М?тінді пішімдеді? негізгі т?сілдері слайд


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

 Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.  Сұрақтар:1. MS Word бағдарламасын іске қосу жолы? 2. MS Word бағдарламасын іске қосыңыз. 3. MS Word бағдарламасы терезесінің негізгі элементтерін ата. 4. Құжаттағы беттердің санын қалай анықтауға болады? 5. Қалып күй жолы не үшін керек? 6. Құжатты қарап шығу масштабын қалай өзгертуге болады? 7. Құжатты қарап шығу масштабын өзгертіңіз. 8. Жанама мәзірді қалай шақырамыз? 9. Жаңа құжатты құру жолы? 10. Құжатты сақтау жолдары? 11. MS Word бағдарламасынан шығу жолдары? 12. Мәтінді пішімдеу жолағын көрсетіңіз. 
Жаңа сабақ :1. Бұл тақырыпта MS Word бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін қарастырамыз. Символды кірістіру Құжатқа пернетақтада жоқ түрлі символдарды кірістіруге болады. Ол әдеттегі мәтіндерде сирек кездесетін, бірақ арнайы мазмұнды құжаттармен жұмыс істегенде қолданылатын пайдалы, ерекше таңбалар. Бағдарламаға қолжетімді барлық символдар арнайы символдар кестесінде орналасқан.  Басқа символдар... (Другие символы...) бұйрығы көмегімен шақырылады. Бұйрықты таңдар алдында меңзерді (курсорды) символ кірістірілетін жерге орналастыру қажет. Символ Символдар кестесі Кірістіру (Встаска)  Бұл терезеде жұмыс істеу тым қарапайым. Алдымен қаріпті, одан кейін символды таңдайды. Символды орналастырып болған соң терезені жабуға болады.  Тіркеме батырмаларының қызметін толығырақ қарастырайық: - қаріптің түрін таңдау - қаріптің мөлшері - қаріптің мөлшерін үлкейту/кішірейту - ерекшеленген фрагмент әріптерін жай және бас әріптер режиміне түрлендіру - пішімді тазалау (барлық баптауларды алып тастау) - жартылай қою, көлбеу (курсив), асты сызылған қаріп режимдері - сызып тасталған қаріп - жоласты белгісі - жолүсті белгісі - мәтінді маркермен ерекшелеу - мәтіннің түсі  Практикалық жұмыс А деңгейі Мөлшері 28, жуан курсивті, әрбір әріп түрлі түсті етіп жазылған мерекемен құттықтау сөзін жазыңдар, мысалы: Құттықтаймын! (3 ұпай) В деңгейі  Қыс тақырыбына ангиме құрастырып жазу.С деңгейі Символдарды пайдалана отырып сурет салыңдар, мысалы: адам, көлік, ғимарат, т.б.  Үйге тапсырма беру:1. « Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері» оқып келу; 2. Өзіңді тексер сұрағын белгілеп келу;3. Қосымша мәлімет жинап келу.

Приложенные файлы

Добавить комментарий