Физминутки на казахском языке


Бастауыш сыныпқа арналған сергіту сәттері.
***
 Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқи-ытқи жүгірді.
***
Бала, бала баламызБақшаға барамызКүні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
                                            ***
         Иілеміз оңға бір,
          Иілеміз солға бір.
         Қараймыз бәріміз
             Аяққа бір, қолға бір***
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосқанда
Болады екен он саусақ.
Жаза-жаза сауағым
Әлсіреді шаршады.
Оңға, солға бұрамыз,
Сосын қайта жазамыз.
***
Бала-бала балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнат.
***
Қане балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық
Оң аяқ, сол аяқ
Шынығып алайық.
***
Шаршасаңдар балалар Қолдарыңды созыңдар
          Бір,екі,үш,төрт,бес
Саусақтармен ойнаңдар
Денелерің шынықсын
Саналарың тынықсын
***          Біз аяқпен топылдаймыз,
              Біз қолмен шапалақтаймыз.
     Баспен біз шайқаймыз
      Қолымызды көтереміз
Одан кейін ақырын
      Орнымызда жүгіреміз.
***
Сағаттың тіліндей,  иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей, иіліп солға бір.
 Оң аяқ, сол аяқ. Жаттығу оңай-ақ.
***
Жел еседі бетімізге,
Шалқаяды ағаштар.
Желге айтамын тыныш-тынышТынышталсын ағаштар.
*** 
Ішке тартып ауаны,
Деміңді алшы тереңнен.
Денсаулықтың  жауабы,
Қайталасаң менімен.
***
Аю, аю тұршы,
Беті қолыңды жушыАйнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
***
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
1,2,3 қарлығаш боп ұшамыз.
Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Жүгірді, секірді.
Орнына келіп отыршы.
***
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды жаяйық.
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып, ұшып алайық.

Приложенные файлы

Добавить комментарий