Сабак жоспары Ж.Жабаев Менин омирим Аттандыру


Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев. «Менің өмірім», «Аттандыру».
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ж.Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып, шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу.
Тәрбиелік: Оқушыларға Ж.Жабаевтың өмірбаяны мен өлеңін оқытып, мазмұнын аша отырып, оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ж.Жабаевтың өлеңін оқыта отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, есте сақтау қабілетінің үнемі жетілдіріліп отыруын қадағалау, еркін ой білдіруге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, «ББҮ» әдісі, «Ойлан тап» ойыны.
Техникалық құрал: Интерактивті тақта. Көрнекілігі: Слайд, қосымша әдебиеттер. Пәнаралық байланыс: Тарих, халық ауыз әдебиеті
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі бойынша «Ақтамақ хикаясын» аяқтап жазу;
2. Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Жұптық сұрақтар: а) Ж.Аймауытов кім?
ә) Ж.Аймауытовтың басқа қандай шығармаларын білесің?
б)«Әнші» әңгімесінің жалпы мазмұны не туралы?
в) Оқиға қай жерде көрініс тапты.
г)Әңгіменің кейіпкерлерін ата.
ғ) Әмірқанға мінездеме бер.
д) Әмірқанныңпрототипі кім?
е) Ақтамақ кім?Ақтамаққа байланысты хикая қалай аяқталғанын қалар едің?
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.Жамбыл дүниеге екі рет келді:тоғыз ай тоғыз күн ана құрсағынан,тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан. Ғ.Мүсірепов
Жоспары:
1. Ж.Жабаевтың өмір жолы және «Менің өмірбаяным» 2.Жамбыл атамыздың ақындық жолға түсуіне не себеп болды? 3. «Дастан атаның» қаламынан туындаған алғашқы өлеңдері. 4.Айтыстың асқан шебері (Құланаян Құлмамбетпен айтысы) 5.«Аттандыру» өлеңінің мазмұны мен құрылысын талдау.
Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастырсақ...
І кезең – 1846 – 1916 жылдар аралығы
ІІ кезең – 1917 – 1940 жылдар кезең – 1941 – 1945 жылдар аралығы
І кезең1846 ж. 28 ақпанда Жамбыл дүниеге келді. Туған жері – Жамбыл тауы. Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үрей – көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын Жамбыл деп қойылыпты атым содан.13 жасында Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. Менің пірім – Сүйінбай Сөз сөйлемен сыйынбай Сүйінбай деп сөйлесем Сөз келеді бұрқырап, Қара дауыл құйындай. Жыр алыбы – Жамылдың алғашқы өлеңдеріне тоқталу («Шағым», «Әкеме», «Менің пірім - Сүйінбай») Шағым Оқымаймын молдадан, Не оқытпақшы ол маған? Бала келсе сабаққа Жем дәм еткен дорбадан. Ақ сәлдесін төңкеріп,Көзін жұмып теңселіп,Күн ұзынға боздағанОқығанша мен оданДомбыраны қолға алам.
ІІ кезең1912 жылы Балуан Шолақпен кездеседі.1913 жылы Романовтардың 300 жылдық тойына арналған көрмеге барады. 1937 жылы Ш.Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» поэмасының 750 жылдық тойына қатысуы.1938 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат.
ІІІ кезең1941 жыл СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1941 жылы «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылуы.1943 жылы Жеңістің алғашқы көріністеріне арналған айтысты ашуы.1945 жылы, 23 маусымда қайтыс болды.
Келесі кезекте суреттер бойынша сөйлесек...
1 – сурет: Мына суретте Жамбылдың қай кезі суреттеледі?
2 – сурет: Пірім менің Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай – деп өлең бастауы нені білдіреді? 3– сурет: «Аттандыру» өлеңі дүниеге келер шақ. 4 – сурет: Жамбыл атамыздың өмірінің соңына дейін тұрған үйі.
5 - сурет: Осы кезде Жамбыл қай жағынан танылды? (Құлмамбетпен айтысы) «Аттандыру»өлеңініңәр шумағын әр балаға оқытып, мазмұнын талдату, батаның түрлері туралы айту. Алғадайға мінездеме беру.
«Жылдарды сөйлетейік» ойыны (Сәйкестендір) Жылдар тізбегі Қандай жағдай болды?
1.1916 жыл 92 жасқа келгенде Қазақ ССР Жоғарғы кеңесіне депутат. 2.1938 жыл Жыр алыбы, Дастан атамыз қайтыс болды. 3.1941 жыл СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 4.1941жылы,маусым Жамбылдың Жеңістің алғашқы көрініс табуына арналған айтысты ашуы.
5. 1943 жыл Ұлт – азаттық көтеріліс, «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды».
6. 1945 жыл Ұлы Отан соғысы. «Ленинградтық өренім». 7. 1946 жыл Ж.Жабаевтың музейі мен мавзолейі ашылды.
V. Жаңа сабақты бекіту«ББҮ» әдісін пайдалану.
VI.Үйге тапсырма беру. «Аттандыру» өлеңін жатқа айту, «Білгім келеді» бөлімі бойынша зерттеу жұмысын жасау.
VII. Оқушыларды бағалау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий