?дебиеттік о?у к?ксерек? 4 сынып


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы М Әуезов Көксерек
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі Оқушыларға әңгіменің идеясын жан – жақты талдай отырып ашу;Адамдар мен көк бөрінің іс – әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе – теңдікті сақтау керектігін түсіндіру.Сыныптағы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы, өз беттерімен жұмыс жасау, бір – біріне көмек бере білу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беру.. Интерактивті байланыс арқылы топтық жұмыс жасату арқылы бірлесіп білім алуына мүмкіндік беру.
Оқу нәтижелері 1.Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады.2.Топтық жұмыста өзін – өзі реттей алады.3.Диалогтік қарым – қатынасқа түсу арқылы күмәнді жауаптарын түзетіп,салыстырады.4.Әңгіменің идеясын жан-жақты талдайды.
Психологиялық ахуал Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық жағдай: Психогеометриялық диагностика3 топқа бөлу.Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
Олай болса, біз қазір топ болып, 3 топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.Топтастыру. 3 топқа «Адам», «Қасқыр» «Табиғат» сөздері жазылған плакат беріледі. Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза береді..
Адам – тірі ағза, еңбектенеді, сөйлейді, ойлайды, оқиды,қоректенеді.Қасқыр – жыртқыш, ит – құс, бөрі, қомағай, табиғат перзенті, дала тағысы, дала санитарыТабиғат- құбылыстар,тау,тас,күн,ай,жер,жануарлар,өсімдіктер
Тапсырмалар 1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?2. «Көксерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.
Оқиғаның мазмұнына тоқталу.1. Көксерек Қараадыр ауылында.2. Көксерек – түз тағысы.3. Жекпе – жек.
1.«Көксерек» шығармасының идеясын түсінеді.2. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихын біледі.3.Оқушылар өз пікірлерін әңгіме желісімен талдайды.4.Оқиғаның мазмұнына жоспар құрып, тұжырымдайды.Сергіту сәті Жұмбақ шеше білейікКүші десең, күші бар, Белестен шыққан бесті ит,Тісі десең, тісі бар. Бүкір келген желісті ит.
Торуылдап ауылды Бейғам елді іздейді,Түнде жортар ісі бар. Малдан күдер іздейді.Ырғақты жаттығулар жасаладыЖаңа тақырыпКубизм.Кубизм әдісі бойынша мына кубикті үш топқа кезекпе – кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?1.Көксерек бейнесін суреттейді.2. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырады.3.Қасқыр туралы жан-жақты зерттейді.4.Көксеректің жыртқыш аң екенін дәлелдейді.5.Көксеректің қатыгездігін талдайды.
ІІІ. Ой толғанысЕкі жақты түсініктеме күнделігіМәтіннен қатты әсер еткен тұстары1. Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.2. Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек деп атауы.3. Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.4. Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл жасауы.5. Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы.Өз пікіріңҚұрмаштың таза көңілі мен мейрімді жан екенін білдім.Қасқыр табиғаттың бір бөлшегі. Қасқыр қашанда қасқырлығын қылады.Көксеректің бұл іс – әрекетіне адамдардың өздері себеп болды. Ол санасыз, тағы қасқыр, әбден өшпенді болып алған.Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі – табиғатты аялау.
1.Мәтіннен алған әсерін айтады.2.Өз пікірлерін ортаға салып.жинақтайды.БекітуШығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал – мәтел айтады.1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.«Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?Жауабы: Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады.Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп?Жауабы: Бұл кемпір қарғысы – Әуезовтің озбырлыққа, жауыздыққа, қаталдыққа деген қарғысы.Жазушы неге үндейді?Жауабы: Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір – бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.
1.Сәйкес мақал- мәтел дер арқылы табуда шығармашылық жұмыс жасайды.2.Жан-жақты ізденіс жұмыстары нда ойлау қабілеті дамидыҮйге тапсырма беру«Менің әңгімеден алған әсерім». эссе
Бағалау
Топта ортақ бағалау парағын дағы тап-сырмалар нәтижесінде бағаланады Бағалау парағыРефлексия «Бағдаршам» Кері байланыс

Приложенные файлы


Добавить комментарий