?й?ыдан кейі?гі шыны?тыру жатты?улары 1-ші кіші топ


«Көңілді қоңыздар» массаж түрлері
Мақсаты:Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы қалыптастыруға, қан айналымын жақсартуға ,көздерін демалтуға , балалардың арқасындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған.Ұйқыашар жаттығулары.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: матрастар,қоңыздар киімі,тарақ. Ілгек жолдармен ,түйме жолдармен тас тармен жүру.
Музыка әуенімен балалар кіреді.
Тәрбиеші:
Біздің топта ұл-қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Шеңбер құрып бәріміз
Қызықты ойын ойнаймыз.
Түс мезгілі, мезгілі,
Қоңыздар ұйқыға кірісті (Ұйықтаған сияқты алақандарын бастарына тосады)
Қоңыздар көреді түсті.
Әдемі, сиқырлы,әлемді.
Қоңыздар ұйқыдан оянады ( керіледі, созылады)
Көзімізді ашайық (Көзді уқалау)
Аунап ,қунап алайық,
Бойымызды жазайық, (түзу тұру)
Қолымызды созайық (Қолымызды созайық)
Жаттығулар жасайық (қолды ашып ,жұму)
Ұйқымызды ашайық
Қоңыз,қоңыз,қоңызым,
Ағашқа ол өрмелеп ( қолдарын жоғары көтеріп,өрмелейді)
Тербеледі ағашта, (қолдарын жоғары көтеріп,тербеледі)
Бұтаққа келіп отырып (жерге отырады)
Күнге көп қарайды
Қоңыз,қоңыз,қоңызым
Оң қолға ұстап тарақты, (тарақты оң қолға ұстап шаштарын тарайды. Басқа, арқаға)
Түрлі массаж жасайық
Сол қолға ұстап тарақты
Табанға массаж жасайық
Қоңыз шықты ағашқа
Артында оның баласы, (артқа қарайды)
Күн шапағын шашады (қолдарымен көрсетеді)
Қоңыз үйге қайтады.
Әдемі ирек жолдармен
Лақтарша біз ойнақтап, ( секіру)
тастан тасқа секіріп
жалаң аяқ жүреміз
табанға біз нүктелі
массаж жасау білеміз
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
-Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай? ( Шапалақтауға тиісті)
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық
Тақырыбы : Ұйқыдан кейінгі жаттығулар.
Мақсаты. Балалардың денсаулығын нығайту.дене бітімдерін жақсарту, балалардың арқасындағы, қолындағы ,табанындағы нүктелерді оятуға аранлған.Ұйқыашар жатығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру. Қимылдың іскерліктернін жақсартуға тырысу,оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.
Әдіс тәсілдер: түсіндіру көрсету.
Музыка әуенімен әтеш бейнесіне еніп тәрбиеші кіреді.
Тәрбиеші ку-ка-ре-ку.
Балапандарым ,кәне, ұйқыдан тұрайық
Тәрбиеші: түс мезгілі, түс мезгілі
Балапандар ұйқыға кірісті.
Балапандар көреді түсті.
Ғажайып сиқырлы әлемді
Балалар ұйқыдан оянды
Тәрбиеші:
Көзімізді ашайық
Бойымызды жазайық
Қолымызды созайық
Жаттығулар жасайық
Жалпы жетілдіру жаттығуы
1Балалар төсекте жатып бастарын оңға солаға бұрады
2Балалар төсекте жатып қолды екі жаққа созу. Жұдырықтарын жұму
3. Балалар төсекте жатып велосипед тебу
4:балалар төсекте отырып бір-біріне қ арап сәлемдесу
Тәрбиеші:
Балалар қане шеңбер құрайық
Тыныс алу жаттығулары КУ-КА-РЕКУ
Табанды шынықтыру массажы
1.Балапандар серуенге шықты шиқ-шиқ-шиқ
2 Табанға арналған денсаулық кілемшелермен жүру
3. тастардың үстімен жүру
4Кірпі тікенектеріне ұқсас төсеніштермен жүру
Тәрбиеші Балалар енді беті қолымызды жылы сумен жуып сулгімен сүртінейік
Тәрбиеші:
Балалар кәне жарты шеңберге тұрайық,
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық
Тәрбиеші Осымен ұйқыдан кейінгі жаттығуларымыз аяқталды,
Келгендеріңізге көп рахмет.

Приложенные файлы

Добавить комментарий