Арнайы курс?а арнал?ан саясаттану ба?дарламасы


ТҮСІНІК ХАТ
Арнайы курсқа арналған саясаттану бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің 2010 жылғы 9 шілдедегі №367 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларын негізге ала отырып жасалынды. Бағдарлама « Қоғамдық білім негіздері » пәнін қосымша, тереңдете оқытуға бағытталған.
Арнайы курсты оқытудағы басты мақсат:
- оқушыларға саяси қажеттіліктерді мемлекет тарапында іске асырудың жолдарын, әдістерін әр қоғамда қалай қалыптасып, дамуы туралы түсінік беру;
- ұлтжандылықты қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды жауапкершілікпен сезінуге тәрбиелеу;
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
- Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстауға;
- Ішкі-сыртқы саясаттану мәселелерінің қилы құбылыстарын жете ұғынуға;
- Жалпы халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйрену;
Бағдарламаның негізгі мазмұны саясаттану пәні,оның пайда болуы,қалыптасуы, қоғамдағы орны, қоғамдық ғылымдармен байланысын, саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері,демократия туралы ұғым және оның белгілері,саяси жүйе саяси партиялар мен қозғалыстар,саяси мәдениет, саяси даму және саяси бейімделу, жаңаша саяси ойлау тақырыптары төңірегінде оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге негізделіп құрастырылған.Саясаттану курсы тарих, география, құқық, адам және қоғам пәндерімен тығыз байланысты.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:
-оқушылар саясаттанудың мазмұндық желісі бойынша термин сөздердің мағанасын білуі;
- саяси оқиғаларға, саяси партияла мен бірлестіктерге сипаттама беру
-саяси оқиғаларды, процестерді кезеңмен , заңмен салыстыра білуі;
-саяси оқиғаларға берілген түрліше көзқарастарды салыстыру, өз пікірін дәлелдей білуі;
-қоғамдық-саяси әдебиеттермен, мерзімді баспа сөзбен материалдарымен жұмыс істейбілу, сын көзбен талдау, әр түрлі дерек көздерінің материалдарын салыстыру, өз пікірін дәлелдей білуі
-конспект, реферат, баяндама жасауға дағдылану.
10 сыныпта -аптасына -1сағат.оқу жылында 34 сағат; 11 сыныпта -аптасына -1 сағаттан,оқу жылында - 34сағат;
Саясаттану курсын қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптардағы бейіндік оқытуға байланысты гиназиялық компонентке бөлінген сағаттардан аптасына 10 сыныпқа- 1 сағат, 11 сыныпқа -1 сағат бөлінді.
Пайдаланған әдебиеттер.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы -Алматы, 1995
2.Н. Ә. Назарбаев. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы, 1996
3.Н. Ә. Назарбаев. Тарих толқынында. Ата мұра, 1999
4.Ы. Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1994
5.¥. Асылов. Даналардан шыққан сөз. Алматы, 1987
6.Политология. Энциклопедический словарь. Москва, 1993
7.Г. Толмачев. Елбасы. Алматы, 2000
8.Д. Жамбылов. Саясаттану. Алматы, 1996
9.Саясат журналы №4; 1999
10.Саясат журналы №4; 2001
11. Кенжебаев М. Саясаттану негіздері. Оқу құралдары. А., 1995.12. 12.. Кенжебаев С., Бұлықтаев Ю., Құдайбергенов Б. Т.б. Саясаттану негіздері. А.,1999.
13. Қапесов Н. Саясаттану. Оқу құралы. А., 2003.
14. Мұхамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер
тарихы. Оқулық. А., 2002.
15.Хан И.Г. Саясаттану. Оқу құралы. А., 2003.
16. Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. А., 1995.
17.Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық
теориясы. Оқулық. М., 1999.
Саясаттану курсының мазмұны мен құрылымы. 10 сынып.
І бөлім. Кіріспе (1сағ)
Саясаттану пәні. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. "Саясат" сөзінің мағынасы.
Саясаттану пәні, оның пайда болуы, қалыптасуы, қоғамдағы орны(2сағ.)
Саясаттану пәні , ұғцымдары, әдіс-тәсілдері мен функциялары .
Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы мен оны оқып-білудің маңызы. Қоғамдық пәндермен байланысы./философиямен, экономика, құқық). Қазақстан Республикасындағы саясаттануды оқып- үйренудің маңызы.
II. Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері(12сағ.)
Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер.Оның негізін салушылар: Конфуциий. Платон. Аристотель. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлердің негізін салушылардың көзқарастары. (1 сағ.)
Орта ғасыр мен қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.Негізін салушылар.Әл-канди, Әл-Фараби, Ибн- Рушдт т.б. А. Августин,. Ф. Аквинский. Н. Макиавелли. (2сағ.)
Жаңа замандағы саяси ойшылдар.Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Руссо және т.б(2сағ)
Марксистік саяси идеялар. К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Лениннің қоғам туралы пікірлерін білу. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.(2сағ.) Қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің негізін салушылар : Әл- Фараби. Әл- Бируни. Ж. Баласағұни. М. Қашқарни. Қ. Яссауи. ХІХғасырдағы саяси ағартушылар: Ш. Уәлиханов. Ы. Алтынсарин. А. Құнанбаев. (2сағат)
XX ғасырдағы саяси ілім. XX ғасыр қоғамдағы өзгерістерге байланысты, саяси ілімдердің қалыптасуы.Г. Моска. . В. Парето. М. Вебер. «Элитаризм», «фашизм», «социализм», «тоталитаризм». Қоғамдағы өзгерістердің, саяси ілімдердің шығу себептерін білу(2сағ.)
Саяси нақтылық – саясаттанудың зерттеу және үйренуобъектісі(семинар сабақ) (1 сағ)
ІІІ.Саяси билік. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.(4сағ.)
Саяси және мемлекеттік билік. (1 сағ).Билік жөніндегі ғалымдар арасындағы анықтамалар мен тұжырымдамалар (1 сағ).
Биліктің қызметтері мен жіктелуі, ерекшеліктері. Биліктің эволюциялық типтері.(1 сағ). Билік нысандары (формалары) мен басқару түрлері. Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі.(2 сағ).
IV тарау. Демократия.(5 сағ.) Демократия туралы ұғым және оның белгілері.Демократия ұғымының ортақ белгілері.
Демократияның антикалық теориясы. Антикалық дәуірдегі демократиялық мемлекеттер.Антикалық дәуірдегі мемлекеттерге сипаттама.(2 сағ)Билер институты – дала дсмократиясының белгісі және оның өкілдері.(1 сағ.)
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теорисы. Жаңа дәуірдегі демократияның өкілдерімен олардың пікірлері.(1сағат)Демократияның алуан түрлілігін білу; (плюрализм, элитарлық, экономикалық, плебисцитарлық демократия).(1сағ.)
Ү. Саяси жүйе. Саяси жүйе туралы ұғым.(5сағ.)
Саяси жүйе тоериясы. Д. Истон. Г. Алмонд. П. Шарон.Саяси жүйенің қызметтері, әр қоғамдағы саяси жүйенің атқарған қызметтері.(2 сағ.)
Саяси жүйенің құрылымы.Саяси қатынастар,саяси ережелер, саяси мәдениет, саяси институттар. Қазіргі заманғы саяси жүйелер(3сағ.)
ҮІ.Саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар.(5 сағ.)
Саяси партиялар туралы түсінік , пайда болуы мәні және қызметтері.Саси партиялардың жіктелуі.(1сағ.)
Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы. Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар: түсінігі, түрлері, функциялары (2 сағ.) Саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар (2 сағ.)
Қорытынды сабақ. Саясатанудың қазіргі қоғамдағы ролі.
Саясаттану курсының мазмұны мен құрылымы. 11 сынып.
Кіріспе. Саясаттың субъектілері және саяси топ бастаушылық (1сағ) .
І. Саяси қызмет және саяси топ бастаушылық .(4сағат)
Саяси қызмет. Адамның саяси қызметке араласу себептерін
Саяси жетекшілік туралы ұғым. Саяси жетекшіліктердің жіктелуі, топ бастаушылардың жеке қасиеттері. Саяси топ бастаушылардың бейнесін ғалымдардың зертеулері.Демократиялық күштердің қоғамдық- саяси қызметі. Саяси қызметтің құқықтық жағдайы. Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық саяси қызметі және тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөлі.
ІІ. Адам және саясат. Саясат және адамгершілік(4 сағат)
Саясат пен адамгершіліктің арасындағы айырмашылықты білу.
Адам-саясаттың субъектісі мен объектісі. Адамның саяси өмірге араласуының алғышарттарын білу. Жеке адамның құқықтарының жіктелуі.. Жеке адам және саясат. Адамның саясаттағы орны мен ролі. Негативтік, позитивтік, азаматтық экономикалық құқықтарды білу.Жеке адамның құқықтарын қорғай білу.
ІІІ.Әлеуметтік топтар мен этникалық бірлестіктер. (4 сағат)
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі.Қоғамның әлеуметтік құрылымы Кеңестік қоғамдағы және біздің қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуіміз. Дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны. Қазақстандағы ұлттық қатынас мәселелері.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет( семинар сабақ)(1 сағ.)
ІҮ.Саяси идеология. Саяси сана және саяси идеология(4сағ)
. Идеология туралы түсінік, оның міндеті.Саяси идеологиялар тарихы пен теорияларыСаясиидеологияныңалғашқытүрлерініңнегізінсалушылар
Саяси сана саяси идеология атқаратын қызметтері Қазіргі кезеңдегі негізгі идеологиялар: консерватизм, либерализм, социал-демократия, анархизм. Идеялогиялардың өзгеру себептері
Қазіргі идеологияның негізгі түрлері. . Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
Ү. Саяси элитаның түсінігі мен Қазақстанның саяси элитасы(3сағ.)
Саяси элита ұғымы мен қызметі. Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелу.
Элиталардың осы күнгі теориялары. Қазақстан тарихында саяси элитаның қалыптасуы.
Қазақстанның қазіргі саяси процесіндегі саяси элитаның ерекшеліктері.
ҮІ. Саяси шиеленіс пен саяси процесс .Саяси шиеленіс. Саяси процесске қатысу түрлері.(4сағ)
Саяси шиеленіс конфликталогия, Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.
Саяси процестің жіктелуі. Саяси прцеске қатысу түрлері. Сайлауға қатынасу, референдум, бұқаралық жиналыс, шеру, ереуіл. Саяси процестредің мәні, мазмұны.этностық шиеленістер. Халықаралық шиеленістер
ІХ Саяси даму және бейімделу. Саяси даму мен бейімделудің мәні.(4сағ)
Дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің әр түрлі жолдары."элитаризм","фашизм","тоталитаризм".Қоғамдағы өзгерістердің, саяси ілімдердің шығу себептері.Саяси бейімделудің кезеңдері және оған байланысты көзқарастар.
Қоғам мен саяси жүйеннің бейімделу жолдары. Қазақстан саяси жүйесінің бейімделу механизмдері.
Х.Сыртқы саясат(4сағ) Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат.Сыртқы саясат: оның мәні мен функциясы. Сыртқы және ішкі саясаттың өзара қатынасы.Қазіргі әлемдік дамудың жалпы мақсаттары.Жаңа саяси ойлау және халықаралық қатынастар. Қазақстанның сыртқы саясаты. Қазақстан әлемдік қауымдастықта
Тәуелсіз Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде (конференция сабақ) (1 сағ.)Қорытынды сабақ

Приложенные файлы

Добавить комментарий