Саба?ты? та?ырыбы: «Салауаттылы? – саулы? негізі»


Тақырыбы: «Салауаттылық – саулық негізі» Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, қолшатыр. Сабақтың барысы: -Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.
(слайд №1) 1. Денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында. 2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады. 3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар. («Мың бір хадистен»)
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.
І. Топ оқушыларын екі топқа бөлу. 1- топ: «Денсаулық». Ұраны: «Денсаулық –зор байлық».2- топ: «Салауат». Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»
ІІ. «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. 1- топ: 1. Д...... і (дәрі) 2. в...та...н (витамин) 3. ....ны.....у (шынығу) 4. с....ау......т (салауат) 2- топ: 1. Г...и...на (гигиена) 2.ту...ку....ез (туберкулез) 3. тұ......у (тұмау) 4. д... ау.... қ (денсаулық)
1- топ: Денсаулықты нығайту жолдары.
Дұрыс тамақтану.
Қоршаған орта тазалығы.
Дене шынықтыру.
Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
Зиянды заттарды қабылдамау.
Жеке бастың тазалығын сақтау.
Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
Эмоциялардың оң болуы.
2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер.
Қоршаған орта ластығы.
Дұрыс тамақтанбау.
Тұқымқуалаушылық.
Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
Зиянды заттарды қабылдау.
Тазалықты сақтамау.
Отбасындағы кері жағдайлар.
Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
ІІІ. «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды.
“Темекі ” сөзіне мақал - мәтел құрауТ - тазалық денсаулық кепіліЕ - екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткеніМ - маскүнем арақтан өледіЕ - ескермеген ауру жаман, ескермеген алау жаманК - күлкі денсаулық кепіліІ - ішің ауырса аузыңды тыйІV. Шығармашылық тапсырма: 1- топ: ................................................баламыз, .................................................аламыз. ..................................................... .................................................санамыз. 2- топ: ................................................күлеміз, .................................................жүреміз, ....................................................... ...................................................сүреміз.
V . Тест. «Менің өмір сүру қалпым». Күнделікті – 15 балл, анда-санда – 10 балл, мүлде жасамаймын – 5 балл.
№ Дене қозғалысының түрлеріКүнделікті Аңда-санда Мүлде жасамаймын1 Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру2 Таңертеңгі дене қозғалысы3 Мектепке келу (жаяу, көлікпен) 4 Дене шынықтыру сабағына қатысу5 Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес, би) 6 Дене шынықтырумен жиі айналысасыз ба? 7 Үйдегі дене еңбегінің орындалуы60 – жоғары
45 – орташа
25 – төмен
VI Бекіту: Тренинг «Қолшатыр...» -Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Тренинг «Денің сау болсын десең...» Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
VII Қорытынды: - Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың — өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру
«Салауаттылық – саулық негізі» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер».

Приложенные файлы


Добавить комментарий