Конспект урока на тему: ?лшеулер мен есептеулерді? д?лдігі. ?лшеулерді? метрлік ж?йесі. ?лкен, кіші сандарды ы?шамдап жазу.


Сабақ тақырыбы: §7. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Өлшеулердің метрлік жүйесі. Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу.
Сабақ мақсаты:
Өлшеу дәлдігі мен аспап шкаласы бөлігінің құнымен байланыстылығы, өлшеулер жаңылысы, өлшемдердің метрлік жүйесі, сандардың стандартты түрі туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен материалдарды қалай меңгергенін тексеру.
Сұрақтар:
Физикалық теорияның негізгі қызметі қандай?
Физиканың ең іргелі теориялары қандай?
МКТ негізгі теориясының негізгі қағидалары қандай?
Физикалық шаманың мәні дегеніміз не?
Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?
Физикалық шамаларды өлшейтін қандай аспаптарды білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Аспаптық жаңылыс.
Өлшеу қатесі: абсолют, салыстырмалы.
Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының жартысына тең.
немесе
Мұндағы: a-өлшенетін шаманың мәні. h - өлшеу қателігі.
Өлшеудің тура және жанама тәсілі болады.
Өлшеулердің метрлік жүйесі: ұзындық бірлігі – метр, масса бірлігі – килограмм, уақыт бірлігі – секунд т.б.
10n көбейткіштерін пайдаланып, берілген сандарды ықшамдап жазу «сандарды стандарт түрінде жазу» деп аталады.
ІV. Есептер шығару.
2-жаттығу. №5, №6, №8, №9
V. Пысықтау.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Үйге тасырма: §7. 2-жаттығу. №1, №2, №3, №10.
VІІІ. Бағалау.

Приложенные файлы

Добавить комментарий