Дайындамалар т?рлері. Оларды жасап алу


10сынып (17 сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Дайындамалар түрлері. Оларды жасап алу Білімділік: Дайындамалар түрлері мен таныстыру
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, өз ойларын еркін жеткізу білу дағыдаларын дамыту;
Тәрбиелік:оқушыларды еңбекке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы:  І.    Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын сұрау;
Жаңа сабақ:
Дайындама— өндіріс барысында әлі өңделетін, толық дайын емес өнім немесе оның бір бөлігі (шала HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BD%D1%96%D0%BC" \o "Өнім"өнім). Дайындама — бұл HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%96%D1%88%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%83" \o "Пішіндеу"пішінін, өлшемін, беткі жағын немесе материалдың физика-химиялық қасиетін өзгертіп, тетік жасалатын еңбек заты. Қалыптанған дайындамалар соғылма және құйма практикада кеңінен қолданады.
Дайындамалар түрлері
Дайындамалар екі түрі айрықшаланады: механикалық өңдеумен алынған дайындама және механикалық өңдеумен алынатын дайындаманы алу үшін пайдаланылатын соғылған немесе қалыпталған бастапқы дайындама.
Механикалық өңдеумен алынған дайындама дайын тетіктен алынып тасталатын (негізінен қиып алатын) материал қабаттарының болуымен сипатталады. Дайындамаларды алу әдістері (негізінен ыстық) тетіктің дәлдігін бірден қамтамасыз ете алмайды, айқын дәлдікке кейінгі механикалық өңдеу кезеңінде қол жеткізіледі.
Әрбір механикалық өңдеу операциясында шығарылатын металл қабаты операцияаралық әдіп деп аталса, берілген беттегі барлық операциялармен шығарылатын жиынтық қабат жалпы әдіп деп аталады.
Дайындамаларды алу әдістері
Дайындамалар өндірісі түрлі тәсілдермен жүзеге асырылатын бірнеше әдістерге бөлінеді:
а) дайындама-құймалар, қандай да бір құю әдісімен алынады;
б) алғашқы дайындамалардан ыстық немесе суық жағдайда еркін соғу немесе көлемді қалыптау арқылы пластикалық деформациялау жолымен алынатын дайындама;
в) қандай бір метталилемнен механикалық кесу, шабу, жону тәсілімен алынатын дайындамалар;
г) механикалық тәсілмен кесіліп, шабылып алынбайтын, қандай да бір отты тәсілмен (автоген, плазмалық, лазерлік кесу) металилемнен кесіліп алынатын түрдегі фасонды немесе қарапайым геометриялық түрдегі дайындамалар;
д) беттік илемнен суық беттік қалыптау немесе беттік илемді токарьлық-бұранда кесу білдегінде жаю, дөңгелету жолымен алынатын күрделі көлемді дайындамалар;
е) илемнен алынған қарапайым дайындамаларды пісіру жолымен, сонымен қатар үйлестірілген құю-пісіру, қалыптау-пісіру, құю-қалыптау-пісіру тәсілімен алынатын күрделі кеңістіктік түрдегі дайындамалар;
ж) ұнтақтық металлургия (металлқыш дайындамалар) әдістерімен алынатын дайындамалар;
з) термопластикалық материалдарды құю немесе термореактивті материалдарды баспақтау әдісімен алынған пластамасса дайындамалар.
ДАЙЫНДАМАЛАРДЫ ТАҢДАУ
Дайындамаларды таңдау әдісі мен тәсіліне келесілер әсер етеді:
а) өндіріс түрі, яғни дайындамаларды шығарудың жылдық көлемі ;
б) дайындамалардың құрама пішіні, өлшемі, салмағы;
в) тетік материалының маркасы;
г) дайындау процестерінің болуына тәуелді аталған кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігі;
д) шарт бойынша өнімді орындауға қажет уақыт.
Өндіріс түрі неғұрлым жаппай өндіріс түріне жақындаса, дайындамалардың пішіні мен өлшемдері дайын тетіктің пішіні мен өлшемдеріне мейлінше жақын болады.
Өндіріс сериялылығы шағын болған сайын дайындамаларды арнайы жабдықтарға қарағанда қарапайым универсалды аспаптарда металилемін кесу, еркін соғу, электропісіру тәсілімен алған экономикалық тұрғыда тиімді болады.
Ірі көлемді фасонды тетіктерді шағын, ұсақ сериялы өндірісте электропісіру жолымен алған ұтымды, ал сериялы және ірі сериялы өндірісте құймамен алған тиімді.
Қандай бір дайындаманы алудың құю немесе қалыптау сияқты екі жолы болса, онда өнімділігі жоғары қалыптау әдісін таңдаған экономикалық тиімді. Дайындаманы таңдау кезінде материал маркасын, құю бойынша технологиялық сипаттамасын, қысыммен өңдеу, кесумен өңделу мүмкіндігін ескерген маңызды, себебі материал маркасы дайындаманы алу әдісін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді, мысалы шойын.
Дайындаманы алу әдісіне әсерін тигізеді: бөлшек материалы, оны дайындауға техникалық талаптар мен оның тағайындалуы; шығару көлемі мен сериялығы; бет формасы мен бөлшек өлшемдері.
Дайындаманы алудың қолайлы әдісі аталған факторлардың жан жақты талдауы мен бөлшектің технологиялық құнының технико экономикалық есебі негізінде анықтайды.
Бекіту: 
Дайындама дегеніміз не?
Дайындамаларды алудың қандай әдістерібар?
3. Дайындамаларды қалай таңдап алуға болады?
Бағалау:
Үйге тапсырма

Приложенные файлы

Добавить комментарий