САЙЫС САБА? ?ЫЗЫ?ТЫ МАТЕМАТИКА


Тақырыбы: «ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА»  математикалық сайысМақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
— Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
— Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.Түрі: Жарыс сабақӘдістері:Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация
Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмысСайыс сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық дайындық.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдарМінекей залда тыныштықЕстілмейді дыбыс түкМұны біз де қостаймызКешіккенді тоспаймызҒылымдардың атасыМатематика пәнінен“Тапқыр математик ” сайысын бастаймызЖүргізуші: -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, »  —  деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмаларұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңкерек.Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық
1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)
2 «Кім жылдам?»
3. «Ойлан, тап!»
4. «Сандар сыры»,
5. «Сандар сөйлейді» ( киелі сандар 3,7 тұралы мағұлмат)
6. «Бәйге»
Жүргізуші:
Бүгінгі  күн сайыстаЕшкімнен сен қалыспаБілімі кімнің көп болса,Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар: 
І топ: «Зерек» тобыІІ топ:  «Жігер» тобыБағдарлама бойынша  І кезең «Кел танысайық». 
Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
2 кезең «Кім жылдамҚадірін білсең егер сен,Қол ұшын берер ол сағанЕсептеп жүрсең бәрін де,Сүрінбейсің өмірде – дегендей  сайысымызды  «Кім жылдам?» деген кезеңінен бастайық.
Әр топ мүшелері  ұяшықтарды таңдайды,  сұрақ оқылады, сол сұрақтарға лезде жауап беру керек.
-Әр түрлі білім сырын ұға алатын.Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
І топқа: 1)«Үй иесі мен ұрылар»    (8 слайд)
Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.
Үй иесі мұны сезіп:
-Сапырып-сапырып Сарманға бер,Құйып-құйып Құрманға бер,Есіктегі екеуге бер,Төрдегі төртеуге берӨзің іш те маған бер деген екен.Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.-Сонда  нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5ұры)
2) «Күлшеқыз»    Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. (9+18+18)
ІІ топқа:   «Шаштараз »    Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)
2) «Бір мая шөп»    (Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді? (Жарты айдың ішінде)
4 кезең «Сандар сыры»  
Өнерлі балаларға кім жеткен,Әр салада небір өнер көрсеткен,Төртінші сайысты біз бастайық,Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сыры» атты  келесі кезеңге көшейік.
Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады.
1 топ1)      Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.2)      Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.3)      Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.4)      Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5)      Жүз сомын болғанша, жүз досын болсын.2 топ
1)  Бір тал кессең, он тал ек.2)   Бес саусақ бірдей емес.
3)Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.
4) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
5) Бір кісі қазған құдықтан  мың кісі су ішеді…
 
Зерек тобына:
Ұзындық бірліктерін атаЕкі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?/ кесінді/
9  =81
Қосу амалдарының компоненттерін ата?
а= 2 см, в=4 см / тік төртбұрыш   S=? /8см/
350-150 дің айырмасы нешеге тең? /200/
1м-де неше см бар /100/
Х+30=60  /х тің мәні нешеге тең= 30
Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды. Осы қарқынмен 3 күнде неше бетін оқиды.
64 қай санның квадраты 8
Жеңіс қай күн / 9 мамыр/
1ғасырда неше жыл /100ж/
Ең үздік бағаҚай жылы тудың?
Тышқан аулағышты 5 әріппен басқалай қалай атауға болады / мысық/
Сабағымыз нешеде басталады/13.30/
Қай мектепте оқисың?
Отбасыңда қанша адам бар?
  Жігер тобына:
Уақыт бірліктерін ата/ мин, са,ғат, секунд апта, тәулік/
Мыңда неше нөл бар?/3/
10   =100
Азайтудың компонеттерін атаа=6см, в=3см/тік төртбұрыш S= ? см  /18 см/
750-350дің айырмасы =400
1т неше кг бар? /1000 кг/
Х+40=80 /х тәі мәні нешегі теің/40/
Алмас 1 сағ 4 км жол жүрді осы қарқынмен жүрсе 3 сағатта неше км жол жүреді. /12 км/*
81 қай санның квадраты 9
Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз /16 желтоқсан/
1 жылда неше ай бар /12 ай/
Ең нашар бағаТуған күнің қай күн?
Аш қарында 3 жұмыртқа жеу мүмкін бе? /жоқ/
5 сыныпта жасың нешеде болады?
5 пен 3 –тің көбейтіндісі нешеге тең?
Көбейтудің компоненттерін ата.
 
Жүргізуші:-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын  атап өтсек.  Оқушыларды грамотамен марапаттау.

Приложенные файлы

Добавить комментарий