бойынша өткен материалды қайталау, бекіту. Оқып үйренген материалдың қаншалықты меңгергендерін байқау. Дамытушылық: танымдық белсенділігін арттыру, тілдік қорын молайту, алған білімін жаңа жағдайда пайдалана білуге баулу. Тәрбиелік: мектепке, қоршаған ортасына, қазақ тілі пәніне сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін  нәтиже: өз мектебі  жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың  барысы:
         І. Ұйымдастыру  бөлімі
Сәлемдесу, Шаттық шеңбер «Жүректен жүрекке». Бір-біріне сәттілік тілеу.
Балалар айтады:
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіз бе, апайлар мен ағайлар.
Оқушыларға сабақ, мұғалім, сынып, мектеп жазулары бар сөздер таратылады. Соған байланысты бөлінеді.
Оқушылар орындарына отырған соң мұғалімнің айтқаның қайталайды.
Дыбыстық жаттығу
- Ыр – ыр – ыр ырылдайды қасқыр,- кі – кі – кі бұлаңдайды түлкі,- Ян – ян – ян жүгіріп жүр қоян.- Ю – ю – ю қорбаңдайды аю. - Ар - ар – ар еріп кетті қар.- ем – ем – ем келіп қалды көктем
Дыбыстық жаттығудан соң, сөзжұмбақты анықтау.
Ой шақыру.11049028765500Сөзжұмбақ арқылы сабақ тақырыбын анықтау.
Сөзжұмбақты шешу.
Учитель. Широкий. Дежурный. Книга. Окно. Класс.
.– Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің мектебім».
- Біз бүгін мектеп туралы алған білімдерімізді тереңдетіп, қызықты ойындар, кәртішкелер, суреттер арқылы сауаттылығымызды тексеріп, тілімізді ұстартуға күш саламыз. Біріге отырып қиындықты жеңуге тырысамыз. Енді осы оқып-үйренген материалды қалай меңгергенімізді отырған қонақтарға көрсетейік
         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру.
- Оқушыларға алдын ала берілген тапсырма. Мектеп, сынып, мұғалім, сабақ туралы шығарма жазу. Жазған шығармаларын оқиды. 
         ІІІ. Жаңа  сабақ
Біз сабағымызды бастамас бұрын сөздіпен жұмыс жасайық.
Тақтада сөздер жазылып тұрады. Балалар сол сөздерді кезекпен-кезек оқиды және аударады.Тақтаға барып жазады аудармасын.
Жаңа сөздермен жұмыс жасату.
Математика сабағы – урок математики
Қазақ тілі сабағы – урок казахского языка
Ағылшын тілі сабағы – урок английского языка
Дене шыңықтыру сабағы – урок физкультуры
Ақылды – умный
Әдемі – красивый
Көңілді – радостный
Мейірімді - добрая
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Салалықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық
Көркем жазу минутасы
Қ қалам
Балалар әріпке анықтама береді.
Сөз тіркестері құрастырады, дәптерге жазылады.
Деңгейлік тапсырмалар.  Әр оқушыға өз деңгейі бойынша тапсырма беру.
І. Тапсырмада мынандай сөздердің ауыстырылып қате сөйлемдер жазылған. Сендер дұрыс сөйлем құрастырып айтуларың керек. 1. келдім, мектепке, мен, сегізде, сағат. 2. болады, алты, бізде, сабақ, бүгін. 3. бар, сенде, кестесі, сабақ, ма? ІІ. Жоқ әріптерді жаз. Ж...қсы, ...найды, к...сте, д...птер, қ...лам, ...шіргіш, с...нып, м...ктеп, қ...бат, ...демі. ІІІ. Буынға бөл, буын санын анықта. Қоңырау, үзіліс, кезекші, асхана, кітапхана, ереже, тәртіп.  4. Топтық жұмыс.
1- топ. Мектеп тақырыбы бойынша оқушылар өзара диалог дайындайды.
2- топ. «Мозаика» оқыта үйрету ойынын ұйымдастыру.
сөйлемдерді жеке – жеке параққа жазып, олардың әрқайсысын жеке хатқалта салады. Хатқалтаны сөйлемнің әр сөзі жекелеп қиылған. Тапсырма: оқушы берілген сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемдерді қалпына келтіреді. Осылайша барлық сөйлем дұрыс құрастырылып, тақтаға жазылады. Ендігі кезекте оқушылар сол сөйлемдерді мағынасына қарай нөмірлеп, мәтін құрастырады.
Құрастырылған мәтінді толық оқытып, мазмұнын айтқызу.
Айша мектепке келді. Қоңырау соғылды. Мұғалім сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Бірінші сабақ – қазақ тілі болды. Оқушылар жаттығуды оқыды. Айша өлең оқыды.
3-топ. Мәтінмен жұмыс жасайды. Аударады және 3 сұрақ құрастырады.
                           Менің мектебім!
       Менің атым Ерали. Мен төртінші сыныпта оқимын. Біздің  мектебімізге жиырма жыл.Жуырда біздің мектептің туған күні. Біздің мектеп үш қабатты, іші үлкен, жарық. Менің сыныбым екінші қабатта, іші кең,жылы және жарық. Менің мұғалімім өте жақсы адам. Маған мектебім ұнайды.
4-топ. Сұрақтарға жауап береді: 1. Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады? 2. Сендерге қазақ тілі қиын ба? 3. Қазір қазақша қалай сөйлейсіңдер? 4. Қазақша сұрақ қоя аласыңдар ма? 5. Қазақ тілі сабағы қалай өтеді? 6. Сабақта қандай тақырыптар өтесіңдер? 7. Сабақта қандай талдаулар жасайсыңдар? 8. Бүгін сабаққа кім кешігіп келді? 9. Қателеріңді кім түзетіп береді? 
Сергіту кезеңі. «Мектебің мынау класың, Осында он жыл тұрасың, Тарыдай боп кіресің, Таудай боп шығасың». 
Кластер құру. 
467995144780Мектеп
00Мектеп
39941553340001382395533400014738356229350010242559505950024701571437500
1 оқушы тақтада жұмыс істейді, қалғандары дәптерге жазып отырады.
үш қабатты, спорт зал, акт зал, асхана, кітапхана, аула. 
ІХ. Үйге тапсырма: 
Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайықСабақтан алған білімдіҰмытпай есте сақтайық
Білім, оқу туралы мақал-мәтел жазып келу.
Х. Бағалау.  Мұғалім өз ойын айтып, қорытынды баға қояды.
Көңіл-күй рефлексиясы
Сабақ соңында өзінің көңіл-күйі көрсетеді.
20085056172835
Көңіл күйі тамаша! Көңіл күйі нашар.
Енді бүгінгі сабағымызды
мына өлең жолдарымен қорытындылайық. Біздің мектеп көркейіп, Жылдан-жылға жаңарды, Сыныптары үлкейіп, Күн нұрындай ағарды. Көргенде біз қуандық Сырлы парта, тақтаны, Мұндай мектеп көрікті, Әр баланың мақтаны! 
Қосымша тапсырмалар:
а)Сөмкелеріңдегі оқу құралдарының аттарын ата, жаз.
Дәптер, қалам, қарындаш, сызғыштар, оқулық, қаламсауыт, күнделік.

Приложенные файлы

Добавить комментарий