?зі?ді тану-?мірді тану ?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары 9 сынып


Тақырыбы: Өзіңді тану-өмірді тануМақсаты: 
-өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу-өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету-өмірді бағалауға үйретуТыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
ӘңгімелесуӨмірдің мәні неде деп ойлайсың ?
Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет ?
Өмірді бағалай білесіз бе ?Өмірден не күтесіңдер?
Сіздің мақсатыңыз қандай ?СахналауОқушылардың ойларын білу мақсатында «Сахналау » айдарымен берілген диологті сахналау.
Назар аударыңыз Өз мінезіңді, ақылыңды пікірлерің мен құштарлығыңды таны. Өзіңді танып болмайынша, өзіңе ие бола алмайсың. Бет үшін айна бар, ал көңіл түкпірін ештеңемен көруге  болмайды. Осы жерде өз парасатын саған көңіл айнасы болсын. Өзіңнің сыртқы әлпетің туралы ұмытуға болады. Бірақ жан жайсаңдығын естен шығарма, оны жақсарт, жетілдір.Өз парасатыңды іс- әрекетке қабілетіңді тексер: қызбалығыңды сына, жан тереңіне бойла, қабілеттеріңді екше.
Тапсырма М.Мақатаевтың  «Өмір керек» мәнерлеп оқуДәйексөз «Алдымен өзіңді өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың.» Гете
Жаңа ақпаратАдам өзін, өзгені танып ұсынудан, өзінің жаратылысын түсінуден, өзін-өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді.
Мәтінмен жұмыс «Өмірдің мәні» (ертегі)
Дәптермен жұмысДәптердегі «Мен айдарымен» берілген әр сабаққа арналған афформациялардың өзіне ұнағанын таңдайды.
Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер

Приложенные файлы


Добавить комментарий