Екі ?рнекті? квадраттарыны? айырымын сызы?ты? алгоритмде программалау


Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
ЖББ Абай орта мектеп балабақшасы
Ахметкалиева Г.С - математика пәні мұғалімі
Утешева Г.Ж - информатика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: “Екі өрнектің квадраттарының айырымын сызықтық алгоритмде программалау”
Сабақтың мақсаты:
Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын қолданып есеп шығаруды үйрету, оған алгоритм құру дағдысын беру;
Өз бетінше жұмыстандыра отырып, ойлау, өз ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сауаттылығын дамыту;
Сабақтың түрі: Бинарлық сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, ребус шешкізу, шығармашылық жұмыстар;
Сабақтың технологиясы: Ақпараттық, СТО;
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд – шоу, флипчарт;
Жоспар
Қызығушылықты ояту \Ребус шешу\
Мағынаны ашу :
Жаңа сабақ
Екі өрнектің квадраттарының айырымына есептер шығаруда сызықтық алгоритмді қолдану
Математика –информатикалық ойын
3. Ой толғау
“Менің болашаққа қосар үлесім” \эссе\
Математика пәні мұғалімі
Мынадай ребусты шешіп көрейік.

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Екі өрнектің квадраттарының айырымы”.



Енді балалар сыныпта №152(1,3,5,9), №154 (1,2,6,7) есептерді шығарайық.
Сонымен қатар мына кестеден жауаптарын табайық.

Информатика пәні мұғалімі
Олай болса бүгінгі сабақта сызықтық алгоритм тақырыбына тағы да есептер шығарайық. №158,157 есептер шығару
Ал оқушылар, енді өткен сабаққа шолу жасайық.
Алгоритм түрлерін ата.

Іс-әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм?

Іс-әрекеттердің логикалық шартын тексере отырып, тармақтала орындалуын сипаттайтын алгоритм?
Іс-әрекеттердің тізбегі бірнеше рет қайталанып отыратын алгоритм?
Сызықтық алгоритмде қолданылатын түйінді сөздер?

Жақсы оқушылар, енді осы сызықтық алгоритмге есеп шығарып көрейік.
Мысалы, y = х2 – 9 өрнегінің алгоритмін және программасын құрып көрейік.
Алгоритм Блок – схема
алг есеп;
басы бүт a, x, y
енгізуa, x
y: =х*х – 9;
х:= -3;
х:= 3;
шығару у
соңы y:=х*х-9
Басы
Соңы
a, х,у
y:=х*х-9
y
Енді оқушылар, өздеріңіз білесіздер сіздердің жас ерекшеліктеріңізге байланысты сіздерге компьютердің алдында 15 минуттан артық отыруға болмайды. Сондықтан, қазір көзге арналған жаттығуды интербелсенді тақтадан қарап қайталап жасайық.

Математика-информатикалық ойын
Математика пәні мұғалімі №156 есепті шығарайық.

47*33=1551+43*37=3142-29*31-226=2017

Балалар, сіздерге осы 2017 нені білдіреді немесе нені еске түсіреді соған тоқтала кетсек.
2017 жылы еліміздің елордасы Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі өтетіні белгілі. Бұл көрмеде электр қорын, суды, газды үнемдеуге арналған қондырғылар көрсетіледі.
Енді № 158 есепті дұрыс шығарсақ 2050-ге тең болды. Енді оқушылар, осы 2050 сіздерге нені еске түсіреді?
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
«Сіздер Тәуелсіз елде туып, Тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Мен сіздерді жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары - ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіреді деп сенемін. ХХІ-ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Тынбай оқу оқып, білім алуға бар күштеріңізді жұмсасаңыздар көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз деген ойдамын».
3. Ой толғаныс
Үйге тапсырма: сыныптағы шығарылған есептердің қалғаны және “Менің болашаққа қосар үлесім” \эссе жазу\
Оқушыларды бағалау. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Приложенные файлы


Добавить комментарий