Технологическая карта тема: Таным


Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату Үлкен және кіші. Шеңбер (өзге фигуралардың арасынан табу)
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру; екі топтағы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды теңестіру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді пысықтау (оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу); шеңбердің де әр түрі болатынын түсіндіру
Үлестірмелі материалдар: бос жолағы бар 2 карточка, үлкен шаршысы немесе шеңбері бар 3 тәрелке, 4 кіші тәрелке, жинақ полотносы (материал).
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық «Жұмбақтар және олардың шешуі» ойыны.
Педагог балаларға жұмбақтар жасырады.
Тікен-тікен, тік пісте
Қысы-жазы бір түсте.
Көк жиекті шай табақта
Алтын алма тербелер.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа, мақта, пернелер.
Қалпағы бар,
Басы жоқ.
Қолы да жоқ,
Шашы жоқ.
Сыңар аяқ «көкеңнің»
Ойлан, тап, не екенін. Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Шырша.
Күн.
Саңырауқұлақ.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Дәптермен жұмыс.
Педагог1-тапсырма бойынша балаларға сұрақ қояды.
- Суретте ен көп бейнеленген қандай зат?
- Бір-бірден салынған заттың аты қандай?
- Бір-бірден салынған заттарды бояп шығыңдар.
Педагог балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) салыстыруды ұсынады.
2-тапсырма «Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады. Педагог дәптерге орындау үшін мынадай тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол «салыңдар».
Педагог балалардан «Жолды қалай
Салыңдар?» деп сұрайды.
Сергіту минуты
Оңға қарай иілдік,
Солға иілдік,
Бір отырып, бір тұрып,
Бәріміз бір сергідік.
3-тапсырма 1 және 2 затты
санауға байланысты берілген.
Педагог балаларға сұрақ қояды.
- Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?
- Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан?
- Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?
Педагог балаларға заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.
3-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Бұл орамның пішіні –
Бауырсақтың да мүсіні.
Кішірейтсек біз мұны,
Шығады тоқаш наны боп. Ол не?
- Барлық шеңберлерді бояңдар.
- Неше шенбер боядыңдар?
- Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай?
Осы жерде педагог шеңбердің көлемінің әртүрлі болатынын балалардың есіне салады. Балалар сұрақтарға жауап береді: шырша бүрі, кірпі, Күн, саңырауқұлақ, шырша. Балалар Күнді, саңырауқұлақ пен шыршаны бояйды.
Балалар үлкен шәйнек пен үлкен кесені, ал кішкентай шәйнек пен кішкентай кесені сызық арқылы қосады.
Балалар өлең мәтініне сай жаттығулар жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Тақия аз, киіз үй көп. Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар жұмбақтарды шешеді (дөңгелек), шеңберлерді бояйды және педагогтің сұрақтарына жауап береді.
Тапсырманы орындайды.
Шеңбер.
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Өзін-өзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады. Педагог балаларға 1-тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді. Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады. Балалар өздерінің жұмысын сондағы үлгімен салыстырады. Егер баланың жұмысы үлгіге сәйкес келетін болса, ол төменгі оң жақ бұрышына кішкентай жасыл шеңбер, бір қате болса - сары шеңбер, ал егер қате көп болса - қызыл шеңбер сызады. Бұл бағдаршамның түстері: жасыл түс - бәрі дұрыс деген сөз, яғни келесі бетке өте беруге болады; сары түс - кішкене мұқияттау болу керек; қызыл түс - кейбір тапсырмаларды қайтадан орындау қажет. Педагог балаларға осыны түсіндіреді.
Содан соң педагог бүлдіршіндерге тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеруді тапсырады. Ал өзі ауызша нұсқау береді:
1. Сендер саңырауқұлақ, күн мен шыршаны бояуларың керек.
2. Үлкен шәйнекті үлкен кесемен, кіші шәйнекті кішкентай кесемен қосуларың керек.
3. Тақиялар мен киіз үйлерді бір-біріне қосу керек. Күтілетін нәтиже:
біледі: бір зат пен көп затты бір-бірінен ажырата алуды;
игереді: 2 көлеміндегі заттарды санай білуді; солдан оңға санап, сандарды ретімен атауы және сан есімді зат есіммен сәйкестендіруді; өзіне таныс заттарды көлеміне (үлкен, кіші) қарай салыстырып, оларды сол белгілері бойынша біріктіруді;
меңгереді: екі топтағы заттарды салыстыруды.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Денсаулық»  «Әлеуметтік  орта»
Бөлімдері: « Көркем  әдебиет»
Тақырыбы: «Шалқан ертегісі» 
Мақсаты: балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту мен қатар тілін, сөз қорын жетілдіру, жан – жақты білімдерін кеңейтіп, өзін – өзі көпшілік мәдени ортада, әдепті, әдемі болуға үйрету, достық пен сыйластыққа үйрету.
Көрнекіліктер: адам мен аңдардың бет перделері
Әдіс тәсілдері: сұрақ, жауап көрініс.
Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеттері Балалардың іс әрекеттері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мотивациялық
  танымдылық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Ұйымдасты
рушылық-
Ізденушілік
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Рефлексия түзету кезеңі
 
 
 
 
Ұйымдастыру кезеңі:
 
Жылулық  шеңбері:
Амандасу рәсімі
(Біреу есік қағады)
- Балалар бізге қонаққа қоян келді. Амандасайық.
 
- Балалар, қарандаршы мынау не?
- Көкөністер туралы қандай тақпақ білеміз? Кім айтады?
 
- Қазір мен сендерді «Шалқан» ертегісін көруге шақырамын.
Тәрбиеші: Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олар тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.
Атай әжейді шақырады. Әжей атайдың, белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Олар тартқылайды, былай тартқылайды, тартып суыра алмайды. Әжей немере қызын шақырады. Немере қызы әжейдің белінен ұстайды. Атай шалқанның желегінен ұстайды. Олар тартқылайды, былай тартқылайды, тартып суыра алмайды. Немересі күшігін шақырады.
Күшік мысықты шақырады. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды,суыра алмайды.
Мысық тышқанды шақырады, тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желінен ұстайды, қатты тартып қалғанда, шалқанды суырып алыпты.
-Балалар біз қандай ертегіні тамашаладық?
-Шалқан қайда өсті?
-Ол қандай болды?
-Атайға кімдер болысты?
-Міне қандай тату – тәтті отбасы! Бір – біріне көмектесіп, өз туысқандарына қамқорлық көрсетеді.
-Ал сендар бір – бірлерімен доссыңдарма? Ендеше дос болайық!
Тыныс  алу  жаттығуы: «Балал  әтеш  қанат  қағады»
. Ата шалқан егіпті,
Шалқан үп – үлкен болып өсіпті.
Шалқанды  ата  тартыпты
Жұлалмапты,   көмекке  ол  шақырды
Үйде  жүрген  кемпірін
Кемпір шалдан  тартады,жұлалмады
  Шалқанды
Екеуі  тартты  ырғады   жұлалмады  ой-ой.......
Шақырады  көмекке  немересін
Келеді  екен  жүгіріп  немересі  көмекке
Жұлалмапты  шалқанды ой-ой.......
Шақырады  көмекке  күшіктерін  өздері
Келеді  енді  күшігі
Ары-бері  ырғады  жұла  алмады  шаршады
Ойланып олар  тұрады, енді  қайтіп  жұлады
Түсіп  кетті  есіне  үйде  жүрген  мысығы    Арлы-берлі  ырғады, жұлып  алды 
 Мысық  келді  көмекке
Түк  шықпады тартқанмен
Ойланайық  балалар  енді  тағы  кім  қалды?
А-А мында екен тышқанда, шақырайық  көмекке, ол да келді  көмекке.
Арлы-берлі  ырғады, жұлып  алды  шалқанды
 
Фланелеграф ойыны«қоянның  үйшігі» ертегі  кейіпкерлерін  орындарына  дұрыс  қою.
                                                       Балалар хормен, қимыл іс әрекет арқылы көрсетеді.
                       Сәлем  саған  алтын  күн!
                       Сәлем  саған  көк  аспан
                       Сәлем  саған  жер  ана
                       Сәлем саған  достарым
                       Сәлеметсізбе  қонақтар
                      Жылуыма жылу қосқан,
                      Міне менің қолым.
- Сәлеметсіңбе қоян!
- Көкөністер (картоп, сәбіз, қызылша, пияз, шалқан)
Балалар бір бірден тақпақ айтады
Картоп:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендермен балалар
          Қызанақ:
          Піскен кездеқызанақ
Көз тастар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырының ішпеген .
Пияз:
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық  барлық  тағамға .
Көкөністер ішінен
Мен  пайдалы адамға .
Қырыққабат:
Мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана!
Сәбіз:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де
Шалқан:
Кім білмейді шалқанды ?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды !
 
Балалар орындықтарына жайғасып отырады, көлеңкелі шалқан ертегісін көреді.
 
 
-«Шалқан» ертегісі
 
-бақшада
 -үлкен
-әжей, немере қызы, т.б.
 
 
қолды  бос  жіберіп,  тік  тұрамыз. Қолымызды  жоғары  көтеріп,жанымызға  ұстап, жамбасқа  қойып  қанат  қағамыз. Демді  ішке  тартып «Ку-ка-ре-ку»-деп  шақырамыз.
Сергіту  сәт:
(ары-бері, іс-қимылмен  көрсетеді)
 
( қолдарын  былғап  шақырады)
 
(қимылмен  көрсетеді)
 
 
(бастарын  ұстап  ойланады)
 
( қимылмен  көрсетіп  шақырады)
(үшеуі  шалқанды  тартады)
 
.(бастарын ұстап ойланады)
 ( қол  былғап  шақырады)
 
 (күшіктің  даусын  салады)
( көңіл-күйлерін  білдіреді)
 
(ойланып  көреді)
 (мысықты  шақырады)
 
 (мияу-мияу  қане деп  тартысады  шалқанды)
 (ренжиді)
 
(бастарын ұстап  ойланады)
 
(қуанып шақырады)
(құлайды,қуанады)
Балалар  орындап  шығады.
 
 
Күтілетін нәтиже.
Білу: Ертегінің мазмұнын, не туралы екенін білу керек.
Болу: Дос болуға, бірін – бірі сыйлауға, құрметтеуге, түсінігі болу керек. Кейіпкерлерді сахналау туралы түсініктері болу керек.
Істей білу: Сұраққа толық жауап беруге, ертегідегі кейіпкерлердің іс әрекетін істей білу керек.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Денсаулық»  «Әлеуметтік  орта»
Бөлімдері: « Көркем  әдебиет»
Тақырыбы: «Шалқан ертегісі» 
Мақсаты: балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту мен қатар тілін, сөз қорын жетілдіру, жан – жақты білімдерін кеңейтіп, өзін – өзі көпшілік мәдени ортада, әдепті, әдемі болуға үйрету, достық пен сыйластыққа үйрету.
Көрнекіліктер: адам мен аңдардың бет перделері
Әдіс тәсілдері: сұрақ, жауап көрініс.
Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеттері Балалардың іс әрекеттері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мотивациялық
  танымдылық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Ұйымдасты
рушылық-
Ізденушілік
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Рефлексия түзету кезеңі
 
 
 
 
Ұйымдастыру кезеңі:
 
Жылулық  шеңбері:
Амандасу рәсімі
(Біреу есік қағады)
- Балалар бізге қонаққа қоян келді. Амандасайық.
 
- Балалар, қарандаршы мынау не?
- Көкөністер туралы қандай тақпақ білеміз? Кім айтады?
 
- Қазір мен сендерді «Шалқан» ертегісін көруге шақырамын.
Тәрбиеші: Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олар тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.
Атай әжейді шақырады. Әжей атайдың, белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Олар тартқылайды, былай тартқылайды, тартып суыра алмайды. Әжей немере қызын шақырады. Немере қызы әжейдің белінен ұстайды. Атай шалқанның желегінен ұстайды. Олар тартқылайды, былай тартқылайды, тартып суыра алмайды. Немересі күшігін шақырады.
Күшік мысықты шақырады. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды,суыра алмайды.
Мысық тышқанды шақырады, тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желінен ұстайды, қатты тартып қалғанда, шалқанды суырып алыпты.
-Балалар біз қандай ертегіні тамашаладық?
-Шалқан қайда өсті?
-Ол қандай болды?
-Атайға кімдер болысты?
-Міне қандай тату – тәтті отбасы! Бір – біріне көмектесіп, өз туысқандарына қамқорлық көрсетеді.
-Ал сендар бір – бірлерімен доссыңдарма? Ендеше дос болайық!
Тыныс  алу  жаттығуы: «Балал  әтеш  қанат  қағады»
. Ата шалқан егіпті,
Шалқан үп – үлкен болып өсіпті.
Шалқанды  ата  тартыпты
Жұлалмапты,   көмекке  ол  шақырды
Үйде  жүрген  кемпірін
Кемпір шалдан  тартады,жұлалмады
  Шалқанды
Екеуі  тартты  ырғады   жұлалмады  ой-ой.......
Шақырады  көмекке  немересін
Келеді  екен  жүгіріп  немересі  көмекке
Жұлалмапты  шалқанды ой-ой.......
Шақырады  көмекке  күшіктерін  өздері
Келеді  енді  күшігі
Ары-бері  ырғады  жұла  алмады  шаршады
Ойланып олар  тұрады, енді  қайтіп  жұлады
Түсіп  кетті  есіне  үйде  жүрген  мысығы    Арлы-берлі  ырғады, жұлып  алды 
 Мысық  келді  көмекке
Түк  шықпады тартқанмен
Ойланайық  балалар  енді  тағы  кім  қалды?
А-А мында екен тышқанда, шақырайық  көмекке, ол да келді  көмекке.
Арлы-берлі  ырғады, жұлып  алды  шалқанды
 
Фланелеграф ойыны«қоянның  үйшігі» ертегі  кейіпкерлерін  орындарына  дұрыс  қою.
                                                       Балалар хормен, қимыл іс әрекет арқылы көрсетеді.
                       Сәлем  саған  алтын  күн!
                       Сәлем  саған  көк  аспан
                       Сәлем  саған  жер  ана
                       Сәлем саған  достарым
                       Сәлеметсізбе  қонақтар
                      Жылуыма жылу қосқан,
                      Міне менің қолым.
- Сәлеметсіңбе қоян!
- Көкөністер (картоп, сәбіз, қызылша, пияз, шалқан)
Балалар бір бірден тақпақ айтады
Картоп:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендермен балалар
          Қызанақ:
          Піскен кездеқызанақ
Көз тастар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырының ішпеген .
Пияз:
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық  барлық  тағамға .
Көкөністер ішінен
Мен  пайдалы адамға .
Қырыққабат:
Мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана!
Сәбіз:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де
Шалқан:
Кім білмейді шалқанды ?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды !
 
Балалар орындықтарына жайғасып отырады, көлеңкелі шалқан ертегісін көреді.
 
 
-«Шалқан» ертегісі
 
-бақшада
 -үлкен
-әжей, немере қызы, т.б.
 
 
қолды  бос  жіберіп,  тік  тұрамыз. Қолымызды  жоғары  көтеріп,жанымызға  ұстап, жамбасқа  қойып  қанат  қағамыз. Демді  ішке  тартып «Ку-ка-ре-ку»-деп  шақырамыз.
Сергіту  сәт:
(ары-бері, іс-қимылмен  көрсетеді)
 
( қолдарын  былғап  шақырады)
 
(қимылмен  көрсетеді)
 
 
(бастарын  ұстап  ойланады)
 
( қимылмен  көрсетіп  шақырады)
(үшеуі  шалқанды  тартады)
 
.(бастарын ұстап ойланады)
 ( қол  былғап  шақырады)
 
 (күшіктің  даусын  салады)
( көңіл-күйлерін  білдіреді)
 
(ойланып  көреді)
 (мысықты  шақырады)
 
 (мияу-мияу  қане деп  тартысады  шалқанды)
 (ренжиді)
 
(бастарын ұстап  ойланады)
 
(қуанып шақырады)
(құлайды,қуанады)
Балалар  орындап  шығады.
 
 
Күтілетін нәтиже.
Білу: Ертегінің мазмұнын, не туралы екенін білу керек.
Болу: Дос болуға, бірін – бірі сыйлауға, құрметтеуге, түсінігі болу керек. Кейіпкерлерді сахналау туралы түсініктері болу керек.
Істей білу: Сұраққа толық жауап беруге, ертегідегі кейіпкерлердің іс әрекетін істей білу керек.
Сәбилер  тобы    «__» _________________________ 201__  ж
Тәрбиеші:   Даметова Г.Ш.
Білім  беру  саласы:  «Қатынас»
Бөлімдері:   Көркем  әдебиет
Тақырыбы:   Орыс  халық  ертегісі: «Шұбар  ала  тауық»
Мақсаты: 
— Балаларды  «Шұбар  ала  тауық»  ертегісімен  таныстыру.
— Ертегіні  мұқият  тыңдауға,  онда  болып  жатқан  оқиғаларға  сезімталдықпен  үн  қосуға  үйрету.
— Зейінін, есте  сақтау  қабылетін  дамыту.
— Ыждағаттылыққа   және  кітапқа  қатты  қызығушылығын  танытуға  тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:  Осы  ергегі  бар  және  әдемі  суреттері  бар  балалар  кітабы,  жұмсақ  ойыншық  тауық, жұмыртқа.
с-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс — әрекеті
       
 
 
 
 
 
  Тәрбиеші  балаларға  жұмыртқаны  көрсетеді.- Қарандаршы, мен  сендерге  не  әкелдім. Бұл  жай  жұмыртқа  емес, алтын  жұмыртқа.Мұндай  әдемі  жұмыртқаны  тапқан  не?Тауықтың  аты  қалай?Келіңдер  бәріміз  бірге  тауықты  шақырайық: «Шұбар  ала  тауық», сен  бізге  кел.Тәрбиеші  теппектердің  көмегі  арқылы  ертегінің  мазмұның  естеріне  салады. Балалар ертегінің  мазмұның және  онда  болып жатқан  оқиғалардың  ретін естеріне  түсірді.
Ұйымдастыру  іздестіру       
 
 
 
 
 
 
  Мен  балалардан  тауықтың  қалай  жүретінің, оның  дәнді  қалай  шоқып  жейтінің  көрсетуді  сұраймын.  Балалар  әже  мен  атаның  алтын  жұмыртқаны  көргенде  қалай  таңғалып,  қуанғаның  көрсетеді. Бұдан  соң  ата  мен  әженің  жұмыртқаны  алғашында  ақырындап, одан  кейін  қаттырақ  соғып, тіптен  күштеп  жарып  көргілері  келгенің  көрсетеді. Таң – тамаша  қалады – бұл  неге  жарылмайды?- Тышқан  жүгіріп  келеді. Оның  қалай  жүгіріп  келе  жатқаның  көрсетіндер, біреу  көріп  қалар  ма  екен  деп  артына  қарап  қояды.Рөлдерді  бөліп  беріп, оларды  ойнап  көрсетуге  көмектесем. Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды.
 Рефлексивті — түзетушілік  Қуыр, қуыр, қуырмаш,Тауықтарға  бидай  шаш.Әй – әй  балақай,Жамандықтан  қаш!Аппақ  доп  тауып,Шақырады  ақ ……  (тауық) Бүгінгі сабақта «Шұбар  ала  тауық» деген ертегіні  сахналадық. Әр  бала  өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін   нәтиже: 
Білу: Ертегінің  мазмұның  толық  есте  сақтады.
Өзіне үйренгені:  Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.
Үйрену:  Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: саны 3-ке, 4-ке тең заттарды салыстыру, заттарды санау. Жыл мезгілдері (күз). Оң жақта, сол жақта.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 4 көлеміндегі заттарды санауға үйрету; үлгі бойынша санау, екі топтағы заттарды теңестіру, жыл мезгілдері (күз) туралы түсінігін нығайту; заттың орналасу ретін сөзбен баяндай алу қабілетін нығайту; қағаз бетінде бағдарлай алу.
Үлестірмелі материал: әр балаға бос 2 жолағы бар карточка мен фигуралары (2 шаршы, 3 үшбұрыш, 4 шеңбер) бар тәрелке беріледі.
Әдіс-тәсілдер: демонстрациялық, сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог үстелдің бетіндегі 2, 3, 4-тен топтастырылған заттарды санатады. Олардың заттың санын сан атауымен сәйкестендіріп айта білуін қадағалайды. Сандар туралы өлең оқып беріңдер. Заттың атауы мен санын сәйкестендіре отырып санайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Педагог балаларға мынадай тапсырмалар береді:
- Жоғарғы қоршаудың ішіндегі шарларды санап шығыңдар және төменде көрсетілген орынға сонша шар салыңдар.
- Доптарды санаңдар және сендер де бос орынға сонша доптың суретін салыңдар.
- Кәне, неше шар (үш), неше доп (төрт) салдыңдар?
- Доп көп пе, әлде, шар көп пе?
Суреттерді салыстырады.
Жұмбақ шешу.
Төрт аяқты, тағанды
Тасиды ол адамды.
Жанармайды құйып ап,
Тез жүріп ол зулайды. (Автокөлік)
Мүйізінен ұстап ап,
Айдайды адам абайлап.
Қане, балалар, ойланып,
Табыңдаршы, бұл қандай ат?
(Велосипед)
Педагог балаларға 2-тапсырманың суретінен велосипед пен автокөлікті тауып, олардың неше дөңгелегі болса, сонша дөңгелекті бояуды тапсырады.
- Велосипедтің дөңгелегі көп пе әлде автокөліктің бе?
«Екі шапалақ» ойыны.
Жоғары екі шапалақ,
Алға екі шапалақ.
Енді қолды артқа ұстап,
қос аяқтап секіреді.
3-тапсырма.
Алдымен педагог күз туралы өлеңді балаларға оқып береді:
Жапырақтар сарғайып,
Жерге ағылып төгілсе,
Құстарымыз жиналып,
Жылы жақты көздесе,
Күз дегенің осы ғой,
Жауын жауар жер тесе.
Күз мезгіліне тән белгілерді естеріне түсіргеннен кейін, дәптердегі суреттердің арасынан күз көрінісін тауып, бояйды. Күз көрінісін бояу үшін қандай түстерді пайдаланатынын айтады. - Суретте бұдан басқа тағы қандай жыл мезгілдері суреттелген?
4-тапсырма.
Педагог балалардан оң жақтағы суретті мұқият қарап, ондағы заттардың қалай орналасқанын айтып беруді сұрайды. Содан соң педагог балаларға мынадай тапсырма береді:
- Енді екінші суретте күнді киіз үйдің оң жақ жоғарғы бұрышына, шыршаны сол жақ төменгі бұрышына салыңдар.
- Екі суретті салыстырыңдар. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Санап, 3 шардың суретін салады.
Санап, 4 доптың суретін салады.
Шеңберге қарағанда доптың біреуі артық, ал шардың допқа қарағанда біреуі кем.
Жұмбақты шешіп, жауабын айтады.
Балалар тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді.
Тақпақтың мәтіні бойынша жаттығулар жасайды.
Өлең мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді
Жапырақтарды сары, сарғылт, жасыл түстермен бояйды.
Қыс, көктем, жаз.
Күн жоғарғы сол жақ бұрышында, киіз үй ортасында, шырша оң жағында.
Тапсырма бойынша күн мен
шыршаның орнын
тауып салады.
Екі суретті салыстырып айырмашылығын
айтады.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог тапсырманы орындағаны үшін балаларға мақтау айтады. өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады. Бағдаршам көздерін бояу арқылы өз білімдерін бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: заттарды санауды, жыл мезгілдерін (күз);
игереді: үлгі бойынша санауды, екі топтағы заттарды теңестіруді, заттың орналасқан орнын анықтап, сөзбен баяндауды;
меңгереді: заттың атауы мен оның санын сәйкестендіру туралы түсінікті, қағаз бетінде бағдарлауды.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті анықтау. Үлкен, кіші, кішкентай. Шаршыны көптеген фигуралардың арасынан табу.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: сан мен заттың санының арасындағы сәйкестікті анықтау; заттарды санау қабілетін нығайту (5 саны көлемінде); заттарды көлеміне қарай (үлкен, кішірек, кішкентай) салыстыруға және сол сөздерді сөйлеу барысында қолдануға үйретуді жалғастыру; заттардың ұқсас белгілерін (көлемі) анықтап, оларды сол белгілері арқылы біріктіруге үйрету; геометриялық фигура - шаршы туралы өткенді пысықтау; шаршының көлемі әртүрлі болатынын түсіндіру.
Қажетті көрнекіліктер: санау материалдары, шаршы пішіндегі заттардың суреті, карточкалар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балаларды тақтаның алдына шақырады:
- Балалар, үстелдің үстінде
геометриялық фигуралар жатыр.
Олардың арасынан шаршыны
тауып, маған сол туралы айтып
беріңдерші.
Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма.
Педагог балаларға дәптердегі
суретті мұқият қарап шығып,
төмендегі сұрақтарға жауап
беруді сұрайды:
- Сәбіз қанша?
- Шие нешеу?
- Шалқан нешеу?
- Қияр нешеу?
Мынадай тапсырма беріледі:
«Дөңгелегі бар карточкалар мен
басқа заттар бейнеленген карточкаларды заттар мен дөңгелектер саны бірдей болатындай етіп, сызық арқылы қосыңдар».
2-тапсырма.
Педагог балалармен бірге суретпен танысады және сұрақ қояды:
- Тәрелкелердің көлемі қандай?
- Алмалардың көлемі қандай? Тапсырма: әр алманы өзінің тәрелкесіне сал, ол үшін көлемі
Балалар шаршыны тауып, ол туралы әңгімелей бастайды:
Шаршының барлық 4
қабырғасы бірдей болады.
Балалар суреттерді қарап
шығады және сұрақтарға
жауап береді.
Үш
Екі
Бес
Төрт
Балалар карточкаларды
бір-біріне қосады.
Балалар суретпен
танысқаннан кейін
сұрақтарға жауап береді:
Үлкен, кіші, кішкентай. Үлкен, кіші, кішкентай.
Балалар алмалар мен тәрелкелерді сызы арқылы қосады.
Балалар күшік бейнесіне еніп, түрлі қимылдар жасайды.
Шаршы туралы. Оның барлық қабырғалары бірдей.
Тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, сопақша. Оның ішінде 3 шаршы бар. Үлкен, кіші, кішкентай.
Балалар тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді. Бес аң отыр.
Ұйымдастырушылық – ізденістік жағынан бірдей алмалар мен тәрелкелерді бір-біріне сызық арқылы қосыңдар.
«Күшік». Сергіту минуты.
Мен - күшік, саққұлақ,
Ойнаймын шапқылап.
Серікпін қашан да
Малшыға, шопанға.
3-тапсырма
Педагог балаларға тақпақ оқып береді:
Ал, балақай, қарашы,
Мынау - біздің шаршы.
Теңестірген төрт қабырғасын
Бар оның төрт бұрышы.
- Балалар, тақпақта қандай геометриялық фигура туралы айтылған? Оның тіктөртбұрыштан қандай ерекшелігі бар?
- Суретте қандай фигуралар берілген. Олардың ішінде неше шаршы бар?
- Шаршылардың көлемі қандай?
4-тапсырма.
Педагог балалардың жоғарыдағы орындық пен төменгі орындықта отырған аңдарды мұқият қарап шығуын өтінеді.
- Жоғарыдағы орындықта неше аң отыр?
- Аттарын атап беріңдерші. Қоян, түлкі, кірпі, қасқыр, тиін. Қасқыр мен тиін кетіп қалды.
Балалар екі дөңгелекті бояйды.
Қасқыр.
- Ал енді балалар, жоғарыдағы орындық пен төмендегі орындықта отырған аңдарды сан жағынан салыстырыңдар. Қайсы ан кетіп қалды?
- Қанша ан кетіп қалған болса, суреттің астындағы жолақ ішіндегі сонша дөңгелекті бояңдар.
Жұмбақ шешу.
Бейқам жатқан ел іздейді
Малдан күдер үзбейді.
Қорадағы қойға шабады,
Кәне, жауабын кім табады?
Жаңғақ толы орманда,
Күндіз тамақ айырып.
Жатады кеш болғанда,
Өз құйрығын жамылып. Бұл не? Тиін.
Қасқыр.
Тиін.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
- Сендер шиені қандай карточкамен қостыңдар? Неліктен?
- Ал алмұрты ше?
Педагог балаларды мақтайды. Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады. Шиені 2 нүктесі бар карточкамен қостық, өйткені шиенің саны да- 2.
Алмұртты 4 нүктесі бар карточкамен қостық.
Күтілетін нәтиже:
біледі: үлкен, кіші, кішкентай деген сөздердің мәнін түсініп, оларды сөз арасында қолдануды; заттардың ұқсас белгілерін (көлемі) тауып, оларды сол белгілеріне қарай біріктіруді;
игереді: 5 көлеміндегі сандарды санауды, заттарды көлеміне қарай салыстыруды;
меңгереді: шаршының көлемі жағынан әртүрлі б

Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру (4 және 5). Тәулік бөліктері. Сол жақта, ортада, оң жақта.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: заттарды дұрыс санауға үйретуді әрі қарай жалғастыру (5 саны көлемінде); екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету; саны жағынан аз топқа жетпей тұрған затты қосуды үйрету; саны жағынан бірдей, бірақ әртүрлі заттардан құралған топтар арасындағы теңдікті анықтау; тәулік бөліктері туралы білімін нығайту; заттардың орналасуын сөзбен баяндауға үйрету (сол жақта, ортада, оң жақта).
Қажетті көрнекі құралдар: санау материалдары, салыстыруға арналған заттар тобы, тәулік бөліктерін бейнелейтін суреттер.
Әдіс-тәсілдер: практикалық, сұрақ-жауап, демонстрациялық.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялыққозғаушылық Педагог балаларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:
- Балалар, суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Содан соң суретшінің қай суретте таңертеңгі уақытты, қайсысында күндізгі уақытты, қайсысында кешті суреттегенін табыңдар. Неліктен? Балалар суреттермен жұмыс істейді. Мынау - таңертең, өйткені...
Ұйымдастырушылық – ізденістік Педагог төменгі сөреге 4 аю, ал жоғарғы сөреге 5 тиін қояды. Балаларға мынадай сұрақ қояды: «Аю қанша? Тиін нешеу? Қайсысы көп (аз): аю ма, әлде тиін бе? 5 аз ба, әлде 4 аз ба? Олардың саны тең болуы үшін не істеу керек?» Педагог балалардың айтқан ұсынысын орындайды. 1 тиінді алып тастайды, олардың теңескенін 1 аюдың астына 1 тиінді қою
арқылы суреттердің теңескенін көрсетеді. Содан соң 1 аю қосу арқылы теңестіру тәсілін көрсетеді. «Аю қанша болса, тиін сонша» деген сөзді қолдануға үйретеді.
1-тапсырма.
Педагог балаларға тақия мен етіктерді санап шығуды тапсырады.
- Тақия нешеу? Етік ше?
- Қайсысы артық, қайсысы кем? («Артық», «кем» сөздерін қолдануға үйрету).
- Тақия мен етікті саны жағынан теңестіру үшін не істеу керек? Балалар етіктің суретін салып болғаннан кейін, педагог етік пен тақияның теңескенін, яғни: 5 етік, 5 тақия болғанын түсіндіреді.
Педагог балалардан төмендегі сөйлемді аяқтауын өтінеді:
- Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды ... жасаймыз.
- Таңғы асты таңертең, ал түскі асты ... ішеміз.
- Түскі асты күндіз ішеміз, ал кешкі асты ... ішеміз.
- Кешке тамақ ішеміз, ал ... ұйықтаймыз.
- Енді тәулік бөліктерін рет-ретімен атап беріңдерші.
2-тапсырма.
- Балалар, дөңгелек ішіндегі суреттерге қараңдаршы. Суретші қай жерде қателесіпті?
Педагог балаларға дөңгелек ішіндегі суретті төменгі шаршылардың ішіндегі суреттің тиістісіне қосуды тапсырады (таңертең, күндіз, кеш, түн). Балалар ойыншықтарды
санайды.
Аюлар мен тиіндерді, 4 пен 5 сандарын салыстырады.
Содан соң екеуін теңестіру үшін жоғарғы сөреге 1 аю қосу керектігін немесе тиіннің 1-еуін алып тастау керектігін анықтайды.
Балалар заттарды санап шығады.
Бес тақия, төрт етік. Етікке қарағанда тақия артық, ал етік тақиядан кем.
Тенестіру үшін тағы бір етіктің суретін салу керек. Балалар сөйлемді аяқтайды. Таңертең.
Суретші суреттердің орнын ауыстырып алған. Бірінші суретте - күндіз, екіншісінде - кеш, үшіншісінде - таңертең, ал төртіншісінде - түн бейнеленген. Бірінші таңертең, екінші күндіз, үшінші кеш, төртінші түн тұру керек. Содан соң балалар суреттерді осы тәулік бөліктерімен қосады.
«Қарғалар». Сергіту минуты.
Қарға қарға қарғалар,
Кар үстінде жорғалар,
Боран соқса долданып
Бұтаға келіп қорғанар.
1-тапсырма.
Педагог балаларға өлең оқып береді.
Санауды біз білеміз,
Сандарды да білеміз,
Сондықтан да атамның
Құстарын санап береміз,
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Бірден санап шеш!
Содан соң балаларға сұрақ қойып, тапсырма береді.
- Тордың ішінде неше құс бар?
- Ағашқа неше құс қонып тұр?
- Қайсысы артық, қайсысы кем?
- Тордың астындағы жолаққа торда қанша құс болса, сонша дөңгелек салыңдар.
- Ағашта қанша құс болса, төменгі жолаққа сонша дөңгелек салыңдар.
- Енді жолақтың ішіндегі дөңгелектерді салыстырыңдар. Олардың саны қанша? Бұл жайлы не айта аласыңдар?
4-тапсырма.
Педагог өлең оқиды:
Азамат, Марат, Айдар,
Келді аралап базар.
Әрқайсысы өлшеп,
Сатып алды көйлек.
Азамат жасыл жейде сатып алды. Азаматтың оң жағында сары жейде киген Марат тұр, ал сол жағында қызыл жейделі Айдар тұр. Төрт
Бес
Ағаштағы құс артық, ал тордағы құс ағаштағыдан кем.
Балалар енді
дөнгелектердің саны бойынша салыстырады.
Балалар өлең мен тапсырманы мұқият тыңдайды.
Балалардың жейделерін бояйды.
Сол жақта - қызыл жейде, оң жақта - сары жейде, ортада - жасыл жейде.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
- Тақия нешеу?
- Ал етік ше?
- Тақия мен етіктің санын теңестіру үшін не істедіңдер?
- Тәулікте неше бөлік бар екен?
Педагог балаларды мақтайды. Балалар өздері жасаған
жұмыстарын педагогтің
қолындағы үлгімен салыстырады.
Бес.
Төрт.
Тағы бір етіктің суретін салдық.
Төрт бөлігі бар: таңертең, күндіз, кеш, түн.
Күтілетін нәтиже:
біледі: тәулік бөліктерін, өзіне қатысты тұрғыда заттардың орналасуын сөзбен баяндауды (сол жақта, ортада, оң жақта);
игереді: саны жағынан аз топқа жетіспей тұрған затты қоса білуді; саны бірдей, бірақ түрлі заттардан құралған топтарды теңестіруді;
меңгереді: тәулік бөліктері туралы түсінікті; заттарды санауды (5 көлемінде).
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным
Тақырыбы: Бір цифры санымен танысу. Сол жағында, оң жағында. Шеңбер мен шаршы туралы өткенді пысықтау.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: өзіне қатысты тұрғыда заттардың кеңістікте орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта, сол жақта, ортасында); геометриялық фигуралардың орналасу ретін түсіндіру; 1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету; 1 цифрын өзге сандардың арасынан табу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелесу, практикалық.
Қажетті көрнекі құралдар: шеңбер, шаршыға ұқсайтын заттардың суреті, бағыт-бағдарды көрсететін сюжетті суреттер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Суретпен жұмыс.
Дәптердегі сурет бойынша әңгіме
жүргізу.
Бір күні анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады. Қызы торда тұрған арыстанды көріп, таңырқап, қасында тұрып қалады. Оның қалып қойғанын байқамай анасы алдыға түсіп жүріп кете береді.
- Қыз нешеу?
- Арыстан нешеу? Біреу.
Біреу.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Балалар сурет бойынша жұмыстан кейін, 1 санының таңбасы 1 цифрымен танысады. Педагог 1 цифры туралы өлең оқып беріп, оны балаларға жаттатады.
Бір дегенің бірінші,
Тұрады ғой қатарда.
Көтеріп ап таңауды,
Бастайды ол санауды
Педагог балаларға сандар қатарынан 1 цифрынын орнын тауып, сонша моншақты бояуды ұсынады.
2-тапсырма.
Содан соң ол балаларға өзге цифрлардың арасынан 1 санын тауып, оны қоршап сызуға тапсырма береді.
Арыстан». Сергіту минуты.
Мен мықты арыстан
Аңдардың патшасы.
Жауымның соғысқан
Күл болған қаңқасы.
3-тапсырма.
Педагог балаларға суреттерді қарап шығып, бірдейлерін бір-біріне қосуды тапсырады.
- Сендер қандай суреттерді бір-бірімен қостыңдар?
4-тапсырма.
Педагог балаларға бірінші және екінші қатардағы фигуралардың қалай орналасқанына назар аударуды ұсынады.
- Балалар, фигураларды дәл осындай ретпен орналастыра отырып, қатарды жалғастырыңдар Өлеңді жаттайды.
Бір моншақты бояйды.

1 санын қоршайды.
қолдарын көтеріп, шынтағын бүгеді, күшін көрсетеді.
Жұдырығын түйіп, сермейді.
Суреттерді қарап шығады.
Киіз үй сол жақта, сандық ортада, қамзол оң жақта; қамзол сол жақта, сандық ортада, киіз үй оң жақта; сандық сол жақта, киіз үй ортасында, қамзол оң жақта.
Бірдей суреттерді сызықпен қосады.
Фигуралардың қандай рет бойынша орналасқанын айтады: Бірінші қатарда - шеңбер, шаршы, шеңбер; Екінші қатарда - шаршы, шеңбер, шаршы. Балалар тапсырманы орындайды
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
- Біз қандай цифрмен таныстық?
- Бір саны туралы тақпақ айтып беріңдер. Балалар өздері жасаған жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Біз 1 деген цифрмен таныстық. Балалар жаттаған тақпақтарын айтады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 1 цифрын таниды; өзіне қатысты тұрғыда заттардың кеңістікте орналасуын анықтауды (оң жақта, сол жақта, ортасында);
игереді: 1 цифрын көптеген цифрлардың арасынан табуды;
меңгереді: цифр туралы түсінікті; геометриялық фигураларды ажырата білуді.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: Бір цифры мен саны туралы өткенді пысықтау. Үлкен, кіші, кішкентай. Үшбұрыш.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 1 цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен салыстыруға үйрету; жұмбақтарды көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; «тез», «баяу» түсініктері туралы білімдерін пысықтау; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыру және оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатыны туралы түсінік қалыптастыру.
Қажетті көрнекі құралдар: ойынға арналған суреттер, заттық суреттер, баяу, жылдам жүретін аңдар суреті.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог жұмбақ жасырады:
Таңғажайып кірпішті,
Бір-біріне қаладым.
Ұнамаса құлатып,
Қайта-қайта қаладым.

Доп-домалақ іші қуыс пәле,
Қайта-қайта семіруде, әне.
Жұмбақтың шешуін табады. Жұмбақтың шешуі болып тұрған сөздерге сипаттама береді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1 -тапсырма.
Педагог: «Неше текше, неше түйе, неше доп бар?» - деп сұрайды. 1 деген цифрдың бір затты білдіретінін түсіндіреді.
Балаларға бір дөңгелек пен 1 цифрын бояу
ды ұсынады.
2-тапсырма.
Педагог сол жақта тек 1 цифры жазылғанын көрсетеді. Балаларға 1 цифрына сәйкес заттарды бояу туралы тапсырма беріледі.
- Неше шәйнекті боядыңдар (бір), неше тақия (бір), неше Күн (бір) боядыңдар?
Сергіту сәті. Педагог өз қалауынша ұйымдастырады.
3-тапсырма.
- Арыстан мен тасбақа «Пальмаға кім бірінші жетеді?» деп бәстеседі. Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін?
- Here арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар?
Педагог «жылдам - баяу» түсініктерін сөздік қорларына енгізу жұмыстарын жүргізеді.
Педагог балаларға пальмаға бірінші жеткен аңды бояуға тапсырма береді.
4-тапсырма.
Педагог жұмбақ жасырады:
Үш бұрышы,
Үш қабырғасы бар
Бұл қандай фигура?
Балаларға мынадай сұрақ қояды:
- Суреттердің арасынан неше үшбұрыш таптыңдар?
- Үшбұрыштардың өлшемі қандай?
- Үшбұрыштардың ең үлкенін қызыл қарындашпен, одан кішілеуін көкпен, ал, ен кішкентайын жасыл түспен бояңда Сұраққа жауап береді.
1 цифрына сәйкес бояйды.
Бір шәйнек, бір тақия, бір Күнді бояйды.
Бірінші арыстан жетеді.
Өйткені арыстан жылдам жүгіреді, тасбақа баяу жүреді.
Балалар арыстанды бояйды.
Үшбұрыш.
Суреттен үшбұрыштың үш бұрышын, үш қабырғасын көрсетеді.
Үш үшбұрыш бар.
Үлкен, кіші, кішкентай. Үшбұрыштарды бояйды
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог:
- Тасбақа тез жүре ме, арыстан ба? Балалар өздері жасаған жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Арыстан тез жүгіреді, тасбақа баяу жүреді.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 1 цифрын, үшбұрыштардың көлемі жағынан әртүрлі (үлкен, кіші, кішкентай) болатынын; «тез», «баяу» ұғымдарын дұрыс пайдалануды;
игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді, жұмбақтарды шеше білуді, көптеген фигуралардың ішінен үшбұрышты таба білуді;
меңгереді: өзіне таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыруды.



Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: 2 саны және цифрымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (көптеген фигуралардың арасынан табу).
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 2 саны және оған сәйкес 2 цифрымен таныстыру; 2 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтау; 2 цифрын өзге цифрлардың арасынан таба алу қабілетін нығайту; өзіне таныс заттарды көлеміне, ұзындығына қарай (ұзын, кысқа) салыстыра алу дағдыларын дамыту; геометриялық фигура - сопақша туралы өткенді пысықтау, оны өзге фигуралардың арасынан табу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, түсіндіру.
Қажетті көрнекіліктер: қысқа, ұзын заттардың суреті, сопақша пішіндегі заттар суреті.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық 1-тапсырма.
Педагог балаларға мынадай жұмбақ жасырады:
Далада жүрген түйенің
Іші пысты, жалықты.
Төлі келіп қасына
Қатары оның толықты.
- Далада неше түйе жайылып жүр? Балалар суреттегі түйелерді санайды. Педагог суреттің астындағы жолақтың ішіне сонша дөңгелек салуды тапсырады.
Педагог балаларға 2 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтауды тапсырады. Екі түйе жайылып жүр.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 2-тапсырма:
Педагог өлең оқып береді.
Басында бар ілмегі,
Ортасында тірегі,
Толқып қанша жүзсе де,
Тұрады екінші үнемі.
Балаларға өлеңді жаттау ұсынылады. Педагог балалардан көп цифрлардың арасынан тек 2 цифрын ғана қоршап сызуды тапсырады.
«Кім бірінші?». Сергіту минуты.
Бұл тапсырманы орындау үшін ұзындықтары әртүрлі екі лента қажет болады (1 метр және 1,5 метр). Педагог екі баланы тақтаға шақырып алып, оларға бір-бір лентадан ұстатады және лентаны қолдарына орауын сұрайды.
Бір баланың қолындағы лентаның қысқа (көрсету керек), екіншісінің қолындағының ұзын (көрсету керек) екендігін еске салады. Ол балалардан сұрайды:
- Лентаның бірі неліктен тез оралды?
3-тапсырма.
Педагог балаларға сопақшаның ең үлкенін жасыл қарындашпен, кішісін көкпен, ал ең кішкентайын қызыл түспен бояуды тапсырады. Балаларға сұрақ қояды:
- Неше сопақша боялды?
- Сопақшалардың көлемі қандай?
4-тапсырма. Педагог өлеңді оқиды
Шөл даланың серкесі,
Өзінің бар өркеші.
Анда-санда шөлдейтін,
Түйеге жол көрсетші.
Педагог балаларға ұзын жолды сары қарындашпен, ал қысқасын жасыл түспен бояуды тапсырады.
- Сары түсті жолдың ұзындығы қандай?
- Жасыл түсті жолдың ұзындығы қандай?
- Түйе қайсы жолмен жүрсе баратын жеріне тезірек жетеді? Өлеңді тыңдайды. Педагогпен бірге қайталай отырып, өлеңді жаттайды.
Барлық 2 цифрын тауып, қоршайды.
Лентаны қолдарына айналдырып бірнеше рет орайды.
Содан соң қысқа лентаның тез, ал ұзын лентаның баяу оралатынын ұғынады.
Үш сопақшаны боядық. Үлкен, кіші, кішкентай.
Өлеңді тыңдайды.
Тапсырманы дәптерлеріне орындайды.
Сары жол ұзын.
Жасыл жол қысқа. Жасыл жолмен жүрсе тез жетеді.
Рефлексиялық - түзетушілік Балалар өздері атқарған жұмысқа баға береді
Педагог балаларды жасаған жұмыстары үшін мадақтайды.
Өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 2 цифрын, сопақшаны;
игереді: 2 цифрын өзге цифрлардың арасынан табуды, сұрақтарға жауап беруді, өзіне таныс заттарды көлеміне, ұзындығына (ұзын -қысқа) қарай салыстыра білуді;
меңгереді: сопақша туралы түсінікті, соған ұқсас пішіндегі заттарды таба білуді.




Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: 2 цифры туралы білімдерін бекіту. Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Алыс - жақын.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 2 цифры туралы алған білімдерін бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білуге үйрету; жұмбақтарды көрген мәліметтерге сүйене отырып шешу; 1, 2, 3 цифрларын заттың санымен салыстыруды әрі қарай жалғастыру; «алыс», «жақын» ұғымдарын мағына жағынан айыра білуге үйрету.
Қажетті көрнекіліктер: санау материалдары, сюжетті суреттер.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балаларға бірнеше
жұмбақ жасырады:
Далада жүр шапқылап,
Керемет, тым саққұлақ.
Тек есектен басқада
Оған ұқсар жоқ құлақ.
Басы жерде бұғып тұрады,
Жап-жасыл сақалы
Жерге шығып тұрады Жұмбақтардың жауабын шешеді.
Қоян.
Сәбіз.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 3-тапсырма.
Педагог балаларға цифр мен саны жағынан сәйкес келетін суреттерді сызық арқылы қосуды тапсырады.
Балаларға сұрақтар қояды.
- 1 цифрын қай карточкамен қостыңдар?
- 2 цифрын ше? 3 цифрын ше?
2-тапсырма.
Педагог балаларға суретті мұқият қарап шығып, алыс (қашық), жақын салынған заттардың атын атап беруді сұрайды. Балаларға мынадай тапсырмалар береді:
- Қоянға жақын тұрған сәбізді бояңдар.
- Сәбізден қашық тұрған қоянды бояңдар.
Ормажапырақтың суреті бар карточкамен.
Екі алманың суреті салынған карточкамен.
Балалар суретпен танысады және ондағы заттардың атын атап береді.
Балалар тапсырманы дәптерге орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 2 цифрын, сопақшаны.
игереді: 2 цифрын өзге цифрлардың арасынан табуды, сұрақтарға жауап беруді және 1, 2, 3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді;
меңгереді: 2 цифры туралы түсінікті. Алыс пен жақынды ажыра
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Тақырыбы: 3 цифрымен таныстыру. Цифрды заттың санымен салыстыру. «Кеше», «бүгін», «ертең». Жыл мезгілдері (күз).
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 3 цифрын 3 санының таңбасы ретінде таныстыру; 3 санын өзге цифрлардың арасынан табу; «кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдарын айыруға үйрету; балалардың жыл мезгілдері (күз) туралы білімін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Үлестірмелі материалдар: 2 бос жолағы бар карточка мен үшбұрыштары бар 2 түсті тәрелкелер, балалардың әрқайсысына әр түстен 4 үшбұрыштан.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Педагог балаларға бос жолақтарға үшбұрыш салу қажеттігін түсіндіреді. Педагог қанша десе, сонша үшбұрыш салынуы тиіс және олар қай жерде неше үшбұрыш барын айтып беруі керек. Балаларға берілетін тапсырма: жоғарғы жолаққа 1 қызыл үшбұрыш, ал төменгісіне 2 көк үшбұрыш салады.
Балалардан сұрайды:
- Сендер жоғарғы (төменгі) жолаққа неше үшбұрыш салдыңдар?
Содан соң 2-3 баланың қасына келіп, олар салған үшбұрыштарды санайды. Қайсы үшбұрыш артық (кем) екенін анықтайды: 1 немесе 2. Педагог балалардан әр жолақтағы үшбұрыш санын теңестіруді (яғни, 2-ден болуын) өтінед Үшбұрыштары бар жолақтармен жұмыс істейді.
Жауап береді.
Үшбұрыштар тең болуы үшін не істеу керектігін табады:
теңдей (2-ден болуы үшін) болуы үшін 1 үшбұрыш қосылады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Айгүл келді бірінші боп бақшаға, Қосылды оған Бибігүл мен Марат та,
Балғындарды ойнап жүрген топтағы
Санап берші сен бізге бір ойлан да. Педагог суретте қанша бала болса, жолақтың ішіне сонша дөнгелек салуға тапсырма береді. Педагог өлең оқып береді:
Үш дегенің екі ілмек,
Тұратын қармағын сермеп.
Үшінші боп тұратын,
Мұны әркім білмек.
3 цифрының баспаша жазылуымен
таныстырады.
2-тапсырма.
Педагог балалардан 3 цифрының сандар қатарындағы орнын табуды және оны бояуды өтінеді. Көп моншақтың ішінен тек 3 моншақты ғана санап бояйды.
«Үйеңкі». Сергіту минуты.
Желменен ағаштар,
Тербеледі әрдайым.
Бір иілді, екі иілді,
Сыңғырлады жапырақтар.
3-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
- Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)
Балалар күз туралы білетін
тақпақтарын айтады.
Педагог жылдың 4 мезгілі (күз,
қыс, көктем, жаз) суреттелген
суреттерді іледі. Балалармен бірге
талқылайды.
Педагог күзді күнгі ағаш
бұтақтарын тауп, бояуды тапсырады. Жұмбақты шешеді.
3 дөңгелек салады.
Өлеңді бірге қайталайды, жаттап алады.
Сандар қатарындағы 3 цифры мен 3 моншақты бояйды.
Тапсырманы дәптерге орындайды.
Қолдарын жоғары көтеріп, өлеңнің мәтініне сай қозғалады.
Өлең 2-3 рет қайталанады.
Суреттермен танысқаннан кейін, жыл мезгілдерін атап көрсетеді.
Суреттерді бояйды.
4-тапсырма.
Педагог балаларға бүгін немен айналысатынын түсіндіреді. Олардан кеше не істегенін сұрайды.
Содан соң ертең не істейтіндерін сұрайды.
- Дәптердегі суретке қараңдар. Суретші ағаштың суретін бірнеше күнде салып шықты. Қайсысын қай күні салғанын суретшінің мына әңгімесіне қарап өздерің табасыңдар:
«Күзде ағаштардың жапырақтары тез түсіп қалады.
Сондықтан суретті әр күні салатын болған соң оны бірдей етіп салу мүмкін емес. Мен мына ағаштың суретін кеше және бүгін салдым. Енді суреттің қайсысын кеше, қайсысын бүгін салғанымды табыңдар».
Педагог балаларға тапсырма береді:
- Ағашта ертең қанша жапырақ қалатын болса, сонша жапырақ салыңдар. Қанша жапырақ саласыңдар? Сабақ оқу, серуендеу, түскі ас ішу, ұйықтау және т.б. Театрға бардық, сурет салдық, ойнадық, серуендедік, теледидар қарадық.
Балабақшаға барамыз, қонаққа барамыз, театрға барамыз.
Суретшінің кеше және бүгін салған суреттерін санайды. Күнде екі жапыраққа кеміп отырғанын аңғарады. Олай болса, ертең салатын суретте ағаштың жапырағы тағы екіге кемиді. Кеше салған ағашта 6 жапырақ болды. Бүгін салған ағашта 4 жапырақ қалды, олай болса, ертең салатын ағашта 2 жапырақ болады. Үшінші ағашқа 2 жапырақтың суретін салады.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. - Балалар енді 3 саны туралы тақпақ айтып беріңдер. Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды. Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 3 цифрын; «кеше, бүгін, ертең» деген ұғымдарды дұрыс қолдана білуді, жыл мезгілдерін (күз) білу;
игереді: сандар қатарынан 3 цифрының орнын табуды;
меңгереді: «кеше, бүгін, ертең» ұғымдарымен сөйлем құрастыра білуді.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: 1, 2, 3 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Биік - аласа. Баланың зейінін дамыту.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 3 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; 1, 2, 3 цифрларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру; өзіне таныс заттарды биіктігіне (биік - аласа) қарай салыстырып, оларды сол белгілері арқылы салыстыру қабілетін дамыту; бір-біріне ұқсас екі затты салыстыру арқылы баланың зейінін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.
Қажетті көрнекі құралдар: заттық суреттер, ойынға қажетті материалдар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Үстелде 1-ден 10-ға дейінгі сандар жатыр.
Педагог таныс цифрды тауып, ол туралы өлең оқып беруді өтінеді. Балалар цифр туралы өлеңдер айтады...
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балаларға 3 цифрына сәйкес келетін заттарды бояуға тапсырма береді. Балалардан сұрайды:
- Қымыз құятын неше ыдыс боядыңдар?
- Қанша кесе боядыңдар?
2-тапсырма.
Педагог балаларға суреттегі геометриялық фигура санына сәйкес келетін цифрды нүкте бойынша бастырып сызуға тапсырма береді.
Балаларға сұрақ қояды:
- Сопақшаның астында қандай цифрды сыздыңдар?
- Дөңгелектердің ше?
- Ал шаршының астындағы қандай цифрды бастырып сыздыңдар?
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог балаларға сұрақ қояды:
- Бағандардың түсі қандай? Қайсысы биік (аласа)? Оны қалай білеміз?
Содан кейін сол қолға аласа бағанды, ал оң қолға биік бағанды алуды сұрайды. Педагог 3-4 баланы шақырып, олардан қай қолындағы бағанның биік, ал қай қолындағының аласа екендігін сұрайды.
Содан соң биік бағанға шырша, ал аласасына саңырауқұлақ салыңдар деген тапсырма береді.
«Бәріміз біргеміз». Сергіту минуты.
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Педагог суретте қандай үйлер салынғанын сұрайды. Балалар «биік - аласа» деген сөздерді қолданып үйренеді. Үш торсық.
Үш кесе.
1 цифрын, өйткені карточкада бір ғана сопақша бейнеленген.
Үшеу, өйткені карточкада үш дөңгелек бар.
2 цифрын, өйткені карточкада екі шаршы бар.
Бағандарды биіктігіне қарай салыстырады.
Жаттығу жасайды.
Жауап береді: сол жақта - биік, оң жақта - аласа. Биік үй мен аласа үйді салыстырады.
Балалардан биік үйдің қасына аласа ағаш, ал аласасының қасына биік ағаштың суретін салуды сұрайды.
4-тапсырма.
Педагог балаларға өлең оқып береді:
Үй жанында байланған,
Бар ғой әсем күшігім.
Бұлғаңдатып құйрығын,
Күзетеді үйшігін.
Балаларға тапсырма береді:
- Иттерді жақсылап қарап шығыңдар және олардың бір-бірінен қандай және қанша айырмашылығы барын табыңдар. Сурет бойынша 4 айырмашылықты тауып көрсетуі тиіс. Содан соң 4 дөңгелекті бояйды. Бірінің мойнында қарғыбауы бар, ал екіншісінде жоқ; бірінің құйрығы салбырап
екіншісінің құйрығы көтеріліп тұр; бірінің табаны жоғары қарап тұр, екіншісінікі олай емес; бірінің құлағы көтеріліп тұр, екіншісінің екі құлағы да салбырап тұр.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған
жұмысқа баға беру.
- Бойы биік киіз үйдің қасына қандай ағаштың суретін салдыңдар?
Педагог балаларды мадақтайды. Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 1, 2, 3 цифрларын, «биік», «аласа» түсініктерін;
игереді: екі суретті салыстырып, айырмашылығын таба білуді; өзіне таныс заттарды биіктігіне қарай (биік, аласа) салыстыруды; заттарды сол белгілеріне қарай біріктіруді;
меңгереді: 1, 2, 3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді.

Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Кең - тар. Тіктөртбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу).
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау; өзіне таныс заттарды еніне қарай салыстыру (кең, тар); тіктөртбұрыш туралы білімін пысықтау, оны өзге геометриялық фигуралардың ішінен табу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, түсіндіру.
Үлестірмелі материал: әр балаға түрлі түсті 4 жолақ беріледі: 2-еуінің ұзындығы да, ені де бірдей; ендігі бір жолақ енсіздеу, ал төртіншісі алдыңғы екеуінен енділеу болуы керек.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозаушылық «Жұмбақтар және оның шешуі» ойыны.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Бұл жұмбақтарда айтылатын сандар балалардың жұмбақты шешуіне көмектеседі.
Екі дөнгелегі, екі басқышы бар,
Бір орындық, екі мүйізі бар. Ол не?
Үшеуінің тұратын орманда бар үйшігі,
Ертегіге арқау болған кейіпкерлер ғой ізгі.
Ойланбай-ақ, балақай, сен де тауып көрші енді. жұмбақтардың шешуін табады.
Велосипед.
Үш аю.
Бағдаршам.
1-тапсырма.
Педагог балаларға қазақтың ұлттық ыдыстарының суретін көрсетеді. Балалар оны мұқият қарап шыққаннан кейін, цифрларды тиісті суретпен қосуды сұрайды.
«Машина жеткілікті ме?» ойыны
2-тапсырма.
Педагог балаларға келесі суретті көрсетеді. Сұрақ қояды:
- Балалар нешеу?
- Машина нешеу?
- Ойыншық балаларға жете ме? -Heгe?
- Балалардың саны мен ойыншық машиналардың саны туралы не айтуға болады?
- Қанша бала болса, сонша машинаны бояңдар. Қане, балалар, нешеуін боядыңдар?
«Көліктер». Сергіту минуты.
Бағындырар талай жолды,
Көлік шіркін керек болды.
Жолдағыдай қатарласып,
Ұстап көрейік біз де рульді.
Жеңіл көлік зуылдатып,
Оңға қарай бұрылар,
Жүк көлігі түтіндетіп,
Тура жолмен зуылдар.
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог балаларға ені бірдей 2 жолақты табуды тапсырады. Дұрыстығын тексеру үшін оларды бір-біріне қойып тексереді. Балалар тапсырманы орындаған соң, олар
қояды неліктен бұл екеуін таңдағанын түсіндіреді және дәлелдеп көрсетеді.: цифрларды тиісті суретпен сызық арқылы қосады.

Суретті мұқият
қарап шығып, сұрақтарға
жауап береді:
Үшеу.
Төртеу.
Жетпейді.
Өйткені төрт үштен үлкен.
Машинаға қарағанда баланың саны кем, ал балаға қарағанда машина артық.
Үш машинаны бояйды.
Балалар қолдарына «ойша» руль ұстап, бөлменің бір шетінен екінші шетіне дейін жүреді.
Бұрылады, қарсы бетке қарай қозғалады.
Жолақтарды бір-біріне қойып салыстырады.
Кең жолмен.
-3-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ
Балалар, солға бара жатқан көліктер қандай жолмен кетіп барады?
- Оңға бара жатқан көліктер қай жолда кетіп барады?
- Оңға неше машина, солға неше машина бара жатыр?
Педагог балаларға тапсырма береді: кең жолды сары түспен, ал тар жолды қоңырмен бояу керек.
3-тстсырма.
Педагог балаларға барлық тіктөртбұрыштарды бояуды тапсырады.
Балаларға сұрақ қояды:
- Неше тіктөртбұрыш боядыңдар?
- Тіктөртбұрыштардың көлемі қандай? Tap жолда.
Оңға қарай 3 машина,
ал солға қарай 4 машина. Жолдарды бояйды.
Үш
Үлкен, кіші, кішкентай.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
- Сендер шәйнекті, торсық пен кесені қандай цифрмен қостыңдар? Heгe?
Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды. Өз жұмыстарын педагогтің үлгісімен салыстырады.
Шәйнекті 2 цифрымен қостық, себебі суреттегі шәйнек саны екеу ...
Күтілетін нәтиже:
біледі: 4 цифрын; геометриялық фигура - тіктөртбұрышты;
игереді: заттың санын цифрмен сәйкестендіруді; таныс заттарды еніне қарай (кең - тар) сәйкестендіруді;
меңгереді: заттар тобының тең немесе тең еместігі туралы түсінікті.

Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі, үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру, заттардың теңдігін анықтау. Заттың орналасқан орнын анықтау және сөзбен баяндау. Шеңбер, сопақша.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: өзгеше орналасқан (шеңбер, шаршы ішінде) заттар тобын теңестіруді үйрету; заттарды үлгі бойынша санауға үйрету; әртүрлі арақашықтықта орналасқан заттардың тең немесе тең еместігін анықтау; заттың орналасқан орнын анықтау.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, түсіндіру.
Үлестірмелі материал: әр балаға тәрелкеге салып қызыл, жасыл және көк түсті 3 жолақ береміз.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог мынадай тапсырма береді:
- Балалар, үстелде геометриялық фигуралар жатыр. Кез келген фигураны алып, сол туралы білгендеріңді айтып көріңдер.
Балалар фигуралар туралы айтады: Тіктөртбұрыш дегеніміз-...
Шаршы дегеніміз -...
Ұйымдастырушылық – ізденістік Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог балаларға таяқшалар салынған тәрелкені жақындатып, «Таяқшалардың түсі қандай? Әр түстен неше таяқша бар?» деп сұрайды. Ол балаларға әр түсті өз алдына бөліп алып, оларды әртүрлі фигуралар шығатындай етіп қойып шығуды тапсырады. Тапсырма орындалғаннан кейін балалар таяқшаларды тағы бір рет санап шығады. Әр фигураға неше таяқшадан келгенін анықтайды. Педагог таяқшалар әртүрлі орналасқанымен олардың тең, үш-үштен екенін түсіндіреді. Балалар әртүрлі фигуралар құрастырады. Балалар таяқшаларды бір қатарға қойып шығады.
Балалар сұрақтарға жауап береді:
Төрт.
«Олардың саны тең екенін қалай дәлелдейміз?»
1 -тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
- Шеңбердің ішінде неше кесе бар?
- Шаршынын ішінде неше кесе бар?
- Олар туралы не айтуға болады?
2-тапсырма.
Педагог балаларға төмендегі жолаққа жоғарыда қанша болса, сонша дөңгелек салуды ұсынады. Ол дөңгелектердің арақашықтығы алшақ болуы тиіс.
- Балалар дөңгелектердің саны туралы не айтасыңдар?
- Жоғарғы жолақта төмендегіге қарағанда бір дөңгелек артық болуы үшін не істеу керек?
Педагог жоғарғы жолаққа тағы бір дөңгелек салуға тапсырма береді.
- Енді жолақтар ішіндегі дөңгелектер туралы не деуге болады?
3-тапсырма.
Педагог балаларға сол жақтағы аюды сары қарындашпен, оң жақтағысын қоңырмен бояуды тапсырады.
Балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:
- Сол жақтағы аюдың шарлары қандай геометриялық фигураларға ұқсайды?
- Оң жақтағы аюдың сол қолына сопақша және оң қолына дөңгелек суретін салыңдар.
Сергіту минуты.
Бәріміз біргеміз.
Оңға бір қадам,
солға бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Алға бір қадам,
артқа бір қадам
Шапалақ ұрамыз. Төрт
Шеңбер мен шаршыдағы кеселердің саны бірдей, төрт-төрттен.
4 дөнгелектің суретін салады.
Жоғарғы және төменгі жолақтағы дөңгелек саны теңдей, төрт-төрттен.
Жоғарғы жолаққа тағы бір дөнгелек керек.
Жоғарғы жолақта төменгіге қарағанда бір дөңгелек артық.
аюлардың суретін бояйды.
Тақпақтың мәтіні бойынша жаттығу жасайды.
4-тапсырма.
Педагог балаларға аюлардың суретін көрсетеді.
- Балалар, суретші бес аюдың суретін салды. Бірақ басқа нәрсеге алаңдаймын деп төртеуінің суретін дұрыстап сала алмады. Кейбір бөлшектерін ұмыт қалдырды. Кәне, жоғарыда отырған аюды мұқият қарап шығайық. Содан соң жетпей тұрған тұстарын толықтырып, төмендегі аюлардың суретін аяқтайық. Барлық аю бір-біріне ұқсайтын болуы керек.
- Бірінші аюдың суретіне не қостыңдар?
- Ал төртіншісіне ше? Суреттің жетіспей тұрған жерлерін толықтырып салады.
Түйме.
Бантик, белбеу, табанын салдық.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды. Балалар өз жұмыстарын педагогтің үлгісімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігін;
игереді: орналасқан екі топтағы заттарды теңестіру; заттың орналасқан орнын анықтау;
меңгереді: топтағы заттардың тең немесе тең еместігін анықтауды.

Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: 4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші, кішкентай. Баланың зейінін дамыту.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; 4 цифрының сандық қатардағы орнын анықтау; 4 цифрын өзге цифрлар арасынан табу; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету; баланың зейінін дамытуға ықпал ету; балаларды көлемі әртүрлі заттардан құралған топтардың саны жағынан тең немесе тең еместігін ажырата білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, практикалық.
Қажетті көрнекі құралдар: үлкен, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суреттері, цифрлар карточкасы.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Әйгерім өз себетіне,
Үш санырауқұлақ салды.
Қарап жүрмей тағы да,
Тал қасынан біреуін алды.
Жоғалтпайық уақытты,
Бізге тек санау ғана қалды. Жұмбақ өлеңнің жауабын табады.
4 саңырауқұлақ
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог суретте неше саңырауқұлақ болса, жолақ ішіне сонша дөңгелек салуды тапсырады. Содан соң сұрақ қояды:
- Неше дөңгелек салдыңдар?
— Неліктен?
2-тапсырма.
Педагог өлең оқып береді:
Білек күші тасыған,
Төрт күрескер ағаң.
Қолын қойып беліне,
Шаршамайды ешқашан.
Педагог балаларға 4 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтап, сол сан нешені
білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады. Содан соң өзге цифрлардын арасындағы төрттіктерді тауып, оларды қоршап шығуды тапсырады.
«Санамақ». Сергіту минуты.
Бір, екі, үш, төрт
Жиналамыз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт,
Секіреміз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт,
Отырамыз бәріміз.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог балаларға мынадай тапсырма береді: барлық үлкен шаршыларды іріктеп алып төменгі жолаққа, ал кішкентайларын жоғарғы жолаққа қойып
шығуларың керек. Бірақ олардың саны тең екендігі көрініп тұратындай болсын.
Педагог 2-3 баладан шаршылардың көлемі қандай және әр жолақта неше шаршы бар екенін сұрайды.
3-тапсырма. Балалар 1-қатарда неше киіз үй тұрғанын санайды, содан соң олардың көлеміне назар аударады. Осылайша 3-қатардағы суретке де талдау жасайды. Балалар суреттің орналасу заңдылығын анықтағаннан кейін, педагог екінші қатардағы балықтарды қалай салу керектігін сұрайды.
4-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Мені қардан жасапты,
Ойланып көр.
Қолым - таяқ,
Мұрным - сәбіз,
Көзім - көмір.
едагог балаларға бір қарағанда бір-бірінен амайт
4 дөңгелектің суретін салады және сұрақтарға жауап береді.
Төрт.
Үшке бірді қоссақ төртеу болады.
Өлеңді мұқият тыңдайды.
Тапсырма дәптерге орындалады.
төрт моншақты бояйды.
4 цифрын сызады
жаттығуларды
орындайды:
Екі аяқтап алға қарай
секіреді.
Бір орында тұрып секіреді, отырады.
Қолдарын жан-жаққа созады.
шаршыларды санайды.
Суреттің ең кішкентайдан басталып, біртіндеп үлкейе беретінін айтады.
Кішкентай балықтың суреті берілген, екіншісі одан үлкенірек, үшіншісі үлкен балық болатынын айтады. Тапсырманы орындайды.
Жұмбақтың шешуін табады:
Аққала.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
- Әйгерімнің себетінде неше саңырауқұлақ бар екен?
- Сендер қандай цифрмен таныстыңдар?
Педагог балаларды мадақтайды. өздерінін жұмыстарын педагогтің үлгісімен салыстырады.
Төрт саңырауқұлақ.
4 цифрымен.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 4 цифрын; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін. игереді: 4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды, жұмбақты шешуді.
меңгереді: 4 цифры туралы түсінікті



Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: 1, 2, 3, 4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Солға, оңға.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 4 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау; 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигуралар пішіндес заттарды таба білуге үйрету; өзіне қатысты тұрғыда заттың орналасуын (солға, оңға) анықтау және сөзбен баяндау.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, түсіндіру.
Қажетті көрнекі құралдар: цифрлар карточкасы, заттық суреттер, ойынға қажетті суреттер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық «Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.
Педагог үстелге 1 -ден 10-ға дейінгі сандарды орналастырады. Содан соң балаларды кезек-кезек тақтаға шақырады және бір цифрды қолына алып, ол туралы тақпақ айтып беруін өтінеді. Балалар цифрды табады және тақпақ оқиды. Бұл -1 цифры... Бұл - 2 деген цифр... Бұл - 3 деген цифр...
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балалардан шаршыларда қандай сан жазылғанын сұрайды. Сол жақтағы шаршының ішіндегі цифр нешені білдірсе, сонша тақия мен етік салып шығуға тапсырма береді.
4 цифры туралы өлеңді айтып берулерін сұрайды.
2-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:
- Шырша қандай геометриялық фигуралардан құралған?
- Шыршаны құрап тұрған геометриялық фигураларды бояңдар.
«Санамақ». Сергіту минуты
Бір, екі, үш, төрт
Жиналамыз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт,
Секіреміз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт,
Отырамыз бәріміз.
3-тапсырма.
Сурет бойынша барлық балаларды санауды тапсырады. Жасырынып тұрған балаларға да назарларын аудару керек. Содан соң сонша дөңгелекті бояйды4-тапсырма.
4 жолақтың ішінде қандай фигуралар бар екенін айтады. Жолақтың ішіндегі фигураларды орналасуына қарай салыстырады. Екі бірдей жолақты бір-бірімен сызық арқылы қосады Балалар сұрақтарға жауап береді және тапсырманы орындайды: 4 цифры.
Балалар өлең оқиды:
Білек күші тасыған,
Төрт күрескер ағаң.
Қолын қойып беліне,
Шаршамайды ешқашан.
Балалар тапсырманы
орындайды және сұраққа
жауап береді:
Үш үшбұрыш және бір
тіктөртбұрыш.
Балалар жаттығулар
орындайды:
Екі аяқтап алға қарай
секіреді.
Бір орында тұрып секіреді
Отырады.
Қолдарын жан-жаққа созады.
Балалар барлығы 4 бала бар екенін айтып, 4 дөңгелекті бояйды.
Екі бірдей жолақты қосып, оның бірдей екендігін дәлелдейді.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
- Балалар, сендер қандай цифрлар туралы тақпақ айтып едіңдер?
- Шыршаны қандай геометриялық фигуралардан құрастырдыңдар? Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды. Өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
1, 2, 3, 4 цифрлары туралы.
Үшбұрыштар мен тіктөртбұрыштан.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 4 саны мен цифры туралы;
игереді: 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен салыстыруды; айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигураларды табуды;
меңгереді: заттың орналасқан орнын анықтауды (солға, оңға); үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигураларды тани білуді.

Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы:1, 2, 3, 4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру. Алыс, жақын.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: үлгі бойынша және аталған сан бойынша санауды үйрету; сандар арасындағы байланысты түсінуге үйрету (3-4); сандары бар жұмбақтарды шешуді үйрету; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білу; кеңістікте бағдарлау түсініктерін қалыптастыру (жақын - алыс); геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, практикалық, ойын.
Үлестірмелі материал: балалардың әрқайсысында 12—18 см ұзындыққа дейін жететін 3 жолақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
- Балалар, жұмбақтарды мұқият тыңдаңдар. Оны шешуге жұмбақтың ішіндегі сандар көмектеседі. Екі қарауыл,
Екі тыңшы,
Бір жыршы.
Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.
Екі атым бар тынбайтын
Өзімді ғана тыңдайтын. Балалар жұмбақтарды шешеді:
Екі көз, екі құлақ, бір тіл.
Бор
Аяқ
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма. Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:
- Суретте неше шырша бейнеленген?
- Сонша дөнгелекті төменгі қоршауға жапсырындар.
- Тағы бір дөңгелек қосыңдар. Нешеуі артық?
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог балалармен бірге жолақшаларды бір-біріне қойып салыстырады. Педагог балаларға неше жолақша барын анықтауға көмектеседі және олардың көлемі туралы айтып береді. Балалардан сол қолға ең қысқа жолақшаны, ал оң қолға ең ұзынын алуын сұрайды. Содан соң тапсырма береді:
Енді бір-біріне қойып, ең ұзыны қайсысы, ең қысқасы қайсысы екенін анықтаңдар.
Сергіту минуты өткізіледі.
Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты ... деп жүреміз.
2 тапсырма: педагог 2р карточкада5ы шыршаны4 ойыншы0тарын санап, солардың санына сәйкес келетін цифрды бояуға тапсырма береді.
Содан соң мынандай сұрақ қояды. Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді:
Бір дөңгелек артық. Өйткені, төрт санының үштен біреуі артық.
Балалар бірінің үстіне бірін қою арқылы жолақшалардың көлемін анықтайды (қайсысы ұзын, қайсысы қысқа және ең қысқасы қайсысы екендігін табады).
- Әр карточкада қандай цифр боялды және неге ол цифрды боядыңдар?
3-тапсырма.
Педагог балалармен бірге суретті қарап шығады және тапсырма береді:
- Балалар, Аязата өте асығыс. Ол ормандағы аңдарға тез жетуі тиіс. Ол жол айрығында тұр, бірақ қай жолмен жүрерін білмейді. Әрине, тезірек жету үшін ол ең қысқа жолмен жүруі керек.
4-тапсырма.
Педагог балалардан жоғарғы қатардағы фигураларды атап берулерін сұрайды.
- Жоғарғы бұрыштағы фигураларды рет-ретімен атап беріңдер.
- Екінші және үшінші қатарларға жетпей тұрған фигуралардың суретін жабыстырыңдар.
Қандай фигураларды жапсырдыңдар? Балалар
саусақтарымен санды көрсетіп, жаттығу жасайды.
Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді. 2 шардың суреті бар карточкада 2 цифрын боядық және т.б.
Балалар жолды бағыт сызығымен көрсетеді. Балалар фигуралардың атауын атап береді.
Жоғарғы қатарда шеңбер, шаршы, үшбұрыш бар.
Екінші қатарға шаршы, үшінші қатарға шеңбер саламыз.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды.
Өздерінің жұмыстарын педагогтің үлгісімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 1, 2, 3, 4 цифрларын, «алыс - жақын» ұғымдарын;
игереді: үлгі бойынша санауды, аралас сандарды салыстыруды;
меңгереді: «ұзындау, қысқалау» ұғымдарын; шеңбер, шаршы, үшбұрыш сынды геометриялық фигуралар туралы тү
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: цифрды заттың санымен сәйкестендіру. Жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта. Шаршы, тіктөртбұрыш. Жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз).
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; кеңістіктік қарым-қатынастары туралы түсініктерін қалыптастыру (сол жақта, оң жақта, үстінде, алдында, ортасында); геометриялық фигуралар туралы білімін бекіту; жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз) туралы өткенді пысықтау.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық «Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.
Педагог үстелге 1-ден 10-ға дейінгі сандарды орналастырады. Содан соң балаларды кезек-кезек тақтаға шақырады және бір цифрды қолына алып, ол туралы тақпақ айтып беруін өтінеді. Цифрды табады және тақпақ айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма. Педагог өлең оқиды:
Аппақ, аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тыңбастан.
Қалың орман қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
- Балалар, өлеңде не туралы айтылады?
- Дәптерде оң жақтағы цифр нешені көрсетсе, әр қоршауға сонша қар қиыршығының суретін салыңдар.
Фланелеграфта жұмыс.
Педагог заттарды фланелеграфтың әр бұрышына орналастырады, содан соң балалармен жұмыс істейді.
- Балалар, үшбұрышты жоғарғы оң жақ бұрышқа, шеңберді ортаға, ал шаршыны төменгі сол жақ бұрышқа... орналастырыңдар.
«Түрлі жіпті...» Сергіту минуты.
Түрлі жіпті көп тауып,
Кесте тікті ақ тауық.
Қауындықта ақ қораз
Дайындады қақ біраз.
2-тапсырма.
Педагог балаларға мынадай сұрақтар қояды:
- Суретте Аязата қай жерде тұр?
- Ақшақар ше?
- Шырша қай жерде орналасқан?
- Қоян қайда?
Педагог шыршаның төмен жағындағы ойыншықтарды сары, ортасындағыларын қызыл, жоғарыдағыны көк қарындашпен бояуды тапсырады.
3-тапсырма. Педагог балалардан сұрайды: «Топтағы заттардың қайсысының төрт бұрышы бар?» Содан соң ол балалардан тіктөртбұрышты заттарды бояуды сұрайды. Мұқият тыңдайды және сұраққа жауап береді:
Қар туралы.
Қар қиыршығының суретін санай отырып салады.
Тапсырманы орындайды.
Мәтін бойынша жаттығу жасайды.
Сұрақтарға жауап береді:
Он жақта.
Сол жақта.
Ортада.
Шыршаның алдында. шырша ойыншықтарын бояйды.
Балалар төрт бұрышы бар заттарды атайды.
3 тіктөртбұрышты
бояйды.
Педагог балаларға мынадай сұрақ қояды:
- Сендер қандай фигураларды боядыңдар?
- Шаршы нешеу және олардың көлемі қандай?
- Неше тіктөртбұрыш бар және олардың көлемі қандай?
4-сурет.
Педагог балаларға сұрақтар қояды және тапсырма береді:
- Балалар, сол жақтағы суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?
- Оң жақта қыстың белгілері бар суретті табыңдар. Ол қандай суреттер екен?
- Артық суреттерді сызып тастаңдар.
- Барлығы неше жыл мезгілі бар?
- Оларды рет-ретімен атап беріңдер. Шаршылар мен тіктөртбұрыштарды.
Шаршы екеу: бірі үлкен, екіншісі кішкентай.
Олар да көлемі жағынан әртүрлі.
Қыс мезгілі.
Аязата, жаңажылдық шырша.
Төрт мезгіл бар.
Қыс, көктем, жаз, күз.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
- Балалар, сендер екінші жолаққа неше қардың суретін жапсырдыңдар?
- Үшінші жолаққа ше?
Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды. Өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Үшеу.
Төртеу.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 1-4 цифрларын;
игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді;
меңгереді: кеңістіктік қарым-қатынастар туралы түсінікті (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, алдында, ортасында).
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: 5 цифрымен танысу. Сол жақта, ортасында, оң жақта.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 5 саны және цифрымен таныстыру; нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын салып үйрену; заттың орналасқан орнын сөзбен айтып үйрену (сол жақта, оң жақта, алдында, артында); жыл мезгілі туралы өткенді пысықтау (қыс).
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын.
Үлестірмелі материал: әр баланың қолында тіктөртбұрыш, шаршы мен үшбұрыштың суреті салынған карточка; олардың түсі мен көлемі әртүрлі болуы мүмкін.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық 1-тапсыриа.Суретпен жұмыс.
Ағашта бес қарға отыр, оған тағы біреуі ұшып келіп қосылды. Нешеу болды?
Бесеу.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Педагог тапсырма бойынша сұрақтар қояды.
- Шатырда неше қарға бар?
- Олар қалайша бесеу болып кетті?
- Қайсысы артық: 4 пе, 5 пе?
- Суретте неше құс болса, жолаққа сонша дөңгелектің суретін сал.
«Алғыр Джек». Сергіту минуты.
Ағылшынның «Джек, алғыр бол» деген өлеңі 5-ке дейін санауға көмектеседі. Джектің рөлін балалар кезек-кезек орындайды.
Джектің алғыр екенін,
Білесің бе, досым, сен?
Секіреді ол қазір,
Алға қарай бес рет.
Ал біз қарап тұрмайық,
Санайық сонша рет.
Алғашында төрт
қарға болатын, сосын
оған тағы біреуі келіп
қосылды.
Сонымен бесеу болды.
Бестің төрттен біреуі
артық.
Олар шеңбер құрып тұрады, ортасында жетекші (Джек) тұрады.
Ол өлеңнің мәтіні бойынша қимылдайды.
2-тапсырма.
Педагог балаларға өлең оқып береді:
Жақсы оқыған балаға,
Қойылатын бұл баға.
Барлық бала ізденіп,
Алады «бестік» баға тек.
Педагог балаларға 5 цифрының сандық қатардағы орнын анықтап, 5 саны қаншаны білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады. Содан соң өзге цифрлардың арасындағы бестіктерді тауып, оларды қоршап сызуды сұрайды.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог алдымен балаларға карточкадағы фигураларды саусақпен сызып шығуды ұсынады. Содан кейін дәл сол фигуралар салынған кестені көрсетеді. Бірақ олардың түсі мен көлемі балалардың қолындағыға қарағанда өзгеше. «Менде үлкен сары үшбұрыш жоқ, сендерде ше?» және т.б. сұрақтар қояды. 2-3 баладан шақырып, өздерінің қолындағы белгілі бір фигураның түсі мен көлемін (үлкен, кіші) атап беруді өтінеді.
3-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақтар қояды және тапсырма береді:
- Текшелер қайда жатыр?
- Кереует қайда тұр?
- Доп қай жерде жатыр?
Педагог балаларға мынадай тапсырма береді:
- Оң жақтағы заттарды сары қарындашпен, ортадағыны қоңырмен, сол жақтағыларды көгілдір түспен, ал кереуеттің астында жатқан затты қызылмен бояңдар. 5 цифры туралы өлеңді жаттайды.
бес моншақты бояйды.
Тапсырманы орындайды.
тапсырманы орындайды: Менде кішкентай көк үшбұрыш бар...
Сұрақтарға жауап береді:
Текшелер төменгі сол жақ бұрышта жатыр.
Кереует - ортада.
Доп кереуеттің астында жатыр.
Заттарды бояйды.
Педагог қыс туралы өлең оқиды:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай)
- Бұл өлеңде ақ киімді, денелі, ақ сақалды адамға нені тенеп отыр?
- Балалар, суретті мұқият қарап шығындар және тек қысқа қажет заттарды ғана қоршаңдар.
- Қандай заттар қоршалмай қалды? Балалар жұмбақтың шешуін табады:
Қысты.
Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік - Балалар сендердің сол жақтарыңда не бар?
- Ал оң жақтарыңда ше?
Педагог сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды. Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Балалар сұраққа жауап береді. Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 5 цифрын, қыс мезгілінің ерекшеліктерін;
игереді: математикалық жұмбақтарды шешуді 5 цифрын нүкте бойымен бастырып салуды, заттың орналасқан орнын сөзбен баяндауды (сол жақта, оң жақта, алдында, артында);
меңгереді: 5 саны мен цифры туралы түсінікті.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: 5 цифры туралы өткенді бекіту, 4-5 сандарын салыстыру. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру. Кеңістікте бағдарлау: «алдында», «үстінде», «астында», «артында».
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 5 көлеміндегі заттарды санау қабілетін нығайту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; бір-бірінен әртүрлі арақашықтықта орналасқан заттар тобын теңестіруді үйрету;
айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды көре білуге үйрету; «алдында», «үстінде», «астында», «артында» түсініктерін бекіту.
Үлестірмелі материал: әр үстелге ұсақ ойыншық салынған 2 қорап қойылады (ұзын, қысқа шыршалар). Әр баланың қолына 2 бос жолағы бар карточка беріледі.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық «Сан және цифр» ойыны. Педагог әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар жиынтығын береді. Педагог балаларға саны жағынан әртүрлі заттардың суреті бар (1, 2, 3, 4, 5) карточкаларды кезекпен көрсетеді.
Балалар тиісті цифр жазылған карточканы көрсетуі тиіс. Балалар тиісті цифр жазылған карточканы көтереді.
1-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді.
- Әр қатарға сол жақтағы цифрға сәйкес фигураны жапсырыңдар.
- Неше сопақша салдыңдар?
- Неше шаршы салдыңдар?
2-тапсырма.
Педагог суретті мұқият қарап шығуды тапсырады. Содан соң барлық заттардың геометриялық фигураларға ұқсайтынына балалардың назарын аударады. Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:
- Заттардың атын атаңдар.
- Геометриялық фигураларды атаңдар. Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді:
Бес сопақша салдық-
Төрт сопақша салдық.
Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді. Доп, сағат, тоңазытқыш, қалпақ, қияр. Шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша, үшбұрыш. Сағатты шаршымен, допты дөнгелекпен, тіктөртбұрышты тоңазытқышпен,
Ұйымдастырушылық – ізденістік Сергіту минуты.
Оңға бір қадам,
Солға бір кадам
Айналып билейміз.
Алға бір кадам,
Артқа бір кадам
Айналып билейміз.
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог тапсырма береді: «Менің қолымдағы карточкада неше дөңгелек бар екен, санап шығыңдаршы, балалар. Содан соң карточканың жоғарғы жолағына биік 4 шыршаның суретін салыңдар (4 дөңгелегі бар карточка көрсетеді). Сосын 5 дөңгелегі бар карточканы көрсетіп, тағы бір тапсырма береді:
- Мына карточкада неше дөңгелек болса, төменгі жолаққа сонша қысқа шырша салып шығыңдар.
3-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
- Жоғарғы жолақта неше шырша бүрі бар?
- Төменгіде ше?
- Олардың саны туралы не айтуға болады?
- Олардың саны тең, яғни бес-бестен болуы үшін не істеуіміз керек?
Педагог жоғарғы жолаққа тағы бір шырша бүрінің суретін салуды сұрайды.
- Енді олардың саны туралы не деуге болады?
Әр қатардағы суреттердің арақашықтығына назар аударады. Педагог былай деп нақтылайды: шырша бүрінің арақашықтығы әртүрлі болғанына қарамастан, олардың саны тең, бірдей. үшбұрышты қалпақпен, сопақшаны қиярмен қостық.
Балалар өлең мазмұнына қарай жаттығу жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындайды.
Төрт шырша. Бес шырша. Жоғарғы жолақта төменгіге қарағанда шырша бүрінің саны кем, ал төменгіде жоғарыға қарағанда артық. Жоғарғы жолаққа тағы біреуін саламыз.
Енді олар теңесті.
4-тапсырма.
Педагог балаларға мынадай тапсырма береді:
Шаршының ішіндегі шеңберді сары түспен, шаршының он жағындағы шеңберді жасылмен, шаршының сол жағындағы шеңберді көкпен бояңдар. Балалар тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Педагог балаларды мақтайды. Балалар өз жұмыстарын педагогтің үлгісімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 5 цифры; дөңгелек, шаршы, т.б. фигураларды;
игереді: заттардың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіруді; 4-5 сандарын салыстыруды;
меңгереді: геометриялық пішіндер туралы түсінікті; кеңістікте бағдарлауды: «алдында», «үстінде», «астында», «артында».
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: Реттік санаумен танысу. Кеңістікте бағдарлау: «оң жақта», «сол жақта», «ортасында». Зейінді дамыту.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: 5 саны көлемінде реттік санау, сандық және реттік санауды айыра білу (есептік және реттік санау), «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру; қағаз бетінде бағдарлауға үйрету; заттардың арасынан геометриялық фигураларды таба білуге үйрету; 5 затты ұзындығына қарай сәйкестендіру, заттарды ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай бір қатарға орналастыру (заттың ішінен ең ұзынын (қысқасын) алу керек деген ережені ұстану керек).
Үлестірмелі материал: әр балаға ұзындығы 20-дан 12-сантиметрге дейін біртіндеп қысқарып отыратын 5 жолақша беру керек.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балаларға тақтада жұмыс істеуді ұсынады:
- Балалар, менің үстелімде жатқан цифрлардың арасынан 3 пен 4 сандарын табыңдар және солар туралы тақпақ айтып беріңдер.
Балалар 3 пен 4 цифрларын табады және тақпақ
айтады:
Бұл - 3 саны...
Бұл -4 саны...


Ұйымдастырушылық – ізденістік Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог алдымен қай балада неше жолақша барын және олардың түсін анықтауға көмектеседі. Олардың ұзындығы туралы қандай пікір айтуға болатынын түсіндіреді.
- Кәне, балалар ең ұзын және ең қысқа жолақшаны көрсетіп беріңдер.
- Жолақшаларды ең ұзынынан бастап ең қысқасына дейін қағаз бетіне жайып қойыңдар. Содан соң педагог 2-3 баланы шығарып, жолақты жоғарыдан төмендөменнен жоғары жылжыта отырып, өлшемін ретімен атауды сұрайды, ал қалған балалардан сәйкес жолақтарды саусақпен санап отыруды сұрайды.
Соңында педагог мынадай сұрақ қояды: «Барлығы неше жолақша бар екен? Оларды қандай тәртіппен орналастырдық?»
Сергіту минуты
Аппақ, аппақ, қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ,
Қырау-қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
«Қолғапқа жасырынған кім?» ойыны.
1-тапсырма.
Педагог балалармен бірге суретті қарап шығады және мынадай сұрақтар қояды:
- Балалар, суретші мына суретті қай ертегіге арнап салған? Жолақшалармен жұмыс істейді.
Жаттығуларды өз бетінше орындайды.
Суретті қарап шығады және сұрақтарға жауап береді. «Қолғап» ертегісіне. Тышқан.
- Бұл ертегіде бірінші болып кім келеді?
- Екінші ше?...
- Бесінші болып келген кім?
- Суретші ненің суретін салуды ұмытыпты?
Берілген тапсырма бойынша балалар
екінші және төртінші келген аңдарды
бояуы тиіс.
2-тапсырма.
Педагог:
- Балалар, сол қолдарыңмен он құлақтарыңды, ал он қолдарыңмен мұрындарыңды ұстаңдар. Педагог балалардан Маратқа тіктөртбұрыштың ортасына дөңгелек, жоғарғы оң жақ бұрышына шаршы, төменгі сол жақ бұрышына сопақша, төменгі он жақ бұрышына үшбұрыш, жоғарғы сол жақ бұрышына тіктөртбұрыштың суретін салуды сұрайды.
- Тіктөртбұрыштағы фигуралар қалай орналасқан?
«Қоян қандай фигуралардан құралған?» ойыны.
3-тапсырма. Педагог балаларға жұмбақ жасырады: Дөңгелек те, емес Шеңбер де емес, Бірақ соған ұқсап тұр. Бұл не? Педагог суретті мұқият қарап шығып, қоянның қандай фигуралардан құралғанын сұрайды.
Содан соң қоян құрастырылған геометриялық фигураларды бояуды тапсырады.
- Неше дөңгелек боядыңдар?
- Неше сопақша боялды? Бақа.
Қасқыр.
Ит.
Балалар бақа мен түлкіні бояйды.
Тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақтың шешуін табады:
Сопақша.
Қоян сопақшалар мен шеңберлерден құралған.
Екі.
Бес.
Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
- Суретші «Қолғап» ертегісінен неше аңның суретін салыпты?
- Түлкі нешінші келді?
Педагог сабаққа белсенді катысқаны үшін балаларды мадақтайды. Өз жұмыстарын
педагогтің үлгісімен салыстырады.
Бес аңнын суретін салды.
Түлкі төртінші келді.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 5 саны көлемінде санауды; заттардан геометриялық фигураларды табуды;
игереді: сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырата білуді; қағаз бетінде бағдарлауды.
меңгереді: ұзындығы бойынша 5 зат арасындағы қатынасты қою туралы түсінікті; қалған заттардың арасынан ең ұзынын (ең қысқасын) таңдау қажеттігін.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Бау-бақшада, бақтарда
Мақсаты: а) Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін, түсін, пішінін) сөздермен байыту, балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу.
ә) Сөздік қорын дамыту және дыбыстарды анық айтуға баулу.
б) Еңбексүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, жемістер мен көкөністер муляждары.
Сөздік жұмысы: бау-бақша, бақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Сұрақтар:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?
- Ал бүгін аптаның қай күні?
- Сәрсенбі қандай күн?
Бәріне сәттілік тілеу:
- Балалар, күндерің сәтті өтсін! - Қазір жылдың күз мезгілі.
- Күзмезгілі екенін табиғаттың өзгеруінен білеміз.
- Бүгін аптаның үшінші күні – Сәрсенбі күні. Сәрсенбі - сәтті күн.
Ттт Ұйымдастырушылық – ізденістік
- Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз жемістер
мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні туралы болады.
- Кәне, күз мезгілінде пісетін жемістер көкөністерді атайықшы?
- Олай болса, себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып, оның атауын айтып, түсін, пішінін айтып, әңгімелеу. Мысалы, мынау алма, оның түсі қып-қызыл, пішіні дөп-дөңгелек, дәмі тәп-тәтті т.б.
Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат». Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністерді қайда өсетінін, оларды ажырата білуге баулу.
Саусақ моторикасын дамыту.
Шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі №1 тапсырмадағы жемістер мен көкөністерді атап, олар қайда өсетінін анықтап, ағаштарға жемістерді және әр жүйектерге көкөністерді орналастыру.
- Жемістер қайда өседі?
- Ал көкөністер ше? (егер білмесе қайталату).
Сергіту жаттығуы:
«Шие»
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
(Ә.Дүйсенбиев)
(«З» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау).
- Алманы ағаштан қалай аламыз?
Қәне, бактағы ағаштардан жемістерді үзіп-үзіп алып жинайықшы.
- Көкөністер мен жемістерді қай мезгілде жинаймыз?
Күз-күз-күз
- Кәне, енді бәріміз тәтті жемістерді жегісі келіп, дәмін татқысы келіп ұшып жүрген ара болайықшы. Ыз-ыз-ыз.
- «З» дыбысы бар қандай жемістер мен көкөністердің атауын білесіңдер ме?
-Балалар, бізге осындай дәмді жемістері мен көкөністерін сыйлаған асыл өлкемізге, жерімізге арнаған тақпақты қайталайықшы.
Отаным менің кен - байтақ
Жайнаған сансыз қаласы,
Жайқалған жомарт даласы.
Ел - Отан біздің кең байтақ,
Отанның біздер баласы.
Қ.Шаңғытбаев
Жұмбақ:
Аспай піскен, қайнамай түскен.
(Жеміс)
Түсіндіру жұмысы жүргізіледі:
- Heгe ол аспай, қайнамай піседі? Оларға күннің көзі, яғни күн пісуіне көмектеседі).
- Жемістерді жемес бұрын не істеу керек?
- Жемістердің, көкөністердің мол болуы, үлкен-үлкен болып өсуі неге байланысты?
Жаңылтпаш
Бес түп алма,
Бестік алғандікі.
Төрт түп алма,
Төрттік алғандікі.
Бестік алған,
Төрт түп алмайды.
Төрттік алған,
Бес түп алмайды.
(4—5 сандарын және алманы көрсету арқылы қайталату).
Өздері білетін жемістер мен көкөністерді атайды.
(Муляжына қарап, оны атайды, түсін, пішінін айтады.)
Өздері таңдаған жемістер мен көкөністері туралы әңгімелейді.
Берілген жемістер мен көкөністерді өз орнына орналастыруға әрекет жасайды.
- Жемістер бактағы
ағаштарда өседі. Көкөністер бақшада, жерде өседі.
Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.
Алманы ағаштан үзіп аламыз. «Үз-үз-үз» деп қайталап, ағаштан жеміс жинағандай қимыл жасайды. Көкөністер мен жемістерді күз мезгілінде жинаймыз.
Күз-күз-күз
Ұшып ара болады Ыз-ыз-ыз.
- Жүзім, қарбыз, сәбіз.
Тақпақты тәрбиешімен бірге қайталайды.
- Оларды жемес бұрын жақсылап жуу керек.
- Оны күтіп-баптап өсіруіне байланысты.
Сандарға қарап қайталайды.
Рефлексиялық - түзетушілік - Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Еңбек - адамның екінші анасы.
Оқу іс-әрекетін қорытындылап, балаларды мақтап, мадақтау.
Тәрбиешінің соңынан қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: жемістер мен көкөністерді және олардың пішіндерін ажыратуды;
игереді: «3» дыбысын дұрыс айтуды;
меңгереді: жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетінін біледі.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қуыршақ, бізге қонаққа келді» (ойыншықты суреттеу жайлы әңгіме құрау)
Мақсаты: а) Тәрбиешінің үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білу білігін жетілдіру, ә) Өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу
б) Эстетикалық талғамын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, ұлттық көйлек киген қуыршақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Топқа ұлттық киім киген қуыршақ келеді.
Балалармен амандасады.
Қуыршақты қызыға
Қарсы алады.
Сәлемдеседі.
Ұйымдастырушылық – ізденістік - Балалар, бұл қуыршақтың есімін сендер білесіңдер ме?
- Олай болса, қуыршақтың өзінен сұрап көрейікші.
Балалар, қуыршақ есімін айтқысы келмесе, онда бәріміз бірге оның есімін қояйық.
- Кәне, кімнің қандай есім қойғысы келеді?
- Қуыршақтың есімін қойғанда оның есімі де атына заты сай әдемі есім болуы керек.
Мысалы: «Сұлушаш», «Кәмшат», «Қарашаш».
(Халық әні «Үкілі Кәмшат» әнін қолдануға болады.)
- Қуыршақтың есімін қойдық. Енді қонаққа келген қуыршағымызды жоғары шығарайық.
- Кәне, бәріміз бірге:
- Енді Сұлушаш қуыршағымызға тоқталайық.
- Сұлушаш сендерге ұнады ма? Несі ұнады?
(Шашы, көйлегі, сырғасы, бөркі, қамзолы, үкісі).
- Сұлушаштың шашы қандай? (Қою қара шашты)
- «Қою қара шашты» деген «шашы қалың» дегенді білдіреді.
- Ол шашын қалай жинап алыпты?
(Қос бұрымды).
- Көздері қандай? (Қарақат көзді) (қарақат көзді деген қарақат жидегіндей мөлдіреп тұр дегенді білдіреді.)
- Ал Сұлушашымыздың көйлегі қандай?
(Бүрмелі, қазақтың ұлттық көйлегі)
Сұлушаштың бөркіне тоқталу.
- Бөрік киімнің қай түріне жатады?
- Бөріктің төбесінде үлпілдеп тұрған несі?
- Бөріктің төбесіндегі үкісі неден жасалады?
Дидактикалық ойын: «Өз орнына орналастыр».
Мақсаты: Балаларды суретке қарап әңгімелей білуге үйрету. Ойын шарты:
Тіл дамыту дәптерімен орындалады.
Дәптердегі №2 тапсырмасы бойынша үкі туралы әңгімелейді және үкінін қауырсынын керекті затқа орналастырады. Үкі - орман құсы. Үкінің - жүні үлпілдек.
- Енді бәріміз үкінің дыбысын салайықшы.
Сергіту жаттығуы: «Қуыршақ» өлеңін оқып беру.
Сөйлемейсің сен неге,
Тілің жоқ па, қуыршақ?
Жуынбайсың сен неге,
Кірін жоқ па, қуыршақ?
Аяғың бар ма, сен неге,
Жүре алмайсың, қуыршақ?.
Жұмсағанда сен неге,
Тіл алмайсың, қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің,
Аңқаусың ба, қуыршақ?
Бізбен бірге жүрмейсің,
Жалқаусың ба, қуыршақ?
(Р. Тышқанбаев)
«Айнытпай сал» ойыны.
Шарты: қуыршақтың жылаған дауысын салу.
Құлыншақтан қуыршақ,
Шауып жүріп құлады.
Салшы даусын, қуыршақ,
Сонда қалай жылады?
Ж.Қалжанова - Білмейміз.
2-3 бала шығып есімін сұрайды.
Өз ойларындағы есімдерді айтады.
- Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!
Өз ойларын жеткізеді.
Оның шашы ұзын, әдемі.
- Шашын ол өріп қойыпты.
- Көздері дөңгелек, күлімдеген.
- Оның көйлегі ұзын, әдемі, ақ түсті.
- Бөрік бас киімге жатады.
- Бөріктің төбесінде үкісі бар.
Үкі суретіне қарап әңгімелейді.
Тапсырманы орындауға атсалысады.
Үкінің дыбысын салады.
Қайталайды, әрі қимыл-қозғалысын келтіреді.
Қуыршақтың жылаған дауысын салады.
Рефлексиялық - түзетушілік - Балалар, Сұлушаш қуыршағымыз бізден біраз нәрсе үйренген сияқты. Өйткені ол күлімсіреді. Енді ол үйренген жана, ізгі сөздерді достарына айтсын!
Қонағымызды шығарып салайық.
Қонаққа қоштасарда қандай ізгі сөз айтамыз?
Қонақты шығарып салу.
Жол көрсету.
Қорытындылап, мадақтау. - Сұлушаш, сау бол!

Күтілетін нәтиже:
біледі: ұлттық киім атауларын;
игереді: жаңа сөздер мен ізгі сөздерді;
меңгереді: қонақжайлылықты.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ит және оның кішкентай күшіктері
Мақсаты: а) Сурет мазмұнына қарай әңгіме құру білігін жетілдіру. (Педагог үлгісі бойынша).
ә) Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту.
б) Үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға қамқорлық жасауға үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері, қалташа да ит суретінің қиындылары болу керек.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Жұмбақ жасырылады:
Адамға серік,
Күзетке берік.
Дұрыс айтасыңдар, расында адамға серік, үйді күзететін ол ит екен.
Жұмбақтың жауабы: ит.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Ал ендеше бәріміз мұндағы суретке қарайық.
Демонстрациялық құрал: Ит және оның кішкентай күшік суреттері.
- Балалар, мұндағы суреттен біз нені көріп тұрмыз?
- Иттің баласын не деп атайды?
- Ал иттің дауысын немесе дыбысын еске түсірейікші? Ит не істейді? («Үреді» сөзіндегі «Ү» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау).
- Ал олар қалай үреді? («аф-аф» дыбысындағы «ф» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау)
- Ит үй жануары ма? Әлде жабайы жануар ма?
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты: иттің дене мүшесімен таныс болу және оны сипаттай білуге үйрету.
Шарты: хатқалтадағы (конверт) қиындыларды жылдам біріктіру арқылы ит бейнесін шығару және оған сипаттама беру.
- Құрған бейнеге сипаттама берейікші?
- Олар қалай жүгіреді?
- Олардың жүні жұмсақ, үлпілдек болды.
(«Үлпілдек» сөзін қайталату)
Сурет бойынша әңгіме құрау:
Демонстрациялық құралдағы «Ит және оның кішкентай күшіктері».
(Балалар, әңгіме құрағанда бірінің сөзі бірі тыңдауға ұсыныс беру, соңында әңгіме құраған баланы мақтау).
- Ал, «Ит - адамның досы» дегенді қалай түсінеміз?
Сергіту жаттығу
«Терезені ашайық,
Таза ауа кірсін деп.
Жаттығуды жасайық,
Денем мықты болсын деп.»
(Тәрбиеші жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындатады және екі рет қайталатады).
Мақал-мәтел жаттайық:
Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттан,
Қой бермейді қорадан.
(Жаттауды жалпылама қайталау әдісі бойынша жаттаттыру.) Дәптермен жұмыс.
Күшіктің көлеңкесін тапқызу. - Біз итті көріп тұрмыз.
- Иттің баласын күшік деп атайды.
- Иттер үреді.
- Ит үй жануарына жатады.
Ойынның шартын мұқият тыңдап, оны орындайды.
- Тікірейген екі құлағы, екі көзі, тұмсығы, арыстандай айбатты.
- Олар тез, жылдам жүгіреді.
- Үл-піл-дек.
- Мен мына суреттен итті және күшіктерді көріп тұрмын. Ит үлкен, ал күшіктер кішкентай. Ит біреу, күшіктері көп. Себебі: ит адамның үйін ұрылардан, бөтен кісілерден күзетеді. Сергіту
жаттығуын орындайды.
Тәрбиеші сөзін қайталау арқылы, мақал-мәтелді жаттап алу.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Рефлексиялық - ттзетушілік Сөйлемді толық құруға ұсыныс білдіру. Ұсынысты мұқият тыңдап, орындауға тырысу.
Күтілетін нәтиже:
біледі: мақал-мәтелдерді көбірек білу;
игереді: дыбыстарды дұрыс айтуға;
меңгереді: иттің дене мүшелерін біледі.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Масақ» украин халық ертегісі
Мақсаты: а) Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын айтып бере білуге үйрету, өз ойларымен бөлісе білуге талпындыру.
ә)Ертегі кейіпкерлерінің қимылын, дыбысын салдырып, кейіпкерлер бейнесін сомдау қабілеттерін дамыту. б) Еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жалқаулыққа бой алдырмауға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
–қозғаушылық Қуыршақ театры: «Масақ» ертегісінің кейіпкерлері қонаққа келеді.
Балалардын қандай ертегінің кейіпкерлері екенін сұрау.

Қуаныштарын білдіреді.
«Масақ» ертегісінен.

Ұйымдастырушылық-ізденістік
Жана сөздермен түсінік жүргізу:
Демонстрациялық суреттердегі бидайдың масағын, диірмен суреті, қапта тұрған ұн суреті, пештің суреті, бәліш суретін балаларға көрсетіп, оларға түсінік беру. Жаңа сөздермен жұмыс: масақ, диірмен.
Жаңа сөздерді «Телефон» ойыны арқылы қайталату. Ойынның ойналу шаршы: педагог жаңа сөзді айтады, балалар бір-бірінің құлағына сыбырлап айтып шығады. Ең соңғы бала қандай сөз естігендігін айтып береді.
Қуыршақ театрының қойылымы:
Ерте де екі Тышқан және дауысы әдемі бір Әтеш өмір сүріпті. Екі Тышқанның біреуінің аты Круть, екіншісінікі Верть екен. Тышқандар күніге тек ойнауды, өлең айтып, билеуді ғана біліпті. Ал Әтеш таң атысымен барлығын өзінің әсем дауысымен оятып, бірден жұмысқа кірісе екен. Сөйтіп, бір күні ауланы сыпырып жүргенде жерден бидайдың масағын тауып алады. Әтеш Круть Вертьті шақырып, былай де Қарандаршы, мен нені таптым?
Тышқандар тезірек жүгіріп келіп, былай деді: О, оны үгіту керек.
Әтеш: Ал оны кім үгітеді?
Круть: Мен емес, - деді.
Верть: Мен де емес, - деп айқайлады.
Әтеш: Жарайды, ендеше онда мен үгітейін.
Сөйтіп, Әтеш жұмысқа кірісті. Ал тышқандар болса, ойнап, би билеп жүрді. Біраздан соң әтеш жұмысын бітіріп, екі тышқанды шақырды.
Әтеш: Круть, Верть қараңдаршы мен қаншама дән үгіттім.
Тышқандар жүгіріп келіп, екеуі бірдей шиқылдады. Круть, Верть: Енді дәнді диірменге салып, ұн етіп үгіту керек.
Әтеш: Ал кім көтереді'. Круть: Мен емес. Верть
Мен де емес.
Әтеш: Жарайды, ендеше мен дәнді диірменге салайын.
Сөйтіп, иығына қапты салып алып Әтеш кетті. Ал Тышқандар сол уақытта бір-біріне секіріп ойнады.
Әтеш қайтадан диірменімен оралып, Тышқандарды шақырып:
- Мен ұн әкелдім, - деді. Ал Тышқандар:
- Ай, жарайсың, Әтеш. Енді осы ұнды илеп, пешке салып, бәліш пісіру керек.
Сонда әтеш: Кім енді илейді? - дейді. Ал Тышқандар болса баяғынша жауап берді.
Тышқандар: Мен емес, мен де емес, - деді. Әтеш: Қайтадан өзім жасайтын секілдімін. Сөйтіп, әтеш ұнды илейді, отынды әкелді, пешті жақты. Пеш қызып, оған бәлішті салды. Ал тышқандар сол уақытта уақыттарын жоғалтқан жоқ. Өлеңдерін айтты, билеп жүрді. Міне, бәліште пісті, Әтеш бәлішті үстел үстіне қойды, ал тышқандар болса бірден үстел басына жетіп келді. Круть: Ой, менің қарным ашты.
Верть: Ох, менің жегім келіп тұр.
Сөйтіп, үстелге отырып алды.
Сонда Әтеш: Тоқтай тұрыңдар, тоқтай тұрыңдар. Алдымен сендер маған масақты кім тапты соны айтыңдаршы?
Тышқандар: Сен таптың, -деп айғайлады.
Әтеш: Ал оны кім үгітті?
Тышқандар: Сен үгіттің.
Әтеш: Ал кім дәнді диірменге тартты?
Тышқандар: Тағы да сен, -ақырың айтты.
Әтеш: Ал кім иледі? Отынды кім әкелді? Пешті кім жақты? Бәлішті кім пісірді?
Тышқандар: Бәрін де сен, бәрін де сен! - деп ақырын айтты.
Әтеш: Ал сендер не істедіңдер, сонда?
Не деп айтатындарын білмей, айтатын жауаптары болмады. Сонымен Круть пен Верть үстелден тұрып кете берді. Ал әтеш болса оларды ұстамады. Себебі: мұндай еріншек пен жалқауларға бәліш берудің де қажеті жоқ деп түсінді.
Сұрақ-жауап:
- Балалар сендерге кейіпкер соңынан сөздерін қайталап отырған ұнады ма?
- Ал сендер не түсіндіңдер?
Ендеше мақал-мәтелді қайталайық:
Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектің наны тәтті.
- Әрине, балалар, енбекпен табылған нан тәтті.
- Жақсы, балалар өз орынымыздан тұрып, сергіту жаттығуын орындайық.
Сергіту жаттығуы.
Қанат жаям жалма-жан
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп, қол созам,
Аяғымның ұшына.
(Тәрбиеші жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындату және екі рет қайталату.)
Дидактикалық ойын:
Қайсысы ірімшікті жақсы көреді?
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ойын шарты: жұмыс дәптерімен орындалады. Ойынды қызыға ойнайды.
Қуанып, әр кейіпкердің сөзін қайталап отырады.
Ойынды қызыға ойнайды.
Қуанып, әр кейіпкердің сөзін қайталап отырады.
- Ал оны кім үгітеді?
- Мен емес, - деді.
- Мен де емес, - деп айқайлады.
- Жарайды, ендеше онда мен үгітейін.
- Енді дәнді диірменге салып, ұн етіп үгіту керек.
- Ал кім көтереді?
- Мен емес.
- Мен де емес.
- Жарайды, ендеше мен дәнді диірменге салайын.
- Ай, жарайсың, Әтеш. Енді осы ұнды илеп, пешке салып, бәліш пісіру керек.
- Кім енді илейді?
- Мен емес, мен де емес
- Менімше, қайтадан өзім жасайтын секілдімін.
- Ой, менің қарным ашты.
- Ох, менің жегім келіп тұр.
- Токтай тұрыңдар, тоқтай тұрыңдар. Алдымен сендер маған масақты кім тапты соны айтыңдаршы?
- Сен таптың.
- Ал оны кім үгітті.
- Сен үгіттің.
- Ал кім дәнді диірменге тартты.
- Тағы да сен
- Бәрін де сен, бәрін де сен!
- Ал сендер не істедіңдер, сонда?
Әрине, ұнады. Ертегінің қысқаша мазмұнын айтып шығады.
«Жалқаудың жаны тәтті, Енбектің наны тәтті.»
Сергіту жаттығуын орындайды.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Жаңа сөздерді дұрыс айтуға ұсыныс білдіру.
Қонаққа келген кейіпкерлермен қоштасу.
Ұсынысты қабылдайды.
Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
біледі: еңбекқор сөзімен жалқау сөздер айырмашылығын;
игереді: кейіпкерлер дауысын айнытпай салуды;
меңгереді: бәліштің қалай жасай алатындығын біледі.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «З» және «С» дыбыстары
Мақсаты: а) Балаларға «3» және «с» дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету және түсіндіру.
ә) Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың анық, таза, әрі түсінікті дыбыстап айта білу біліктерін дамыту.
б) Ізгі сөздерді күнделікті айта білуге дағдыландыру, үнемділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: күз, су.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Демонстрациялық құралмен жұмыс:
Балалардың назарын жыл мезгілдерінің суреттеріне аудару. Оларды ерекшелігіне сай атау. (қыс, көктем, жаз, күз) Қазіргі жыл мезгілін және ай атауларын сұрау. Назарларын суретке аударып, оларды атауға әрекеттенеді.
Күз мезгілі екенін, ай атауларын атауға атсалысады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Жыл мезгілдерін рет-ретімен атау.
Қай сөзде «с», қай сөзде «з» дыбысы бар екенін айта отырып, сол дыбыстарды дұрыс әрі таза айтылуын қадағалау, сөйлем құрауын ұсыну.
- «Ыз-ыз-ыз» деп ызылдап дыбыс шығарайық.
- Ненің дыбысына ұқсайды?
- «С», «з» дыбыстарын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей керіліп, тістер көрінеді. Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді, тіл ортасы сәл дөңестеніп, екі жағы тістерге жанасады. Деміміз тіл ортасынан шығады.
«3» дыбысына дыбыстық жаттығу жасату.
За-за-за - таза
Зу-зу-зу - жазу
Зы-зы-зы - қозы
Зе-зе-зе - зерек
Аз-аз-аз - жаз
Ыз-ыз-ыз - қыз
Үз-үз-үз - күз
Із-із-із - сәбіз
Буын ішінде келген «с» дыбысын ажыратқызып үйрету.
Са-са-са - сана
Су-су-су - суық
Се-се-се - кесе
Ас-ас-ас - тас
«С» және «з» дыбысының ауада жазылуын көрсету.
«з» дыбысының 3 санына ұқсайтыны айтылады.
Топтағы немесе басқа да «з» және «С» дыбысы бар заттарды атау.
Тыныштық сақтап сағаттың дыбысын тыңдату. Оның кажеттілігі мен пішіндері туралы әңгіме өрбіту.
- Бәріміз сағат болайық: сырт-сырт, сырт-сырт.
Сергіту жаттығуы.
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау,
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық - ау.
(Қ.Ыдырысов)
Дидактикалық ойын: «3 және с дыбыстары»
Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту және «3» мен «с» дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.
Ойын шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі № 1 тапсырма әр жыл мезгілдеріне сәйкес суреттерді қос, ал № 2 тапсырма суреттегі заттың атын ата, оны дұрыс айтып үйрен.
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Судың да сұрауы бар.
Жаңылтпаш жаттату.
Арықтан су сылдырлап ағады,
Сылдырап ағады,
Сылдырап ағады,
Сылдырап ағып,
Сырдарияға барады. - Күз(з).
- Қыс(с).
- Жаз(з). Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрайды.
- Ыз-ыз-ыз.
- Араның, масаның дыбысына ұқсайды.
Буындар мен сөздерді педагогпен бірге қайталап, дұрыс дыбыстап сөйлеуге тырысады.
Педагогпен бірге ауада жазуға талпынады.
«з» дыбысының 3 санына ұқсайтынын біледі.
Өздері білетін сөздерді атауға атсалысады. Терезе, есік, сандық, сиыр, сағат, сағыз, сан
Сағаттың дыбысын салып сыртылдайды, сағат туралы әңгімелейді.
- Сырт-сырт, сырт-сырт.
Қимылын келтіріп жасайды.
Дәптермен жұмысты орындайды.
Дұрыс сөйлеп, дыбыстауға
әрекеттенеді.
Педагогпен бірге қайталайды.
Мақалдың мағынасын түсініп, суды үнемдеу керектігін түсінеді.
Жаңылтпашты жаңылмай қайталап жаттауға талпынады.
Рефлексиялық - түзетушілік Бүгінгі оқу іс-әрекетінде үйренгендерін сұрай отырып, таңертең және кешкілік айтылатын ізгі сөздерді қайталату:
- Сәлеметсіз бе!
- Сау болыңыз!
Ізгі сөздерді қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: жыл мезгілдерінің ерекшелігін;
игереді: «з» және «с» дыбыстарын дұрыс айтуды;
меңгереді: суды үнемдеу керектігін, ізгі сөздерді айта білуді.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көжекпен ойналық
Мақсаты: а) Сөйлемді толық құрауға, етістік сөздерді қолдана білуге үйрету, дыбысты анық айтуға дағдыландыру. ә) Ойлау қабілеттерін дамыту. б) Жануарларға деген сүйіспеншілігін оятуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қоян.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сұр түсті қоян жұмсақ ойыншық, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Ғажайып сәт: ойыншық сұр қоянды қонақ ретінде таныстыру.
Қызығушылық танытады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Сұрақ-жауап:
- Балалар бұл не?
- Кәне, қайталаймыз.
(Қ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату. Қо-қо-ко - қоян.
Құ-кұ-құ - құлақ.
Қа-қа-ка - қалам.
Қы-кы-қы - қылыш.
Қу-қу-ку - қулық.
(«Қ» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыз қуысынан еркін шықпай, қысылып шығатындығын балаларды айтқызу арқылы ажырату.)
Қоянға сипаттама беру:
- Қоянның түсі қандай?
- Оның жүні қандай?
- Қоянның құлағы қандай? Ұзын ба, әлде қысқа ма?
- Неше құлағы бар?
Сергіту жаттығуы: «Сұр қоян».
«Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің. (Т. Бердияров)»
(Сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды).
- Балалар, көжек деген не? (К дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату.
Кө-кө-кө-көжек.
Кө-кө-кө-көже.
Кө-кө-кө-көкек.
Кө-кө-кө-көрпе.
(«К» дыбысының дауыссыз
дыбыс екендігін, ауыздан кедергілерге ұшырап, қысылып шығатындығын түсіндіру).
- Балалар көжек қандай болады?
Дидактикалық ойын:
«Көжекпен ойналық»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту және жылдамдылыққа үйрету.
Ойын шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады, Көжектің сәбізге дейінгі жолын сызып көрсет.
- Қоян жүзеді ме? Әлде ұшады ма?
- Ол қандай жабайы андардан қорқады?
- Жабайы аңдарға нелер жатады?
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Мал жуасы - қой,
Аң жуасы - қоян.
- Балалар, қой - үй жануары, ал қоян - жабайы аң немесе жабайы жануар деп те айтуға болады.
Мақал-мәтелді «Үш дауыс» әдісімен жаттату. Әдістің қолданылуы:
• бірінші жоғары дауыспен;
• екінші ортаңғы дауыспен;
• үшінші төмен дауыспен қайталанылады. - Бұл - қоян.
Тәрбиешінің сөзін қайталау арқылы, «Қ» дыбысын анық айтуға тырысу.
- Қоянның түсі сұр.
- Оның жүні жұмсақ, мамық, үлпілдек.
- Қоянның құлағы ұзын.
Оның екі құлағы бар және оның екі көзі, тұмсығы, аузы, мұрттары, төрт аяғы, кішкентай құйрығы бар.
Балалар орындарынан тұрып, жаттығуды орындайды.
Көжек – қоянның баласы.
Жаттығуды қайталау арқылы, «К» дыбысын анық айтуға тырысады.
Көжек кішкентай, жүндері жұп-жұмсақ және сүп-сүйкімді болады.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
- Жоқ, қоян секіріп жүгіреді.
- Қоян әсіресе түлкіден қатты қорқады.
- Жабайы аңдарға түлкі, қасқыр, аю т.б жатады.
Мақал-мәтелді тәрбиешінің көмегімен жаттап алуға тырысады.
Рефлексиялық - түзетушілік Дыбыстарды анық айтуға ұсыныс білдіру,
Қорытындылап мадақтау. Дыбысты анық айтуға тырысады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: жануарлар жайында мақал-мәтелдерді білу;
игереді: дыбыстарды дұрыс айтуды;
меңгереді: қоянның дене мүшелерін біледі.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қуыршақ Әйгерімнің туған күні
Мақсаты: а) Балалар ойыншық туралы әңгіме құруға, өз ойларын, толық сөйлемдер арқылы жеткізе білуге үйрету.
ә) Әңгіме құрастыруды үйрету арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу
б) Ойыншықты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Эстетикалық талғамын арттыру.
Сөздік жұмысы: қуыршақ, ойыншықтар.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, қуыршақ ойыншық, жұмсақ ойыншық - аю, резиналы ойыншықтар, пластмассалы машина.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Ғажайып сәт: Тобымызға қуыршақ Әйгерімнің келуін хабарлайды.
Қуыршақтың келгеніне қуанады.
Ұйым Ұйымдастырушылық – ізденістік
йымдасты - Балалар, бұл не?
Кәне, «Қуыршақ» сөзін қайталаймыз.
- Балалар бұл қуыршақтың есімі - Әйгерім.
Қазыр мен сендерге «Қуыршақ» тақпағын оқып беремін содан кейін бәріміз хормен айтып жаттап аламыз.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ,
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
(Н.Әлімқұлов)
Тақпақ жаттатудың әдіс-тәсілі: «Суретті жаттау.» Түсіндірілуі: суреттерді тақтаға салып, әр қатарға салып, тақпақты жаттап алу.
Мысалы, Біздерде бар қуыршақ (қуыршақ суретін салу.) Бұзау, қозы, құлыншақ (бұзау, қозы, құлыншақ суреттерін салу.)
Ойыншықтар тыңдайды.
Ақыл айтсақ, бұйырсақ. (қол қимылымен көрсету).
Сұрақтарға жауап алу.
- Балалар «Қуыршақ» неге жатады? Ыдыс-аяққа ма? Жануарларға ма? Немесе құстарға жата ма? Әлде ойыншықтарға ма?
- Сендердің үйлерінде қандай ойыншықтар бар?
Дидактикалық ойын:
«Ойыншықты тап» Ойын мақсаты: ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу.
Шарты: тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен, кішілігін ажыратып, сол ойыншыққа өздерің мейірімді тілек тілейсіңдер. Мысалы, балалар алдымен көздерін жұмады, қойылған ойыншықтар ішінен педагог біреуін жасырып қояды. Қандай ойыншық жоқ?
- Ойыншық жасалынуына қарай? Жұмсақ па? Қатты ма? Әлде созылмалы ма?
Ал сол ойыншыққа қандай мейірімді сөз айтасың?
- Балалар, бүгін қуыршақ Әйгерімнің туған күні екен.
- Әйгерімге сендер не сыйлағыларың келеді?
- Әйгерімнің туған күнін қалай жақсы, көңілді өткізуге болады.
- Кәне, шағын әңгіме құрайық.
Әңгіме құрау: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні» (тіл дамыту дәптері)
Мақсаты: ауызша өз ойларын жеткізе білу. Шарты: Тіл дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау арқылы, әңгіме құрау. Мысалы:
Әйгерім қуыршақтың туған күніне аю келді. Аю Әйгерімге өзінін сүйікті тағамы - бал сыйлады. Оны көрген Әйгерім қатты қуанды.
Сергіту жаттығуы.
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға арай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
(Сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды). - Бұл - қуыршақ.
- Қуыршақ
Тәрбиеші айтқанын қайталап, жаттап алу.
- Қуыршақ ойыншыққа жатады.
Әр бала өз ойыншықтарын атап өтеді.
- Аю ойыншығы жоқ, оның қалған ойыншықтардан қарағанда, пішіні үлкен, түсі қоңыр.
Аю - жұмсақ ойыншық.
Мен оны ұқыпты, таза ұстап ойнаймын.
Өз ойларын білдіреді.

Ауызша әңгіме құрап айтуға тырысады.
Орындарынан тұрып жаттығуды орындайды
Рефлексиялқ - түзетушлік Әңгіме құрағанда толық сөйлем құруға тырысады.
Ойыншықтарды ұқыпты ойнау керектігін айту. Тәрбиеші сөзіне зейін қойып, орындауға тырысады. Балалар ұсынысты қабылдайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: ойыншықтардың неден жасалғанын білу;
игереді: толық сөйлем құрауды;
меңгереді: өз ойларын сөйлемдер арқылы жеткізуді біледі.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Әңгімеле...
Мақсаты: а) Балаларды тәрбиешінің үлгісі бойынша ойыншықтар жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге үйрету.
ә) Хабарлы сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап,
қысқаша әңгіме құрай білуге үйретуді жалғастыру арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
б) Ойыншықтармен дұрыс ойнай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: доп.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, қуыршақ және машина.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық «Бөлмеге саяхат» ойынымен бастап, топ бөлмесіндегі заттарға олардың ішінде ойыншықтарға назар аударту.
Бәрін аралап, мұқият қарап шығады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Ұйым Балалар өз орындарына келіп отырады.
Ойын: «Ойыншық қандай фигураға ұқсайды?» ойынымен жалғастырылып, қарапайым математикалық түсініктерімен байланыстырыла келе, ойыншықтардың көлемі, түр-түсі, пішінін анықтап талдау жұмыстары жүргізіледі.
(Мәселен, Мен допты көрдім. Оның пішіні геометриялық фигура - дөңгелекке ұқсайды. Доп тек біреу ғана болған жоқ, олар көп болды. Түстері әртүрлі. Допты жерге соқсаң, ыршиды). «Д» дыбысын буын ішінде айыруға берілетін жаттығуы.
Да-да-да - дала.
До-до-до - доп.
Ду-ду-ду - думан.
Дә-дә-дә - дәптер.
Ди-ди-ди - диван.
«Д-т» дыбыстарын сөз ішінде келтіріп айтқызу.
дүбір-түбір, доп-топ, дұрыс-тұрыс, дара-тара,
дос-тос.
«Д» дыбысының да, «т» дыбысының да балаларға дауыссыз дыбысқа жататындығын және оның кедергіге ұшырап, қысылып шығатындығын түсіндіру.
Дәптермен жұмыс. Тіл дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау.
Сергіту жаттығуы.
«Домала, доп, домала,
Балшыққа тек жолама.
Жек көремін оныңды,
Бүлдіресің қолымды.
Секіріп өт ордан да,
Секіріп өт жолдан да,
Қуса күшік жетпесін,
Машина басып кетпесін.»
(Ө. Ақыпбеков)
Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.
«Менің сүйікті ойыншықтарым» тақырыбында әңгіме құрастыру.
Шарты: қуыршақ және машина ойыншықтарын алу және олардың бір-бірінен айырмашылықтарын айта келе,
әңгімелеу.
(Мысалы, Әкем менің туылған күнімде қуыршақ сатып әперді. Ал ініме машина сатып әперді. Әкем маған қуыршақты көрсеткен уақытта мен «Алақай!» - деп қатты қуандым. Менің қуыршағымның көйлегі қызыл түсті, басында әдемі қалпағы, сүйкімді сөмкесі бар. т.б.) Өз көрген ойыншықтарын белгілі бір геометриялық фигураға ұқсатып, оның түр-түсіне, үлкенді - кішіліпне тоқталып өтеді.
Жаттығуды орындау.
Дәптердегі тапсырманы орындау.
Сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.
Сәл ойланып, әңгіме құрауға тырысады.
Рефлексиялқ - түзетушілік Ойыншықтармен ойнау ережелерін еске түсіріп, үнемі қолдануды ұсыну.
Ұсынысты қабылдайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: үлгі бойынша шағын әңгімелерді бейнелеп айтуды;
игереді: «Д» және «т» дыбыстарын анық айтуды;
меңгереді: өз ойын жеткізіп, әңгіме құрауды біледі.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Кішкентай бағбан (М.Төрежановтың әңгімесін әңгімелеу)
Мақсаты: а) Мәтіннің мән-мағынасын бұзбай әңгімелеуді үйрету, балаларды сын есім мен зат есімнен туған сөздердің дыбысталуына қарай көңілдерін аудару.
ә) Тілдік қорын байыту, дамыту. б) Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бағбан.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Шеңбер құру: «Жылы лебіз!»
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Оң жаққа бұрылу арқылы бір-біріне әдемі сөздермен теңеу айтады. Мысалы, Әсел, сен әдемі қызсың. Марат, сен ақылды баласың.
Шеңбер болып тұрады. Бір-біріне әдемі сөздер айтуға тырысады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік
Әңгіме оқу: Кішкентай бағбан.
(Балаларды шеңбер бойымен кілемге отырғызып алу).
Садықтың әкесі - Бағбан. Садық оған ылғи көмектесіп жүреді. Қар кетіп, жер дегдісімен әкесі мен баласы бақта құмырсқаша қыбырлап, еңбек етті.
Бір күні Қалел жүгіріп келіп:
- Кеттік, Садық, ойынға, - деді.
- Менің жұмысым көп, - деп жауап берді Садық оған.
- Жұмыс деген немене тәиірі! Әкең бәрін де істейді ғой. Ойнаған қызық емес пе?!
Қалел ойыншықтарының бірінен кейін бірін алып, көрсете бастады. Садық ойнағысы келіп кетсе де, өзін-өзі басып, жұмысын жалғастыра берді. Күз де келді. Бакта жеміс пен жидектің сан алуан түрі өсіп-жетілді.
Садықтың өзі де қарық болды, досын да барынша сыйлады. Қалел тойып алып:
- Бәрін де түк қалдырмай жеп қоямыз, - деді
- Қалады, - деп жауап берді Садық.
- Әкем «Кім ойынға елікпей еңбек етсе, жер соны қарық қылады» деген.
- Бағбан деген кім?
- Жаңа сөзді, «Телефон» ойыны арқылы қайталату. Шарты: «Бағбан» сөзін шеңбер бойымен бір-бірінің құлағына сыбырлау арқылы, ең соңғы баладан қандай сөз естігендігін сұрау.
«Ғ» дыбысына жаттығу орындау.
Бағ-бағ-бағ-бағбан
Бұғ-бұғ-бұғ-бұғы
Қағ-қағ-қағ-қағаз
Сұрақтар:
- Әңгіме қалай аталады?
- Неге ол «Үлкен бағбан» деп аталмаған?
- Садық қандай бала?
- Ол бакта не егеді екен?
Ал онда барлығымыз өз орнымызға отырамыз.
Сергіту жаттығуы.
«Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты - еңбек,
Кесте тіксең зерлеп,
Оның аты - еңбек.
Қырға шықсаң өрлеп,
Оның аты - еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.»
(Н.Жанаев)
(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау).
Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажыратып, себеттерге орналастыр»
Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажырата білу. Ойын шарты: тіл дамыту дәптерімен орындалады. Суреттегі жемістерді бір бөлек, көкөністерді бір бөлек себетке топтау.
- Әңгімеміздің жалғасына оралайық, бір күні оған кім келді, ойнайықшы деп?
- Халел қандай бала екен?
- Ал Халелдің ол ісі дұрыс па?
- Ал Садықтың іс-әрекеті сендерге ұнады ма? Неліктен?
- Әңгіме соңында қалай аяқталды?
Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.
«Енбек етсең ерінбей Тояды қарның тіленбей.»
Жалпылама хор күйінде жаттату. Әңгімені мұқият тыңдауға тырысады.
- Бағбан деп - бақша егетін адамды атайды.
Ойынды қызыға ойнайды.
Дыбысқа арналған жаттығуды орындайды.
- Кішкентай бағбан. Өйткені кішкентай бала жайында айтылған.
- Садық - еңбекқор бала.
- Ол бақта көкөністер егеді.
Сергіту жаттығуын қимылмен жасау.
Дәптермен жұмыс жасайды.
- Оған Халел келді.
- Халел жалқау бала екен.
Өз ойларын айтады.
Тәрбиешінің сөзін қайталау арқылы, жаттап алуға тырысу.
Рефлексиялық - түзетушілік Әңгіме мазмұндауға үйрену керек екендігін айту.
Балалардан не түсінгендерін сұрау.
Түсінгенін айтуға тырысады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: берілген мәтін бойынша әңгімелеуді;
игереді: өз ойын жеткізуді;
меңгереді: еңбектің берекесі болатынын біледі.
Орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технлогиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қонжық бізде қонақта (ойын - сахналау).
Мақсаты: а) Балаларды шағын тақпақтарды жатқа оқуға, кейіпкерлер бейнесін сомдауға көркем оқу әдіс-тәсілдерін қолдануға, дауыс ырғағына, дыбыстау көркемдігіне көңіл аударуға үйрету.
ә) Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. б) Ізеттілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қонжық.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптер, қуыршақ театрындағы қонжық және оның қолындағы бал болу керек. Түлкі, қасқыр, қоян суреттері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі сендерге ұнай ма?
- Күз мезгілі несімен ұнайды?
- Күз мезгілінің соңғы айы қарашада табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Иә, балалар, қараша айында жабайы жануарлар оның ішінде аю қонжығымен қысқы ұйқыға дайындалады.
- Сендер аюдың баласын қалай атайтынын білесіңдер ме? Қазір күз мезгілі.
- Әрине, ұнайды.
- Күз мезгілі бізге алтындай сары жапырақтарымен, жомарттығымен ұнайды.
Қараша айындағы өзгерістерді айтады.
- Аюдың баласын қонжық деп атайды.


Ұйымдастырушылық – ізденістік


Ғажайып сәт: Қуыршақ театрындағы қонжықтың келуі.
(Әуен ойналады. Қонжық кіреді, қолында балы бар)
Қонжық: Сәлем, балалар!
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, қонжық!
- Қонақ келгенде біз қандай ізгі сөздерді айтушы едік?
- Балалар, біз қонағымызға өз өнерлерімізді көрсетейік, ормандағы қонжықтың достарының жүрісін, дауысын салайық. Қонжық қуанып қалсын.
Суреттерді көрсету арқылы сол аңның бейнесін сомдайды: Мысалы:
Кі-кі-кі-түлкі - бұлаңдайды.
Ыр-ыр-ыр-касқыр - ырылдайды.
Ян-ян-ян-қоян - секіреді.
«Аю» өлеңін оқып беру.
Тауға шықсам - қалың қар,
Сайға түссең - қалың қар,
Шырша үсті қалын қар,
Байқаңдар, қар астында
Ұйықтап жатқан аю бар.
И.Тоқмақова
- Қонжық, анаң сені еркелетеді ме?
Қонжық: Әрине, «Қорбаңдаған қонжығым» деп еркелетеді.
Сергіту жаттығуы.
Ормандағы аюдың, құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Дидактикалық ойын:
«Қайсысы нені жақсы көреді?» Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту, кейіпкерлер бейнесін сомдауға баулу. Шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады. Суретте берілген жануарларды, құстарды жақсы көретін тағамдарымен қосу. Мысалы: мысық - сүт, ит - сүйек, тауық - тары, лак -шөп.
Дәптердегі жануарлар мен құстардың дауысын, қимылын келтіріп ойнату. Сәлемдеседі.
- Қош келдіңіз! Төрлетіңіз!
Аңның бейнесін сомдайды.
Тәрбиешімен бірге қайталап, қонжықпен бірге жаттап алуға тырысады.
Қимыл-қозғалыс
арқылы
қайталайды.
Суреттерді бір-бірімен сәйкестендіреді.
Қорбаңдаған аюдың қимылын жасайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Қонжық:
- Балалар, енді мен қайтайын, мені анам іздеп қалар, апаныма түсіп, ұйқыға жатуым керек. Қыс мезгілі де келе жатыр. Мына балдан ауыз тиіндер! Өзім жинаған бал. Сендермен бірге тақпақ жаттадым, жаттығу да жасадым, ойнадым. Сендерге көп рақмет! Көктем мезгілінде тағы да қонаққа келемін. Сау болыңдар! - Сау болыңыз.
- Қонжық, саған тәтті ұйқы тілейміз! Балалар қонжыққа шырша бүрлерін сыйға тарту етеді.
Күтілетін нәтиже:
біледі: шағын берілген тақпақты жатқа оқуды;
игереді: қимыл-қозғалысын келтіруді;
меңгереді: өз ойын ашық, толық жеткізуді біледі.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жаз, күз (сурет бойынша әңгіме құрастыру)
Мақсаты: а) Балаларды хабарлы сөйлемді қолдана отырып, сурет мазмұнына қарай әңгіме құрауға үйрету.
ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беруге деген білігін дамыту, саусақ моторикасын дамыту.
б) Өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: күз, жаз.
Қолданылатын көрнекі құралдар: текшенің 6 жақ бетінде күз немесе жаз мезгілінің суреттері болу керек. Жаз және күз мезгілінің суреттері, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Ойын: «Ғажайып текше»
Мақсаты: күз және жаз мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білу.
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Текшенің 6 жағында күз және жаз мезгіліне сәйкес суреттер жабыстырылады. Мысалы: Сарғайған жапырақтар көрсе, ол - күз мезгілі. Балалар шомылып жатқан сурет түссе, ол - жаз мезгілі. Балалар шеңбер болып тұрады. Балалар текшені ортаға айналдыра тастайды, қандай сурет түссе, соған жылдам жаз немесе күз мезгілі екендігін айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Сұрақ-жауап: (орындарына отырады.)
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын кім атап береді?
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім біледі?
- Ал жауын қалай жауады?
- Оның дыбысы қандай?
- Судың дыбысы секілді тырс-тырс, тырс-тырс етіп жауады екен. «Тырс-тырс» соңында қандай дыбыс естіп тұрмыз?
- Салқын жел қалай соғады?
- Ал егер де жел күшейсе ше?
«У» дыбысына жаттығу жасату.
У-у-у-у-у-уылдырық.
У-у-у-у-у-улы.
- Балалар, ең бастысы күз мезгілінде жапырақтар не істейді?
- Балалар, жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
- Осы жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма? Әңгімелеу: «Жаз, күз» мезгілдері (сурет бойынша)
Мақсаты: әңгімелей білуге тәрбиелеу.
Шарты: сурет бойынша балалар әңгіме құрастырады. Мысалы:
Мен мына суреттен «жаз» мезгілі жайында көріп тұрмын. Әңгімемнің тақырыбы: «Жаз мезгілінің қызықтары» деп аталады.
Сергіту жаттығуы.
Түн болды,
Жел соқты,
Жел қатты соқты.
Жаңбыр жауды,
Жаңбыр қатты жауды.
Жаңбыр тоқтады,
Күн шықты,
Таң атты!
Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»
Мақсаты: Балаларды жапырақтардың түсін ажырату арқылы, жылдамдылыққа үйрету және әсем безендіруге баулу. Ойын шарты: Tiл дамыту дәптерімен орындалады.
Дәптердегі № 11 тапсырмадағы ағаштарды жапырақтармен безендірейік. Біреуін күз мезгіліндегі, ал екіншісін жаз мезгіліндегі түске безендір.
«Жайлау көркі» өлеңін оқу.
Табиғат әлемі,
Гүл толған әдемі.
Ұйқы ашар сағаттай,
Бозторғай әуені.
(Б.Тәжімбетов)
- Бозторғай дегеніміз не?
- Өлеңде бозторғай құсының ән салғаны жайында, гүлдердің жайқалып, көп болып өсуі туралы айтылған? Бұл қай мезгіл?
- Бұлбұл қайда әнімен
Оятатын тербетіп,
Теңселеді алып емен,
Жаңбыр жауды желдетіп
(«Күзде» өлеңі, Т.Молдағалиев)
- Балалар, бұлбұл - құстың аты.
Кәне қайталайық.
«Ұ» дыбысына дұрыс айтылуына
жаттығу орындау.
Ұ-ұ-ұ- ұл
Ұл-ұл-ұл-Ұлпан
Ұй-ұй-ұй-ұйқы
Бұл-бұл-бұл-бұлбұл
Бұ-бұ-бұ-бұзау
«Ұ» дыбысының ауыздан
еш кедергісіз, емін-еркін
шығатындығын, яғни оның дауысты дыбыс екендігін айту.
- Табиғаты тамаша Отанымыз Қазақстанға тамсанбау мүмкін емес. Балалар, сендер Отанымыз Қазақстанды жақсы көресіңдер ме?
- Олай болса, Отанымыз Қазақстанға арналған өлең жолдарын айтайық.
«Қазақстан - менің Отаным» өлеңін оқу.
Асыл өлкем ерекше,
Қазақстан мекенім!
Беп-белгілі емес пе?
Сенің ғажап екенің!
Д.Елайқызы
- «Отан оттан да ыстық» деген мақал бар. Балалар не себепті Отанды оттан да ыстық дейміз? - Қазір жылдың күз мезгілі.
- Күз айлары: Қыркүйек, қазан, қараша.
Күн салқындайды, жауын жиі жауады, салқын жел соғады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жауын себелеп жауады.
- Тырс-тырс, тырс-тырс.
- «С» дыбысы. -У-у-у.
-Ууууууууу.
- Жапырақтар сарғаяды.
- Жыл мезгілі төртке бөлінеді. Олар: жаз, күз, қыс, көктем.
- Әрине бар.
Балалар сурет бойынша әңгімелеуге тырысады.
Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.
Балалар дәптермен қызыға жұмыс жасауға тырысады.
Тақпақты мұқият тыңдауға тырысады.
- Бозторғай - құс.
- Жаз мезгілі жайында айтылған.
- Күз мезгілі жайында айтылған.
Дыбыстарды дұрыс айтуға тырысу.
- Бұл-бұл.
- Иә, жақсы көреміз.
Балалар педагогпен бірге қайталайды.
Мақалды мағынасын қалай түсінгендерін айтады.
Рефлексиялық - түзетушілік «Ұ» дыбысын қайталатып айтқызады, осы дыбысты қатыстырып, мысалдар келтірткізеді.
Балалар дыбысты дұрыс айтуға тырысады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: күз мезгілімен жаз мезгілінің айырмашылықтарын ажыратуды;
игереді: «Ұ» мен «у» дыбыстарын дұрыс айтуды;
меңгереді: суретке қарап әңгімелеуді біл
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Айлакер түлкі» орыс халық ертегісін сахналау
Мақсаты: а) Сөйлеу мәнерін калыптастыру.
ә) Сахналау қойылымына атсалысуға ықылас білдіруді, сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін (дауыс ырғағы, ымдау, қимыл-қозғалыс, дауыс құдіреттілігі, интонация) қолдануды дамыту.
б) Шыншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: айлакер түлкі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, сахналауға арналған түлкі, әтеш, тауық, тауыс, үйрек, қоян бетперделері, киімдері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Жұмбақ шешкізу.
Сайқымазақ қулығы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бүл қандай аң? Ұғып ал.
- Балалар түлкі қандай аң?
Демонстрациялық құрал (Суретке қарап, түлкі туралы әңгімелеу).
- Түлкінің жүрісін салайықшы? Жұмбақтың жауабы: түлкі.
- Түлкі - айлакер,
қу аң. Түлкінің түсі
қызғылт болып
келеді.
Түлкінің жүрісін салып көрсету).

Ұйымдастырушылық-ізденістік Ұймымдастырушылық – ізденістік

«Айлакер түлкі» ертегісі оқылады.
Дәптердегі суреттер арқылы ертегіні әңгімелейді.
Баяғы бір заманда орман ішінде алай-дүлей дауыл соғады. Дауылдың қатты соққаны соншалық ағаштарды тамырымен құлатып, жуан бұтақтарды сындырып, жапырақтарды ұшырып әкетеді. Аңдар қорыққанынан өз індеріне тығылыпты. Осылайша дауыл бірнеше күн соғып, артынша тынышталыпты.
Сол орманда Әтеш пен Тауық өмір сүріпті. Дауыл олардың балапандарын ұшырып әкетіпті. Жел тынышталғанда Тауық Әтешке:
- Мен мұнда енді қала алмаспын. Бізге басқа жерге қоныс аудару керек, - депті.
Сұрақ:
- Балалар, құстардың балапандарын мына дауыл алып кете беретін болса, бұларға не істеу керек? Әтеш Тауықтың сөзіне келісіп, қоныс іздеуге бірге аттаныпты.
Сөйтіп, олар жолда келе жатса, алдарынан екі үйрек кездесіпті. Сонда Үйрек Тауықтан:
- Сіңлім! Қайда жол жүрмексіңдер? - деп сұрайды.
- Біз енді бүл орманда қалуға қорқамыз, сондықтан жаңа қоныс іздеуге бара жатырмыз, - деді.
- Ендеше бізді де өздеріңмен бірге ала кетіңдерші, бізде мұнда тұрғымыз келмейді, - дейді Үйректер.
Әтеш пен Тауық келісіп, төртеуі бірге жолға шығыпты. Көп ұзамай оларға екі Тауыс кезігіпті. Тауыс: Барлықтарың қайда бара жатырсыңдар, - депті. Сонда барлығы: Бұл орманда тұру қауіпті, сондықтан басқа жерден қоныс іздеп бара жатырмыз, - депті.
Тауыс: Ендеше бізді де ала кетіңдерші, бізге де қауіп төніп тұр, - депті.
Енді олар алтау болып, жана қоныс іздепті.
Сұрақ:
- Сонымен Тауық пен Әтешке нелер кезігіпті?
- Тауық, Әтеш, Тауыс, Үйрек аңдар ма әлде құстар ма?
- Құстардың қандай пайдасы бар?
Жолдан бұларға Қоян да ілесіпті. Кенет қайдан шыққаны белгісіз алдарынан Түлкі шығыпты. Ол қоныс аударушыларды көріп таңғалып, былай дейді:
- Шырақтарым, қайда бағыттап бара жатырсыңдар?
Барлығы: Біз мына орманда қалуға қорқамыз, сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп бара жатырмыз
- депті.
- Біздің орманнан кетпеңдер!
Мен бір жақсы жер білемін. Сол жерді көрсетейін бе? Онда тыныш және сендер онда рақат өмір сүресіңдер! - дейді.
Сұрақ:
- Балалар, олар Түлкіге сенді ме? Ең әуелі оған ешкім сенген жоқ.
Бірақ Түлкі айтқан жерді мақтап, алдағаны сонша, ақырында бәрі сол жерді көруге көніп:
- Жарайды, ең әуелі мақтаған жерге барып, көрейік. Ұнамаса әрі қарай кете береміз, - деді.
Түлкі оларды дәл өзінін ініне әкеліп алып: - Бұдан әрі жол тар, мен алдына шығайын, ал сендер бір-бірден менің артымнан жүріңдер», - деді. Осы сөзден кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп, жасырынып қалды. Ал оның артынан бірінші Тауыс кірді, сосын Әтеш, тағы қалғандары. Түлкінің алдағанын білген Қоян жылдам секіріп, апаннан шығып кетті. Қатты жүгіретін Қоянға Түлкі жете алмады. Бірақ аңқау құстарды жеп қойды.
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Сендер ертегінің осылай аяқталғанын қалайсыңдар ма? Ал қалай аяқталғанын қалар едіңдер?
- Ертегі мазмұнын түсіндіңдер ме, рөлдерге бөлініп ойнағыларың келе ме?
Драмалық ойын: Ертегіні драматизациялау (сахналау) Мақсаты: балалардың рөлге ене білуі, дұрыс ырғақ, түрлі интонация, қимыл - қозғалыспен, кейбір ым - ишарамен бейнені келтіре білу қабілетін дамыту.
Сергіту жаттығуы.
«Қанатымды жазамын,
Жоғары төмен қағамын.
Биік көкте айналып,
Жұлдыздай жылдам ағамын.» Дәптерді ашып, ішіндегі суреттерге ден қояды.
Ертегіні мұқият тыңдайды.
- Оларға басқа жерге кету керек.
- Алдымен екі Үйрек, одан кейін екі Тауыс кезікті.
- Құстар.
- Құстардан жұмыртқа аламыз, жұмыртқадан балапан шығады.
- Жоқ, олар сенбейді.
- Әрине, ұнады.
- Барлығы Түлкінің алдағанын біліп, одан қашып құтылыпты.
Рөлдерге бөлініп, ертегі желісімен ойнайды.
Сергіту жаттығуын орындарынан тұрып орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегі мазмұнын қалай меңгергенін тексереді.
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын келтіруді;
игереді: ертегіні сахналауды;
меңгереді: аңдардың, құстардың дауыс ырғағын дұрыс келтіруді біледі.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ц» және «ч». Сөйлеудегі дыбыстау мәдениеті.
Мақсаты: а) Балаларға «Ц» және «ч» дыбыстарын дұрыс дыбыстап айтуды үйрету.
ә) Тыныс ала дыбыстауды, дауыс күші мен екпінін өзгерте білуді, ақырын не қатты, баяу не тез сөйлеуді дамыту, дыбыстық қабылдауды дамыту.б)Көпшілік орындарда өздерін ұстай білу мәдениетін қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптер, доптар, ән жазылған үнтаспа.
Сөздік жұмыс: сайқымазақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Әйгерім Қалаубаеваның орындауындағы «Көңілді күн» әнін тыңдату.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Демонстрациялық құралмен жұмыс.
(Қолында түрлі түсті шарлары бар сайқымазақтың және чемоданның суреті)
Балалардан суреттен кімді көріп тұрғандарын, оның көңіл күйі, қолындағы заттары және оның түстері, оны қайдан көргендерін сұрайды.
Циркте тағы басқа мәдени көпшілік орындарда өздерін қалай ұстау керек екенін сұрау, жауаптарын толықтыру.
- Кәне, бәріміз «цирк», «цирк», «цирк» деп қайталайықшы.
«Цирк» сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұрғанын сұрайды.
«Ц» дыбысын қайталап айтуды талап етеді.
«Ц» дыбысын дұрыс естіп айту үшін буын ішінде келтіріп жаттықтыру, ца це, цу, ци буындарын қайталауды талап ету:
Ци-ци-ци-цирк.
Ци-ци-ци-мотоцикл.
Це-це-це-цех.
Це-це-це-цемент.
Циркте қандай аңдар мен жануарлар өнер көрсететінін сұрау (олардың қимыл-қозғалысын салу)
Енді балалардың назарын суреттегі сайқымазақтың жанындағы чемоданға аударту.
Балалардан ол заттың атауын және оның сайқымазаққа қажеттілігін сұрай отырып, чемодан туралы әңгімелеу (оның пішіні, түсі).
- Чемодан сөзінің басында естілетін «Ч» дыбысын қайталайық.
«Ч» дыбысын дұрыс естіп ажырату үшін буын ішінде келтіріп, жаттықтыру:
Че-че-че - чек.
Че-че-че - чемодан.
Чи-чи-чи - чипсы.
Чи-чи-чи - Чикаго.
- Сайқымазақтың доптары туралы тақпағымызды қайталап, сергіту жаттығуын жасату.
Сергіту жаттығуы.
Домала, доп, домала,
Балшыққа тек жолама
Жек көремін оныңды
Бүлдіресің қолымды,
Секіріп өр, ордан да,
Секіріп өт жолдан да.
Қуса күшік жетпесін
Машина басып кетпесін.
(Ө. Ақылбекұлы)
Дидактикалық ойын:
«Суретті жалғастырып боя және әңгімеле».
Мақсаты: балаларды дұрыс бояуға және әңгімелеу арқылы тіл байлықтарын дамыту. Ойын шарты: жұмыс дәптеріндегі суретті жалғастырып бояту және әңгіме құрастырту. Суреттен сайқымазақты көріп тұрғандарын, оның көңілді екенін, қолында түрлі түсті шарлары бар екенін (түстерін атайды) және оны цирктен көруге болатынын баяндайды. Циркте, мәдени көпшілік орындарда өздерін қалай ұстау керектігін айтады.
Үш түрлі дауыспен қайталайды (қатты, орташа, төмен).
«Цирк» сөзінде алғашқы болып «Ц» дыбысы естілетінін баяндайды. «Ц» дыбысын педагогпен бірге қайталап айтады.
Циркте: аю, күшік, піл, арыстандар, жылқылар т. б. өнер көрсететінін баяндай отырып, қимылын салады.
Ол заттың чемодан екенін және оның кажеттілігі туралы пішінін, түсін әңгімелеуге атсалысады.
«Ч» дыбысын педагогпен бірге қайталайды.
Буындар мен сөздерді қайталап, «Ч» дыбысын айтуға жаттығады.
Қимылын келтіріп, отырып жасайды
Дәптермен жұмыс жасайды.
Суреттегі цирк үйінін киіз үйге ұқсайтындығын және оның төбесінің
Үшбұрышты екендігін әңгімелейді.
Рефлексиялық - түзетушілік Оқу іс-әрекетті қорытындылай отырып, сайқымазақтың сыйлығын (түрлі түсті доптарды) тарату. Оқу іс - әрекетін көңілді музыкамен аяқтау.
Сыйлықтарын алып қуанады.
Әнге билейді.
Күтілетін нәтиже:
біледі: сайқымазақ туралы, оның көңілді кейіпкер екендігін білуі;
игереді: «Ц» және «ч» дыбыстарын дұрыс дыбыстауды;
меңгереді: көпшілік орындарда өзін-өзі ұстауды, ұқыптылықты біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр.
Мақсаты: а) Өз тәжірибесіне сүйене отырып, әңгімелеуге үйрету.
ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту. б) Бір-біріне жақсылық тілеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: нан, май, түз, қант, жемістер.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, мазмұнды - рөлді ойын құралдары, қазақы дастарқан үнтаспасын қолдану.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Дастарқан суретін көрсету.
Балалар
қызығушылық танытады.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Балалар, бұл не?
«Қ» дыбысына дыбыстық жаттығу
орындату.
Қа-қа-қа-қан.
Қа-қа-қа-қат.
Қан-қан-қан - дастарқан.
«Қ» дыбысы дауыссыз дыбыс екендігін айту.
«қазақы дастарқаным» әнін тыңдату.
Әнін жазған: М.Ілиясов Сөзін жазған: Ж.Боранбаев
Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісі ме,
Жағалай малдас құрған?
Қ-сы:
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Сұрақ-жауап:
- Балалар дастарқан не себепті берекелі деп аталды?
Нақыл сөз: «Ас атасы - нан» деген сөз бар, нанды немесе жалпы тамақты тебуге немесе басуға бола ма?
«Нан - ардақты, асыл ас» өлеңін оқу.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп, алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Ә. Қалдыбаев
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Жаңа сөз: Қант сауыт сөзін қайталайық?
- Нанның да өзі ыдыс, майдың да ыдысы, тұздың да ыдысы болды екен. Олар қалай аталады?
Сергіту жаттығуы.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Мазмұнды - рөлді ойыны: «Дүкенші»
Мақсаты: баланы мамандыққа үйрету.
Ойналу шарты: бір баланы сатушы етіп, қалған балалар сатып алушы болып ойналады.
Мысалы, Сатушы «Келіңіз, сізге не керек?» деген сөздерімен және сатып алушылар «Рақмет» сияқты мейірімді сөздерді қолдана білуге үйрету. - Дастарқан.
Жаттығуды орындау.
Тәрбиешінің соңынан сөзін қайталап, әннің ырғағына қарай әндетеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Нақыл сөзді жаттап алады.
Нанды және жалпы барлық тағам түрлерін қадірлеу керектігін айтады.
- Нанның ыдысы нан салғыш, майдың ыдысы май салғыш, тұздың ыдысы тұз салғыш деп аталады.
Сөздерді қайталау.
Жаттығуды жасайды.
Ойынды қызыға ойнайды
Рефлексиялық - түзетушілік Жаңа сөздердің дыбыстарын дұрыс айтуға ұсыныс білдіру.
Сөздерді анық айтуға тырысу.
Күтілетін нәтиже:
біледі: жай сөйлем мен күрделі сөйлемдерді қолдануды;
игереді: жаңа сөздерді, ізгі сөздерді айтуды,
меңгереді: дастарқан әзірлеуді біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз
Мақсаты: а) Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: асүйлік, асханалық).
ә) Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру.
ә) Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ыдыс-аяқ, гүл.
Қолданылатын көрнекі құралдар: доп, гүл, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балаларға әртүрлі гүлдерді көрсетеді.
- Балалар, бұл не?
Қызығушылық
танытады.
- Бұл - гүл.

Ұйымдастырушылық – ізденістік
Шеңбер құрып тұрып «Гүл иіскеу» ойынын ойнату.
Мақсаты: балалардың ауызекі тілін дамыту. Қолданылуы: шеңбер бойымен гүлді иіскеп көреді және гүлге әсерлі сөздер айту қажет.
Мысалы, хош иісті гүл екен, әдемі гүл, жұпар иісті гүл, таңғажайып гүл. - Балалар, сонымен катар өсіп тұрған ауладағы гүлді жұлуға болады ма?
- Жақсы, жаңа біз гүлді хош иісті дедік. Кей уақытта үйге қонақ келгенде немесе мереке күндерде біз үстелдің ортасына құмыраға су құйып, гүл қоямыз. Себебі: бөлменің ішінен аңқыған гүлдің иісі шығып тұрсын деп. Ал енді балалар гүл ұғымын түсініп алдық енді ойын ойнап алайық.
Ойын: «Көңілді доп»
Мақсаты: Ыдыстардың аттарын дұрыс атауға үйрету.
Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрады, педагог ортаға тұрып, балаларға допты ақырын лақтырады. Оны қағып алған бала кез келген ыдыстың атын айту керек. Ескерту: бірінің айтқанын бірі қайталамайды.
Дәптермен жұмыс:
дәптердегі «Ыдыстың бөліктерін толықтырып сал» тапсырмасын орындату.
Сергіту жаттығуы.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бұрыл.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бұрыл.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Тіл ұстарту жаттығуы.
Ыс-ыс-ыс
Болсын мол ыр-ыс,
Болып қапты қ-ыс
Аман болсын ту-ыс,
Ыдыстарды жу-ыс.
«Ы» дыбысының дауысты дыбыс екендігін айту. Шеңбер бойымен гүлді иіскеп, әдемі сөздермен гүлді теңеулерге теңейді.
- Гүлді жұлуға да, басуға да болмайды.
Шеңбер бойымен тұрады. Ойынды қызыға ойнайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы
орындау.
Өлең жолдарын жаттап алу.
Рефлексиялық - түзетушілік Оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
біледі: ыдыстарды және олардың атқаратын қызметін білуі;
игереді: жаңа сөздерді;
меңгереді: «Ы» дыбысын ажырата біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Екі сараң қонжық» венгр халық ауыз ертегісін сахналау.
Мақсаты: а) Ертегі желісін өз сөзімен жеткізу біліктілігін жетілдіру.
ә) Бауырмалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
б) Балаларды таныс әдеби шығармаларды сахналауға атсалысуға ұмтылдыру, ондағы кейіпкерлер бейнесін еркін түрде көркем шеберлікпен сомдай білу білігін дамыту.
Сөздік жұмыс: аю, қонжық.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, қуыршақ театрынан: екі қонжық, аю, түлкі.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық– қозғаушылық «Екі сараң қонжық» ертегі кейіпкерлері қонаққа келеді.
Қуана қарсы алады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік

Қуыршақ театрының көрсетілімі.
(Ертегі басынан аяғына дейін қуыршақ театрында қойылады.)
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Ендеше осы ертегіні сахналайық!
Кім ертегі жүргізушісі болады?
Кім қонжық болғысы келеді?
Кім аю болады? Ал кім түлкі болғысы келеді?
«Екі сараң қонжық» ертегісі.
Жүргізуші: Ерте де бір ну орманда кәрі Аю тіршілік етіпті. Аюдың екі қонжығы болыпты. Қонжықтар өскен кезде, бақыт іздеуге жолға шығыпты. Олар жолға шығар алдында анасымен қоштасыпты. Ал анасы қонжықтарын құшақтап, еш уақытта бір-бірінен айырылыспауды талап етті. Анасының бұйрығын орындауға сөз берген Қонжықтар жолға шығады. Алдымен олар тоғайдың шетімен, содан соң жазық даламен жүреді. Сөйтіп, бір күн жүрді, екінші күн жүрді.
Ақырында бар коректері таусылады. Ал жолдан табатын ештеңе болмады. Қонжықтар бірінің атынан бірі еріп келе жатты.
Сол уақытта кіші Қонжық:
Ал екінші Қонжық:
Жүргізуші: Солай жүре берді. Кенеттен үлкен дөңгелек ірімшікке кезікті. Әділ жолмен тең бөліспек болып еді, бөлісе алмады. Қонжықтар бір-бірінен ірімшікті қызғанып, ұрсысып, ақырып тұрғанда, кенеттен жандарына Түлкі келді. Түлкі:
Жүргізуші: Қонжықтар бар жайды айтып берді.
Түлкі:
Жүргізуші: Түлкі ірімшікті алып екі бөлікке бөлді. Алайда алаяқ басты бір жарымын, екіншіден үлкен қылып бөлді. Қонжықтар бұған ренжіді. Түлкі оларды жұбатып:
Жүргізуші: Ол үлкен жарты бөліктің жартысын қылғытып жұтып қояды. Енді кіші жарымы үлкен болды. Қонжықтар:
Түлкі:
Жүргізуші: Осылайша қу түлкі қонжықтардың ірімшігін біразын әдейі тең бөлмей, біразын жеп азғантай ғана қалдырып, оларды теңеп, екеуіне береді. Түлкі оларға күліп:
Сергіту жаттығуы.
Қорбаңдаған аюдың
құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Дидактикалық ойын: «Бұл ненің ізі?»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ойын шарты:
Tіл дамыту дәптеріндегі «Бұл ненің ізі?» тапсырмасын орындату. Ертегіні тамашалайды.
- Әрине, ұнады.
Өз еркімен рөлдерді бөліп алады. Бірі жүргізуші рөлін, бірі қонжық,
ал екінші бала екінші қонжық рөлін, ал бірі аю, одан соң түлкі рөлін алады.
- Ағатайым, менің қарным ашты! -деп шағымданады.
- Менің де қарным ашты! - деп өңі бұзылып, басын шайқады.
- Негe ұрсысып тұрсыңдар? -деп сұрады.
- Мен сендерге ірімшікті теңдей бөліп беремін, - деді.
- Мынау үлкен ғой, -деп ақырды.
- Тыныш, жастар! Кішкене сабырлық, қазір бәрін реттеймін.
- Бұлай да бірдей емес, - деп тынымсызданды.
- Мен өзімнің жұмысымды білемін!
- деді.
- Міне, сараң, арам болсаң, бір күні осындай азығыңнан құр қаларсың, - деп өз жөнімен кетеді.
Қорбаңдаған аюдың қимылын келтіреді.
Дәптерді ашып, қай аңның ізі екенін сызып көрсетеді.
Рефлексиялық - түзетушілік Оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Бүгінгі жиыннан не алғандарын, не көргендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: аюдың дыбысын дұрыс салуды;
игереді: ертегі кейіпкерлерін сахналауды;
меңгереді: іздерді тез ажырата біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қыс қызығы (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: а) Балаларды сурет бойынша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру, балаларды анықтауыш синонимдерін жинатуға жаттықтыру.
ә) Ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.
- Ол не, балалар?
- Ендеше қар қай мезгілде жауады?
- Жұмбақтың жауабы: қар.
- Қазір қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде кар жауады.
Қар жапалақтап жауады.
Қардың түсі ақ болады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
«Ақшақар» өлеңін оқу.
«Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп қатады.»
(А.Тоқмағамбетов)
- Балалар, қар қандай болады?
- Балалар, аязды күні қарды басып жүрсең, қандай дыбыс шығады?
- Қыста сендер қандай ойын ойнайсыңдар?
- Иә, тағы қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
- Балалар кар күн жылынып кетсе, не істейді? (Ериді).
- Еріген қар күн суытса неге айналады?
(Мұзға айналады).
«М», «Н» дыбыстарына жаттығу орындату.
М-м-м-мұз,
Ма-ма-ма-марал,
На-на-на-нан,
Н-н-н-нар.
«М», «Н» дыбыстарының дауыссыз дыбыс екенін айтып өту)
Сергіту жаттығуы.
«Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып,
Орнымызға барамыз.»
Дәптермен жұмыс:
Тіл дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау. Тақпақты мұқият тыңдайды.
- Қар аппақ, ұлпа, жұп-жұмсақ, мамықтай ұлпа болады.
- Сықыр-сықыр, сықыр-сықыр.
- Қарды домалатып, аққала жасауға болады. Қарды домалатып ойнауға да болады.
- Шанамен сырғанау, коньки тебу, шаңғы тебу.
Дыбыстарды анық айтуға тырысу.
Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.
Суретті аяқтап бояп, әңгімелейді.
Рефлексиялық - түзетушілік Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.
Қуанышты сезімде болады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: бірінің сөзін бірі тыңдай білу;
игереді: бояуды игерді;
меңгереді: әңгімелей білуді.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ұзын құлақ ақ қоян (кескін бойынша қоян жайлы әңгіме құру)
Мақсаты: а) Үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құруға үйрету. Сөздің түрленуіне жаттықтыру.
ә) Балалардың тілдік қорын дамыту, байыту.
б) Жан-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ақ қоян, орғып келе жатады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қоян мен қасқырдың кезігіп тұрған суреті, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық «Ұйқасын тап» ойыны:
«Өзінше ноян,
Қорқақ не?»
- Қоян қандай жануарға жатады?
- Қоянның құлағы қандай? Ұзын ба әлде қысқа ма?
- Қоянды тағы қалай деп атауға болады? - Қорқақ қоян.
- Қоян жабайы жануарға жатады.
- Қоянның құлағы ұзын. Және сыбдырды тез естігіш болып келеді.
- Ұзын құлақ қоян, ақ қоян, сұр қоян, қорқақ қоян деп те атауға болады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Сурет бойынша жұмыс.
1. Тақырыбын қою. Тақырыбы: Ұзын құлақ ақ қоян
2. Сөздік жұмысын жүргізу: Орғу - секіру, ырғу.
Түлеу - көктем және күзде жан-жануардың жүнінің түсуі.
3. Қоян туралы қысқаша мәлімет береді.
- Қыста қоян түсі ақ болады. Көктемде түсі сұры түске айналады екен. Яғни олар қысқа қарай және көктемде түлейді. Қоян өте қорқақ, сақ құлақ аң деуге де болады. Себебі: құлағы сыбдырды тез естиді екен. Қоян орғып жүреді.
4. Әңгіме құрастыру.
5. Дыбыстық жаттығуды қайталау.
Қоя-қоя-қоя - қоян.
Соя-соя-соя.
Ұя-ұя-ұя - ұя.
Ұя-ұя-ұя - ұят.
құя-кұя-кұя - құяды.
- Балалар, «я» дыбысы «иа» болып естіледі. бірақ біз ол дыбысты анық айтуымыз қажет.
«Я» дыбысының дауысты дыбыс екенін айту.
Сергіту жаттығуы
Секірейік - секірейік
Ұзын құлақ қоянша.
Шаршағанды кетірейік,
Болар сонда тамаша.
Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.
Қоян көлеңкесінен де қорқады.
Дидактикалық ойын: «Мұнда неше қоян бар?» Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту. Шарты: дәптердегі «Нүктелердің бір-бірімен қосу арқылы, бірнеше қоян бейнесін тап» тапсырмасын орындау. - Қыстың бір күнінде бір ақ қоян орғып келе жатады.
Оның алдынан Қасқыр кезігіпті. Қасқыр Қоянды жеп қоймақ болды. Осы кезде Қоян Қасқырға былай депті:
- Мені жемеші, мен саған өзім туралы өлең айтып беремін. Сонда қасқыр:
- А, солай ма? Жарайды, айта ғой, - дейді.
Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.
- Осылайша қоян секіріп-секіріп қасқырдан құтылып кетіпті.
Мақал-мәтелді қайталап жаттап алады.
Тіл дамыту дәптерінен неше қоян бар екенін анықтайды. Мысалы:
- Суретте үш қоян бар.
Рефлексиялық - түзетушілік Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.
Қуанышты сезімде болады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: мақал-мәтелдер білу;
игереді: ұйымшылдықты, ұқыптылықты;
меңгереді: еркін әңгіме құрауды біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Әңгімеле...
Мақсаты: а) Балаларды екі ойыншық жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге, жай және күрделі сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру.
ә) Балалардың тіл байлығын дамыту.
б) Балаларды отбасын сыйлауға, достыққа, туған жерін, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: отбасы.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақы көйлек киген екі қуыршақ (бірі үлкен, бірі кіші), тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Ғажайып сәт: қонаққа екі қуыршақтың келгенін хабарлау.
Қызыға қарайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік
- Балалар, ең алдымен бізге қонақ келсе не дейміз?
- Балалар, амандасудың да көптеген түрлері бар?
- Ендеше, біз екі қонағымызды төрге шығарайық.
- Балалар, екі қыз апалы-сіңлі екен. Яғни екеуі де бір үйдің қызы екен.
Енді осы екі қызға қарап отырып, шағын әңгіме құрайық.
Әңгіменің тақырыбы:
«Айгөлек пен Айгүл»
- Иә, яғни Айгүл қазақтың ұлттық киімін киіп алыпты. Қараңдаршы қандай әдемі? Сендерде қазақтың ұлттық киімін кигенді ұнатасыңдар ма?
- Біздің ұлтымыз қалай аталушы еді?
- Иә, біздің
Республикамыздың аты?
- Біздің жеріміз қандай?
- Біз туған жерімізді, Отанымызды жақсы көреміз бе?
- Біздің жерімізде басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар қандай ұлт өкілдері?
- Дегенмен біз барлық ұлт өкілдерімен бірге тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз.
- Ал енді, балалар, бізге келген екі қуыршақ қызды әңгімелейік. Айгүлдің шашы қандай екен?
Балалар сендер халық әні: «Айгөлек» әнін білесіңдер ме?
Сергіту жаттығуы:
«Айгөлек»
Айгөлек - ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай туған кезімде,
Би, билейміз дөңгелеп.
(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен
қимыл-қозғалыс арқылы орындау.)
- Балалар, енді сендер Айгөлек пен Айгүлдің ауылына барғыларың келеді ме? - Ендеше барлығымыз көз жұмамыз.
Көз жұму әдісі: Қысқы ауыл бейнесін елестету. (Ыңғайы келсе, әуен арқылы орындалса.)
- Боран дауысы қалай шығушы еді?
- Иә, уілдейді. Айгөлек пен Айгүлдің отбасында атасы, әжесі, ағасы, жеңгесі, әпкелері, інілері бар екен. Сонда олар үлкен отбасылы ма? Әлде кіші отбасылы ма?
Дәптермен жұмыс: Тіл дамыту дәптеріндегі «Отбасы мүшелерін сызық арқылы және ретімен орналастыр, орналастыру себебін түсіндір» тапсырмасын орындату.
«Отбасы» өлеңін оқып,
Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Әжең - асыл ардағың,
Атаң - дана қорғаның.
Ағаң - қамқор асқарың,
Інің - мөлдір аспаның.
(М. Қуанышбеков)
Сурет арқылы тақпақты жаттату. - Амандасамыз.
- Сәлеметсіз бе?
- Аман-есенсіз бе?
- Сәлем! Ер адамдарға кіші ұлдар:
«Ассаламағалейкум!! -деп
амандасады.
- Қош келдіңіздер!
- Әрине ұнатамыз.
- Біздің ұлтымыз қазақ.
- Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады.
- Біздің жеріміз үлкен, байтақ.
- Әрине, жақсы көреміз. Себебі біз осы жерде туылғанбыз.
- Орыс, татар, кәріс, ұйғыр, өзбек, қырғыз т.б.
- Айгүлдің шашы қара, бұрымды, қолаң және ұзын болып өріліпті. Көздері дөңгеленген, қиғаш қасы, қыр мұрынды, әдемі аузы бар. Ол үнемі өзінің қасынан сіңлісін тастамайтын қыз екен. Оның сіңілісінің аты -Айгөлек.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Әрине, барғымыз келеді.
Көз жұмып, көз алдарына қысқы ауылды елестетеді.
- Олар үлкен отбасылы екен.
Дәптермен жұмыс жасау.
Тақпақты тәрбиешінің соңынан қайталап отыру арқылы жаттап алу.
Рефлексиялық - түзетушілік Екі ойыншыққа сипаттама бере білу керек.
Сипаттамада ең әдемі сөздермен жеткізе білу керек.
Күтілетін нәтиже:
біледі: мақал-мәтелді білу;
игереді: әңгімелеуді игерді;
меңгереді: сурет арқылы тақпақты жылдам жаттап алуды біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің сүйікті жануарым
Мақсаты: а) Жұмбақты шешу арқылы, балаларды өз тәжірибесінен әңгіме құруға, сөйлеу барысында сын есімдер мен етістіктерді (жануарға сипаттама беру арқылы, қайда өмір сүретіні, немен қоректенетіні) қолдана білуге үйретуді жалғастыру Сұрақ-жауап арқылы жануарлардың түрлерін білуге, төлдерінің қалай аталуын, еркелету арқылы қалай атайтынын үйрету.
ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғыну білігін дамыту
б) Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу, жанашырлық сезімдерін ояту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Үй жануарларының ойыншықтары, тіл дамыту дәптері, бірнеше қалташалар, ішінде үй жануарларының суреттері болу керек.
Сөздік жұмыс: үй жануары.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық Жұмбақ жасырады:
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
- Бұл не?
- Қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Түйе үй жануары ма, әлде дала жануары ма?
- Түйенін қандай пайдасы бар?
- Түйе төлін қалай атаймыз?
- Балалар, жануарларды тебуге немесе таяқпен ұруға болады ма? Жұмбақтың жауабын шешеді. Жауабы: түйе.
- Жылқы, түйе, ит, мысық, қой, ешкі.т.б.
- Түйе үй жануарына жатады.
- Түйе сүті - шұбат және еті - тағам. Жүнінен көрпе жасайды, киім тоқиды.
- Төлін бота деп атайды.
- Жоқ, ұруға да, тебуге де болмайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Тіл ұстарту жаттығуы.
«Ие-ие-ие
Шөгіп жатыр түйе.
Құлындайды бие,
Табылар саған ие.»
«И» дыбысының дауысты дыбыс екендігін айту.
Сергіту жаттығуы.
«Мен өркешті түйемін,
Басымды жерге иемін.
Маң - маң басып далада,
Жантақ жеуді сүйемін».
Дәптермен жұмыс: Үй жануарларына жатпайтын жануарларды анықтап, оларды қорша» тапсырмасын орындау.
Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары»
Ойын мақсаты: үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету.
Шарты: хатқалтадан үй жануарлары бейнеленген суреттерді алып, сол суреттегі жануарды атап, олардың дауысын келтіріп, (мө-мө-мө, мяу-мяу-мяу) оларды адамдар қалай еркелетіп атайтынын айту. Мысалы: боташым, құлыншағым т.б. Дыбысты анық айтуға тырысады.
«И» дыбысынан басталатын сөздерді қайталайды.
Сергіту жаттығуын қайталап, түйенің түйенің жүрісін салып жүреді.
Суреттің қайсысы екенін белгілеп қояды.
Ойын шартын түсініп, ойынды ойнайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау
Балалар қуанышты сезімде болады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: үй жануарлары қандай екенін, олардың қандай пайдасы бары жайлы білу;
игереді: жан-жануарлардың қалай дыбыстайтынын;
меңгереді: үй жануарларының төлдерін біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ертегіні тауып айт
Мақсаты: а) Сұраққа жауап беруде, ертегі жолдарын қолдану арқылы, толық сөйлеммен айта білуге үйретуді жалғастыру.
ә) Ертегіні қайталап айта білу біліктілігін дамыту. б) Бір-бірін алдамауға және достыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: әтеш, тотықұс.
Қолданылатын көрнекі құралдар: әтештің дауысы жазылған үнтаспа, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Үнтаспа арқылы әтештің таңды шақырған дауысын тыңдату. Балалар естіген дауысын салу керек.
- Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку.
- Балалар бұл ненің дауысы?
- Әтеш үй құсы ма?
Әлде дала құсы ма? Қызығушылық танытады.
- Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку.
- Бұл - әтештің дауысы
- Әтеш - үй құсы.


Ұйымдастырушылық – ізденістік
«Ә» дыбысына жаттығу орындау.
Ә-ә-ә-ә-әтеш.
Ә-ә-ә-ә-әтір.
Ә-ә-ә-ә-әк.
Әт-әт-әт-әткеншек.
«Ә» дыбысының дауысты дыбыс екендігін, ауыздан еркін шығатындығын түсіндіріп өту).
Ертегі оқу: «Әтеш пен Тотықұс» Ерте, ерте, ерте де ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы Әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп-тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қокыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты.
Тоты байғұстың үстінде жөні түзу киімі де жоқ екен. Бір күні тоты әлгі кербез Әтешке келіп:
- Досым, мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мені сенін досын деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіндегі әдемі киіміңді бере тұршы, - деп қиыла жалыныпты.
Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп, Тотықұс жасанып тұрып киініп алады да, қай мезгілде келетінін айтады.
- Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, дауысыңды естиін, - дейді. Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш ол естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды.
Содан күні бүгінге дейін Әтеш Тотықұс пен әдемі киімін іздеп, тан атысымен, күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен. Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегінің мазмұнын сұрайды.
Сергіту жаттығуы.
Қанатымды жазамын,
Жоғары-төмен қағамын.
Биік көкте айналып,
Жұлдыздай жылдам ағамын.
- Балалар, құстар өзі немен коректенеді?
- Ал қандай құстарды білесіңдер? (Қарлығаш, торғай, бұлбұл т.б.).
Дәптермен жұмыс: Тіл дамыту дәптеріндегі «Қай сурет артық?» тапсырмасын орындату.
Ойын: «Ұшты - ұшты не ұшты?»
Мақсаты: баланы тез ойлануға және ұшатын немесе ұшпайтын затты ажырата білуге үйрету.
Шарты: ұшатын заттарды тез анықтап, екі қолын жоғары көтеру керек. Мысалы:
Ұшты, ұшты карға ұшты!
Ұшты, ұшты қалам ұшты!
Ұшты, ұшты кітап ұшты!
Ұшты, ұшты сауысқан ұшты!
Ұшты, ұшты торғай ұшты! Тәрбиешінің соңынан қайталайды.
Ертегіні мұқият тыңдайды.
Түсінбегендерін тәрбиешіден сұрайды.
Ертегінің
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сергіту жаттығуын орындайды.
- Құрт - құмырсқа, өсімдік жемістері және дәндерімен коректенеді. Сондықтан құстарды адамның досы деп атайды.
1 - тапсырмада артық қойдың суреті,
2-тапсырмада әтештің суреті артық.
Ойын шартын мұқият тыңдап алады, ұшатын заттарға қолдарын көтереді, ұшпайтын заттарды айтқанда қолдарын көтермейді.
Рефлексиялық - түзетушілік Ертегіні әңгімелеген уақытта, толық сөйлем құруға ұсыныс беру.
Ұсынысты қабылдайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: құстар қалай пайда болатындығын білу;
игереді: құс ұясын жасауды;
меңгереді: құстар біздің досымыз екендігін біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары (суреттің осы көрсетілім бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: а) Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
ә) Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін (үйрек – үйректер - үйректің балапаны; түйе – түйелер – бота - боталар) қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.
б) Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, ойынға көз байлағанға орамал, үй жануарларының суреттері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Шаттық шеңбері: «Жылы сөздер»
Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрып, өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады. Балалар шеңберге тұрады.
- Мені анам ботақан дейді,
- Мені анам қошақан дейді,
- Мені анам құлыным дейді,
- Мені анам балапаным дейді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.
Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
- Жануар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Ал адамдар балаларын еркелетіп «күнім», «алтыным» деген сияқты көптеген сөздерді айтады.
Үй жануарлары жайлы түсіндіру.
- Үй жануарлары - колға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан кейде бұларды колға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар: сиыр, түйе, жылқы, қой-ешкі, есек, мысық, үй қояны, құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық.
Дидактикалық ойын: «Үй
жануарларының төлдерін тап!»
Ойын шарты: жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.
Жекеше және көпше түрде айтуды үйрету.
Тақтаға 1 түйе, 1 сиыр, бір қой, 1 жылқының суреттері ілінеді.
Осы суреттердің жанына әрқайсысы 2-3 түйе, сиыр, қой және жылқының суреттері ілінеді.
Сергіту жаттығуы.
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз –
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып,
Орнымызға барамыз.
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық!
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
Қай тай лақтай,
Қай лақ бармақтай.
Ойын: «Даусынан таны» Ойын шарты: балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір баланың көзін байлайды. Көзі байланған баланың қасына бір бала жануар дыбысын салады. Бала қандай жануардың дауысы және оны салған кім екенін табады. Мақал-мәтелді педагог соңынан қайталау.
- Қарғаның түсі қара болады. Бірақ қарға өз баласын «аппағым» деп еркелетеді екен.
- Ал кірпінің үсті тікенек болады. Бірақ кірпі баласын «жұмсағым» дейді екен.
- Мұның бәрі - теңдеу сөз.
- Үй жануарларын адамдар күтіп-баптайды.
- Олардың қорегі: шөп, жем.
Ойын шартын мұқият тыңдап алып, жануарлардың жанына өз төлдерін сәйкестендіріс сызады.
- Бір түйе, бір сиыр т.б.
- Түйелер, сиырлар, қойлар, түйелер.
Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.
Жаңылтпаштарды жылдам айтуға тырысады.
Балалар ойын шартын мұқият тыңдап алып, әртүрлі жануарлар дыбысын салады.
Рефлексиялық - түзетушілік Жаңылтпашты мұқият тыңдап, жаңылмай айтуға ұсыныс беру.
Балалар жаңылтпашты анық және тез жанылмай айтуға тырысады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: көбірек жаңылтпаш білу,
игереді: жануарлардың дауысын салуды;
меңгереді: жануарлардың төлдерін ажырата біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені
Мақсаты: а) Сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында ағаштан, шыныдан, пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға үйретуді жалғастыру. Зат есімнің көпше түріне ілік септігінің жалғауларын жалғай (ойыншықтардың, шұлықтардың, қолғаптардың, боталардың, қонжықтардың) білуге үйрету.
ә) Балалардың сөздік қорларын байыту.
б) Балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ойыншықтар дүкені.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ағаштан жасалған машина, пластмассадан жасалған қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балаларға үш түрлі материалдан жасалған ойыншықтарды көрсетеді. Олар: ағаштан жасалған машина, пластмассадан жасалған қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ. Балалар
ойыншықтардың аттарын атайды, олардың неден жасалғанын айтады.
Шыныдан жасалған ойыншықтармен абайлап ойнау керектігін айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіріп, жаттату.
Ойын баланың ойын ұштайды.
- Кез келген бала ойыншықпен ойнау барысында ойланады, яғни ойы ұшталады, дамиды. Мысалы: бала ойыншығының түріне, түсіне, оның неден жасалғанына назарын аударады, оны ұстайды, көреді.
Мақал-мәтелді «Үш дауыс» әдісімен жаттату.
Әдістің қолданылуы: бірінші жоғары дауыспен, екінші ортаңғы дауыспен, үшінші төмен дауыспен қайталанылады.
Мазмұнды - рөлді ойын:
«Ойыншықтар дүкені» Мақсаты: балаларды мамандыққа баулу, яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету.
Ойын шарты: балалар ішінен бірі сатушы, ал қалғандары сатып алушылар болады.
Әңгіме құрау: «Менің ойыншығым» Жұмыс дәптеріндегі бейнеленген ойыншықтарды ататқызады, олардың неден жасалғанын сұрайды. Сонан соң балаларға өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелеп айтуға тапсырма береді.
Сергіту жаттығуы.
Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып-жұмамыз. Онан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз. Иә, ойыншықты қолыма алып, онымен қалай ойнауға болады деп ойланамын.
Үш түрлі дауыспен мақал-мәтелді қайталау арқылы жаттайды.
«Дүкенге» кіріп, сатушы мен сатып алушы бір-бірімен міндетті түрде амандасады. Содан кейін сатып алушы өз ұсынысын айтады, ал сатушы ойыншықтың бағасын айтады. «Дүкенші» ойыншықтың сапасын, оның неден жасалғанын сатып алушыға түсіндіріп өтеді.
- Бірде менің әкем менің туылған күніме қуыршақ әкеліп берді. Мен сол күні қатты қуандым. Себебі: қуыршақ сондай сүйкімді, әдемі екен. Әкем сонда маған: «Ұқыпты ойна, әйтпесе қуыршақ саған ренжіп жылап қалады», - деді. Мен әкеме: «Қуыршақты еш уақытта ренжітпеймін», - деп уәде бердім.
Бірде мен қуыршағымды аулаға алып шықтым. Достарыма әкемнің сыйлығын көрсеттім.
Балалар сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыстар арқылы орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік - Жақсы, ойыншықтарды қалай ұстау керек?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, ал топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек.
Себебі: топтың ойыншығы бәрімізге ортақ екен.
- Ойыншықтарды сындыруға, жыртуға болмайды. Ұқыпты ұстау керек.
Күтілетін нәтиже:
біледі: ойыншықтардың жасалу жолдарын білу;
игереді: ойыншықтармен ұқыпты ойнауды;
меңгереді: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтарды біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Анама сыйлық
Мақсаты: а) Әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.
ә) Әңгіме құрастыра білу, сөздерге тиісті қосымшаларды жалғай білу білігін дамыту, балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту. б) Аналарды ренжітпеуге, оларды әрдайым сыйлауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қонжық.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ театрындағы қонжық, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекет Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Қуыршақ театры: Қонаққа қонжық келуін сахналау.
Қонжықпен амандасады.



Ұйымдастырушылық- ізденістік


Қонжықпен әңгімелесу:
Қонжық: Мен орманнан келдім. Көктем мерекесіне анама сыйлық іздеп ем?
- Анам менің балды қатты жақсы көреді.
Тәрбиеші: Балалар бал тәтті ме еді әлде ащы ма?
- Ендеше ащы сөзін қайталайық. «Щ» дыбысына жаттығу орындату.
Ащ-ащ-ащ-ащы бұрыш.
Щ-щ-щ-щ - щётка.
Қонжық: Мен енді анама бал сыйлағым келеді. Ал сендер аналарыңа не сыйлайсыңдар?
- Тағы кім қандай гүлді сыйлайды?
- Балалар, кей уақытта да, де - сөздерін дұрыс қолдана білуіміз керек.
Мысалы: «Мен да» деген дұрыс па әлде «Мен де» деген дұрыс па? Әрине, «мен де» сөзі қолданылады. Сонда «Мен де анама раушан гүлін сыйлар едім» деген сөйлем дұрыс.
- Иә, балалар гүлдің де түрлері көп. Кім атап бере алады? Гүлдердің суреттерін көрсетеді. Қонжық: Балалар сендер көптеген гүлдердің атауын біледі екенсіндер. Осы гүлдерді де анамызға тарту етсек қуанады ма екен?
Гүлдер қандай болады?
Сергіту жаттығуы.
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған.
Сұрақ-жауап әдісі.
- Гүлдер қайда өседі?
- Қараңдаршы, таулар-де, аула-де, көшелер-да деп айтыла ма?
Әңгіме құрау: «Анама сыйлық»
Балаларға сыйлықтың әртүрлі болатынын түсіндіреді. Мысалы, гүлдің суретін салып немесе түрлі түсті қағаздан гүл жасап, сыйлауға болатын айтып түсіндіреді.
Дидактикалық ойын: «Гүл»
Мақсаты: балаларға гүл күлтелерінің түстерін атату. Сөз, сөйлем құрастырту арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Шарты: жұмыс дәптеріндегі «Гүлдің күлтелерін түрлі түсті етіп боя және әр күлтесіне сөз немесе сөйлем құра» тапсырмасын орындату. - Қонжық сен қайдан жүрсің?
- Е, анаң сенің нені жақсы көреді?
- Әрине, бал тәтті болады.
- Ащы, ащы, ащы. Сөздерді қайталайды.
Өз ойларын айтады.
- Менің анам раушан гүлін ұнатады. Сол себепті мен анама раушан гүлін сыйлаймын.
- Мен де анама раушан гүлін сыйлаймын. Анам ақ түсті раушан гүлін жақсы көреді.
- Мен де деген дұрыс.
- Гүлдердің түрлері: раушан, түймедағы, қызғалдақ, бәйшешек.
- Анамыз қуанады.
- Гүлдердің иісі хош иісті, жұпар иісті, ал түстері әртүрлі болады.
Сергіту жаттығуын орындайды.
- Тауларда да, аулаларда да, көшелерде де өседі.
- Жоқ, оларды дұрыс айту керек. Мысалы, гүлдер тауларда, аулаларда немесе көшелерде өседі.
Мысалы: Мен анама аналар мерекесін де, әкемнің көмегімен сыйлық алып бердім.
Дәптермен жұмыс жасай отырып, күлтелерді түрлі түсті етіп бояп, сөздер немесе сөйлем құрастыруға тырысады.
Мысалы: әдемі гүл, қызыл гүл, керемет гүл, нәзік гүл немесе гүл әдемі болып өсті.
Рефлексиялық - түзетушілік Оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау.
«Щ» дыбысын қайталап айтады.
Сыйлық түрлері туралы әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
біледі: гүл туралы мақал-мәтелдер білу;
игереді: өз ойын білдіруді;
меңгереді: көлемді әңгімелер құрауды біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы : «Ж» және «ш» дыбыстары
Мақсаты: а) «Ж» және «ш» дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету, осы дыбыстар кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
ә) Сөздегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың толық таза айтылуын бекіту. Дыбыстық қабылдауды дамыту (сөздегі берілген дыбысты дұрыс есту және анық айта білу).
б) Балаларды бірлікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үнтаспадағы күннің күркіреп жаңбырдың жауып тұрған дыбысы, тіл дамыту дәптер.
Сөздік жұмыс: жаңбыр.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Жұмбақ шешу.
«Күн ұзарып, қар еріп,
Су сайларға толады,
Балаларым айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?»
Балалардан қазір жылдың қай мезгілі және ай аттарын сұрау. - Бұл көктем мезгілінде болады.
- Қазір жылдың көктем мезгілі. Көктем мезгіліне наурыз, сәуір, мамыр айлары жатады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік
Ұйымдастырушылық- ізденістік




Үнтаспадан күннің күркіреп, жаңбырдың жауып тұрған дыбысы қойылады.
- Балалар бұл ненің дыбысы?
- Жаңбырдан басқа тағы да ненің дыбысы естілді?
- Иә, балалар, көктем мезгілінде күн күркіреп, найзағай ойнап жаңбыр жиі-жиі жауады екен.
- Кәне, бәріміз бірге «Күн күркірейді» деп қайталайықшы.
- Енді күн күркірегенде міндетті түрде не жауады?
- Ендеше бәріміз әдемі саусақтарымызбен бірге жаңбырдың дыбысын салайық.
- Балалар, сендер білесіңдер ме, жаңбыр жаумас бұрын далада қандай табиғат құбылысы болады?
- Кәне, ойланайықшы, ол «гу-гу» деген дыбыс шығарып, гуілдейді?
- Кәне, балалар гуілдеп енді жел болайықшы.
- Балалар, біз жел, жаңбыр болдық. Енді осы «жел», «жаңбыр» сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
- Көктем мезгілінде жәндіктер де шыға бастайды.
Балалар, бәріміз «ж-ж-ж» деп қайталайықшы
- Қандай жәндік осындай дыбыс шығарады? (Қоңыздар).
Енді бәріміз аралар мен қоңыздар секілді канатымызды жайып жіберіп, «ж-ж-ж» деп ұшайықшы.
«Ж» дыбысы бар буындар мен сөздерді қайталату.
Жа-жа-жа - жалау, жаз.
Жо-жо-жо - жол, жоқ.
Жу-жу-жу - жусан
Жы -жы-жы - жылан, жылы.
Жи-жи-жи - жидек.
Же-же-же - жер.
Енді «Ж» дыбысын ауада жазып көрейік.
Сергіту жаттығуы.
І-нұсқа
Жау-жау, жаңбыр, жау жаңбыр!
Жауған жаңбыр - жауған нұр.
Жердің шаңы басылсын,
Гүлдің аузы ашылсын.
Ұйымдастырушылық- ізденістік (Ж.Смақов)
II нұсқа
Жел соқты гу-гу,
Жаңбыр жауды тырс-тырс,
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды,
Шаң басылды.
- Аспанға түрлі түсті кемпірқосақ асылды.
- Балалар, жаңбыр жауғанда жердің несі басылады екен?
- Иә, жауғаңнан кейін жердің шаңы басылады. басылып, ауамыз тазарып, табиғат тамаша күйге енеді.
- Жаңбырдан кейінгі таза ауамен тыныстап демалайық.
- «Шаң» сөзін айтқанда қай дыбыстан басталып тұр? (Шаң - шаң - шаң)
«Ш» дыбысын дұрыс естіп ажыратуға арналған жаттығулар орындау:
Нұсқа
Ша-ша-ша-шаң, шана
шу-шу -шу - шуда
шы-шы -шы - шыны
ше-ше -ше - шелек
ши-ши -ши - шие
шө-шө -шө -шөп
ош-ош- ош-ошақ
ІІ-нүска
Аш-аш-аш-ашық
ұш-ұш-ұш-ұшқыш
ыш-ыш-ыш-қыш
өш-өш-өш-көш
ош-ош-ош-қошақан
(Ескерту: Осы екі нұсқаның біреуін ғана қолданыңыз)
«Ш» дыбысының жазылуын ауада көрсету.
Өлең оқу: «Жаңбыр»
Тырс-тырс!
Жаңбыр кеп жауады,
Тамшылар тамады,
Тырс -тырс!
Терезе қағады,
Жылғалар ағады,
Тырс-тырс!
Көшелер тазарды,
Кір үйлер ағарды,
Тырс -тырс!
Жаңартып ауаны,
Жұмбақ шешу.
Өз қалпағын жасынан
Тастамайды басынан.
- Балалар, қайда және қай кезде өседі?
Ендеше осы «Саңырауқұлақ» ойынын ойнайық.
Ойын: «Саңырауқұлақ»
Ойын шарты: бір бала саңырауқұлақ болады, қалғаны балапандар. Бір бала
«Саңырауқұлақ» болып отырады. «Жаңбыр жауды» дегенде саңырауқұлақ өседі. Яғни орнынан тұрып, қолдарын жаяды. Ал балапандар саңырауқұлақ астына тығылады. «Күн шықты» деген де балапандар орнына барады.
Жұмбақ шешу.
Егер ж-дан бастасақ,
Жыл мезгілі болады.
Егер қ-дан бастасақ,
Құсқа айнала қалады.
Оку іс-әрекетті жаңылтпаштармен қорытындылау.
I нұсқа
Жақсы қайшы,
Қайсы қайшы.
II нұсқа
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш. Тыңдайды.
- Бұл - жаңбырдың дыбысы.
- Күннің күркіреген дыбысы.
- Күн күркірейді.
- Жаңбыр жауады.
Саусақтарымен үстел үстін тырсылдатып, жаңбырдың дыбысын келтіреді.
- Жел тұрады.
Бәрі қолдарымен тербеліп, гуілдейді.
- «Ж» дыбысынан басталып тұр.
- Жәндіктерге ара, маса, шыбын, қоңыз, көбелек т.б. жатады.
- Ж-ж-ж.
- Қоңыздар.
Бәрі ызылдап ұшуды бейнелейді. Бәрі қайталайды.
Тәрбиешіге қарап, «ж» дыбысын ауада жазады.
Қимыл-қозғалыспен орындайды.
Тыныстайды, демалады.
«Ш» дыбысынан басталып тұр Әңгімелейді.
Тәрбиешімен бірге ауада жазады.
Өлең жолдарын балалар мұқият тыңдайды.
Дәптерлерін ашып, тапсырманы орындайды.
- Жауабы: саңырауқұлақ.
Қойылған сұраққа жауап береді.
Балалардың ішінен бірі «саңырауқұлақ» болады, ал қалғандары «балапандар» болады. Педагогтің бұйрығын тыңдап, жылдам ойнауға тырысады.
- Жұмбақтың жауаптары: жаз, қаз.
Рефлексиялық - түзетушілік Оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау.
«Ж», «ш» дыбыстарын қайталайды, осы дыбыстар кездесетін сөздерге мысалдар келтіреді.
Күтілетін нәтиже:
біледі: көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстарын және олардың атауларын;
игереді: «Ж», «ш» дыбыстарын дұрыс айтуды;
меңгереді: сұраққа толық жауап беруді біледі.
№ 27 технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қуыршаққа бөлмесі
Мақсаты: а) Балаларды жиһаздардың атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру, сөйлеу барысында зат есімдер мен сын есімдердің сандық және септеулік түрленуін қолдана білуге баулу.
ә) Баланың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
б) Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бөлме.
Қолданылатын көрнекі құралдар: дорба, қуыршақ, машина, доп секілді ойыншықтары бар, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Амандасу. Іші ойыншыққа толы дорбаны балаларға көрсетіп: - Балалар, мына ғажайып дорбаға назар аударайық. Ішінде не бар екен?
Балалар дорбаға қызыға қарайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Ойын: «Ғажайып дорба» Мақсаты: балалардың сипап сезу қабілетін дамыту. Заттың атын атату.
Шарты: балалар кезекпен дорбаға қолдарын салып, ұстап, сипап көру арқылы заттың атын атайды. Мысалы: Мұнда кішкентай ойыншық машина бар. Машинаны көбіне ер балалар ойнайды. Машинаның дөңгелектері болады. Машинаның түрлері көп. Олар жүк машинасы немесе женіл машина сияқты түрлері бар.
Жұмбақ шешкізу.
Ағайынды төрт батыр,
Көтергені бір шатыр. Ол не?
- Балалар, ағайынды төрт батыр дегені төртеуі де бірдей ағайыңдылар секілді, үстелдің үстіңгі бөлігін тіреп тұрады екен. Оның үстіңгі бетін шатырға теңеп тұр.
Дәптермен жұмыс: жұмыс дәптеріндегі «Суреттегі заттарды ата. Олар не үшін керек?» тапсырмасын орындату.
Сергіту жаттығуы.
Жуын, жуын, жуынсақ,
Қандай жақсы қуыршақ!
Әйтпегенде, бөпешім,
Кірлеп кеткен екенсің.
Қазір аппақ боласың,
Қуанады анашың.
(М.Жаманбалинов)
Дидактикалық ойын: «Біз де» Мақсаты: Баланың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту. Ойын шарты: ойын жүргізуші ортаға шығып, өзінің ойын айтады. Ойынға катысушылар «біз де» деп қосылып айтады. Егер келіспесе, «жоқ» деген жауап қайтарады. Мысалы:
- Мен балабақшаға барамын.
- Көшеде ата-анамды тыңдамаймын.
- Педагог апайды тыңдаймын.
- Топтағы ойыншықтарды сындырамын. - Дорбада доп бар. Доп дөңгелек болып келеді. Допты жерге ұрсаң секіреді. Онымен бірнеше ойындар ойнауға болады.
- Ал мұнда қуыршақ бар. Қуыршақпен көбіне қыздар ойнайды. Қуыршаққа үй жасайды. Оларды жуындырады, әдемілеп киіндіреді.
Балалар педагог сөзін мұқият тыңдап дұрыс жауап беруге тырысады.
Жұмбақтың жауабы: үстел.
Балалар дәптерлерін ашады, ондағы суреттерді атап, түсіндіреді. Мысалы:
- Мен суреттен орындықты көріп тұрмын. Орындық адамға отыру үшін керек.
Балалар сергіту жаттығуын орындайды.
Балалар ойынның шартын мұқият тыңдап, педагогтің айтқан сөзіне көңіл аударады.
- Біз де. -Жоқ.
- Біз де.
-Жоқ.
Рефлексиялық - түзетушілік Үй жиһаздарының не үшін керек екендігін толығымен айтып жеткізуге ұсыныс білдіру.
Балалар ұсынысты қабылдайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтар білу;
игереді: үй жиһаздарының не үшін қажет екендігін;
меңгереді: жиһаздарды ұқыпты пайдалану керек екендігін біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Суреттеу бойынша тап (дидактикалық ойын)
Мақсаты: а) Балаларды заттар мен ойыншықтардың сипаттық бейнесін баяндау арқылы әңгімелеуге үйретуді жалғастыру, балалардың сөздік қорын ұлттық дүниелер атауымен байыту (сандық-әбдіре, малақай-тымақ, желпеуіш, жалған шаш, теңге сөздерінің мәнін, қолдану аясын түсіндіру).
ә) Зат есімдер сын есімдерді байланыстырып айта білу дағдыларын дамыту; сипаттау мәтінін құрастыра білуге үйрету.
б) Киімді күтіп киюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: сандық.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, дәптер, сандық, желпуіш, жалған шаш (парик).
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог өзінің бүгінгі оқу іс-әрекетін жұмбақ шешкізу арқылы бастағысы келіп тұрғанын жеткізеді.
Жұмбақ
Төртбұрышты, бір ауызды.
Жауабын табу үшін ойланады.
- Жұмбақтың жауабы: сандық.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Демонстрациялық құралмен жұмыс (сандықтың суреті) Балалар назарын суреттегі сандыққа аударту, сандық туралы суретке қарап әңгімелеу керектігін айту.
Сандыққа не салуға болатынын, ерте кезде ата-әжелеріміз сандыққа қандай бұйымдарын салғанын сұрау.
Сандықтың «әбдіре» деп те аталатыны айтылып өтіледі.
Демонстрациялық құралмен жұмыс (малақай мен тымақ суреті)
Балалар назарын малақай мен тымақтың суретіне аудару. Суреттегі заттарды бір сөзбен қалай аталатынын және олар киімнің қай түріне жататынын, жасалғаны, қай мезгілде киілетінін, олардың атауларын, қажеттілігін және олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы сұралады.
- Балалар, бас киімді тебуге болады ма? Үйде жерде жатса не істейміз?
«Қызыл малақай» өлеңін оқу.
Алақай-ау, алақай,
Киіп алдым малақай.
Қызыл жіптен тоқылған,
Өрнектері жасылдан
Ұнатамын мен оны
Тастамаймын басымнан.
Ж.Кенжеғалиева
Педагогке мәлімет: Тымақ - аңның немесе малдың терісінен тігілетін бас киім. Оны «Түлкі тымақ» немесе «Елтірі тымақ» деп те атайды. Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұратын артқы етегі болады. «Малақай оны құндыз, бұлғын, сусар, түлкі, қарсақ т.б. аңдар, құлын, бұзау, қозы мен лақтың елтірісінен тігеді. Малақай маңдайдан екі құлағы мен төбесінен және артқы құлағынан тұрады. Оның сайларының түйісетін ұштары үшкір болады да, етек жағы тік тәрізді болады. Малақайды «Құлақшын» деп те атайды. Ол ерлердің салқында киетін бас киімі).
Дәптермен жұмыс: дәптерде «Малақай мен тымақтың екінші бөлігін тап» тапсырмасын орындау.
Сергіту жаттығуы:
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
Ол жұмбақты тыңдайық,
Шешпей оны тынбайық.
(сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.)
Балалардың назарын үстел - үстіндегі сандыққа аударып, сандықты ұстап көрсетіп, оның неден жасалғаны, қандай ою-өрнекпен безендірілгені туралы әңгімелеу.
Сандықты ашып оның ішінде не бар екенін білу үшін суреттеу бойынша табу қажет екені түсіндіріледі.
Ортаға бір баланы шығарып, ол сандықтың ішіндегі (желпуіш, жалған шаш, теңге) біреуін таңдап, оны басқа балаларға суреттеп, сипаттап жасырады. Ал балалар, суреттеу бойынша ол не зат екенін табу керек.
Педагог сол сияқты жалған шаш пен желпуішті суреттеп жасыруға бағыт бағдар береді.
Мазмұнды - рөлді ойын:
«Дүкенші» Мақсаты: Дүкенге келген сатып алушы мен сатушы арасын байланысты көрсете отырып, мәдениеттілікке, әдептілікке баулу.
Ал енді балалар мен сендерге санамақ оқып берейін.
Санамақ: «Киім-бұйым»
Бір дегенім - бөрік,
Кисең берді көрік.
Екі дегенім - етік,
Киер сәнді етіп.
Үш дегенім - ішік,
Теріден тігер пішіп.
Төрт дегенім - тымақ,
Қыста кисең жылы-ақ..
Бес дегенім - байпақ,
Іші жылы жайпақ.
(М.Қуанышбаев)
Назарларын суретке аударып, сандықты сипаттайды (оның пішінін, безендірілген ою-өрнек түрлері, оның ішіне не салуға болатынын айтады), әңгімелейді.
- тымақ, малақай
- мал, аң терісінен тігілетін қыстық баскиім. (Төбесі биік, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болатындығын педагогтің көмегімен айтады.
- Әрине, болмайды. Жерде жатса оны жоғарыға көтеріп қоямыз. Жерде жатса, ол кірлеп қалады. Сол үшін баспай көтеріп қоюымыз керек.
Тақпақты балалар Педагог соңынан қайталайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Балалар сандыққа назарын аударады. Сандықтағы ою - өрнектердің атын атап, неден жасалғаны жайында айтылады.
Мысалы: «теңге» ол қағаздан немесе темірден жасалады. Қағаздан жасалған түрі төртбұрышты, ал темірден жасалған түрі - дөңгелек. Ол бізге қажет. Дүкенге барғанда біз ол затсыз бара алмаймыз. «Кәне, ол не екенін кім айтады?» деп бала өз бетінше сұрақтар қоя білуге дағдыланады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар санамақты мұқият тыңдап, қимылын келтіре отырып жасайды.
Тыңдап, қайталайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Оқу іс-әрекетті қорытындылап, жаңа сөздерді қайталату.
Жаңа сөздерді қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жаңа заттарды, олардың атауын білу;
Игереді: заттарды сипаттау арқылы әңгімелеуді;
Меңгереді: өз ойын жеткізіп, сұраққа толық жауап беруді біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Күшік неге көңілсіз? (сурет бойынша шығармашылық әңгімелеу)
Мақсаты: а) Балаларды сурет бойынша әңгіме құруға, күшік сөзіне қандай анықтауышты үйлестіруге болатынын көрсету. ә) Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
б) Тілдік қорын дамыту.
Сөздік жұмыс: күшік.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптер, жұмсақ ойыншық күшік
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Жұмбақ жасырылады:
«Адамға серік,
Күзетке берік» Ол не балдалар?
- Балалар, ит қандай жануар түріне жатады?
- Иттің баласын не деп атаймыз?
- Күшік қандай дыбыс шығарады?
- Кәне, ендеше бәріміз күшік сияқты үрейікші
(Әуп-әуп). Жұмбақтың жауабы ит екендігін табуға атсалысады.
Иттің үй жануары
екенін айтады.
- Иттің баласын күшік
деп атаймыз.
Күшік үретінін баяндайды.(Әуп-әуп). Күшіктің дыбысын салып үруге талпынады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Демонстрациялық құрал (Көңілсіз күшіктің сурет)
- Балалар, суретте нені көріп тұрсыңдар?
- дұрыс айтасыңдар.
- Ал күшіктің көңіл күйі қандай екен, кім айтады?
- Ол неліктен көңілсіз, жабырқаулы деп ойлайсыңдар?
- Күшік кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді, ақылды, құлақтары ұп-ұзын, жүні жұп-жұмсақ, бірақ күшік көнілсіз, жабырқаулы. Heге ол көңілсіз, жабырқаулы?
- Мүмкін өзінің атын ұмытып қалған шығар?
Кәне, оған ат қойып көрейікші.
- Бәлкім, ол өзінің атын естігенде көңілденетін шығар?
- Ол көңілденбеді, әлі де жабырқаулы. Енді не істесек болады?
Сергіту жаттығуы:
«Қолғабысы күшіктің»
Тақиясын ұшырып
Жел інімді жылатты
Бірақ оны күшігі
Әкеп беріп жұбатты.
(А.Сәрсеков)
(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау).
Қазыр біз дәптерімізді ашамыз,, күшіктің көңілін көтеру үшін тапсырманы орындайық.
Дәптермен жұмыс: дәптердегі «Күшікке сүйекке жету жолын бастыр» тапсырмасын орындату Күшік кішкентай, сүйкімді, бірақ оның көңілсіз екенін суретке қарап жеткізеді.
«Досын, анасын жоғалтып алды, мүмкін ауырып тұрған шығар, сондықтан көңілсіз», — деп әртүрлі жорамалдар айтады.
Өздері білетін әртүрлі аттарды атайды. Мысалы: Ақтөс, Бөрібасар, Бим.
Қимылдар көрсетеді.
Өз ойларын айтады.
Дәптерді ашып, күшікке сүйекке жетуге көмектеседі.
Рефлексиялық - түзетушілік - Біздің күшігіміздің көңілі көтерілмеді. Біз енді үйге барған соң ғаламтор (интернет), телефон арқылы хабарласып күшік туралы мағлұматтар жіберіп, оның иесін табуға көмектесейік. Сендер де ата-аналарыңнан көмек сұрап, күшікті сипаттап ғаламтор желісіне жіберіңдер.
- Біз солай күшікті қуантсақ нұр үстіне нұр болар. Күшікпен қоштасып оған жылы сөздер мен тілектер арнау. Ата-аналарынан, аға- әпкелерінен көмек сұрап, күшікке қол ұшын беретіндіктерін, дос екендіктерін баяндайды.
Күшікпен қоштасып, ертең-ақ оның иесінің табылып қуанатынына тілектестік білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өз ойын жеткізе білуді, суретке қарап әңгіме құрауды;
Игереді: шешім қабылдауды, сұраққа толық жауап беруді;
Меңгереді: жылы сөздер мен тілектер айтып жұбатуды біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ертегіде қонақта
Мақсаты: а) Балаларды сурет бойынша, өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндай білуге үйретуді жалғастыру. Сөздік қорларын сөйлеу барысында қолдана білулерін белсендіру.
ә) Үлкенге, кішіге көмек бере білуге тәрбиелеу.
б) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру.
Сөздік жұмыс: тышқан.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Текшенің 6 жақ бетінде әр ертегінің кейіпкерлері болу керек. Тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Шаттық шеңбер: «Жылы сөздер»
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады, кезекпен - кезек бір-бірінің қолын ұстау арқылы жылы сөздер айтады. Мысалы: Әйгерім, сен сондай ақылды қызсың! Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір - бірлерінің қолдарын ұстап жылы сөздерін айтады.
- Рақмет, апай. Әйгерім келесі балаға қарап: Азамат, сен сондай тәртіпті баласың!,
- дейді. Азамат: Рақмет, Әйгерім. Ол келесі балаға қарап: Аружан, сен сондай әдемі қызсың. Аружан: Рақмет, Азамат,
- дейді. Ойын осылайша жалғаса береді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Ғажайып сәт: Ортаға ғажайып текшені алып келу.
- Балалар, бұл не?
- Балалар, анықтап қарасақ, текшенің бетінде әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің суреттері бар.
Дидактикалық ойын:
«Ғажайып текше!»
Ойын шарты: Шеңбер болып тұрамыз, ортаға текше тасталынады. Текшеде қандай кейіпкер суреті түссе, сол ертегі жайында айтып береміз.
Мысалы: текшеден ата, әже, қыз, ит, мысық, тышқан суреті кездесті делік. Бүл ертегінің аты қалай?
- Содан соң атай не істепті? Келесі баладан жалғасын сұрайды.
- Одан кейін олар кімді шақырды?
- Соңында шалқанды қалай жұлып алды?
- Жақсы сонда кішкентай тышқан қандай болыпты?
- Тышқанның дыбысын салайықшы?
- Иә, тышқан шиқылдайды екен. Тышқанды не аулайды?
- Ал енді мысықтың дыбысын салайықшы?
Ал енді орнымызға отырамыз.
Дәптермен жұмыс: дәптердегі «Ертегі кейіпкерлерінің кезекпен тұру ретін сызық арқылы қос» тапсырмасын орындау.
- Балалар ертегіде атайға барлығы көмектесіпті. Ал сендер үйде үлкендерге көмек бересіңдер ме?
Сергіту жаттығуы:
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
1,2,3 (мұрынмен дем алып)
Демімізді алайық. (сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл - қозғалыс арқылы орындау.) - Бұл - текше.
Ойын шартын мұқият тыңдап, шеңбер болып тұра қалады.
«Шалқан» ертегісін әңгімелейді. Әр сұраққа толық жауап беруге тырысады.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Балалар сергіту жаттығуын орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Ертегі мазмұнын кез келген жерінен жалғастырып кетуге дайын отыруға ұсыныс білдіру.
Балалар ұсынысты қабылдайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің көптеген түрлерін білу;
Игереді: ұқыптылықты игереді;
Меңгереді: ертегі кейіпкерлерін сахналауды біледі.
№ 31 технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Не дәмді?» ертегісі
Мақсаты: а) Ненің дәмді екенін ажыратуға, дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету.
ә) Асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
б) Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой - түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.
Сөздік жұмыс: жұлдызқұрт.
Қолданылатын көрнекі құралдар: алма жемісі, тіл дамыту дәптері, қоржында көкөністер мен жемістердің муляждары.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Амандасу. Алма салған себетті көрсету.
Балалар қуанышты сезімде болады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Ғажайып сәт: Алманы барлық бала иіскеп көреді.
- Алма сендерге ұнай ма?
- Ал мұнда алманы жұлдызқұртта жақсы көреді екен. Бәріміз дәптерді ашамыз.
Дәптермен жұмыс: Тіл дамыту дәптеріндегі «Жұлдызқұрттарға алманың дәніне жетуге көмектесейік!» тапсырмасын орындату.
- Балалар, бізге алма жеген ұнайды екен, жұлдызқұртқа да алма ұнады.
- Ал енді мен сендерге «Не дәмді?» ертегісін оқып беремін.
Ертегі оқылады:
Бір бас қосқанда құстар мен хайуаңаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты. Сонда Тауық:
- Ең дәмді тамақ-тары, - депті қыт-қыттап.
- Тапқан екенсің, дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін!
- дейді Ит абалап.
- Бәрің де білмейсің. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ, - дейді Қоян, екі құлағын тікірейтіп.
- Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді! - деп, Ешкі маңырапты.
- Шіркін, қою сүтті айтсаңдаршы !-деп мысық тамсанады.
Сөйтіп, әркім өзі сүйетін тағамды мақтап, қызыл кеңірдек болысып, бәтуаға келе алмай, тарасыпты.
- Ал, балалар, ертегіден нені түсіндіңдер?
- Балалар, өз үйлеріңде аналарын немесе әкелерің және өзің нені жақсы көресіңдер?
- Көрдіңдер ме? Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар. Қандай да тамақ болсын, жиіркеніп жеуге болмайды. Астын бәрі дәмді де, тәтті.
- Балалар, бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса, не істейміз?
«Нан қиқымын, шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар» - деген өлең бар, ешуақытта асты басып кетуге болмайды. Нанды да, асты да қадірлеуіміз керек.
Сергіту жаттығу:
Алма баққа барайық,
Алма жинап алайық,
Ен үлкенін дәмдісін,
Әжемізге сыйлайық.
Дидактикалық ойын: «Бұл не?» Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажыратып, дәмінің айырмашылығын және пішінін айта білуге үйрету. Ойын шарты: баланың көзі жұмылады. Қоржынға салынған көкөністер мен жемістер қолдарына алып, оның дәмі қандай болатынын және пішінін айтып, атын атау керек. Балалар
қызығушылықпен жасайды.
- Әрине, ұнайды. Себебі: алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта өседі. Ол қызыл, сары кейде жасыл болып келеді. Алма дөңгелек болады.
Дәптердегі тапсырманы орындауға тырысады.
Балалар мұқият тыңдап мазмұнын айтуға тырысады.
- Құстар мен хайуанаттар бірігіп отырған уақытта, әркім өзінің жақсы көретін тамағын мақтапты. Мысалы, тауық тарыны мақтапты. Ит өзінің сүйегін аңсапты.
Ешкі шыбықтың қабығын, мысық қою сүтті аңсапты. Сөйтіп кұстармен хайуанаттар бір не дәмді деген сөзге келе алмапты.
Мысалы, Анам етті, әкем палауды тамақты, ал өзім бәліш жегенді ұнатамын.
- Әрине, қиқымы шашылса теріп аламыз.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Ойынды балалар қызыға ойнайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Ойында тапқан жемісімізді немесе көкөністі сипап сезу арқылы жылдам баяндап беру керек екенін айту.
Балалар ұсынысты қабылдайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жемістердің көкөністерден айырмашылықтарын жылдам айта білу;
Игереді: көкөністер мен жемістерді ажыратуды;
Меңгереді: тез ойланып, тез жауап беруді біледі.

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қолғап (украин халық ертегісін сахналау)
Мақсаты: а) Ертегіні тыңдай білуге және қайталап дауысын айнытпай салуға үйрету және оң-сол ұғымдарын бекіту. ә) Бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
б) Сахнада ойнай білу іскерліктерін дамыту. Сөйлеу мәнері мен қарқынына аса мән бере отырып, кейіпкерлер бейнесін көркем сомдауға, олардың ішкі жан-дүниесін жеткізе суреттеуге ұмтылыстарын арттыруды дамыту.
Сөздік жұмыс: қолғап.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері, ыңғайы келсе, ертегі кейіпкерлерінің киімдері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Жұмбақ жасыру:
Бес балаға бір бешпент,
Бірге киіп, бірге шешпек.
Ол не балалар?
- Балалар, қолғап бізге не үшін керек?
- Қолғап нешеу болады?
- Қолғап қандай болады?
- Қолғап.
- Қыс мезгілінде қолымыз тоңбас үшін керек.
- Қолғап екеу болады. Өйткені екі қолымыз бар ғой.
- Қолғап әртүрлі болады. Түстері де әртүрлі болады, қалың қолғап, жұқа да қолғап бар.
Ұйымдастырушылық – ізденісті Ұйымдастырушылық- ізденістік Ұйымдастырушылық – ізденістік
Ұйымдастырушылық – ізденістік
- Ендеше, мен бүгін сендерге «Қолғап» атты ертегі мазмұнын түсіндіріп беремін. Ал бәріміз оқылған ертегі желісімен ертегіні сахналаймыз. Кім тышқан болғысы келеді?, Кім бақа, қоян, түлкі, қасқыр, қабан, аю болғысы келеді?
«Қолғап» ертегісі
Ертеде бір атай күшігімен орманда келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты. Оны көрген Тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын», - депті.
Одан кейін Бақа секіріп келіп: Мына қолғапта қайсысын тұрасың?», - депті. Тышқан: Мен шиқылдауық Тышқанмын, Ал сен кімсің? -деп сұрапты.
Бақа: Мен бақылдауық Бақамын. Мені кіргізші? -депті.
Тышқан: «Кел», - депті. Сөйтіп, олар қолғаптын ішінде екеу болыпты. Міне, Қоян да жүгіріп келіп, қолғапқа жақындап: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»,
- депті.
Тышқан, Бақа: «Шиқылдауық тышқанмын, бақылдауық Бақамын. Ал сен қайсы жануарсың?» - деп сұрапты. Қоян: «Мен желаяқ Қоянмын. Мені де кіргізіңдерші?» -депті.
Олар: «Кел» - депті. Сөйтіп олар үшеу болыпты. Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысын тұрасың?»
- депті. Олар:
«Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын. Ал сен өзің қай жануарсың?» - депті.
Түлкі: «Мен әпкелеріңмін. Кіргізіңдерші мені де» - депті. Олар: «Жарайды, кел», - депті. Сөйтіп, Қасқыр да келіпті: «Мына қолғапта қайсысың тұрасын?», - депті. Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін. Ал сен өзің қай жануарсың?» - депті.
Қасқыр: «Ал мен Қасқыр ағаларынмын , кіргізіңдерші мені де»,-депті.
Сөйтіп, қолғапқа бесеуі де сыйып кетіпті. «Хро-хро-хро»,
- деп қабан жүгіріп келіп: Мына қолғапта қайсысың тұрасың?», - депті. Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін, ал мен Қасқырмын. Ал сен өзің қай жануарсың?» - депті.
Қабан: «Мен Қабанмын, мені де кіргізіңдерші», - депті. Олар: Сен мұнда қалай кіресің? - дейді. Қабан: «Мен кіре аламын, жіберсеңдер», - депті. Олар: «Жарайды, кіре ғой» - депті.
Сөйтіп, олар алтау болыпты. Оларға қолғаптың іші тар болыпты. Сөйтіп отырғанда Аю келіп: Мына қолғапта қайсысың тұрасың?», - депті. Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін, ал мен Қасқырмын. Мен Қабанмын. Ал сен өзің қай Сергіту жаттығуы:
«Қолғабысы күшіктің»
Тақиясын ұшырып
Жел інімді жылатты
Бірақ оны күшігі
Әкеп беріп жұбатты.
(А.Сәрсеков)
(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау).
Аю: «Қалай көпсіңдер, мені де кіргізіңдерші?»
Олар: «Қалай кіргіземіз, өзі іші тар болып тұрса?» Аю: «Қалай болса да сыйысамыз?» - депті. Олар: «Жарайды, кел жанымызға»
Сөйтіп, аю да сыйып, жетеу болыпты. Қолғаптың іші тар, міне, жарылайын деп тұрғандай. Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екенін байқап қалды. Сөйтіп, қайта кері қарай жүрді, ал иті болса алдыға қарай жүгіріп кетті. Жүгіріп жүгіріп келе жатып, қолғапты көрді. Қолғап қозғалып жатыр. Ит сонда: «Әуп-әуп-әуп», - деп үрді. Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып, барлығы жан-жаққа қашып кетті. Атай өз қолғабын көріп, алып кетті.
Сүрақ - жауап:
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Балалар, ертегі не жайында айтылған?
- Иә, ертегі кейіпкерлері бір-бірімен таласпай, бірін-бірі итермей бәрі сол бір қолғаптың ішіне сыйыпты. Көрдіңдер ме?
Біз де осылай дос болуымыз керек. Біздің топта қанша бала болса, сонша біздің досымыз көп екен.
Мақал-мәтелді қайталайық:
«Досы көпті жау алмайды»
Сергіту жаттығуы:
Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Қосып едім, екеуін, Болады екен он саусақ..
Дидактикалық ойын:«Сыңарын тап»
Мақсаты: Оң - солды ажырата білу, қолғаптың сыңарын дұрыс табуға үйрету. Балалар келіседі.
Бір-бірлеп ертегі кейіпкерлерінің рөлін алып, әр кейіпкердің бейнесін іс-қимылмен, дауыс ырғағымен келістіруге тырысады.
Тышқан рөліндегі бала шиқылдап, жүгіріп келіп: Мен енді осында тұрамын, - дейді.
Бір бала секіріп бақа болып: Кім, кім мына қолғапта тұрады? - дейді.
Тышқан: Мен шиқылдауық Тышқанмын, Ал сен кімсің?
Бақа: Мен Бақамын. Мені кіргізші? Тышқан: «Кел»
Тышқан, Бака: «Шиқылдауық тышқанмын, бақылдауық Бақамын. Ал сен қайсы жануарсын?» - деп сұрапты.
Қоян: «Мен желаяқ Қоянмын. Мені де кіргізіңдерші?» - депті.
Олар: «Кел» - депті. Сөйтіп олар үшеу болыпты. Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?» -депті. Олар:
«Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын. Ал сен өзің қай жануарсың?» - депті.
Түлкі: «Мен әпкелеріңмін. Кіргізіңдерші мені де» -депті.
Олар: «Жарайды, кел», - депті.
Сөйтіп, Қасқыр да келіпті: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?», - депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін. Ал сен өзің қай жануарсың?» - депті.
Қасқыр: «Ал мен Қасқыр ағаларыңмын, кіргізіңдерші мені де», - депті.
Осылайша балалар әр кейіпкердің рөлін сомдайды.
Әр жануардың дауысын дұрыс салуға тырысады.
Әрине, ұнады.
Ертегі бірлік, досты жайында айтылған.
«Досы» көпті жау алмайды» мақал-мәтелін қайталайды
Сергіту жаттығуын орындайды
Дәптерді ашып, тапсырмны орындайды
Рефлексиялық - түзетушілік Дәптермен ұқыпты жұмыс жасауға ұсыныс білдіру.
Ұсынысты қабылдайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: оң мен солды ажыратуды;
Игереді: өз ойын еркін жеткізуді;
Меңгереді: жануарлар дауысын салуды біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жаңа үйді кім тұрғызды? (шығармашылық әңгіме ҚҰРУ)
Мақсаты: а) Балаларды шығармашылық жұмысқа ынталандыру, сюжетті дамыта келе, жай және күрделі сөйлемдерді қолдана отырып, ойлау деңгейлерін арттыру, құрылыс құралдарын ажыратуға үйрету.
э) Бір-біріне көмектесе білуге, ауызбіршілікке, еңбектенуге тәрбиелеу.
б) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру.
Сөздік жұмыс: шеге, үй салды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Демонстрациялық құрал:
(Үйшік ертегісінің кейіпкерлерінің суреті)
- Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкерлері?
- Кәне, суретте нелерді көріп тұрмыз, атайықшы? Бұл ертегі «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлері.
Суретте үйшік, үйшіктің ішінен тышқан, бақа, қоян, түлкі, аю бейнеленген .

Ұйымдастырушылық – ізденістік Ертегіні мазмұндау:
- Балалар, ертегі не жайында айтылған еді?
Үйшікті ең алғаш не көрді?
- Өте жақсы, балалар. Балалар бір тышқан өзі ғана бір үй сала алар ма еді?
- Міне, біріккеннің аркасында өздеріне үй жасап алды. Үйді тұрғызған нелер екен?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, еңбексіз үй бітеді ме?
Сергіту жаттығуы: «Еңбек»
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Оның аты енбек.
Қырға шықсаң өрлеп,
Оның аты еңбек
Қиындықтың бәрін,
Еңбек ғана жеңбек (Н.Жанаев)
(Тәрбиеші жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындату және екі рет қайталату.)
Демонстрациялық құрал:
«Сурет бойынша әңгімеле»
(Суретте құрылыс жасап жатқан адамдар суреті.)
Дидактикалық ойын: Не қажет?
Ойын шарты: дәптердегі «Құрылыс салуға қажетті құралдарды қорша» тапсырмасын орындау.
- Ертегіде ең алғаш үйшікті Тышқан көрді. Тышқан ол үйшікке кіріп көрсе, ішінде ешкім болмады. Содан бері үйшікте Тышқан жалғыз өзі тұра берді. Одан кейін оған Бақа қосылды. Бақа мен Тышқан үйшікте тұрып жатса, оларға секіріп Қоян келді. Сөйтіп, үшеуі тату-тәтті өмір сүріп жатса, оларға Түлкі келіп қосылды. Ең соңында Аю да осы үйшікте тұрғысы келді. Аюға: «сыймайсың» деп еді, Аю ренжіді. Содан есікке сыймаған аю шатырдан кіргісі келді. Аю шатырға көтерілгенде, үйшік бұзылды. Аю қатты ұялды. Бірақ оған Тышқан, Бақа, Қоян, Түлкі еш ренжімеді.
Керісінше, кайтадан барлығы бірігіп, үй тұрғызды.
Аю ағаштарды жонды, Түлкі тақтайларды беріп тұрды, Тышкан тақтайларды алып тұрды, Қоян шегеледі, ал Бақа әдемі өрнектер салды. Осылайша өздеріне әдемі етіп үй салып алды.
- Жок, талмай енбектенсе ғана біз көп жеңіске жетеміз.
Сергіту жаттығуын орындай
дәптерлерін ашып, тапсырманы орындайды.
Рефле- түзетушілік Ойды толық сөйлеммен жеткізе білдіруге дағдыландыру.
Ұсынысты қабылдайды..
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үйдің құрылысын білу;
Игереді: сурет бойынша әңгімелеуді;
Меңгереді: үйді құрастырма ойыншықтардан үй құрастыра біледі
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Серуенде ... (Өз тәжірибелерінен әңгімелеу)
Мақсаты: а) Еңбек туралы білімдерін кеңейту.
ә) Тазалыққа тәрбиелеу.
б) Өз тәжірибесін әңгімелей білу қабілеттерін дамыту (Сурет мазмұнын зерттеу бойынша), баланың зейінін дамыту.
Сөздік жұмыс: серуен.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балалардан шеңбер болып тұрып, таза, жұпар ауамен тыныс алғандай кейіп танытып, өздерін серуенде жүргендей сезіндіру.
Шеңбер болып таза ауамен тыныс алғандай тыныстайды
Ұйымдастырушылық – ізденістік Балаларды орнына отырғызып серуен туралы әңгіме өрбіту. Серуеннің қажеттілігі мен пайдасы туралы өз ойларымен бөлісуге шақыру. Демонстрациялық құралмен жұмыс
(Балалардың балабақшада ойнап жүрген және еңбек етіп жатқан суреті)
Суретке қарап, екі суретті салыстырып және балабақшадағы серуен кезіндегі іс- тәжірибелерімен бөлісіп әңгімелеулерін сұрау.
Серуен мен енбектің, сонымен катар дене жаттығуларының да балалар денсаулығына ықпалы зор екенін, сергіту жаттығуының да дұрыс жасалуы өз денсаулығы үшін екені түсіндіріледі.
Сергіту жаттығуы:
Терезені ашайық
Таза ауа кірсін деп
Жаттығуды жасайық
Денем мықты болсын деп
(Педагог жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындату және екі рет қайталату.)
Дидактикалық ойын: «Кім зейінді?» Ойын шарты: Дәптердегі «Суреттерге мұқият қарап, жетпей тұрған затты тап және жабыстыр» тапсырмасын орындату. Өлең оқылады:
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты - еңбек.
Кесте тіксен, зерлеп,
Мұның аты - еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
(Н.Жанаев)
Өлеңді оқып, қимыл-қозғалыс арқылы жаттату Серуеннің денсаулыққа пайдасы туралы, серуеннің ұнайтынын, отбасындағы және балабақшадағы серуен жайлы өз ойларын айтады.
Суретке қарап ойнап жүрген балалар мен еңбек етіп жүрген балалардың іс-әрекеттері туралы әңгімелейді. Өздерінің балабақшадағы серуен кезіндегі ойындары мен еңбектері туралы, серуендегі есте қалған қызықты сәттері туралы әңгімелеуге атсалысады.
Сергіту жаттығуын қимылын келтіріп жасайды
Керекті затты өз орнына желімдейді
Өлеңді тыңдап, жаттап алуға талпынады.
Рефлексиялық - түзетушілік Еңбек ету мен жаттығудан еш уақытта қашпай, жалқаулыққа бой алдырмай, жарқын болашақты серуеннің дұрыс ұйымдастырылуы мен енбек екенін айтып «Бақыт кілті - еңбекте» деген халқымыздың дана сөзімен қорытындылау. Жалқаулықтың жаман әдет екенін ұғынып, әр жақсылықтың еңбекпен келетінін түсінеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: серуен мен еңбектің адам өміріндегі маңызын білу;
Игереді: суретке қарап әңгімелеп, өз іс тәжірибесімен байланыстыруды;
Меңгереді: таза ауа, сергіту, дене жаттығуларын пайдалы екенін біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Арыстан күшігін асыраған мысық» (ертегі)
Мақсаты: а) Ертегіні тыңдай білуге, оны мазмұндауды үйретуді жалғастыру.
ә) Бір-біріне деген бауырмалдық, жанашырлық сезімдерін ояту, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
б) Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой - түйсігің, мән-мағынасын бұзбай байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамытуды жалғастыру.
Сөздік жұмыс: арыстан.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балаларға бүгін ертегі тыңдайтынын, ертегі аң патшасы арыстанның күшігі мен өздері жақсы білетін мысық туралы екенін айтып, арыстан күшігі мен мысықтың қандай жануарлар екендігі жайлы әңгімелесу. Ертегі тыңдайтындарына қуанып, арыстанның жабайы жануар, ал мысық үй жануары екенін өз сөздерімен жеткізіп атсалысады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Демонстрациялық құрал:
(Арыстан және оның күшігінің суреті)
Мысық пен арыстан туралы қандай ертегілер білетінін және қандай мультфильмдер көргенін сұрау.
- Ал енді, балалар, мен сендерге қызықты ертегі оқып беремін, ал сендер оны мұқият тыңдап отырыңдар.
Ертегі оқылады: «Арыстан күшігін асыраған мысық» Бір Мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған Арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағашқа шығып кетеді. Сонда Арыстан тұрып:
- О, менің ақ сүтін емізген асыраушым. Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бүкіл қылықтарды үйреткенде ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? - дейді.
- Қысылғанда керек болар дегенім еді, - депті сонда Мысық.
(Балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қоя отырып, байланыстыра баяндауға бағыттау)
Дамытушы сұрақтар:
- Мысық ненің күшігін кездестірді?
- Арыстан күшігінің анасы жоқ болғандықтан, Мысық оған қандай көмек көрсетеді?
- Арыстан күшігі үлкен болып өскеннен кейін қандай іс-әрекетін, мінезін көрсетеді.
- Оны біліп қойған Мысық не істейді?
- Сол кезде Арыстан Мысыққа не дейді?
- Сонда Мысық не деп жауап береді?
Жақсылықты жақсылықпен қайтару керектігін балалар санасына құю.
- Арыстанның жасаған іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Сендер арыстан күшігінің орнына болғанда не істеуші едіңдер?
Арыстан мен мысықтың қандай дауыс шығаратынын сұрай отырып, мысық туралы сергіту жаттығуын жасату.
Сергіту жаттығу «Мысығым»
Құйрығын қуып ойнайды,
Қума десем қоймайды.
Шыр көбелек айналсам,
Жетемін деп ойлайды.
Піш-піш десем келе ғой,
Айтқаныма көне ғой,
Шақырғанда «піш-піш» деп,
«Мияу» деп дыбыс бере ғой.
(А. Меңжанова)
(Тәрбиеші жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындатады.)
Дәптермен жұмыс: дәптердегі «Бүгінгі ертегі кейіпкерлерін қорша» тапсырмасын орындау. Суретте нені көріп отырғандарын айтып өтеді. Балалар өздері білетін ертегілерді айтады: «Макта қыз бен мысық», «Жалқау мысық», «Том мен Джерри» т.б.
Балалар мұқият тыңдап отырады.
- Мысық келе жатып арыстанның күшігін кездестіреді. Мысық арыстан күшігін үйіне апарып анасы секілді тамақтандырып, жуындырып, оны асырайды.
Қарны ашып кеткен арыстан күшігі өзін бағып өсірген анасы сияқты болған мысықты жемекші болады. Мысық дереу ағашқа шығып кетеді.
О, мені асыраған, ақ сүтін беріп өсірген асыраушым мен сені анам сияқты жақсы көремін. Сен неге маған барлық нәрсені үйретіп, ағашқа шығып өрмелеуді неге үйретпедің?- дейді Қажет кезде керек болар деп едім - деп жауап береді. Жоқ, өзін асыраған анасына олай қиындық жасауға болмайды.
Өз ойларын жеткізуге тырысады.
Арыстанның ақыратынын, мысықтың мияулайтынын айтады.
Рефлексиялық - түзетушілік балалардан қандай ертегі тыңдағандарын, ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнағанын, несімен ұнағанын және жағымсыз кейіпкердің қай қылығы ұнамағанын сұрап, «Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен» мақал-мәтелді нақыл сөзбен қорытындылау. Қимылын келтіріп жасауға талпынады.
Ұнаған кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерін өз ойымен баяндайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегі желісін бұзбай баяндауды;
Игереді: өз ойын ашып жеткізуді;
Меңгереді: жақсы нәрсені үйреніп, жамандыққа жақындамау керектігін біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қоянның туған күні (ойдан ертегі тудыру)
Мақсаты: а) Берілген тақырып бойынша ертегі ойлап табуға, онда бірнеше кейіпкердің рөлін көркемдеп сипаттай білуге үйретуді жалғастыру, тілек айтуға үйрету.
ә) Бір-бірін сыйлауға, сыйластыққа үйрету. б) Өз тәжірибесінен әңгімелей білу қабілеттерін дамыту.
Сөздік жұмыс: қоян.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптер, сәбіз. Б.Бейсенованың «Туған күн» әнін пайдалану.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Жұмбак жасырылады:
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
Оқу іс әрекетті жұмбақ жасырудан бастап, жауабы табылғаннан кейін қоян туралы әңгімелеу. Балаларды қоян секілді секіртіп, көңілдендіріп сергітіп алу. Жұмбақты шешуге атсалысады. Қоян туралы өз білгенін ортаға салуға талпынады, Қоянның қимылын салып, сергиді,
Сергіту жаттығуы:
«Қолғабысы күшіктің»
Тақиясын ұшырып
Жел інімді жылатты Сергіту жаттығуы:
«Қолғабысы күшіктің»
Тақиясын ұшырып
Жел інімді жылатты Ұ йымдастырушылық – ізденістік
Бірақ оны к
Әкеп беріп жұбатты.
(А.Сәрсеков)
(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау).
Бірақ оны күшігі
Әкеп беріп жұбатты.
(А.Сәрсеков)
(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау). Демонстрациялық құралмен жұмыс
Жабайы жануарлардың қоянның туған күнінде отырған сәті) Балалардың назарын суретке аударып, жануарлар қандай мерекені тойлап отырғанын сұрау.
Балалардан өздерінін туған күндері жылдың қай мезгілде болатынын, туған күн мерекесі ұнайды ма, ұнаса не себепті ұнайтынын сұрау.
Сергіту жаттығуы «Сұр қоян»
«Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбырды,
Ойлы- қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.»
(Т. Бердияров)
(Тәрбиеші жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындату.)
Ойдан ертегі құрастыру:
Сурет бойынша «Қоянның туған күні» тақырыбына ойдан ертегі құрастыруын талап ету.
Ертегідегі туған күндегі көңіл күй, қоянды кұттықтап келген достары, олар қоянға қандай тілек тілегенін кейіпкердің қимыл-қозғалысын, рөлін көркемдеп, сипаттауға бағыттау.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі «Құйрығын жоғалтып алған қоянға өз құйрығын табуға көмектес» тапсырмасын орындату. Суретке қарай отырып қоянның туған күні екенін баяндайды.
Өз туған күндері туралы әңгімелеп, қандай сыйлықтар алғандығын айтады.
Туған күн иесі қоянға қызығушылықпен қарайды.
Қимылын қозғалысын келтіріп отырып жасайды.
Суретке қарап ертегі құрастыруға атсалысады.
«Қоянның туған күні» тақырыбы бойынша суретке қарап, ойдан ертегі тудыруға әрекеттенеді.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Қоянды туған күнімен балалардың да қолтықтап, жылы лебіздері мен тілектерін білдірулерін өтіну және қоянның сүйікті тағамы сәбізден дәм татқызу.
Оқу іс әрекетті Б.Бейсенованың «Туған күн» әнімен немесе Чебурашка Генаның «Туған күн» әнінің қазақша нұсқасын пайдаланып аяқтау.
Қоянға тілек айтып құттықтайды.
Сәбізден дәм татады.
Әнге бәрі билейді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: берілген тақырыпқа ертегі ойлап табуды;
Игереді: жылы лебіздер тілектер айтуды;
Меңгереді: кейіпкерлер рөлін көркемдеп сипаттауды біледі.
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қалдың материалдардан құрастыру.
Тақырыбы: Теледидар.
Мақсаты: Тұрмыстың заттарды қайталай отырып, теледидар жайлы білімдерін толықтыру, сіріңке қораптарын
қолданып, теледидарға керекті пішіндерді дұрыс таңдап алуға үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: сіріңке қораптары, түрлі түсті қағаз, желім, қылқалам, сүлгі, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: қалдың материалдар, сіріңке қорабы.
Оқу іс- әрекетінің
кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балаларға үлгі суреттерді көрсетіп әңгімелейді, талдау жасайды. Теледидарды сіріңке қорабынан қалай жасалатынын көрсетіп,
түсіндіреді.
Балалар үлгіні қарап,
көреді, сіріңке қораптарын қалай пайдалануға
болатынын ойланады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Теледидар туралы педагогтің
шығармашылық әңгімесі: пайдасы
және зияны.
- сіріңке қораптарын алып, оның сыртын түрлі түсті қағазбен жапсыру;
- бетіне әртүрлі суреттерді қиып
жапсыруға болатынын көрсету;
- сым темір мен ермексаздан антеннасын жасауға болады;
- оның ішіне қиылған бейнелерді
орналастырамыз.
Педагог сіріңке қораптарымен жұмыс жасауда балаларға көмек көрсетеді, қағазды қиюда, желімдеуде бағыт береді. Сіріңке қораптарын түрлі
түсті қағаздың
түстерін таңдай
отырып оны
қорапқа жапсырады. Бетіне түрлі қиылған
суреттерді жапсырады. Антеннасын сым темірлерден ермексазды пайдалана отырып жасап, оны теледидардың
үстіңгі бөлігіне орналастырады.
Рефлексиялық - түзетушілік Дайын болған барлық теледидарларды педагог қарап көріп, дұрыс емес жерлерін түзетуге балаларға көмектеседі, еңбек нәтижелеріне тал
дау жасалады.
Балалардың жасаған теледидарларын қарап
көріп, бірінің
жұмыстарын бірі
бағалайды.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: теледидарды сіріңке қорабынан жасауға болатынын;
Игереді: теледидар туралы жаңа мәліметтерді;
Меңгереді: қажетсіз заттармен жұмыс жасай алуды.
Ортаңғы топқа арналған
ұйымдастырылған қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, қоршаған орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Табиғи материалдардан құрастыру.
Тақырыбы: Кірпі (жаңғақ, шемішке, ермексаз).
Мақсаты: орман аңдары туралы білімдерін бекіту, өз беттерінше түстерді дұрыс әрі нақты пайдалануға дағдыландыру, ермексазды тиімді пайдалануға және кірпіні ұқыпты жасай білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: ермексаз, шемішке дәндері, үлгі көрнекіліктер.
Сөздік жұмыс: шемішке дәндері, табиғи материалдар.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог кірпі туралы жұмбақ жасырады. Кірпі туралы ертегілерді естеріне түсіреді. Үлгі сурет бойынша талдау жасайды, бүгінгі жасайтын кірпінің ерекшелігі туралы айтады. Балалар жұмбақтың
шешуін табады. Ертегілерді естеріне түсіреді. Үлгіні қарап
көреді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Кірпіні табиғи материалдардан жасау
жолдары:
- кірпі жасау үшін қара шекілдеуік, ақ
ермек саз, жүгеріні таңдап аламыз;
- аң ермексазды қолданып кірпінің денесін жасаймыз;
- жасалынған кірпінің денесінің үстінен шемішке дәндерін қадаймыз;
- кірпінің көзі мен тұмсығына жүгері қолданамыз. Кірпі жасау үшін
өздеріне қажетті
заттарды таңдап
алады, оларды үлгі бойынша ретімен орналастырып, кірпіні жасайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Дайын болған кірпілердің ішінен ең әдемі жасалған кірпіні орманға жіберуге таңдап аламыз деп балалардың қызығушылығын арттырады. Үстел үстінде орман декорациясы жасалады, бірнеше кірпілер орналастырылады. Әр бала қай кірпіні орманға жіберуге бола
тынын ойланады, таңдауға көмектеседі.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: әртүрлі заттарды пайдаланып, кірпіні жасауға болатынын;
игереді: кірпінің тіршілігі жайында жаңа мәліметтерді;
меңгереді: кірпіні жасағанда ұқыптылық қажет екенін.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.
Тақырыбы: Біздің қаладағы көше.
Мақсаты: балалардың қала көшелері туралы білімдерін бекіту, құрылыс материалдарынан қала көшелерін құрастыра білуге үйрету және өзінің тұратын қаласы жайлы мағлұмат беру. Қала көшелерін құрастыруға қажетті заттарды дұрыс қолдануға және жол ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: құрастыру материалдары, үлгі суреттер, ұсақ ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: қала көшесі, адам жүретін жолдар - тротуар, көлік жүретін жолдар.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Қала көшелері туралы үлгі суретті көрсетіп, талдау жаса лады. Көшелердің ерекшелігіне, ағаштардың қалай орналасқанына, көліктер жүретін жолдарға, адамдар жүретін жолдарға балалардың назарын аударады. Қала көшелерін құрастыру үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болатынын
таңдап а лады. Балалар
суреттерді қарап,
құрылыс материал дарын іріктейді.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Алдымен көшені шетінен бастап, бір және көп қабатты үйлерді құрастырып, олардың арасына
ағаштарды орналастырамыз.
Енді адамдар жүретін жолды -кірпіштерді көлденең қою арқылы ұзын жол жасап аламыз.
Ортасынан ашың көлік жүретін жер қалдырып, жолдың екінші жаң бөлігіндегі адамдар жүретін жолды «тротуар» жасау үшін кірпіштерді
көлденең қойып тіземіз. Бұдан кейін қайтадан үйлерді, ағаштарды, шөптерді үлгіге қарай отырып орналастырайық.
Ұсақ ойыншың машиналарды көлік
жүретін бөліктерге, «адамдарды» адамдар жүретін жолдарға орналастырса - қала көшесі дайын болатынын көрсете отырып түсіндіреді.
Көшеде жүргенде жол ережесін сақтау керектігін түсіндіріп өтеді.
Кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі, жеке көмек көрсетіледі. Балалардың
әрқайсысы өз алдарындағы
таңдап алған құрылыс материалдарымен
қала көшелерін құрастыруға
кіріседі, құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануға, қала
көшесінің үлгіге сәйкес келуіне қарай отырып
құрастырады.
Рефлексиялық - түзетушілік Қала көшесінің мазмұнына,
балалардың құрылыс материалдарын
дұрыс пайдаланғанын ескере отырып,
дайын болған құрылыстың сапасына
қарай мадақтаулар жасалады. Әр бала өздері жасаған
Құрылыстары жайында
әңгімелеп береді.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: қала көшесінің құрылысы жайында және оның ерекшелігін;
Игереді: құрылыс материалдарын құрастыру іс-әрекеті не сәйкес дұрыс пайдалануды;
Меңгереді: қала көшелерінің ерекшеліктеріне сай құрастыруды.

Ортаңғы топқа арналған
ұйымдастырылған қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қағазбен құрастыру.
Тақырыбы: Қошақан.
Мақсаты: үй жануарлары жайлы білімдерін толықтыру, қошақанды жолақ қағаздармен жасауға, ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі суреттер, ойыншық қошақан, әр балаға жолаң қағаздарды орайтын қарындаштар, жолаң қағаздар т.б.
Сөздік жұмыс: бұйра жүнді қошақан, орау, ширату т.б.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балаларға қошақандар туралы өлең оңып береді. Қошақандарды қайдан көргендерін сұрайды. Ойыншың қошақан қонаққа келеді, ол бір өзіне көңілсіз
болып жүргенін айтып балалардан:
«Сендер басқа қошақандарды көрдіңдер ме?» - деп сұрайды. Біз қошақанға басқа қошақандарды тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз жасап көрейік деп, үлгі суретті көрсетеді.
Оның жасалу жолдарын түсіндіреді:
- алдымен қошақандардың суреті
салынған қағаздар таратылады, оны
қарап көру ұсынылады, не жетіспейді;
- қошақанның бұйра жүндерін жасау
қажеттігі келісіледі;
- ол үшін жолақ қағаздарды алып
қарындашқа орап, ширатып алады,
оны қошақанның суретіндегі орынға
желімдейді;
- осылайша қошақанның барлық бұйра
жүндерін жасап, шөптер, гүлдермен
толықтырып әшекейлейді; Өлеңді мұқият
тыңдайды.
Қошақандар
туралы білетіндерін
әңгімелеп береді.
Көмектесуге
келіседі.
- жолақ қағаздар
қияды;
-қиылған қағаздарды
қарындашқа
орайды, оны суретке белгіленген
жеріне жапсырады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік балаларға жолаң қағазды қарындашқа орауға көмектеседі, оны желімдеуге бағыт береді;
дайын болған қошақандарға шөп беріп, су беріп, оған қалай қамқорлық жасайтындарын сұрап қорытындылайды. Рефлексиялық - түзетушілік Қошақандардың жасалған суреттеріне қарап, балалардың жұмыстарын бағалайды, қорытындылайды. Қошақан балаларға ризашылығын білдіріп, рақмет айтады. Балалар өздері қошақанды қалай жасағанын айтып береді.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: қошақандар жайында қарапайым түсініктермен танысады;
игереді: бұйра жүнді қошақандарды жасаудың әдіс-тәсілдерін;
меңгереді: жолақ қағаздарды қиюды және оны қарындашқа орауды.
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.
Тақырыбы: Жүк машинасы.
Мақсаты: көлік және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту; құрылыс материлдарын пайдаланып, жүк машинасын құрастыра білуге үйрету, өз беттерінше құрастырудың жеке жолдарын ойлап табу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: құрылыс материалдары, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: қорабы, кабинасы, дөңгелегі.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог бірнеше көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп, қандай машиналар не үшін пайдаланылатынын әңгімелейді. Осылардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып, жеке
бөліктеріне талдау жасайды. Қандай
бөліктері бар?
Қорабы, кабинасы, дөңгелегі қандай?
Сызба үлгі арқылы суретті сипаттап айтқызып, әліппе дөптердегі суретті реті бойынша қалай құрастыру қажеттігіне тоқталады. Ұсынылған тапсырмаларды
орындауға бағыт беріледі.
«Ұшады, жүреді» дидактикалық ойыны. Педагог көліктің түрлері туралы айтады. Ал балалар қимыл-қозғалыспен көрсетеді. Ол ұша ма, жүре ме, жүзе ме.
Балалар бізге Дымбілмес қонаққа келді.
Ол күн сәулелі қаланың тұрғындарына үй салып беруге аттанды. Оған сол жер дей өте қажет жүк машинасын жасауды үйрену керек. Суреттегі машиналарды қарап, балалар тан,-
тамаша болады.
Жүк машинасына ерекше
қызығушылық
танытады.
Бөліктері
жайында бір-біріне айтып көрсетуде.
Ойынға қызыға
қатысады.
-Сәлеметсіз
бе, Дымбілмес.
Қош келдіңіз
біздің
балабақшаға.
Біз сізге қандай көмегімізді тигізе аламыз.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Үлгіні қарайық. Негізгі бөліктерін атаңдар. Мұқият қарап, машинаның әр бөлігіне неше қорап керек екенін айтыңдар.
Орындалу барысын көрсету:
- алдымен екі дөңгелек қойылады;
- дөңгелектің үстіне пластина орналастырамыз (жұқа тақтайша);
- кабинасы төрт бірдей қысқа кірпіштерден жасалып, үшеуі қатар қойылады да, біреуі ортадағы кірпіштің
үстіне орналастырылады;
- ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі кірпіш, олардың үстіне көлденең екі кірпіш қойылады;
- жүк таситын қорабы екі ұзын кірпіш,
бір қысқа кірпіштен құралады.
Өз бетінше жұмысты орындау барысында педагог құрастыру жұмысының
дұрыс орындалуын бақылап отырады,
керек жерінде көмек беріп отырады.
Балалар машина бөліктерін
қарастырады.
Балалар
педагогтің айтуы бойынша
дөңгелектерді,
тақтайшаларды,
кірпіштерді,
қораптарды
орындарына
қойып жұмыс
жасайды.
Келмей жатқан
жерлерін
қайтадан жасап
шыдамдылық
көрсетуде.
Рефлексиялық - түзетушілік Балалар жұмысын қорытындылау. «Біздің автопоезд күн сәулелі қалаға барады» атты дидактикалық жаттығуы арқылы балалар жұмысына талдау жасалады.
Ең жақсы жасалған жүк машинасы мадақталады.
Күтілетін нәтиже:біледі: көлік түрлері туралы түсініктерді қалыптастыруды.
игереді: көлік түрлерін бір-бірінен ажыратуды;
меңгереді: көлік түрлерін өз беттерінше жасай білуді.
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: табиғи материалдардан құрастыру.
Тақырыбы: Кірпіге арналған саңырауқұлақтар.
Мақсаты: саңырауқұлақ жайлы білімдерін бекіту, саңырауқұлақты табиғи материалдардан жасай білуге және оны жасауда пішіндерді дұрыс қолдана білуге үйрету, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: жасыл түсті қағаз, ақ түсті ермексаз, грек жаңғағы.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балаларға саңырауқұлақ туралы жұмбақ жасырады. Саңырауқұлақтың түрлері жайында,
тағамға пайдаланатын түрлері болатынын айтып, суреттерін көрсетеді.
Олар жұмбақтың шешуін тапқаннан соң, үлгіні көрсетіп талдау жасайды. Ормандағы саңырауқұлақтарды біз бүгін табиғи материалдардан жасап үйренеміз деп, жасалу жолдарын түсіндіреді. Балалар
жұмбақты шешіп,
саңырауқұлақтың суреттерін тамашалайды.
Табиғи материалдардан қалай жасалатынын қарап, үйренеді.
Ұйымдастырушылық
ізденістік Ол үшін алдымен үлгіге қарап алыңдар, саңырауқұлақтың қалпағы грек жаңғағынан, сабағы ақ түсті ермексаздан жасалған.
Алдымен ермексазды алақанымыздың арасына салып тегістеп, есіп аламыз, сопақша
пішінге келтіреміз. Одан кейін грек жаңғағының жарты бөлігін оның жоғарғы жағына кигіземіз,
сонда саңырауқұлақ дайын болады. Енді оны жасыл түсті қағазға орналастырамыз. Балалардың еңбек нәтижесіне жетуіне, жұмысты соңына дейін аяқтап шығуына бағыт беріледі. Олар алдымен сабағын ермексаздан жасайды, қалпағын жаңғақты жапсырып, жасыл түсті «шалғынға»
орналастырады.
Іс-әрекет барысында балалардың қимыл-
қозғалысы, қалпағын дұрыс орнатуға мән
беріледі.
Рефлексиялық - түзетушілік Педагог барлық саңырауқұлақтарды
«жасыл түсті шалғынға» орналастырып, ең әдемі саңырауқұлақты таңдауды ұсынады, ол несімен ұнағаны туралы балалар айтып беруін өтінеді.
Балалар өздерінің
жасаған саңырау-
құлақтарын қарап, таңдауға
көмектеседі.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: саңырауқұлақтарды табиғи материалдан жасауды;
игереді: саңырауқұлақтар туралы жаңа мәліметтерді;
меңгереді: саңырауқұлақтың сабағын, қалпағын бір-біріне берік бекітуді.
№ 13 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оңу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.
Тақырыбы: Жиһаз.
Мақсаты: жиһаз жайлы білімдерін бекіту, жиһаздың түрлерімен, оның пайдасы туралы мағлұмат беру. Жиһаз құрастыруда құрылыс материалдарын пішіндері мен түстеріне сәйкес дұрыс таңдап, пайдалана білуге үйрету, үй жиһаздарын ұқыпты ұстай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, құрылыс материалдары.
Сөздік жұмыс: жиһаз, жиһаз түрлері.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог үлгі суреттерді көрсете отырып талдау жасайды, жиһаздардың ерекшелігіне тоқталады. Балалардың қандай жиһаз жасағысы келетінін
сұрайды. Жиһаз құрастыру жолдарын естеріне түсіреді: Балалар суреттерді
көреді, үстел,
орындық, диван,
төсек т.б. жасағысы
келетінін айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Әр бала өздеріне берілген құрылыс материалдарымен жұмыс жасау үшін ойланауды және не жасағысы келетінін, оған қандай құрылыс
материалдарын пайдаланатынына бағыт беріледі;
- диван немесе төсекті құрастыру үшін кірпіштерді, текшелерді қалай орналастыру керектігін естеріне түсіреді;
- үстел, орындықтарды қалай құрастыру керектігін түсіндіреді;
- өздері құрастырған жиһазды үлгідегімен салыстырып көруіне және оларды топтап, бірнеше
баланың ұжымдық жұмысы ретінде орналастырып қоюына мүмкіндік жасайды;
бірнеше шағын топтың ұжымдық жұмыстарының нәтижесін көрсететіндей етіп ұйымдастырылады;
балалардың құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануына баса көңіл бөліп, іс-әрекетті бекітеді. Балалар өз еріктерімен
өздеріне ұнаған жиһазды
құрастырады, оны шағын топтарға біріге отырып
орналастырады.
Құрылыс материалдарынан жиһаз
құрастыруда оны кеңістікте қалай қою керек, қалай орналасты
ру қажеттілігін естеріне түсіреді, құрылыстың беріктігіне, сапасына
және орналасуына
мән береді.
Рефлексиялық - түзетушілік Педагог ұжымдық жұмыстарды
балалармен бірге талдау жасайды,
жиһаздардың жасалу сапасына қарай
мадақталып, қорытынды жасалады.
Қай топтың
жиһаздары әдемі
болғанын бірлесе
отырып таңдайды.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: құрылыс материалдарынан жиһаздар жасауды;
игереді: жиһаздардың үй мүліктері екенін және оны қалай орналастыруға болатыны туралы түсініктерді;
меңгереді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуді.
№ 14 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қағазбен құрастыру.
Тақырыбы: Мерекелік ашық хаттар.
Мақсаты: балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, қағазды қос бүктеу, пішініне сәйкес әшекейлей білуге және аналарына сыйлың жасау арқылы анаға құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі көрнекіліктер, түрлі түсті қатты және жұқа қағаздар, пішіндері әртүрлі: тіктөртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, желім, қайшы.
Сөздік жұмыс: ашық хат, қос бүктеу, «саусақпен сындыру»-
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балалардан аналар мерекесі қарсаңында аналарына қандай сыйлықтар жасағысы келетінін сұрау,
үлгі суреттерді көрсетіп, кім қандай түсті, қандай пішінді таңдағысы келетінін сұрау. Балалар өздеріне
ұнаған түсті қағаздар мен
пішіндерді таңдап алады.
Үйымдастырушылық-ізденістік Педагог балаларға аналарына арнап ашық хат жасаудың жолдарын түсіндіреді. Өздері таңдап алған қағаздарды ортасынан қос бүктеп, оны саусақпен бастырып, сындырып алуды ұсынады. Бүктелген тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелектерді алдын ала дайындап, қиылған әртүрлі өрнектермен әшекейлейді. Оны жолақ қағаздармен безендіруге болады. Өрнектердің түстерін балалар өздерінің қалауы бойынша таңдайды және өздігінен дербес әшекейлейді. Балалар қағаздарды
бүктейді, ою
өрнектерді таңдайды, жіңішке
жолақтар қиып алады, оны ашық-
хаттың бүктелген
түп жағына тігінен жапсырады.
Рефлексиялық - түзетушілік Педагог балалардың жасаған ашық хаттарын қарап көріп, әдемі жасалғандарын мадақтайды.
Кейбіреулеріне жақсырақ жасау мақсатында кеңес береді. Әр бала өзінің
ашық хатын
көрсетіп, қалай безендіргенін айтып береді.
Күтілетін нәтижелер:біледі: ата-ананы сыйлауды, құрметтеуді үйренеді;
игереді: ашың хат жасаудың бірнеше түрлерімен танысады;
меңгереді: қағазбен құрастыру дағдыларын.
№ 15 технологиялық картаБілім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қалдық материалдармен жұмыс.
Тақырыбы: Жаңажылдық ойыншықтар.
Мақсаты: қалдық заттарды пайдаланып, Жаңажылдық шырша ойыншықтарын жасауды үйрету, оны әдемі көркем безендіру арқылы көркемдік талғамын дамыту, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: жарамсыз дискілер, жіптер, кір қыстырғыштар, түрлі түсті қағаздар мен қайшы, желім.
Сөздік жұмыс: дискілер, жіптер, кір қыстырғыштар.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог Жаңа жылдың қарсаңында шыршаға ілетін ойыншықтардың бірнеше түрлерін көрсетіп,
әңгімелейді. Үйлерінде қандай шырша ойыншықтары бар екенін сұрайды.
Үлестірмелі материалдардағы суретті көрсетіп талдау жасайды. «Бүгін біз ерекше шырша ойыншығын жасаймыз», - деп, оның жасалу жолдарын түсіндіреді. Балалар өздерінде
қандай шырша
ойыншықтары
барын айтады. Қандай
ойыншың жасағысы
келетінін ойланады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік - Ол үшін бізге: жарамсыз дискілер, жіптер, кір қыстырғыштар, түрлі түсті қағаздар мен қайшы, желім қажет болады. Алдымен дискіні алып,
оның бетіне таңдаған түспен қағаз жапсырып аламыз, шеттеріне айналдыра кір қыстырғыштарды
қыстырамыз, ортасынан жіпті өткізіп ілетін ілгек жасаймыз, әртүрлі пішіндермен оны безендіреміз.
Үлгіге қарай отырып қоянның бейнесін немесе жұлдызшалар т.б. балалардың қалауы, қиялы бойынша әртүрлі бейнелерге келтіріледі.
Балалар жұмысына бақылау мен басшылың жасалады. Балалар дискілерді
алып, өздерінің
қалауы бойынша
әшекейлейді.
Кір қыстырғыштарды
ретімен дискінің
шетіне орналастырып а лады.
Жұлдызшалар,
аңдардың, құстардың
бейнесі немесе әртүрлі
өрнектермен безендіруге болады.
Рефлексиялық - түзетушілік Дайын болған ойыншықтарды
шыршаға іліп, әсем шырша жанында
өздері Жаңа жылға арнап дайындаған
өлеңдерін айтып береді. Жақсы
жұмыстар мадақталады. Өздері жасаған
ойыншықтарын
сипаттап айта
отырып, оларды
шыршаға іледі.
Күтілетін нәтижелер:біледі: қалдық материалдарын пайдаланып шырша ойыншықтарын жасауды;
игереді: қалдық материалдарымен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін;
меңгереді: қалдық материалдарын пайдаланып бірнеше шырша ойыншықтарын жасай алуды.
№ 16 технологиялық картаБілім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.
Тақырыбы: Тышқандар.Мақсаты: тышқан туралы қарапайым түсініктермен таныстыру, тышқанның дене бөліктері жайында түсіндіріп, оны құрастыруда дене бөліктерін жасауда табиғи материалдарды дұрыс әрі тиімді пайдалануға үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: жаңғақ, емен жаңғағы, ермексаз, шөп.
Сөздік жұмыс: емен жаңғағы, ірімшік.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Қызығушылығын ояту. Күтпеген сәт.
- Балалар, бізге қонаққа Джери (тышқан) келді. Ол сендердің бір-біріңмен дос өрі еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен. Бізге оның үлкен өтініші
бар. Ол жалғыз ойнағаннан жалығып кетіпті. Сендердің оған мына заттардан (ермексаз, жаңғақ, шөптен) өзі сияқты тышқан жасап берулеріңді сұрайды.
Өздерің сияқты оның, да көп достары болса екен деп армандайды. Кәне, біз оған көмектесейік. Балалар тышқанды құрастыруды бастамас бұрын,
тышқанның қандай дене бөліктерінен тұратынын есімізге түсірейікші. Балалар қонақпен амандасады.
Тышқанның денесі, екі
құлағы, ұзын
құйрығы, 4 аяғы және
кішкентай ғана көздері болады, сонымен қатар
тышқанның мұрны үшкір, жіңішке мұрты
бар.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Тышқанның үлгісін қарау:
Балалардың өзіндік жұмысы. Әр бала өздеріне тиісті жұмыстарын үстел не месе жердегі төсеніш үстінде орындайды. Балалардың алдына табиғи заттар
қойылады.
- Тышқанның денесін қай заттан жасаған дұрыс болады?
- Олай болса грек жаңғағын тышқанның денесі етіп алайық.
- Келесі кезекте тышқанның құлағын жасап көрейік, оған қай затымыз дұрыс келеді екен.
- Жақсы, енді тышқанның құйрығын жасайық.
- Балалар, бізде Джериге дос дайын болып қалды, Джери өте қуанышты болып түр. Бірақ тышқанымыздың әлі көзі мен мұртын әрі аяғын жасаумыз керек, ол үшін қай заттарды қолданасыңдар?
- Дұрыс, ал мұртын ше?
Балалар жұмысына талдау жасалады. «Жасалынған тышқандардан көрме ұйымдастыру» Джери енді өзіне дос таңдайды, ең әдемі жасалынғанын таңдап алсын. Грек жаңғағынан
денесі жасалады.
Емен ағашының
бас бөлігінің
екеуінен қүлаң
жасайды.
Көзін және
аяғын ңара
ермексаздан
жасап, мұртына
шөптерді
ермексазға
қадап оны грек
жаңғағына жап-
сырады.
Рефлексиялық - түзетушілік Джериге барлық балалардың жұмысы ұнайды, балаларға ризашылығы ретінде ірімшік сыйлайды. Балалар Джеримен және оның жаңа достарымен
қоштасып, шығарып салады.
Балалар ең
жақсы жасалған
тышқандарды
таңдайды.
Күтілетін нәтиже:біледі: тышқанның дене бөліктерін құрастыруда табиғи материалдарды көлемі мен пішініне қарай дұрыс қолдануды;
игереді: тышқанды табиғи материалдардан құрастырудың әдіс-тәсілдерін;
меңгереді: қарастырған үлгі бойынша ұқыпты жұмыс жасай білу іскерлік дағдыларын.
№ 17 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.
Тақырыбы: Көпір.
Мақсаты: құрылыс материалдарын пайдаланып, адамдар жүретін көпір құрастыра білуге үйрету, құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру, үлкендерге көпірден өтуге көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, құрылыс материалдары, көгілдір түсті қағаздар.
Сөздік жұмыс: адамдар жүретін көпір, көлденең, тік қою ұғымдарын нақтылау.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балаларға көгілдір түсті қағаздар
және құрылыс материалдары
беріледі. Бүгін адамдар жүретін көпір
құрастыратынын айтып, оны ңалай
жасауға болатынын түсіндіреді: Балалар құрылыс материалдарын
таңдайды, көпірді
құрастырудың
жолдарын
қарастырады;
Ұйымдастырушылық – ізденістік - көпірдің екі жағына қоятын текшелер
таңдаймыз, екі текшені бірінің үстіне
бірін қойып, оның жанына үшінші
текшені орналастырамыз;
- көгілдір түсті қағазды қойып
алып көпірдің екінші жақ бөлігін
құрастырамыз;
- екінші жаң бөлігін орналастырған
соң, оның үстіне көлденең ұзын
кірпішті (немесе пластина) қоямыз;
- көпір дайын болғаннан кейін оның
үстімен адамдар өтуіне болады (ұсақ
ойыншықтармен ойнап көрсетеді); Балалар құрылыс материалдарын
таңдап алып,
үлгіге қарай
отырып көпір
құрастырады;
әр бала өздігінен
дербес әрекет
етеді.
Рефлексиялық - түзетушілік Педагог балалардың құрылыс материалдарын қалай орналастыратынына: көлденең, тігінен, бірінің үстіне бірін қою т.б. ұғымдарды дұрыс түсінуіне бағыт береді, басшылың жасайды.
Жақсы жұмыстарды барлығына көрсетіп, мақтайды. Күтілетін нәтижелер:
біледі: құрылыс материалдарынан көпір құрастыруды;
игереді: құрылыс материалдарының көлемі, түсі, пішінін ажыратуды;
меңгереді: құрылыс материалдарын кеңістікте құрып, орналастыра білуді.
№18 технологиялық карта
Білім беру саласы: Шығармашылық, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қағазбен жұмыс.
Тақырыбы: Құс.
Мақсаты: балаларға қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуге, умаждалған қағазды белгілінген жерге дұрыс орналастыра алуға үйрету, ұқыпты жұмыс істей білуге дағдыландыру, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, желім, бұтақтың суреті бар қағаздар және үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: қағазды умаждау, үй құстары, түз құстары.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотива-
циялық-
қозғау-
шылық Педагог балалардан: «Қандай құстарды білесіңдер, аттарын атаңдаршы», - деп сауал тастайды. Дидак- тикалық ойын: «Бұл қандай құс?» Балалар үй құстары мен түз құстарын атап айтады.
Педагог суреттерді көрсетеді: балалар үй құстарын және түз құстарын атап айтады. Үлгі суретті де көрсетіп, қандай құс екенін сұрайды.
- Осындай құсты жасағыларың келсе, жасап
көрейік. Ойында
белсенділік
көрсетеді.
Жасағылары
келетінін айта
ды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Балаларға бұтақтардың суреті салынған қағаздар таратылады, оған құсты қалай жасау керектігін педагог түсіндіреді:
- Қоңыр түсті, немесе басқа баланың қалауы бойынша таңдап алған қағаздың үлкен бөлігін алып, оны алақан арасына салып умаждаймыз;
- Қағазды қайта жазып екі рет умаждаймыз, бұл - дайын болған құстың дене бөлігі, оны алдарыңдағы қағазға желімдейміз;
- Енді екінші қағазды алып, оны да умаждаймыз, бұл құстың басы. Оның бір шетінен саусақпен созып тұмсығын шығарып аламыз да, дене бөлігіне
біріктіріп желімдейміз.
- Артқы жақ бөлігінен созып
құйрығын шығарамыз;
- Көзі, тұмсығын және қанаттарын фломастермен немесе қарындашпен сызып бейнелейміз, сонда бұтақта қонып отырған құс пайда болады. Педагог балалардың шығармашылықпен және өздігінен дербес әрекет етуіне жағдай жасайды. Құстың дене
бөлігін бөлек
жасап, басын бір
бөлек қағазды
умаждау
арқылы жасап
алып, оларды
белгіленген
орындарға
желімдейді.
Рефлексиялық - түзетушілік Ең жақсы жасалған құстар таңдалып, көрме тақтасына қойылады, сапасына қарай, қағазды умаждауда сәтті шыққан жұмыстар мадақталады. Қандай құс
әдемі болғанын
балалар өздері
таңдайды.
Күтілетін нәтижелер: біледі: құсты жасаудың ерекшелігін;
игереді: үй құстары мен дала құстарын ажыратуды;
меңгереді: қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуді.
№ 19 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қажетсіз заттармен құрастыру.
Тақырыбы: Сылдырмақ.
Мақсаты: дыбыс, музыка, дауыс туралы мағлұмат беру, музыкалық аспаптар жайлы білімдерін бекіту. Музыкалық аспапты жасауда музыканың «сипатына» жуан-жіңішке дыбыстарды дұрыс ажырата алуға үйрету, қалдың материалдарымен ұқыпты жұмыс жасай алуға баулу.
Қажетті құрал-жабдықтар: бос бөтелкелер, түймелер, дәндер, түрлі түсті қағаздар, желім, қылқалам т.б.
Сөздік жұмыс: «сылдырмақ», дыбыс, музыка аспаптары.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балаларға сусын, шырындардың бөтелкесінен жасалған екі «музыкалық аспаптарды» көрсетіп, үлгіге талдау жасайды. Оны «Сылдырмақ» деп атайтынын
айтып, оның дыбысына назар аудартады.
-Не себептен екі түрлі дыбыс шығады деп
ойлайсыңдар? Балалар
аспаптарды
қарап көреді,
дыбыстарын
ажыратады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік «Осындай аспаптарды жасау үшін бізге әрқайсымызға бөтелкелер қажет болады», -деп, әр балаға таратып береді.
- Аспап жасау үшін бізге екі түрлі заттар:
біреуі ұсақ түймелер, екіншісі әртүрлі
дәндер керек.
- Өздеріңнің қалауларың бойынша
түймені немесе дөндерді алып, бөтелкенің
ішіне салып, оның қақпағын жауып
қойыңдар.
- Ал енді түрлі түсті қағаздардан
әртүрлі пішіндер қиып алып, аспапты
безендіреміз.
- Дайын болған аспаппен музыка ойнап, дыбыс шығарып көреміз.
Барлық балалардың аспаптарының дайын болуын және қандай дыбыс шығаратынын өздеріне таңдату қажет. Балалар өздеріне
берілген
бөтелкелерге
түймелерді не
месе дәндерді
салып, бөтелкенің
қақпағын жауып, оның дыбысын
шығарып ойнап көреді.
Әркім өзінше безендіреді.
Рефлексиялық - түзетушілік Педагог барлық аспаптарды балалардың қолдарына беріп, өздері кезекпен немесе шағын топтармен бірлесіп ойнап, қарапайым «оркестр» құрастырады. Кімнің аспабы
жақсы дыбыс
шығаратынына
қарап, безенді-
рулеріне мән
беріп жақсы
жұмыстар таңдалады.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: бос бөтелкелерден музыка аспабын жасауға болатынын;
игереді: заттардың көлеміне, сапасына қарай әртүрлі дыбыс шығаратынын ажыратуды;
меңгереді: бос бөтелкелерден музыка аспабын жасауды.
№ 20 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: табиғи материалдан құрастыру.
Тақырыбы: Пингвиндер.
Мақсаты: табиғи материалдарды пайдаланып, пингвиндерді жасай алуға үйрету, оларды мазмұн бере орналастыру, ой-қиялын дамыту, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: әртүрлі көлемдегі шырша бүрлері, ақ және қара түсті ермексаз, көк, қызыл түсті қағаздар, пенопласт.
Алдын ала жұмыс: педагог балаларға пингвиндер туралы мультфильм көрсетеді немесе ертегі, әңгімелер оқып береді.
Сөздік жұмыс: пингвин, суық жақтарда тіршілік ету, пенопласт.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балаларға пингвиндер туралы айтылған әңгімені немесе мультфильмді еске түсіреді.
Пингвиндердің суық жақтарда тіршілік ететінін және олардың дене бөліктеріне назар аударып, оны табиғи материалдардан қалай жасау
керектігін үлестірмелі материалдардан көрсете отырып түсіндіреді: Балалар өздері
көргендері, естігендері жайында айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік - Пингвиннің денесі шырша
бүрлерінен жасалады:
- Басын қара және аң түсті ермексазды алақан арасына салып домалақтау арқылы жасаймыз.
- Қанаттарын ұсақ жапырақтардан ермексазбен бекіту арқылы жасаймыз.
- Аяқтарын емен жаңғақтарының «қалпақшаларынан» жасаймыз.
- Қызыл түсті қағаздан тұмсығын қиып алып орналастырамыз.
- Көк түсті қағаздың үстіне пенопластан немесе ақ қағаздан мұздарды қиып алып, дайын болған
пингвиндерді оған әдемілеп мазмұн бере орналастырамыз.
Балалардың табиғи материалдармен жұмыс жасау барысына басшылық жасалып, көмек көрсетіледі. Балалар табиғи материалдарды пингвиннің дене мүшелеріне сәйкес таңдап алады, оны
педагогтің көрсеткен үлгісіне сәйкес бір-біріне біріктіреді.
Дайын болған пингвиндерін қағаздың немесе пенопластың
үстіне орналастырып, ол
туралы өздері білетіндерін әңгімелеп береді.
Рефлексиялық - түзетушілік Дайын болған жұмыстарды ретімен орналастырып, жақсы жасалған пингвиндерді таңдап алып мадақтаулар жасайды, олардың
дене бөліктерінің және жасалу жоларының сапасына педагог көңіл аударады. Балалар өздерінің
пингвиндерін
салыстырып
көреді, қайсысы
үлкен, қайсысы
кішкентай екенін
айтады.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: пингвиндер туралы жаңа мәліметтерді;
игереді: пингвиндерді табиғи материалдардан жасауда оның дене бөліктерін дұрыс орналастыруды; меңгереді: табиғи материалдармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін.
№ 21 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.
Тақырыбы: Ұшақ.
Мақсаты: көлік және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту; өз беттерінше құрастырудың жеке жолдарын ойлап табу дағдыларын қалыптастыру. Ұшақты құрастыруда материалдарды оның бөліктеріне сәйкес таңдап, жасалу ретіне қарай дұрыс құрастыра білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Әртүрлі пішіндегі құрастыруға арналған құрылыс материалдары.
Сөздік жұмыс: пластина, үшбұрыш тақтайша.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық «Ұшады, жүреді» дидактикалық ойыны. Бір бала теріс қарап тұрады, ал қалған балаларға педагог көліктің бір түрін көрсетеді, балалар сол көлікті қимыл-қозғалыспен көрсетеді. Теріс қарап тұрған бала олардың жасырған қимылына қарап көліктің қай түрі екенін айтады.
- Ол ұша ма, жүре ме, жүзе ме. Машина жүреді.
Кеме жүзеді.
Ұшақ ұшады.
Үйымдастырушылық-
ізденістік - Үлгіні қарайық. Негізгі бөліктерін атаңдар. Мұқият қарап, ұшақтың әр бөлігіне қандай материалдарды қолданатынымызды айтайық.
Орындалу барысын көрсету:
алдымен екі дөңгелек қойылады;
дөңгелектің үстіне пластина (жұқа тақтайша) орналастырылады;
-тігінен қойылған тақтайшаның үстіне ұшақтың қанаты ретінде көлденең тағы тақтайша қойылады.
-ұшақтың артқы бөлігі жіңішке қысқа тақтайдан және үшбұрыш тақтайдан құрастырылады. Жіңішке тақтайдың үстіне үшбұрыш тақтайшаны қоямыз.
Өз бетінше жұмысты орындау барысында педагог құрастыру жұмысының дұрыс орындалуына бақылау жасайды, керек жерінде көмек береді. Балалар ұшақ
бөліктерін қарастырады.
Балалар педагогтің айтуы бойынша құрылыс матери- алдарын тиімді пайдаланып, үлгі суреттерді қарай отырып құрастырады.
Рефлексиялық - түзетушілік Балалар жұмысын қорытындылауда ұшақтардың құрылымы, кірпіштердің дұрыс қойылуы қарастырылады.
Ең жақсы жасалған ұшақтар мадақталады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: ұшақ түрлері туралы түсініктерді;
игереді: ұшақ түрлерін бір-бірінен ажыратуды;
меңгереді: ұшақ бөліктерін өз беттерінше құрастыруды.
№ 22 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қағазбен құрастыру.
Тақырыбы: Қар және аққала.
Мақсаты: қағазды умаждау арқылы қар кесегін және аққаланы жасай білуге үйрету, қоршаған ортамен таныстыру, кеңістікте бейнені дұрыс орналастыра білуге үйрету, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: аң қағаздар, желім, қылқалам, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: қар кесегі, ұсақ қағаз қиындылары.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балаларға үлгі сурет бойынша әңгімелеу ұсынылады. Қардан не жасауға болатынын сұрайды. Үлгі бойынша талдау жасап, қар кесектері мен
аққаланы қалай жасауға болатынын түсіндіреді.
Балалар қардан
өздері жасаған
бейнелерді атайды, аққала жасауға дайындалады.
Үйымдастырушылық-
ізденістік Педагог қала көрінісі салынған суреті бар қағаздарды таратады да, балаларға не істеу керектігін түсіндіреді:
- Қағаздың астыңғы жақ бөлігіне қар кесектерін орналастырамыз;
- Аққаланы жасау үшін аң қағазды үш бөлікке: үлкен, кіші, одан кіші бөліктерге бөліп аламыз;
- Оларды ретімен алып алақан арасына салып умаждаймыз;
- Дайын болған бөліктерді (үш бөлікті) қала көрінісінің төменгі жаң бөлігіне орналастырып желімдейміз;
- Бас киімін, көздерін, қолын т.б. бөлшектерін қарындашпен немесе фломастермен толықтырып әшекейлейміз;
- Ұсақ қиындылардан ұсақ қар кесектерін жасап, оны да қар жауып тұрған тәрізді етіп орналастыруға болады.
Педагог балалардың іс-әрекетінде шығармашылықпен өздігінен жұмыс жасауларына бағыт береді. Балалар қар кесектерін және аққаланың дене бөліктерін қағазды умаждау тәсілі арқылы жасап, оны біріктіріп,
белгілігі бір мазмұн бере бейнелеуге талаптанады.
Рефлексиялық - түзетушілік Педагог қар кесегінің және аққаланың қағаздан қалай жасалғанына және оны балалардың қалай орналастырғанына қарай отырып, іс-әрекетті
қорытындылайды. Балалар жасаған
аққалаларын
және қар
кесектерін бір-
біріне көрсетіп,
еңбектерін өздері
бағалайды.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: қағазды умаждау арқылы қар кесектерімен аққала жасауды;
игереді: аққала мен қар кесектерін кеңістікте дұрыс орналастыруды;
меңгереді: қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуді.
№ 23 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қалдың материалдар мен жұмыс.
Тақырыбы: Аққала.
Мақсаты: жіппен жұмыс жасай білуге үйрету, қиылған жіптерден Аққаланың бейнесін жасауда саусаң қимыл қозғалыстарын дамыту, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ және қызыл түсті жіптер, желім, қылқалам, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: жіппен жұмыс жасау, жіптің ұсақ қиындылары.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотива-
циялық-қозғау-
шылық Балаларға қағазбен умаждап аққала жасағандарын еске түсіреді, қардан өздері аққала жасағандарын әңгімелеп береді. Үлгіні көрсетіп, бүгін біз қиылған жіптерден Аққала жасаймыз деп оны жасаудың жолдарын түсіндіреді. Балалар жіптермен жұмыс жасау жолдарымен танысады.
Үйымдас-
тырушылық-
ізденістік (Аула, шарбақтардың суреті салынған қағаздар балаларға таратылады).
-Аққаланың бірінші үлкен бөлігін жасау үшін ең ұзын жіпті таңдап аламыз, оны дөңгелектеп орналастырып желімдейміз;
-Екінші бөлігіне жіпті таңдап алып, оны бірінші дөңгелектің үстіне орналастырамыз;
-Басына арналған жіпті алып, оны орналастырып, оның үстіне бас киімін қызыл немесе басқа түсті жіппен желімдейміз;
-Қолдарына арналған жіптерді желімдейміз;
-Орындалу реті аяқталған соң, оның мұрны, көзі, қолындағы сыпырғышы т.б. толықтырылады;
-Ұсақ қиылған жіптерді көбірек алып, ақ жіптердің ұнтақтарынан» Аққаланың ішіндегі дөңгелектерді толтыруымызға болады.Педагог балаларға көмектесіп, жіптерді қалай пайдалану керектігін, қалай қиюға болатынын айтып, үнемі бағыт беріп отырады. Қағаздың бетіндегі мазмұнға қарай отырып, оны қалай орналастыру
қажеттілігін ойланады. Жіптерді ретімен таңдап алады, оны желімдейді, бір-біріне үйлесімділігіне қарайды, ұсақ қиындылармен ортасын толтырады. Басқа дене бөліктерін өз ойларынан жасайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Педагог балалардың жіптерді қалай пайдаланатынын, қалай желімдегеніне назар аударады, суреттің мазмұнын дұрыс құрастырғанына және жұмыстың сапасына қарай отырып қорытындылайды.
Балалар бірінің жұмыстарына бірі баға береді, ұнағанын айтады.
Күтілетін нәтижелер:біледі: қиылған жіптерден Аққаланың бейнесін жасауды;
игереді: жіппен жұмыс жасауды және оны қағаз бетінде дұрыс орналастыруды;
меңгереді: қажетсіз заттар: жіп қиындыларымен жұмыс жасауды.
№ 24 технологиялық картаБілім беру саласы: Таным, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрастыру.
Тақырыбы: Инеліктер.Мақсаты: инеліктің дене бөліктерін табиғи материалдардан дұрыс құрастыра білуге үйрету. Жан-жануарлар әлеміне деген қызығушылыққа баулу, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: ағаш жапырақтары, ермексаз, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: ойнамақ боп, тікұшақ, үйеңкі ағашының жапырағы.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ойнамақ боп еркелеп,
Әдейілеп, ерте кеп.
Гүлге қонды қалықтап,
Кіп-кішкентай тікұшақ.
- Ол не екен?
- Дұрыс айтасыңдар, ал инеліктің
не екенін кім айтады?
- Көктемде қаншама жөндіктер
пайда болады (ойыншықтар немесе
иллюстрациялар көрсетіледі).
Бірақ жөндіктердің барлығы
бірдей ояна қоймайды. Кейбірі әлі
ұйқыда жатыр. Бүгін біз инелікті құрастырамыз. - Инелік - жәндіктерге жатады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Инеліктің суретін қарау.
Балалардың өзіндік жұмысы. Өр
бала өздеріне тиісті жұмыстарын
үстел үстінде орындайды.
Балалардың алдына табиғи заттар
қойылады.
- Жөндіктер туралы не айтуға
болады? Олар қандай?
- Олар несімен ұқсас?
- Олардың айырмашылықтарын
атаңдар.
- Инелік туралы не айтуға болады?
- Инеліктің денесін жасау үшін
қандай затты қолданамыз?
Дұрыс, ал осы таяқшаға үйеңкі ағашының жапырақшасын ермек саз арқылы денесіне біріктіреміз;
- Басы қандай болады, мұрты бола ма? Балалар сұрақтарға
жауап береді.
Көлемі, өңі, қозғалысы жағынан әртүрлі, кейбірі ұша алады.
Денесі, басы, аяғы, мұрты, көздері бар.
- Ұша алатын жәндік, ол тік ұшаққа ұқсайды;
Инеліктің денесі жіңішке, оған жіңішке таяқшаны аламыз;
Инеліктің денесіне ермексазбен қанаттарын біріктіреді.
Инеліктің басы үлкен, сонымен қатар көздері де үлкен болады, басын жасау үшін қоңыр ермексазды, ал көзін жасауға қара ермексазды қолданамыз. Инеліктің мұрты болмайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Көрме ұйымдастырылып жақсы жасалынған жұмыс мадақталынады. Балалар өздерінің инеліктері туралы айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
біледі: жәндіктер туралы білімдері бекітіледі, инеліктің дене бөліктерін жасауды;
игереді: инеліктің әр дене бөлігіне қай затты қолданатынын және заттың атауын айта отырып, өзара айырмашылығын байқайды, құрастырудың әдіс-тәсілдерін;
меңгереді: қарастырған үлгі бойынша ұқыпты жұмыс жасай білу іскерліктерін.
№ 25 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қажетсіз заттармен жұмыс.
Тақырыбы: Қайықтар.
Мақсаты: қалдың материалдардан қайықты құрастыра білуге үйрету, саусаң бұлшық еттерін жетілдіру, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: қақпақтар, тіс тазалайтын таяқшалар, ермексаз, ақ қағаз.
Сөздік жұмыс: қалдың материалдар, қақпақтар, желкенді қайық.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Педагог қалдық материалдардан жасалған қайықтың суретін көрсетіп оған талдау жасайды.
Балаларға қақпақтарды таратып береді, одан желкенді қайықты қалай жасауға болатынын
түсіндіреді.
Балалар үлгіге
қарай отырып
қайықты жасауға
қажетті заттарды
таңдап а лады.
Үйымдастырушылық-
ізденістік - Көгілдір түсті қағаз таңдаймыз, оның үстіне қақпақты қойып, ортасына кішкентай ермексаз қойып аламыз;
- Қайықтың желкенін, шаршы ақ қағазды ортасынан дәл екіге бүктеп, оны бүктеу сызығы бойынша қиып аламыз;
- Қиылған үшбұрыш қайықтың желкені болады, оны жіңішке ағашқа қылқаламмен желім жағып алып жапсырамыз;
-Желкеңді қақпақтың ортасындағы ермексазға орналастырамыз, желкенді қайың дайын болады.
-Оны ыдысқа су құйып, жүзгізіп ойнауға болады.
Балалардың қайықты жасау үшін қақпақты, қағазды және жіңішке ағашты қалай пайдаланғанына назар аударып, көмек көрсету. Қақпақты, жіңішке
ағаштарды қалай пайдалану керектігіне
көңіл аударады,
қағазды қос бүктеу
тәсілімен желкенді
қиып алады және
оны ағашқа жапсырып, қайықтың ортасына орналастырады.
Қайықпен ойын
ойнайды.
Рефлек-
сиялық-
түзету-
шілік Балалардың жасаған қайықтарына қарап, жақсы жасалғандары мадақталады.
Балалар өздері жақсы жұмыстарды таңдайды.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: қақпақтан желкенді қайық жасауды;
игереді: қажетсіз заттарды тиімді пайдалана білу әдістерін;
меңгереді: қажетсіз заттарды пайдаланып ұқыпты жұмыс жасай білуді.
№ 26 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қол еңбегі.
Тақырыбы: Ағаштар.
Мақсаты: балаларға шаршы қағаздарды қиғаш және тең екі бөлікке бүктеуді үйрету. Олардың қолданылуы туралы түсінік беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, саусақтарының икемділіктерін арттыру, ағаштар туралы білімдерін толықтыру, ағаштарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз түрлері, түсті қағаз, желім, қайшы, бұйымның үлгісі, ағаштар суреттері.
Сөздік жұмыс: қарағай, қайың, терек, қағаз фабрикасы, ұсақ жаңқалар.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ойын. Балалар, бізге орманнан кірпі қонаққа келді. Ол бізге әртүрлі қағаз бөлшектерін әкеліпті. Кірпі сендерге осы қағаздардан не жасауға болатынын, оны қалай жасау керектігін айтқысы келіп түр. Кірпінің әңгімесі:
- Мен тұратын жерде әртүрлі ағаштың түрлері өседі: қарағай, қайың, терек, шырша, үйеңкі,
жеміс ағаштары т.б. Сендер қағазды ағаштан жасайтынын білесіңдер ме? Бұрын адамдар қайыңның қабығына, саздан жасалған
тақтайшаларға жазу жазған. Ал қағаз ерте заманда болмаған. Оның есесіне қазір қағаздың түрлері өте көп. Ал қағазды қалай жасайды? Оны ағаштан жасайды. Алдымен
ағашты орманнан кесіп алады, сосын бір бұтағын екіншісіне байлайды, осындай үлкен байланған ағаштарды өзенге жібереді де,
қағаз фабрикасына дейін апаратын болған. Ол жерде оны судан шығарып, арнайы машиналармен кеседі, одан ұсақ жаңқалар
шығады. Осы жаңқаларды үлкен ыдысқа салып, желіммен суға араластырып, қою ақ масса болғанға дейін ұзақ қайнатады. Осы массаны ыдысқа құйып суытады. Келесі станоктарда тегістейді, кеседі, буып түйеді. Оны баспаларға жібереді. Міне, қағаз біздің қолымызға жеткенше осындай ұзақ жолдардан өтеді. Балалар кірпімен амандасады.
Барлығы кірпінің
әңгімесін қызыға
тыңдайды.
Жазғы дала,
жазғы таң, Жасыл
шалғын, жасыл маң.
Ақ бұлаққа мөп-мөлдір
Күн күлімдеп төкті
нұр.
Қолымызды көтереміз,
тербетеміз - бұл
ормандағы ағаштар.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Балаларға қағазды ұстап көруді, умаждауды, жыртуды, сытырлатуды ұсыну. Қандай қағаз қатты сытырлайтынын, қайсысы тез жыртылып қалатынын ажыратқызу.
-Балалар, кірпі қайда мекендейді білесіңдер ме?
-Ал, орман туралы сендер не білесіңдер?
-Олай болса алдымыздағы қағаздарды алып, кірпі мен оның достарына өз қолымызбен орман
жасап берейік.
Орманды жасау үшін бізге түрлі түсті қағаз бен қайшы, желім керек болады, егер бөріңнің алдыңда жұмысқа керек заттар болса - онда жұмысқа кірісейік.
Ағаштардың жасалу ретін түсіндіру.
Қос бүктеу тәсілімен ағаштарды жасыл түсті қағаздан және діңдерін қоңыр түсті қағаздан бүктеу арқылы жасау жолдарын көрсету.
Үлкен жасыл шаршыны қиғаштап бүктейміз.
Бұрыштарын ішке қарай бүктейміз. Бұл - ағаштың жоғарғы бөлігі. Кішкентай қоңыр шаршыны төртке бүктеп екі шетін желімдейміз.
Бұл - ағаштың бұтағы. Ағаштың жоғарғы бөлігі мен бұтағын бір-біріне желімдейміз. Жеміс ағаштарын, шырша және теректі бүктеп жасаймыз. - Орманда
- Орманда көптеген
ағаштар болады,
сол ағаштардың
арасында көптеген
жан-жануарлар
мекендейді.
- Балалар қол соғып келіседі. Қағазды қос бүктеу, шеттерін бүктеу т.б.
Балалар тапсырманы педагогтің көрсетуімен орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Балалардың жұмысына жұмбақ шешу арқылы қорытынды жасау. Балалардың жасаған
жұмыстарынан кірпіге орман жасалынады. Балалар жасаған
ағаштарынан орман
құрастырады,
оның ішіне аңдар,
құстарды орналастырып мазмұн береді.
Күтілетін нәтиже:біледі: қағазды қиғашынан бүктей білуді үйренеді, бөліктерді бір-біріне ұқыпты жапсыруды;
игереді: қағаздың қалай жасалатыны және адам өміріне керек қажеттіліктер туралы түсініктерді;
меңгереді: бүктеу әдіс-тәсілдері арқылы ағаштың жасалу ретін және оны қағаздан жасауды.
№ 27 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрастыру.
Тақырыбы: Желкенді қайық.
Мақсаты: құрылыс материалдарын пайдаланып, қайықты құрастыра білуге үйрету және оны кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру, саусақ бұлшық еттерін дамыту, бастаған ісін соңына дейін аяқтап, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, құрылыс материалдары, ұсақ ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: суда жүзетін, аспанда ұшатын, жерде жүретін.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балалардан әуеде ұшатын,
жерде жүретін және суда жүзетін көлік
түрлері туралы сұрайды. Балаларға
қайықтың суретін көрсете отырып,
оның құрылымына талдау жасалады. Балалар көлік түрлерін атайды, қайықты
жасаудың жолдарын ойланады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Педагог алдымен қайықтың суда жүзетін бөлігін қандай құрылыс материалдарынан жасайтынын түсіндіреді:
(Көгілдір түсті қағаздар таратып,
құрылысты осының үстіне орналастыруды ұсынады).
- Екі жалпаң кірпіш және оған бір
үшбұрышты түйістіріп орналастырамыз;
- Осы кірпіштердің үстіне екі жағына
екі кірпіш, артқы бөлігіне бір кірпіш
қоямыз;
- Қайықтың алдыңғы бөлігі сүйір,
үшкір болып келетіндіктен оған
үшбұрышты пайдаланамыз;
- Енді екі жағына екі жіңішке
текшелерді (брусоктар) қою арқылы оның ескегін жасаймыз.
Қайыққа кімді отырғызғысы келетінін балалардың өздеріне ойлануға ұсыныс жасау.
Балалардың құрылысты қалай құрастырғанына басшылың жасалады. Балалар құрылыс материалдарын үлгіге
және педагогтің
көрсетуіне
қарай отырып
құрастырады.
Қайық дайын
болғанда алдарындағы ұсақ ойыншықтардан
таңдап алып, оны суда қайықпен жүзгізеді.
Рефлексиялық - түзетушілік Балалардың құрастырған қайықтарын қарап шығып, олардың сапасына талдау жасалады. Балалар өздерінің
қайықтарын қалай
жасағанын айтып береді.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: құрылыс материалдарынан қайықты қалай құрастыруға болатынын;
игереді: көлік түрлерін ажырата алады, суда жүзетін көліктердің ерекшелігі туралы мәліметтерді;
меңгереді: құрылыс материалдарын пайдаланып, қайықты құрастыра білуді.
№ 28 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: табиғи материалдан құрастыру.
Тақырыбы: Көбелектер.
Мақсаты: табиғи материалдарды пайдаланып көбелекті құрастыра білуге үйрету, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, ой-қиялын дамыту, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: табиғи материалдар, желім, бояу, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: шемішке дәндері, асбұршақ, ұлу қауашақтары.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балаларды бірнеше табиғи
материалдармен таныстырады.
Бұршақ, шемішке дәндері, асбұршақ,
ұлу қауашақтары т.б. Олардан дәмді
тағамдар жасалатынын айтады. -
Бүгін біз бұлардан әдемі көбелектер
жасап үйренеміз, - деп олардың,
қызығушылығын оята отырып, үлгіні көрсетіп талдау жасайды. Балалар табиғи материалдарды ұстап
көреді, қандай
түрімен жұмыс жасағысы
келетіндерін
өздері таңдайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Педагог өр балаға көбелектердің
суреті бар парақтар таратып береді,
мұндағы көбелектерді қалай жасауға
болатынын көрсетіп, түсіндіреді:
- Көбелектердің шеткі сызықтары
бойынша желім жағып алып оның
үстіне өздерің таңдаған: шемішке не
месе бұршақ дәндерін қатарластырып
орналастырасыңдар;
- Көбелектің бейнесін жасаймыз,
мұрты, өрнектерін қарындашпен бояп
жасаймыз:
- Гүлдерді, шөптерді түрлі түсті
қағаздан қиып жапсырамыз. Балалар өздері
таңдаған
дәндерді алып,
көбелектерді жасайды, бірнеше көбелекті
әртүрлі дәндерден жасайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Дайын болған көбелектерді педагог тақтаға іліп, олардың арасына гүлдерді орналастырып, композиция жасап қояды, ең әдемі көбелек
таңдалады. Балалар өздерінің
көбелектерін
көрсетіп, көбелек туралы өлең айтып береді.
Күтілетін нәтижелер:біледі: көбелектер жайында жаңа мәліметтерді;
игереді: көбелектерді жасаудың әдіс-тәсілдерін; меңгереді: көбелектерді табиғи материалдардан жасауды.
№ 29 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрылыс материалдарымен құрастыру.
Тақырыбы: Біздің балабақшаның ауласы.
Мақсаты: балабақша ауласындағы құралдарды құрылыс материалдарынан жасай алуға үйрету, ауладағы құралдарды құрастыру арқылы ойлау қабілетін дамыту, өздері ойнайтын құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, құрылыс материалдары.
Сөздік жұмыс: сырғанақ, әткеншек.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балалармен балабақшаның ауласы жайында әңгімелеседі.
Аулада ойнайтын қандай құралдар бар екенін естеріне түсіреді. Үлгі суретті көрсете отырып, балаларға «Ауладағы осындай ойнайтын
құралдарды жасап көреміз бе?» - деп сауал қояды. - Аулада не бар? Балалар
ауладағы
ойыншықтарды,
құралдарды
атайды.
- Осындай құралдар жасау үшін
бізге құрылыс материалдары
көмекке келеді. Ауладағы сырғанақ,
әткеншек т.б. жасау үшін алдымен
құрылыс материалдарын: түстеріне,
көлеміне, пішініне қарай таңдап
аламыз. Сырғанақ жасау үшін үш
текше, бір үшбұрыш қажет болса,
құм салғышты кірпіштерді көлденең
қатарластырып қою арқылы
құрастырамыз, әткеншек жасау
үшін үшбұрыш және ұзынша кірпіш пайдаланылады.
Орындықтарды жасау үшін екі текше, бір кірпіш қажет. Кірпіштерді көлденең қатарластырып қою арқылы жол жасаймыз. Тігінен кірпіштерді тізіп қою арқылы қақпа, қоршауларды құрастырамыз. Балалар текшелер мен
кірпіштерді үлгі суреттерге қарай отырып, ауладағы құрылыстарды
құрастырады.
Өздері қандай құрылыс жасағысы
келетінін айтады,
құрастырады
Ұйымдастырушылық – ізденістік Рефлексиялық - түзетушілік Педагог балалардың жасаған
жұмыстарын белгілі орындарға
жайғастырып, балабақша ауласының
көрінісі болатындай жағдай жасайды. Балалар
өздерінің
жұмыстарын, не
жасағандарын
айтып береді.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: құрылыс материалдарынан балабақша ауласындағы құрылыстарды құрастыруды;
игереді: құрылыс материалдарын тиімді пайдалану әдіс-тәсілдерін;
меңгереді: әртүрлі құрылыстарды құрастыра білуді.
№ 30 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оңу іс-әрекетінің түрі: Қағазбен құрастыру.
Тақырыбы: Үйлер.
Мақсаты: үй құрастыру арқылы үйдің бір және бірнеше қабатты түрлерімен және олардың бөліктерімен таныстыру, қағаздан үйді құрастыра білуге үйрету және балаларды бірізділікпен жұмыс жасай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: екі түсті шаршы қағаздар, фломастер немесе маркерлер, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: қағазды беттестіру, теңестіру, қос бүктеу.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Үйдің үлгі суретін көрсете отырып,
педагог оның жасалу жолдарын
түсіндіреді. Балалар педагогпен бірге қағаздарды
бүктейді.
Үйымдастырушылық-
ізденістік - Қағазбен үйді құрастыру үшін бізге
мына заттар қажет болады:
- 2 түрлі түсті шаршы 15x15 см қағаз;
- есік жасауға арналған
тіктөртбұрышты қағаз;
- терезеге 4 шаршы кішкентай
қағаздар;
- қайшы;
- желім;
- терезенің әйнектерін жасау үшін ақ
қағаз немесе ақ маркер қажет болады.
- Екі түсті қағазды алып бір-біріне
беттестіреміз.
- Беттескен қағаз ортасынан бүктеледі.
- Бүктелген қағаз ішке тағы бір рет
бүктеледі.
- Бүктелген қағаз екі жаққа ашылып,
өр бөлікті беттестіріп бүктейміз.
Екі бұрышы ішке қарай бүктеледі.
Бүктелген бұрыштар ішінен сыртқа ашылады.
Үйдің пішіні дайын болған кезде дайындалып қойған терезе мен есікті жапсырамыз. Балалар
педагогтің
көрсетуімен бірге
қағазды бүктеп
үй жасайды.
Педагогтің
көрсетуімен
балалар қағазды
бірге бүктеп отырады.
Фломастер не
месе маркерлерді
пайдаланады.
Екі түсті қағазды
пайдаланады.
Рефлексиялық - түзетушілік Балалардың жұмыстарына бақылау
мен басшылық жасалып, жақсы
құрастырылған үйлерді таңдап, талдау жасалады. Балалар өз
үйлерін қалай
жасағандары туралы айтып береді.
Күтілетін нәтижелер:біледі: қағазды бүктеу арқылы үйді құрастыру жолдарын;
игереді: екі түсті қағазды пайдаланып, үйдің құрылысын жасау жолдарын;
меңгереді: қағазды бүктеу, оны белгілі бір бейнелерге келтіре білуді.
Білім беру саласы: Таным, қатынас.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қалдық материалдармен жұмыс.
Тақырыбы: Қағаз майлықтарға арналған стақандар.
Мақсаты: қалдың материалдармен жұмыс жасауға үйрету, балалардың ой қиялын дамыту, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: йогурт құтысы, еремксаз, әртүрлі дәндер, бояу, қылқалам.
Сөздік жұмыс: йогурт құтысы, стақанның екі немесе торт «бүйірі», қырлары.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балаларға асханада тамаққа және іс-әрекет кезінде кезекшілікте қандай істермен
айналысқандарын естеріне түсіреді. Қол сүртетін сүлгіні қайда қоюға болатынын, қағаз
сүлгілерді арнайы стақандарға салып қоятынын айтып, осындай стақандарды біз бүгін дайындаймыз деп үлгіні көрсетіп әңгімелейді, жасалу жолдарын түсіндіреді. Балалар
кезекшіліктегі
іс-әркеттерін
естеріне түсіреді,
үлгіні талдау
жасайды.
Үйымдастырушылық-
ізденістік (Балаларға әр түсті йогурт стақандары таратылып беріледі).
- Оны безендіру үшін бізге ермексаз және әртүрлі дәндер қажет болады. Алдымен ермексазды стақанның түсіне үйлестіріп
таңдап аламыз, оны алақан арасына салып домалақтап, тегістейміз, алақан арасына салып қысып, басамыз, сонда ол домалақ пішін жалпақ болады, оны стақанның «бүйіріне» жапсырамыз. Ол ермексаздың үстіне дәндерді әртүрлі өрнектер жасай отырып бастырамыз.
(Балалардың қалауы бойынша стақанның екі жағына да жасатуға болады).
Педагог балаларға көмектесіп, жеке нұсқаулар береді. Екі жағын, торт жағын безендіруге бағыт беріледі. Балалар
стақандарды
таңдап алған соң,
оған ермексазды
жабыстырып,
оны дәндермен
әшекейлейді. Дайын болған стақандарға қағаз сүлгілерді (салфетка) түтікше тәрізді етіп орап салып қояды.
Рефлек-
сиялық-
түзету-
шілік Балалардың жасаған стақандарын алып, жақсы жасалған жұмыстар мадақталады. Балалар кімнің жұмысы жақсы жасалғанын айтады.
Күтілетін нәтижелер:біледі: балалар қалдық материалдармен жұмыс жасауды;
игереді: қалдың заттармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін;
меңгереді: ермексазбен, дәндермен ұқыпты жұмыс жасауды.
Ортаңғы топқа арналған
ұйымдастырылған қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: табиғи материалдармен жұмыс.
Тақырыбы: Балапан.
Мақсаты: жапырақтарды пайдаланып балапанның бейнесін жасай білуге үйрету, көркем безендіру арқылы ой- қиялын дамыту, ұқыпты жұмыс жасауға және балапанға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: жапырақтар, жіңішке бұтақтар, ермексаз, жасыл түсті қағаздар
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог дидактикалық ойын ойнатады.
«Қай ағаштың жапырағы?» Балалар
қағаздан жасалған жапырақтар мен
табиғи жапырақтарды ажыратады,
қандай ағаштың жапырақтары екенін
айтады. Жапырақтардың түсіне,
пішініне назар аударады. Үлгіні көрсетіп
талдау жасалады. Балалар жапырақ-
тарды ажыратып, түсін, пішінін айтуға талаптанады.
Үйымдастырушылық-
ізденістік Балапанды жасаудың жолдарын түсіндіру: - Алдымен дене бөліктеріне арналған кепкен жапырақтарды таңдап аламыз; басына және қанатына кішкене
жапырақтарды аламыз; екі таяқша ұсақ жапырақтарды немесе қағаздан қиылған жапырақтарды аяқтарына пайдалануға болады; қанатын үлкен жапырақтың
үстіне желіммен немесе ермексазбен бастырып орнатамыз; көздерін қара түсті ермексаздан немесе фломастермен жасаймыз.
Балалардың жапырақтармен өте ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалау. Өйткені кепкен жапырақтар тез сынғыш, үгітіліп қалады.
Балапанды бірден жасыл түсті қағаздың үстіне орналастыруға болады. Қиылған көбелектер мен шөптер алдын ала дайындалады, оны балалар өздері таңдап безендіреді.
Балалардың жұмыстарына басшылық жасалып, көмек көрсетіледі. Балалар кеп
кен жапырақтарды таңдап алады, дене
бөліктерін педагогтің
нұсқауымен немесе үлгіге қарай отырып
өздері орналастырады.
Балапанның денесін, ба
сын, қанатын, аяқтарын
және көздерін жасау қажет екенін түсінеді
және оны жасауға әрекет етеді.
Рефлексиялық - түзетушілік Балапандарды қарап, жапырақтарды
балалардың қалай пайдаланғанын
ескеріп жақсы жұмыстар мадақталады.
«Көк шалғындағы балапандар» көрмесі
ұйымдастырылады. Жақсы жасалған
Балапандарды өздері таңдап, балапан
туралы өлең айтып береді.
Күтілетін нәтижелер
біледі: ағаштардың жапырақтарын ажырата отырып, одан балапандар жасауға болатынын;
игереді: жапырақтардың пішініне сәйкес балапанның бейнесін жасаудың әдіс-тәсілдерін;
меңгереді: табиғи материалдарды ұқыпты пайдалануды.
Естияр тобына арналған
ұйымдастырылған қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.
Тақырыбы: Хайуанаттар бағы.
Мақсаты: құрылыс материалдарынан хайуанаттар бағын құрастыра білуге үйрету, құрылыс материалдарын дұрыс орналастыра алу дағдыларын қалыптастыру және ұқыпты жұмыс істей білуге хайуанаттарға қамқорлық жасай білу сезімдерін тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: құрылыс материалдары, аңдардың ұсақ ойыншықтары, ағаштардың бейнелері және үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: хайуанаттар бағы, үйшік.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Балалардан хайуанаттар бағына барғандары жайында сұрайды, онда қандай аңдарды көргендерін әңгімелетеді. Үлгіге талдау жасап, хайуанаттар бағын құрастырудың жолдарын түсіндіреді. Ол үшін алдымен балаларды шағын топтарға бөледі: (4-5 топ),
өздеріне ұсақ ойыншықтардан аңдарды таңдатады. Балалар өздерінің қандай аңдарды көргендерін айтады.
Өздері жақсы
көретін
аңдарды
таңдайды.
Үйымдастырушылық-ізденістік Алдымен балаларға өздері таңдап алған аңның бейнесіне қарай отырып, оған қандай құрылыс материалын пайдаланып, қоршаулар немесе үйшік жасауға болатынын ойлануға уақыт береді. Әрі
мынадай кеңес береді:
- керікті алған балаға кірпіштерді
тігінен қоймаса, оның мойны өте ұзын
екені ескертіледі;
- аюларға жалпаң кірпіштерді көлденең
қойып және төбесін жауып үйшік жаса
уды түсіндіреді.
Кейбір балалар өзара келісіп,
қоршаулардың арасындағы жолдарды құрастырады; кейбіреулері қақпалар жасайды, осылайша бірнеше ұжымдық жұмыс жасалып, олардың барлығын
біріктіріп, ағаштар орнатып, үлкен хайуанаттар бағы пай да болады.
Балалардың өздігінен дербес әрекет етуіне баса көңіл бөлінеді, құрылыс материалдарының қалай пайдаланғаны аталып өтіледі. Балалар шағын топтарға бөлініп
бірнеше хайуанаттар бағының бөлімдерін
құрастырады.
Балалар өзара
келісе отырып қандай аңдарға не
жасағысы келетінін
анықтап алады, құрылыс
жасауда үлгіге
қарай отырып
құрастыруда
үйшіктер,
қоршаулардың дұрыс орналасуына мән береді, оған өздері таңдап алған ойыншықтарын
жайғастырып
ойнайды.
Рефлексиялық - түзетушілік -Хайуанаттар бағына ұқсады ма? Қалай - Ұқсады.
Қалай жасағандарын айтып әңгімелейді.
ұқсаттыңдар? Ең жақсы құрылыстар қайсысы? Еңбек нәтижесіне балалармен бірге талдау жасалынады. Күтілетін нәтижелер:
біледі: құрылыс материалдарынан хайуанаттар бағын құрастыруды;
игереді: аңдардың дене бітіміне сәйкес құрылыстарды дұрыс құрастыруды;
меңгереді: ұйымдасып істеген жұмыстың нәтижелі болатынын.
Естияр тобына арналған
ұйымдастырылған қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қағазбен құрастыру.
Тақырыбы: Саябақта.
Мақсаты: жолаң қағаздардан саябақтағы құралдарды жасай алуға үйрету, қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, саябақта тәртіп сақтауға, дұрыс дем алуға, тазалық сақтай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қатты қағаздан қиылған жолақ қағаздар, желім, қылқалам, қағаздан жасалған балалардың бейнелері және үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: саябақтағы құрал-жабдықтар, жолаң қағаздар.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балалармен саябақта көргендері жайында әңгімелеседі. Онда қандай ойнайтын құралдар бар екенін естеріне түсіреді. Үлгі суретті көрсете отырып ойнайтын құралдарды жасайтындарын айтады. Балалар ауладағы ойыншықтарды, құралдарды атайды.
Үйымдастырушылық-
ізденістік Осындай құралдар жасау үшін бізге түрлі түсті қағаздар көмекке келеді.
- Өткеншек жасау үшін жолақ қағазды
доға тәрізді иіп, оның екі шетін бүктеп,
желімдейміз, ортасына екінші кіші
жолақтың ұштарын сәл ғана бүктеп,
оны доға тәрізді жолақтың ішкі
бөлігіне желімдейміз, әткеншек дайын
болады.
-Айналатын әткеншекті жасау
үшін екі көк түсті, ұзындығы бірдей
қағаздар қажет. Олардың екі шеттерін
бүктейміз, бір-біріне айқастырып
желімдейміз. Оның астыңғы бөлігіне
қысқа қоңыр жолақ қағаздан домалақ
жасап, көк жолақтарды оның үстіне
орналастырамыз. Сары түс пен басқа
түстерді таңдай отырып әткеншекке баратын жолдарды жасаймыз және оны әшекейлейміз. Балалар жолақ қағаздардың шеттерін бүктеп
сындырады, көк
жолақтарды
бір-біріне
айқастырып
қойып
желімдейді,
оның шеттерін
бүктейді.
Қағазбен ұқыпты
жұмыс
жасауға
жаттығады.
Рефлексиялық - түзетушілік Педагог балалардың жасаған жұмыстарын белгілі орындарға жайғастырып, саябақтың көрінісін Балалар өздерінің жұмыстарын әңгімелеп айтып
жасайды. береді.
Күтілетін нәтижелер:біледі: жолаң қағаздарды қиюды, оның шеттерін бүктеуді, желімдеуді;
игереді: жолаң қағаздардың түстерін таңдай алуды, өздері қалаған заттарды жасаудың әдіс-тәсілдерін;
меңгереді: қағазбен ұқыпты жұмыс жасауды.
Естияр тобына арналған
ұйымдастырылған қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қалдық заттармен құрастыру.
Тақырыбы: Ертегі.
Мақсаты: балалардың ертегі мазмұнын естеріне түсіре отырып ертегі кейіпкерлерін бейнелей білуге үйрету, қалдық материалдармен жұмыс жасауға дағдыландыру, үш дос ертегісін әңгімелеу арқылы бір-бірімен дос болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: йогурт құтылары, желім, қылқалам және ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Сөздік жұмыс: ертегі кейіпкерлері, достың.
Оқу іс- әрекетінің Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
кезеңдері Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балалардың қандай ертегі білетіндерін сұрайды. Қандай ертегі ұнайтынын айтады. Ертегі
кейіпкерлерінің қайсысы жағымды-жағымсыз кейіпкерлер екенін талдайды. Бүгін біз осы ертегі кейіпкерлерін қажетсіз заттардан жасаймыз деп үлгіге талдау жасайды, көрнекіліктерді көрсетеді. Балалар
ертегілердің аттарын атайды.
Үйымдастырушылық-
ізденістік Педагог алдымен балаларға йогурт құтыларын таратады:
- оны төңкеріп қойып, қандай ертегі кейіпкерін жасағысы келетінін көздерін жұмып, көз алдыларына
елестетуді ұсынады;
- енді алдарындағы суреттерден өздері таңдаған ертегі кейіпкерлерін таңдап алып, оны қайшымен шетінен айналдырып қиып алады;
- қиылған кейіпкердің бейнесін йогурт құтысына жапсырады.
Бірнеше жұмыстар дайын болған соң, балаларға өздері жасаған кейіпкерлерімен ертегі құрастырып айтып беруді өтінеді.
Үш дос, қу түлкі т.б. ертегілерді өздері ойлап тауып әңгімелейді. Балалар ертегі
кейіпкерлерін
таңдап алып оны
қиып алады, йогурт құтыларына
жапсырады, бірнеше бала бірігіп ертегі құрастырып айтып
береді.
Рефлексиялық - түзетушілік Балалардың жасаған жұмыстарының сапасы тексеріліп, ертегіні шағын топпен құрастырып әңгімелеп айтып беуімен жұмыс нәтижесі
қорытындыланады. Балалар өздері
таңдаған
кейіпкерлерінің
рөлдеріне еніп,
әңгімелеп береді.
Күтілетін нәтижелер: біледі: ертегілерді әңгімелеп айтуды;
игереді: ертегінің жағымды-жағымсыз кейіпкерлерін ажыратуды;
меңгереді: йогурт құтыларынан ертегі кейіпкерлерін жасауды.
№ 36 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ұлу қауашақтарымен жұмыс.
Тақырыбы: Ұлу қабыршағынан жасалған балықтар.
Мақсаты: ұлу қауашақтарын пайдаланып балықтарды жасай білуге үйрету, балықтардың түрлері туралы түсініктерін дамыту, оларға қамқорлық жасауға, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: ұлу қауашақтары, жемістердің дәндері немесе жапырақтардың бөліктері, аң түсті ермексаз, көгілдір түсті қағаз.
Сөздік жұмыс: ұлу қауашақтары, жемістердің дәндері, мұхит аралы.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог аквариумдағы балықтарды
қалай күтіп, баптағандары, тамақ
бергендері жайлы балалармен
әңгімелеседі. Балықтардың түрлерін
сұрайды. Бірнеше суреттер көрсетеді.
Үлгі суреттер көрсетіп, осындай
балықтарды ұлу қауашақтарынан
жасайтындықтарын айтады. Балалар
аквариумдағы
балықтар туралы
әңгімелейді. Ұлу
қауашақтарын
таңдап алады.
Үйымдастырушылық-ізденістік Ол үшін: балықты жасайтын ермексаз және ұлу қауашақтарын таңдап алу керек.
Ермексаздан үзіп алып балықтың денесін жасап алу қажет, оның екі қанатына екі ұлу қауашағын орналастырамыз; денесіне тағы біреуін бастырып, құйрығына тағы бір қауашақты - ермексаздың үстіне қойып бастырамыз; басы мен көзіне жемістерді, жапырақтардың, түптерін немесе таяқшамен бастырып жасауға да болады.
Ұсақ бөліктерін жасау педагог пен балалардың бірлескен шығармашылық әрекетінің, жемісі болмақ.
Балықты көк түсті қағазға орналастырып, шөптерді басқа бейнелермен толықтыруға болады.
Педагог балалардың бұрын ұлу қауашақтарымен жұмыс жасамағанын ескеріп, оларға көмек көрсетеді, бағыт береді. Балықтарды жасау үшін алдымен ермексаздан дене бөлігін алақан арасына салып, есіп а лады, оған ұлу қауашақтарын үлгіге қарай отырып, педагогтің көрсетуімен тапсырманы орындайды. Балалардың өздігінен дербес әрекет етуіне басым көңіл бөлінеді.
Рефлексиялық - түзетушілік Жасалған балықтарды тұтас көк түсті қағазға орналастырып, «Теңіз әлемі», «Мұхит аралы» тақырыптарында көрме ұйымдастырылады. Көрмеге балалар ең жақсы жасалған балықтарды таңдайды.
Күтілетін нәтижелер:біледі: балықтарды ұлу қауашақтарынан жасауды:
игереді: балықтардың түрлері және оны күтіп баптау туралы, дене бөліктерінің ерекшеліктері туралы түсініктерді;
меңгереді: ермексазды, ұлу қауашақтары

Приложенные файлы

Добавить комментарий