Саба?тасты? Арифметикалы? амалдарды? ?асиеттері ж?не оларды? ?ріптік жазылуы (4 сынып)


Пәні: Математика
Сыныбы: 4 а
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерінің тұжырымдамасын айта білу және әріптермен жаза білуге үйрету.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылауы, бағалауды үйрету.
Тәрбиелік: білімге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кестелер, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
№5 үш баған. (қатармен тексеру)
ІІІ. Жаңа материалды меңгертуге дайындық.
Ойын: «Сыңарын тап».
Жауаптары бірдей мысалдарды ата және оларды меңзермен біріктір.
4 · 46
8 + 72
2 · 7
64 + 30
22 + 58
100 – 6
7 · 2
25 + 25
46 · 4
- Қандай өрнек сыңарсыз қалды? Оған сыңар болатын өрнек ойлап табыңдар.
Ұжымдық жұмыс. Көбейтудің қасиеттерін қолданып есепте:
2 ∙ 9 ∙ 5 = 2 ∙ 5 ∙ 9 = 90  5 ∙ 6 ∙ 2 = 5 ∙ 2 ∙ 6 =10 ∙ 6 = 60            3 ∙ 5 ∙ 2 = 15 ∙ 2 = 30
8 ∙ 5 ∙ 2 =  40 ∙2 = 80  2 ∙ 4 ∙ 5 = 2 ∙5 ∙ 4 = 10 ∙ 4 =  40            7 ∙ 2 ∙ 5 = 7 ∙ 5 ∙ 2 =70
IV.Жаңа материалды меңгерту.
-Бүгінгі сабағымыз,арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы деп аталады.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: Көбейткіштердің орнын ауыстырғанда көбейтіндінің мәні өзгермейді. Яғни ол
a ∙ b = b ∙ a теңдігімен жазылады.
Мысал келтіріңдер: __________________________________________
Көбейтудің терімділік қасиеті: Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші мен үшінші сандардың көбейтіндісіне көбейту керек, яғни
(a ∙ b) ∙ c = a ∙ (b ∙ c) теңдігімен жазылады.
Мысал келтіріңдер: __________________________________________
Көбейтудің қосуға байланысты үлестірімділік қасиеті: Қосындыны санға көбейту үшін санды қосылғыштардың әрқайсысына көбейтіп, шықан нәтижелерді қосу керек, яғни
(a + b) ∙ c = a ∙ с + b ∙ c немесе с ∙ (a + b) = с ∙ а + с ∙ b
теңдіктерімен жазылады.
Мысал келтіріңдер: 1)__________________________________________
2)_____________________________________________
- Екі өрнектің мәндерін салыстырыңдар:256 * 2 және 2 * 256Қалай әрекет жасайсыңдар? (Ең алдымен 256 * 2 өрнегінің мәнін табамыз, ол үшін қосамыз 256+256=512, содан кейін 2 * 256 өрнегінің мәнін табамыз, ол үшін 2 деген қосылғышты 256 рет қайталап, алынған нәтижелерді салыстыру қажет).- Қайсысы сендерге қиынға соқты?- Қалай есептейміз? (а) есептейміз, (ә) ауыстырымдылық қасиетін қолданамыз).
Нәтижелері тең, көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен, көбейтіндінің мәні өзгермейді деген қорытынды жасауға болады.V. Оқулықпен жұмыс: №3, №4 (ауызша есептеу), №5, №7
Сергіту сәті: мұғалім сандарды атайды: 10, 15, 12, 14, 11, 13, 18, 19, 8, 17.
Егер сан екіге бөлінсе – оқушылар екі рет секіреді, ал егер бөлінбесе – бір рет орнында адымдайды.
VI. Сабақты қорытындылау.- Сабақта қандай жаңалықты білдіңдер?- Сабақтың соңындағы көңіл күйлерің қалай?
1 - қатарға ауыстырымдылық қасиетіне байланысты.245*5=5*245=1225805*2=2*805=1610
2 - қатарға үлестірімділік қасиетіне байланысты.                                                              
(56+4)*6=56*6+4*6=360(430+5)*4=430*4+5*4=17403 - қатарға терімділік қасиетіне.
(70*4)*5=(70*5)*4=1400(15*7)*2=(15*2)*7=210
VII. Үйге тапсырма: №6, №9.
VII.Бағалау,мадақтау.

Приложенные файлы

Добавить комментарий