Айнымалысы модуль та?басы ішінде берілген бір айнымалысы бар сызы?ты? те?деу.



Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің
математика пәнінің мұғалімі Хасихан Еңлік
Сабақтың тақырыбы: Айнымалысы модуль таңбасы ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.
Мақсаты:     Оқушылар айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу туралы мәлімет алып, теңдеуді шешіп үйренеді.
Оқушылардың есептеу жылдамдықтары дамып, логикалық ойлау қабілеттері артып, еңбекке тәрбиеленеді.
Оқыту нәтижесі:    - айнымалының модуль таңбасының ішінде болғандағы мағынасын түсінеді;
-айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген сызықтық теңдеуді оң, теріс және нөл саны үшін шешілу айырмашылығын біледі;
-қандай жаңдайда теңдеудің екі, бір немесе шешімі жоқ екенін анықтай алады;
Сабақтың түрі Жаңа сабақты оқыту
Тапсырма Топтық, жұптық жұмыстар
Қажетті ресурстар А4, А3 форматындағы қағаздар. Стикерлер, кері байланыс қағаздары
Сабақтың барысы
Сабақ бөлімдері Мұғалімнің іс-әрекеті  Оқушының ісәрекеті
Кіріспе бөлімі:
5 минут
Негізгі бөлім:
10 минут
Рефлексия Сәлемдесу
Топқа бөлу : Каточкалардағы есептерді шығару арқылы оқушылар «Оң», «Теріс», «Нөл» және «Таңба» деп 4 топқа бөлінеді.
Блум түймедағы сұрағы
(сары түстен және сағат тілі бойынша жауап береміз)
1)Модуль деген не ?2) -5 және 5 санының модулі тең бе ? Неге ?
3) Есепте : 5; -35; 0
4) Модуль теріс сан болуы мүмкін бе ?
5) Егер x=10; x=-4,2; x=0 болса, онда х неше тең ?
6) х-тің неше мәні болады, егер оның модулі оң сан болса ? Теріс сан болса және 0- ге тең болса ?
Айнымалысы модуль таңбасының ішіндегі бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
x=10; x=-4 x=0? , яғни оң санның модулі сол санның өзіне, ал теріс санның модулі оған қарама-қарсы санға немесе 0 санына тең екені белгілі. Сондықтан, белгісізі модуль таңбасының ішінде орналасқан сызықтық теңдеулерді шығару кезінде екі жағыдай қарастырылады.
Егер х ≥ 0 болса, онда | х | = х;
х< 0 болса, онда | х | = -х;
1-Мысал; | х | = 7 теңдеуін шешейік.
Егер х≥0 болса, онда | х | = 7 теңдеуі х =7 теңдеуіне мәндес;
Егер х< 0 болса, онда | х | = -7 теңдеуіне мәндес болады. Демек, | х | = 7 теңдеуінің екі түбірі болады. Теңдеудің шешімін фигуралық жақшаға алып жазу қабылданған.
Жауабы: {-7; 7}.
2-мысалы: -| х | +12| х |-24,3=5,7-4| х | теңдеуін шешейік
Берілген теңдеуді оған мәндес теңдеумен алмастырайық . Ол үшін таңбаларды қарама-қарсы таңбаға алмастыра отырып айнымалылары бар қосылғыштарды теңдеудің сол жақ, ал сандарды оң жақ бөлігіне көшірейік.
-| х | +12| х | + 4| х |=5,7+24,3, 15| х |=30, | х |= 2
Жауабы: {-2; 2}.
Сергіту сәті: «Демалып алайық!»
Жұптық жұмыс.
№865 , № 866, №867 есептер жұптық жұмыс
Топтық жұмыс.
№870
Төрт топқа төрт есеп беріледі.
«Автобус аялдамасы » әдісімен сабақты бекіту
1-аялдама:
Теріс санның модулі неге оң сан болады?
2-аялдама:
Айнымалының қандай мәндерінде | х |= х теңдігі тура болады?
3-аялдама:
Теріс санның модулін табуға бола ма ?
4-аялдама:
a>0, a<0 a = 0 болғанда | х |= а теңдеуінің қанша түбірі бар ?
«Бағдаршам» кері байланысы арқылы оқушылар кері байланыс жасайды.
БАҒАЛАУ
№ Критерийлер Ұпай
1 Кейбір математикалық терминдерді, формулаларды, ұғымдарды біледі. 1
2 Математикалық терминдерді, формулаларды, ұғымдарды, ережелерді, заңдарды және әдістерді біледі, бірақ қателер жібереді. 2
3 Математикалық терминдерді, формулаларды, ұғымдарды, ережелерді, заңдарды және әдістерді толық білмейді, түсіндірмейді, анықтамайды, қате жібереді. 3
4 Негізгі математикалық терминдерді, формулаларды, ұғымдарды, ережелерді, заңдарды және әдістерді біледі, түсіндіреді, анықтайды, бірақ қателер жібереді 4
5 Математикалық терминдерді, формулаларды, ұғымдарды, ережелерді, заңдарды және әдістерді біледі, анықтайды, түсіндіреді, бірақ кемшіліктер жібереді. 5
6 Математикалық терминдерді, формулаларды, ұғымдарды, ережелерді, заңдарды және әдістерді біледі, анықтайды, түсіндіреді. 6
Үй тапсырмасы:
§32. Ереже жаттау
№863, №864 , №868
тыңдайды
жауап береді
қағаздарды таңдап жауап береді
ДЖИГСО-1 стратегиясы арқылы оқушылар бір-бірлеріне түсіндіру негізінде өз беттерімен білім алады.
Жаттығу жасайды
Жұптық жұмыс орындайды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий