Тіл дамыту саба?ы та?ырыбы: «К?з мезгілі»


Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Күз мезгілі»
Сабақтың мақсаты:
Түзете-білімділігі: Балалардың күз туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшеліктерін айтуға үйрету.
Түзете-дамытушылығы: Балалардың тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.
Түзете-тәрбиелігі: Балаларды табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: информациялық-рецепиялық әдіс
Көрнекіліктер: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау
Жаттығу:
Доп сияқты секіріп,
Машинаға ұксап жүріп, қимылдар жасайды.
2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
«Доп» өлеңін оқу, жаттау:
Доп-дөңгелек ала доп,
Қызыл- жасыл және көк.
Ала шықтым аулаға,
Ойнайтұғын бала көп.
«Машина» тақпақ:
Бип-бип, бип дейді,
Жолдан былай кет, дейді.
Күшікті басуға,
Болмайды машина,
Би-би-бип, би-би-бип.3844925200025
ІІІ. Жаңа сабақ
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз екенін қайдан білдіңдер?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Неліктен алтын, жомарт күз дейміз?
- Күз мезгілінде бау-бақшада не піседі?
Жұмбақ шешу:
Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады,
Бұл қай кезде болады? (Күз)

- Жапырақтар - сары, қызыл, жасыл болады. Күн біртіндеп қысқарады. Жауын-шашын көбейіп, күн суытады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Сондықтан адамдар күзді «жомарт», «алтын» деп атайды.
Дидактикалық ойын: «Жапырақтың түсі қандай?»
Мақсаты: Балалар жинаған жапырақтарын ажыратады. (түсін, пішінін айтады)
ІҮ. Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар, (Қолдарын жоғары көтеріп оңға, солға иіледі)
Алдымнан жел еседі (Қолдарымен беттерін желпиді)
Кіп-кішкентай ағаштар, (Қолдарын біртіндеп түсіріп, ақырындап отырады)
Биік болып өседі. (Біртіндеп тұра бастайды)
Ү. Бекіту:
Қимылды ойын: «Жапырақ жинау»
Мақсаты: Балалардың епті, жылдам болуға үйрету.
Үнтаспадан көңілді әуен ойналып, балалар түрлі-түсті жапырақтарды жинап, түрін, түсін, пішінін атайды. Кім қанша жапырақ жинағанын санатып, епті, жылдам баланы атап өтеді.
Дидактикалық ойыны: «Кім, не біледі»
Балалар педагогтың күз туралы қойған сұрағына жауап беріп, кім тез және көп ұпай жинаса, сол бала жеңімпаз атанады.
“Күз белгісі неде? (Ойын)
Күзде жапырақтар… (сарғаяды)
Күзде күн … (суып, жаңбыр жауады)
Күзде құстар…(жылы жаққа ұшада)
Күзде түн…(ұзарады) Күн…(қысқарады)
Күзде жеміс-жидек… (піседі)
Күзде жазғы демалыс бітіп… (оқу басталады)
ҮІ. «Біз не білдік?»
Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады.
ҮІІ. Бағалау
Балаларды жеке-жеке мадақтау

Приложенные файлы

Добавить комментарий