Е?бекпен тап?ан тиын ?дебиеттік о?у 3-сынып


Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия
59626526987500




ЕҢБЕКПЕН ТАПҚАН ТИЫН
/Грузин ертегісі/
ӨТКІЗГЕН: 3 «Б» сынып мұғалімі Нухридинова Ж.Д


ҚАРАҒАНДЫ -2016
Күні 23.02.2016 жыл Нухридинова Жумакуль Диханбаевна
Тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі) 3-cынып
Көрнекіліктері: Әдебиеттік оқу оқулығы 3-сынып Атамұра-2014 жыл, АКТ жабдықтары , бейне фильмдер, суреттер, кестелер -
Мақсаты: Оқушылар грузин халық ертегісін оқуға, оның мазмұнын түсініп, ертегідегі негзгі ойды анықтап алды да, сөйлеу дағдысын және тіл байлықтарын дамытады .
Міндеттері: бейнеге кіріп, еркін әсерлей сөйлеуге дағдыланады
еңбекқор болады;
ата-ананың қадірін біледі;
зерттей біледі
салыстырып ойын жеткізе білуге үйренеді
Күтілетін нәтижелері: топтық,жұптық жұмыста пікірлерін еркін айтады.
ертегіні мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсінді, негізгі ойды анықтай біледі,
ауызекі сөйлеу дағдысы қалыптасады,
әдеби тілде тіл байлықтары дамиды.
Түйіні Еңбексіз келген дүние орынсыз жұмсалады.Еңбекқор кісі кішкентай нәрседен зор табысқа жетеді. Ал жалқау зор байлықты да шашып бітіреді.
Пәнаралық байланыс : экономика
математика
дүниетану
география
еңбекке баулу пәндерімен байланыс болады
ңӘдістері: Топқа бөлу
Топтық жұмыс арқылы үй жұмысын сұрау
Формативті бағалау «Екі жұлдыз» бір тілек бағалау
«Бейне фильм сырлары»
Ойлан- бірік- талқыла топтық жұмыс
Өрмекші торы ойыны
Сабаққа баға беру шыршаға стикерге өз ойларын жазып ілу
Түрі АКТ, СТО технологиясы,бағалау
Сабақтың барысы
Уақыты Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс- әрекеті
2 минут
1 минут
ҰСТАНЫМ
8 минут +
Білім /анықтау қайталау еске түсіру,назар аудару/
2 МИНУТ
2 минут
Бейнепоэзия
3 минут
Түсіну көру ұғу/
3 минут
Түсіну
/сөз мағынасын анықтау түрлендіріп айту/
2 минут
Түсіну
/сөз мағынасын анықтау түрлендіріп айту/
8 минут
Қолдану
/Мәліметті іске асыру, өзінше шешіп, назар салу/
4минут
Қолдану
/Мәліметті іске асыру, өзінше шешіп, назар салу/

1минут
4 минут
Талдау анализ
/негізін тану қозғаушы күш түрткі салу/
1минут
Жинақтау
/Алған білімді тиянақтау
3 минут
Бағалау
1 минут І. Итермелеу сатысы Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
1.Сыныпты 4 топқа бөлу. Ертегі кейіпкерлерімен топқа бөлу.
2235200175895002.Топ жетекшілерін сайлау3.Топ ережесін қайталау
ТОП ЕРЕЖЕСІ
Бір-бірін мұқият тыңдау;
Мәдениеттілікті сақтау;
Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;
Бір-біріміздің пікірін құрметтеу;
Топ жұмысына белсене қатысу;
Өз ойын ашық білдіру;
Әділ , шынайы бағалау;
Уақытты ұтымды пайдалану;
Топта ұйымшыл болу.
Тыныштық сәтті D:\HOME\Desktop\тыныштық сәтті .mp4.
-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық, қолдарыңызды партаға қоюға болады, көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). 1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?
сабақты бастау
Топтық жұмыс Топпен ақылдаса отырып үйден дайындап келген диафильмдері бойынша топ ішінде ертегінің қысқаша мазмұнын айтып шығады, қорытындылайды.

Үй тапсырмасын бағалау Екі жұлдыз бір тілек
1158875176530663575205105225425205105
Бейнепоэзия көріп не туралы айтылды тірек сөздерді түсіреді
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру көпірі
D:\HOME\Desktop\Бейнепоэзия Енбек бақыт .mp4Бейне фильм көрсету «Грузин халқы» туралы және еңбегі жайында көрніс көру D:\HOME\Desktop\Грузия туралы мәлімет .avi
ІІ.Кострукциялау сатысы /жаңа сабақ/
- Балалар, ендеше бүгін біз «Еңбекпен тапқан тиын» атты грузин халқының ертегісімен таныс боламыз. Ертегіні оқыған кезде қиын сөздерді қарындашпен білгілеп отырымыз.
Оқулықпен жұмыс
/ D:\HOME\Desktop\ Енбекпен тапкан тиын .avi«Еңбекпен тапқан тиын» /Грузин ертегісі/
Оқушы ертегіні оқып, мазмұнын әңгімелету. (ертегі желісі бойынша бейне фильмді пайдалану пайдалану)
Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты
– Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау.
Ұлын аяп анасы баласына он сомдық алтын береді:
– Кешке дейін бір жерде бола тұр, – дейді ол баласына. – Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң "Мынаны еңбегіме алған едім" деп әкеңе бер.
Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:
– Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес, – депті.
Ұлы жымиып күліпті де, түк демей шығып кетіпті.
Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:
– Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап, – деп ақыл айтады.
Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді.
Қария тағы да алтынды отқа лақтырып жіберіп:
– Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес, – депті.
Оған ұлы шыдай алмай, шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:
– Әке, мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты.
Сонда әкесі тұрып: – Бұл ақшаны шынында да өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. көзім жетті, – депті.
Дәптермен жұмыс Сөздік жұмысКәрілік - қартайып, қартТірнектеп - еңбектеніпЫмырт жабылған - қараңғы түскенг мезгіл
Бұлжытпай - екі етпей, айтқанын тыңдау
Ойлан- Топтас - талқыла әр топқа
1-тапсырма Ертегіні оқыңдар.
2-тапсырма Ертегі кейіпкерлерін атаңдар
3-тапсырма Ертегі туралы ой пікір
4-тапсырма Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
Ертегіден ақша туралы білімізді топтастырайық
Постерге түсіру әр топ өздері түсіреді спикер сайлап қортындылайды.
Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі және ұлттық теңгенің айналымға түскеніне және мерекесі тойланады.
Жалақы оны ата-анамыз еңбекпен табады. Үйге кіретін кіріс ақша -табыс деп аталады.,Шығыс ол сыртқа жұмсалатын ақша . Ақшаны жұмсағанда үнемділікпен жұмсау қажет Ол маңдай термен еңбекпен келеді.
Сергіту сәтті
D:\HOME\Desktop\Сергіту сәті (1).mp4 музыка және дене шынықтыру пәнімен байланысады.
ІІІ.Нұсқаулау сатысы
Өрмекші торы ойыны :
Оқылған мәтін бойынша сұрақтар беру- Ертегі кім, не туралы туралы?
Әкесі не деді?
Қандай оқиға болды?- Қарт әйеліне не деді?- Жаны ашыған анасы қандай әрекет жасады?- Бұл істің арты немен аяқталды?- Анасы баласына қандай кеңес берді?- Ал, баласы анасының тілін алды ма?- Әкесі баласына не деді?
Ой қорыту
Ертегі қалай аталады?
Ана мен баланың іс-әрекетіне өз көзқарасың  
Ертегі немен аяқталды?     
Нені үйрендің?
Бағалау.
Сабаққа баға беру. Осы сабақты қалай бағалайсыздар ұсыныс пен бағаларыңды стикерге жазып шыршаға ілу.
Үйге тапсырма Мәтінді оқу,еңбек туралы мақал мәтелдер жинастыру.
Бірлесіп жұмыс істейді.
Төмен
/таным мен ойлау деңгейі /
Бағалау Жоғары
/таным мен ойлау деңгейі/
Орта
/таным мен ойлау деңгейі /
Орта
/таным мен ойлау деңгейі /
Жоғары
/таным мен ойлау деңгейі /
Постерге түсіріп
Постерді қорғау
Жоғары
/таным мен ойлау деңгейі /
Топпен жұмыс
Жоғары
/таным мен ойлау деңгейі /
Жоғары
/таным мен ойлау деңгейі /
Жоғары
/таным мен ойлау деңгейі /
45 минут

Приложенные файлы

Добавить комментарий