?аза?стан Республикасыны? инновациялы? жа?дайлары ж?не даму перспективалары


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Қазақстан Республикасының инновациялық жағдайы және даму перспективалары ИнновацияЖаңа, жетілдірілген өнім немесе технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы бар ғылыми техникалық нәтиже. Қазақстанның дамуының басты бағыттары – ең жақсы өмір стандарттарын ұсынатын, адамдардың өзіндік таланттары мен қабілеттерін жүзеге асыра алуға мүмкіндік беретін қоғам құру. Яғни инновациялық типті экономика құру. статистикалық мәліметтерге қарасақ, Қазақстанның экспортның: Бұның 87%-ы яғни 1524 млн. АҚШ доллары мұнайгаз секторына бөлінген болатын. Яғни өнімді ешқандай қайта өңдеу, байытусыз экспорттауды білдіреді. 1998 жылы 63%1991 жылы 31%-данИнвестиция А.Кайгородцевтің зерттеуінше бүкіл инвестицияның 60%-ы мұнай және газ секторларына жұмсалады екен. Біріншіден, шикізаттық секторларға салынған инвестиция тезірек қайтарылады. Екіншіден, батыстық инвесторлар қазақстандық тауарөндірушілердің әлемдік нарықта олардың өздеріне бәсекелес болғанын мүлде қаламайды. Жалпы нарықтық экономиканың басты заңдылығы да бәсекелестікте емес пе? Міне осындай екі үлкен себептің нәтижесінде бүгінде Қазақстанның инновациялық жағдайы бүгінгі таңда тиісті деңгейде дамыған жоқ. Қазақстандағы инновациялық жағдайдың нашар болуының бірқатар себептерібілім беру жүйесі. Қазақстанда біліктілігі өте төмен, білім деңгейі мүлде сәйкес келмейтін, бір емес бірнеше жоғары оқу орындарының сапасыз дипломдары бар жұмыссыз жүрген мамандар қазіргі таңда көп десек де болады. Келесі мәселеге – кәсіпорындардағы құралдардың тозуы. Сарапшылардың анықтауы бойынша қазақстандық кәсіпорындардағы негізгі құралдардың тозуы 33-35% шамасында. Ал сапалы техникалық құрал жабдықтар өнімдігікті жоғарылатып, өнімнің сапасын арттырады. Осындай жағдайдан шығудың жолы Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында жасақталған болатын. Шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ету.Өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігін 3 есе арттыру.ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету. Қазақстанда инновацияны қалай дамытамыз? Ол үшін өндіріске жаңа технологияларды ойлап тауып, еңгізу қажет. Әрине жаңа технологияларды бірден ойлап тауып еңгізе салуға болмайды. Бұл процестің өзі бірнеше элементтерден тұрады. Ғылыми әлеуетті дамыту қажет. керекті жаңа білім мен мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі қажет. Ондай шаралардың біріне 2010 жылғы Қазақстанның 1 млрд. 725 млн. теңге көлемінде бөлінген инновациялық грантын атауға болады.Венчурлық капитал түріндегі қаржылық қорлар кластерін тұрғызу керек.Технопарктер мен бизнес инкубаторлар түріндегі инновациялық қызмет субъектілерін құруИнновациялық кәсіпкерлікті дамыту қажет.
Технопарктер мен бизнес инкубаторлар түріндегі инновациялық қызмет субъектілерін құруРеспубликамыздың ұлттық инновациялық жүйесінің негізгі элементін технопарктер құрайды. Олардың басты мақсаты ғылыми іс-шараларды жүргізуге қолайлы жағдай туғызу. Қазақстанда ұлттық технопарктер мен аймақтық технопарктер бар.Қазіргі таңда Қазақстанда 40 бизнес инкубатор жұмыс істейді. Қазақстанда осындай технопарктерді құрып, ары қарай дамыту бәсекеге қабілетті өңдеуші секторды жасақтайды. Экономикалық аймақтар Қорытынды:Міне жоғарыда атап өткендей, Қазақстанда инновацияны дамытуға көптеген іс шаралар жүргізіліп жатқанмен, әлі де болса мұнда көптеген отандық кәсіпкерліктерде ғылымның әлеуеті төмен деңгейде қалып отыр. Себебі инновациялық қызметті дамыту үшін оған жан жақтан қолдау көрсетіліп, ары қарай дамуына жағдай жасалуы керек. Мысалға, Батыс Еуропа елдерін алатын болсақ, онда белгілі бір инновациялық жоба жасалса, оны мемлекет тікелей қаржыландырудан бастап, осы жобаны пісіп жетілген түріне дейін өңдейді, тексереді. Міне осындай кезде ғана академиялық және салааралық байланыс күшейеді. Назарларыңызға рахмет!

Приложенные файлы

Добавить комментарий