?дебиеттік о?у Ауыл к?зі саба? жоспары


Әдебиеттік оқу
Сынып: 3
Тақырып:  Тайыр Жароков «Ауыл қүзі»
Мақсаты:  шығарманың мазмұнын түсіну, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
сөздік қорларын молайту, белсенділіктерін арттыру;
табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.  
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру Көрнекіліктер:  күз суреттері, презентация, бейнематериал, постер жасау құралдары 
  Әдіс- тәсілдер: жұптық, талдау, сипаттау  
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:  психологиялық ахуал  
 Шеңбер құрып тұрамыз. Біз «европалықтармыз» сонықтан бір-бірімізді қолдарымыздан қысып амандасамыз. Енді біз «жапондықтар» боламыз, ендеше солар жапондықтарша бастарымызды иеп амандасамыз. «Африкандықтар» сияқты мұрандарымен уқаласып,  «итальяндықтарша» құшақтасып бір-бірімізбен амандасамыз.
ІІ.  «Ой шапқыру»
Жұмбақ шешу.
   Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.   (Күз)
Бейне материал көрсету «Күз»
Күз айларын ата.Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді? Жануарлардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп. (қарбыз)
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (қияр)
Бұтағында азығы
Ортасында азығы. (алма) 
 ІІІ. Жұппен жұмыс.   Күз  туралы не білеміз? Постер жасау:  күз, қорғау – екі жұлдыз, бір тілек
Қалай ойлайсыңдар сабақтың тақырыбы қандай, не істейміз сабақта?   
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын балаларға айтқызу.
-  Дұрыс айтасыңдар балалар, сонымен бүгінгі сабақта  Тайыр Жароков «Ауыл кұзі» өлеңімен танысамыз. 
-«Ауыл күзі» дегенді қалай түсінесіңдер,   не туралы өлең? Бүгін жаңа бөлімді бастаймыз: «Маужырап барқыт қоңыр күз...»   Тайыр Жароков   «Ауыл күзі»
  Автор 1908 жылы Батыс Қазақстандағы Жәнібек ауданының Жетібай ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1920 жылы ата-анасы қазақ – орыс  бастауыш мектебіне оқуға берген.  Мектепте 3 жылдай оқыды, кейін  Орынбордағы  Қазақ халық  ағарту институтында оқыды. Ұлы Отан  соғысына қатысқан.      Слайд 1  
Мұғалімнің оқуы
– Өлеңде не туралы айтылған?
Оқушылардың оқуы :-тізбек бойынша оқу
- тұтас оқу
  Табиғат көріністерін суреттеген тұстарды тауып оқыңдар -слайд 2
Күзгі бақтағы жемістер туралы не деген? – слайд 3
Мектеп туралы айтылған сөздерді табыңдар, қалай түсінесіңдер? – слайд 4
Күзгі ауыл еңбегі қандай? –слайд 5
Еңбек туралы мақал- мәтелдер айту, мағынасын ашу - жалғасын тап:  
Еңбек етсең ерінбей ...
Ердің атын  ...
Еріншектің ...
Көз қоқақ,   ...
  Сергіту сәті.
ІV. Жаңа білімді бекіту. Кестені толтыру  
Берілген сөз немесе сөз тіркесі   Сөйлем
Сұрша бұлт   Сарғылт тартып жапырақ   Мектеп  Алтын дария егінді  
  Шығармашылық тапсырма.
Топпен жұмыс: 1топ -  синквейн: күз туралы 5 жол өлең шығару;    
2 топ – шағын шығарма жазу.
«Автор орындығы»-шығарған өлеңдерін оқиды.  
VІ  Қорытындылау.     Сонымен, балалар, күзгі ауылдың қандай ерекшеліктерін айта аласыңдар?
Рефлексия.       «Маған бүгінгі сабақта ... ұнады», бағалау.   

Приложенные файлы

Добавить комментарий