Ашы? саба? жоспары Ата-ананы ?адірлеу парыз


Отбасында адам бойындағыасыл қасиеттер жарқырай көрініп,  қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.                                                                                                   Н.Ә.Назарбаев
 
Сабақтың тақырыбы:    “Ата-ананы қадірлеу – парыз»
Мақсаттары:
Білімділік:   оқушыларға     “отбасындағы        сүйіспеншілік”  ұғымы  туралы түсінік беру.    Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылық:  оқушылардың ойлау дағдысын   қалыптастыру,  жүйелі  сөйлеуге  үйрету,   пәнге   қызығушылығын    арттыру,     шығармашылық                                                         әрекетін дамыту.
Тәрбиешілік:  сыйластыққа,   мейірімділікке,   татулыққа,   қамқорлыққа    тәрбиелеу.  
Әдіс – тәсілдері:
Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, тірек-сызба, топтастыру стратегиясы, танымдық ойындар.
  Көрнекіліктер:   кітап көрмесі: «Отбасы»,  қанатты сөздер, мақал-мәтелдер:
1.Жақсы ата – орман,
Жақсы бала қорған.
2.Бала тәрбиесі – бесіктен.
3. Ата-ананың парызын,
Өтеу - сенің қарызың.
4. Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
                                                                Ғ.Мұстафин
     Шаттық  шеңбері:     Үлкенге де сіз,
         Кішіге де сіз,
        Ата-ананы құрметтеп,
        Бас иеміз біз.
Балалар орындарына жайғасады.  
Топтастыру
Тақырыпты ашу:
«Шашылған сөздер» ойын
1-топ «Ақиқатты айтып, жақсылыққа жетелеп, қарашаңырақты аманаттаушы отбасының мүшесі кім?» (әке)
2-топ «Тоғыз ай құрсағында, үш жыл бауырында, өмір бойы жүрегінде көтеретін отбасының мүшесі кім?» (ана)
  3-топ «Жеті жұрттың қамын ойлап, жеті атасын білуге міндетті отбасы мүшесі кім?» (бала)
-Әке, ана, бала- бұл үш сөз қандай мағынаны білдіреді.
-  Адамға өмірінің мәні – отбасы, ол- ең жақын адамдардың ошағы. Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің  ортасы. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар.  Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.
Тәрбие сағатымыз қандай тақырыпта болмақ балалар?
«Ата-ананы қадірлеу – парыз»
 Қазіргі кезде қазулы қара жолмен тең ақыл- кеңесін беріп отыратын әке мен ананы тыңдамайтын, әке мен ана пікірін қате деп есептейтін жасөспірімдеріміз көбейіп бара жатыр. Бүгін мен   халқымыздың «Тәрбие кешіктіріліп берілсе, кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмасы, қалпына келмейтін ізгілікті іс» деген дана сөзін бүгінгі тәрбие сағатымызға арқау етіп алып отырмын.
«Ой ашар»
Топтарға тапсырма беріледі:
Қазақ отбасындағы әкеге, анаға мінездеме беріңіз?
«Ата-ана алдындағы борыш» дегенді қалай түсінесіз?
«Қасиетті қара шаңырақ иесі» деген ұғым нені білдіреді? (Ата-баба тұрған үлкен үй)
«Әке деген кім?» бейнекөрініс
Тақырыбымызға тамызық болар видио көрініс көрейік. Экранға назар аударыңыз.
-Күнделікті өмірде бұл жағдайлар көрініс бере ме?
-Отбасы құндылықтарына нелер жатады?
-Бір күндік ата-анаңызбен болатын қарым-қатынастарыңызды тізіп шығыңыз?
-Осының себебі неде?
-Дұрыс айтасыздар, қоғамдағы әлеуметтік, мәдени жаңғырулар, әр түрлі деңгейдегі ақпарат алмасулар жастар тәрбиесіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Басқа елден озу-ол отандық бақыт, мақтану. Ал осы озықтық пен жарыса келе жатқан олқылықтар-ұлттық әдет-ғұрпымыздың, тарихымыздың жауы. Біздің әдет ғұрпымыз, тарихымыз нені үйретеді?
-Иә балалар,қазақ халқында ата-анасын жалғызсыратпақ түгілі беттеріне қатты келмеген. Дегенменде
Атаны билеп ұл кетті,Қожаны билеп құл кетті,Баласы келсе он беске,Ата-анадан күн кетті,Білмеді бала құрметті,–деп толғанған Майлықожа бүгінгі күнде туған ата-анасынан безініп, ата-тегінен мүлдем ажырап, рухани мәңгүртке айналған ұрпақ көбейіп кететінін дәл болжағандай ма, кім білсін?!
Әңгімемізге өзек болар бейнекөрініске назар аударайық.
«Қарттар үйі» бейнекөрініс
Көрініс не туралы?
Енді қарт ананың жағдайы не болмақ?
Баланың әс-әрекетіне қандай баға бересіз?
Бар тәттісін аузына тосқан ананың үміті ақталды ма?
Әкенің аманаты орындалды ма?
Анасын карттар үйіне орналастырғанда баланың үйі кеңіп, армандары орындалды ма?
Бала өсіп жетіліп, барлығына қол жеткізгенен кейін, қартайған ата-ананы шынымененде қарттар үйіне өткізіп жіберу керек шығар, қалай ойлайсыз?
Баланы өмірге әкеліп, өсіріп, айналасын қуанышқа бөлегенде ата-ана осындай рахат күтіппе еді?
Бүгінде көптеген жастар ата-аналарын қарттар үйіне тапсыруды үрдіске айналдырған. Бұл –өте үлкен қасірет. Күнделікті өмірде ата-анасын ренжітіп, оларға қатты сөйлеп, қол көтеріп жататындар да кездеседі. Бұл неліктен? Оған таңданып қарағанша келешекте осынау ақжаулықты аналарымыз бен ардақты әкелеріміздің, аталарымыздың осы жалған дүниенің тозағына түспеуінің қамына кірісуіміз қажет. Шариғат бойынша ата-ананың разылығы – Алланың разылығы. Ал ата-ананың ашуы мен ызасы, яғни қарғысы Жаратқан Алланың қаһарына тең. Ата-ананың сені қарғадым деп айтуы міндет емес. Олардың көңілін қалдырудың өзі – перзенттің қарғысқа ұшырауы деген сөз.
«Отбасы тірегі» бағаны
Сонымен балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін барлығыңызды менің жаныма шақырамын. Отбасының құндылықтарын сақтап қалатын тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болатын қасиеттерді атап «Отбасы тірегі» бағанын құрайық.
-Өте жақсы балалар, ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. «Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше балалар, адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ата-анасын ардақ тұтып, өздеріңнің перзенттік парыздарыңды бір сәтке де естен шығармаңыздар.
Халқымыз «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген. Ауыз біршілігіміз мықты болса отбасымыздың да, қоғамның да, Отанның да іргесі берік болады.
Сау болыңыздар.
 

Приложенные файлы

Добавить комментарий