Санды ж?не ?ріпті ?рнек (1 сынып)


Математика Мерзімі:
14.03.16ж Мұғалім:
П.А.Бимбетова Тексерілді
Сабақтың тақырыбы Санды және әріпті өрнектер
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Үлестірмелі карточкалар,
Жалпы мақсаты Санды және әріпті өрнектер туралы ақпарат алу,
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Ынтамақтастық атмосферасы Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды ортаға шеңберге тұрғызу. Оқушылар дөңгелене тұрады.
Оқушылар хормен:
Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып-білім аламыз
Топқа бөлу Сандар арқылы топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы әр топтан 1 балаға оқытады. Егер дұрыс жауап берсе бағдаршамның жасыл түсін, дұрыс емес болса қызыл түсін көтереді.
Жаңа сабақ Жұмыс дәптерлеріңнен 37 бет, 99 сабақты ашыңыздар. Алдымен көркем жазуды орындаңыздар.
«Адасқан әріптер» ойыны. Әр топқа әріптер таратылады.
Бүгінгі тақырыбымыз «Санды және әріпті өрнектер»
6 мен 4 сандарының қосындысын және 10 мен 7 сандарының айырмасын жазыңыздар. Олардың мәндерін табыңыздар. Бұлар не деп аталады? Санды өрнектер. Санды өрнек екендігін қайдан білдіңіздер?
Ойлаған сан мен 4-тің қосындысын жазып көрсете аласың ба? 4 пен ойлаған санның қосындысын ше? Ойлаған сан мен 4-тің айырмасын жазаламыз ба? Белгісіз санның орнына әріпті жазады. Сондықтан ойлаған санымызды «а» әрпімен жазайық. а+4, 4+а, а-4 өрнектері шығады. Бұлар әріпті өрнектер деп аталады. Себебі не деп ойлайсындар? Дәптерлерін ашып, орындайды.
Оқушылар сөз құрастырады.
1-топ Санды
2-топ әріпті
3-топ өрнектер
Оқушылар жұмыс дәптерлеріне жазады, мәнін табады.
Оқушылар жауап береді.
Өйткені тек қана сандардан тұрады.
Себебі әріптерден тұрады.
Топтық жұмыс Әр топқа тапсырмалар таратады.
1-топ: а+4, 5+4, 8-а, 9-6, а+7, 3-а
2-топ: 2-2, 3+7, 9-4, 7-а, а-8, 3+а
3-топ: а-4, 2+1, 3+7, а-1, а-6, 5-а
Мұғалім бағалайды. Оқушылар топпен орындап, әр топ өз аттарының тұсына жапсырады.
Сергіту сәті. Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Бір орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын
Жоғары, төмен қол бұлғап
Орнымызды табайық
Оқулықпен жұмыс Оқулықтағы 149 бет №4 есеп.
Балалар бұл есеп па?
Оны қалай білдіңіздер? Есеп болу үшін неше белгісі болу керек? Қандай? Кім айтады? Есепке айналдыру үшін не істеу керек?
Ө-6
О-2
Б-?
6+2=8 1 оқушы оқиды.
Жоқ.
Шарты
Сұрағы
Шешуі
Жауабы
Сұрақ қою керек.
Барлығы неше алма ағашы?
Тақтаға 1 оқушы шығады.
Ө-6
О-2
Б-?
6+2=8
Пәні:
математика Күні:
14.03.16ж Сыныбы: 1
Сабақтың
тақырыбы Санды және әріпті өрнектер
Сілтеме Математика оқулығы, математика оқулығының әдістемесі
Мақсаты
Санды және әріпті өрнектер туралы ақпарат алу,
Күтілетін
нәтижелер
Топтық, жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, санды және әріпті өрнекті ажырата алады.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау, жаңа білімді игеру әдісі Керекті жабдықтар
Оқулық, интербелсенді тақта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, смайлик т.б.
Сабақтың барысы:
СабақкезеңдеріУақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе1 мин
2 мин Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларына қағаз таратылады. Қағаздағы сандар бойынша топқа бөлу
Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушылармен бірге:
Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып-білім аламыз
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы әр топтан 1 балаға оқытады. Оқушылар топқа бөлінеді.
Егер дұрыс жауап берсе бағдаршамның жасыл түсін, дұрыс емес болса қызыл түсін көтереді.
Негізгі бөлім
Білу
5 минут Жұмыс дәптерлеріңнен 37 бет, 99 сабақты ашыңыздар. Алдымен көркем жазуды орындаңыздар.
«Адасқан әріптер» ойыны. Әр топқа әріптер таратылады.
Бүгінгі тақырыбымыз «Санды және әріпті өрнектер»
6 мен 4 сандарының қосындысын және 10 мен 7 сандарының айырмасын жазыңыздар. Олардың мәндерін табыңыздар. Бұлар не деп аталады? Санды өрнектер. Санды өрнек екендігін қайдан білдіңіздер?
Ойлаған сан мен 4-тің қосындысын жазып көрсете аласың ба? 4 пен ойлаған санның қосындысын ше? Ойлаған сан мен 4-тің айырмасын жазаламыз ба? Белгісіз санның орнына әріпті жазады. Сондықтан ойлаған санымызды «а» әрпімен жазайық. а+4, 4+а, а-4 өрнектері шығады. Бұлар әріпті өрнектер деп аталады. Себебі не деп ойлайсындар? Дәптерлерін ашып, орындайды.
Оқушылар сөз құрастырады.
1-топ Санды
2-топ әріпті
3-топ өрнектер
Оқушылар жұмыс дәптерлеріне жазады, мәнін табады.
Оқушылар жауап береді.
Өйткені тек қана сандардан тұрады.
Себебі әріптерден тұрады.
Түсіну
2 мин
Әр топқа тапсырмалар таратады.
Мақсаты: жаңа сабақты түсінгендігін тексеру
1-топ: а+4, 5+4, 8-а, 9-6, а+7, 3-а
2-топ: 2-2, 3+7, 9-4, 7-а, а-8, 3+а
3-топ: а-4, 2+1, 3+7, а-1, а-6, 5-а
Мұғалім бағалайды. Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы түсіндіреді. Әр топ бір бірін бағалайды.
Сергіту сәті
1 мин Қимыл қозғалысқа қатысты іс-әрекеттерді айтқызып, орындату.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Бір орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын
Жоғары, төмен қол бұлғап
Орнымызды табайық
Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.
Қорыту 1 мин «Кел ойнайық» ойынын ойнату.
Мақсаты: жылдамдыққа үйрету.
Тиісті жемісті тауып жеуге көмектес. Оқушылар берілген есепті шешіп тиісті жануарға жапсырады.
Үйге тапсырма 1мин 37 бет 2 есеп
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 1 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий