Шы?арма Анам мен Отаным алдында?ы перзенттік парызым


Шығарма «Анам мен Отаным алдындағы перзенттік парызым»
«№152 қазақ орта мектебі» КММ
5-сынып оқушысы
Болатқызы Гүлбану
Жетекшісі: Әлихан Гүлмира Әбдіғаниқызы
2016 жыл
Анам мен Отаным алдындағы перзенттік парызым
Жоспар:
Кіріспе
Ана – кәусар бұлақ
Негізгі бөлім
а). Ананың аялы алақаны
ә). Ана сүті – өмірдің нәрі
б). Отан – кіндік қаның тамған жер
Қорытынды.
Отан – Ана
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын – анаң қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат.
Қазыбек би
Тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы –Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан Ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да - ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да - ана.
Ал нәрестенің өмірінің нәрі - Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі - “ана сүтін ақтау” деп аталады. Оның жөнін “Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың ” , - деп түсіндіреді.
Дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады. Отан - адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбаттысы, ең қасиеттісі, ең аяулысы - Анасына балайды.
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Ұлы Отан соғысының атағы жер жарған қаһарманы әрі әйгілі қолбасшы, қазақ халқының дана да батыр перзенті Бауыржан Момышұлының “Отан үшін отқа түс - күймейсің!” деген әмір бұйрықтай нақыл сөзінің өмірдің өзінен алынып, жүректен балқып шыққаны даусыз болды.
Жалпы алғанда, Ана мен Отанды сүю, сол үшін бәріне дайын болу -менің перзенттік парызым деп білемін.
Отан мен Ана - бір-бірінен ажырамайтын ұғым. Анаңды қалай сүйсең, Отанды да жан-жүрегіңмен сүю керек деп ойлаймын. Ал менің махаббатым Анама да, Отанға да - бәріне-бәріне жетеді!

Приложенные файлы

Добавить комментарий