Саба? жоспары «Мереке?ізбен!» Панно ашы? хат жасау. 4 сынып


4 сынып
Еңбекке баулу
Тақырыбы: «Мерекеңізбен!» Панно ашық хат жасау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 8-наурыз аналар мерекесіне орай ашықхат жасау
туралы түсінік беру;
Тәрбиелік: Оқушыларды реттілікке, ұқыпты әрі таза орындауға тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың білімін, қызығушылығын, шығармашылық
қабілеттерін арттыру, ой-өрісін дамыту.
Көрнекілігі: Суреттер, тақта мен бор.
Керекті
құрал-жабдықтар: Түрлі түсті қағаз, ақ қағаз, желім, қайшы, сызғыш, карандаш.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, сұрақ-жауап
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сарамандық жұмыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Оқушыларды түгендеу
Оқу құралдарын алғызу
Оқушы назарын сабаққа аудару
Мақсат қою
Оқушыларға жапсырмалау тәсілін қолдана отырып, түрлі түсті қағаздан аналар мерекесіне ашықхат жасауды үйрету.
Жаңа сабақ
Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
«Мерекеңізбен!» Ашықхат жасау.
Көктемнің келуімен бірге бізге аналар мерекесі де келеді.
Біз үшін ең қымбат жан – Ана!
Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұланыңды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Аналар бізді түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеп өсірді. Біздің білім алуымыз үшін барлық жағдайды жасады. Сондықтан біз аналарымызға сыйлықты өз қолымызбен дайындап көрейік. Ана туралы мақал-мәтел айту, сөзжұмбақ шешу.
Сарамандық жұмыс
Керекті
құрал-жабдықтар: Түрлі түсті қағаз, ақ қағаз, желім, қайшы, сызғыш, карандаш.
Жұмыстың орындалу реті
Үлкен ақ қағаз дайындау
Қызыл, жасыл, сары түсті қағаздан ені 5 мм –ден. Әр түстен 3-тен жіңішке жолақ дайындап, қиып алу.
Қиып алған жолақтарды бір-біріне ұштарын желімдеп дайында.
Сары түсті қағаздан дөңгелек шеңбер жасап қиып алып, бүктеп ортасынан қиып алу. Бұл күннің бейнесі.
Ақ қаағазды екі шетінен ішке қарай бүктеп ашықхат сияқты жасау.
Сыртынан дайындаған әр түсті жолақтарды айналдыра жапсырмалап, ортасына күннің бейнесін жапсыр.
Күн көзін, ернін қағаздан қиып жапсыр.
Ашықхат ішіне қызыл қағаздан үш дөңгелек қиып ал да гүл күлтерін жаса. Жасыл түстен, сабағын, жапырағын жапсыру керек. Анаға тілек жазуға ені
7 см, ұзындығы 10 см көк түсті қағаздан қиып жапсыр.
Ашықхат дайын.
Сергіту сәті
Түсінгендерін тексеру
Бүгін біз не жасап үйрендік?
Ашықхат
Неден жасадық?
Түрлі түсті қағаздан
Бекіту
Ашықхатты қандай тәсілді қолдана жасадық?
Жапсыру.
Кімдерге арнап жасадық?
Ана туралы қандай мақал-мәтел білеміз?
VI. Қорытынды бағалау. Жасаған жұмыстарын көрмеге қойып, бағалау.VII. Үйге тапсырма беру. Ана туралы өлең шығару.


Приложенные файлы


Добавить комментарий