?дістемелік ??рал О?ушыларды ?БТ-ге дайындауды? мониторингтік ?ызмтеті


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

ҰБТ –ге дайындаудың мониторингтік қызметі/Әдістемелік құрал/Жарма ауданы«Бақыршық орта мектебі» КММДиректордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарыСадуева Сауле Бекбердиновна Слайд * «21 ғасырда білімін жетілдірмеген,дамытпаған мемлекет құлдырауға жақын»Н.А.Назарбаев Мақсаты:1. Білімнің сапасын,нәтижелілігін және өнімділігін арттыру2. Бәсекеге қабілетті,өзін-өзі жетілдіруге талпынатын тұлғаны қалыптастыру.Міндеттері:ҰБТ арқылы оқушылардың білім сапасын сырттай бағалаудың сапалы дайындығын ұйымдастыру ;Білімге қойылған жаңа талаптарды жүзеге асыруға жағдай жасау;Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;Жаңа ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету;Бақылау -өлшеуіш тест материалдарын жетілдіру;Оқушыларға терең де нақты білім беру. ҰБТ-ге дайындық жұмысының кезеңдері: Кезеңдер Жұмыс бағыттары Жұмыс түрлері Диагностикалық кезең Болжау кезеңі Бақылау кезеңі Жекелей тақырыптар бойынша “қиындық тудыратын”сұрақтарды анықтау Білімді жаңғырту мен толықтыру жолдары Тақырыпты игеру деңгейін бақылау Тақырып бойынша бақылау тестілеу Қосымшы сабақтарда қиын тапсырмаларды шешудің жолдарын жүйелі,жеке,өздік жұмыстары түрінде өткізу Тестілеу, әңгімелесу, бақылау қималар ҰБТ-ге әдістемелік дайындықты құру принциптері: 1. «Үздіксіз айналмалы қайталау» түрін жоспарлы дайындыққа енгізу;2. Тақырыптық тестілеуді логикалық тапсырмалар негізінде құру;3. Кешенді тестілеуге тек негізгі тақырыптарды қайталап болғаннан кейін ғана өту;4. Жаттығу тестілеуде шектелген уақытты қатаң ұстану;5. Барлық оқушыларға ең жоғары жүктеме бірдей болуы тиіс Үйдегітестілеу Сынау тестілеу(аралас тапсырма) Тақырыптық тестілеу Экспресс – тестілеу(8-10 тапсырма жылдамдықты дамыту)мақсатында ҰБТ режиміндегі тестілеу ҰБТ-ге дайындық жүйесі Теориялық материалдыңжалпылама дәрісі Түзету жұмыстары Бақылау тестілеу Тапсырмаларды орындау жолдарын үйрену Теория бойынша сынақ алу Жаттығу тестілеу(базалық және жоғары деңгей) ҰБТ-ге дайындаудың замануи технологиялық түрлері мен құралдары: - белсенді технологиялық жаттықтырулар;- электронды технологиялар мен құрал-жабдықтар; - қашықтан дайындау технологиясы;- жобалау технологиясы; - ағымды және қорытынды аттестацияға дайындық деңгейінің диагностикасы;- жаттығу тестері;- бақылау тестері; - тест тапсырмаларын бағалау критерийлерін енгізу; - эксперименттік тапсырмалар дайындау әдістері;- пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасу мақсатында өткізетін дөңгелек үстелдері. Бақылау-диагностикалық қызметі Мониторинг жүргізу үшін әр пән мұғалімі ҰБТ дайындық бумасы жүйелі жүргізіп отыруы керек: МӘБ отырыстарында пән мұғалімдерінің ҰБТ бойынша өткен жылғы қорытындыларына сараптама жасау; ҰБТ сараптамаларын ескере отырып,негізгі пәндер бойынша мәселелі тақырыптар қорын құру;-ҰБТ дайындық мақсатында пән мұғалімдері мектеп әкімшілігі тарапынан белгіленген кесте бойынша анықталған «қиын» тақырыптар бойынша ашық сабақтар өткізеді;- «қиын» тақырыптарды орта буында кейін қайталанбас үшін оқытудың жаңа үлгілерін қолданып оқушы санасына берік бекіту;- ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастырудың негізі-қосымша сабақтарда оқушылардың көрсеткен жетістіктерін ескере отырып талдау жасау;- ӘБ отырыстарында ҰБТ нәтижелеріне сараптама жасап отыру. Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыру жұмыстарының жүйесі келесі бағыттардан тұрады: Әкімшіліктің пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу әдістемелік көмек көрсету ҰБТ-ға дайындық мәселелерінің сұрақтарын мектептің ӘБ жұмыс жоспарына енгізу,қосымша семинарлар, біліктілік көтеру курстары Пән мұғалімдерінің оқушылармен жекелей жүргізетін жұмыстары базалық оқытудың бағдарламасын кеңейтетін нәтижелі курстардың ауқымдылығы ҰБТ-ға дайындық барысында жеке стратегияларын анықтау оқушыларды психологиялық қолдау.кеңес беру ҰБТ-ға дайындау үшін ғаламтордан қашықтан қашықтан оқыту ресурстарын енгізу Білім сапасының мониторингі жүйелі және кешенді болуы керек,ол төмендегідей талаптарды қамтуы тиіс: - ҰБТ-де таңдау пәні бойынша оқушылардыі ағымдағы,бақылау жұмыстарының ,өздік жұмыстарының бағаларын, мектепішілік ҰБТ сынақ тестілеудің нәтижелерін бақылау Мониторинг ҰБТ бағаларын болжауға мүмкіндік береді. Рет саны Іс-шаралар мерзімі Жауаптылар 1 Әр мұғалім ҰБТ-ға дайындық жоспарын жасауда оның мазмұнын,пән бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімін ,әдістемелік нұсқаулықты әріптестерімен тәжірибе алмасудағы әдістемелерін,ақапараттық кеңістікті пайдалануды,өзінің кәсіби деңгейі мен оқытудың жаңа түрлерін қолдануды кірістіргені жөн. Жыл бойы мұғалім 2 Оқулықпен жұмыс жасауда; мәліметті жүйелеп,көңіл аударарлық мәселелі сұрақтар болса қарындашпен белгілеп қойған дұрыс,Түсініктерді,терминдерді,хронологиялық кестелерді әр түспен оқулықтың шетіне белгілеп қойған жөн. Жыл ббойы Жұмыс5-11 сынып оқушыларымен жүргізіледі 3 Дәптермен жұмыс жүргізуде: толтырып жазуға міндетті делінген мәліметтер жазылуы тиіс.Жаңа ұғымдар мен терминдерге дәптерден арнаулы беттерді бөліп қалдыру керек Жыл бойы мұғалім 4 Дидактикалық жинақтарды пайдаланғанда: оқушылар жұмыс көлемін бағымдай алуы керек.Геохронологиялық кестелер туралы білім олардың логикалық,танымдық,сыни ойлау қабілеттерін дамыта отырып ауызша алынған мәліметті тиянақтауларына,жүйелеулеріне жәрдемдеседі. Жыл бойы мұғалім 5 ҰБТ –ге дайындықтарын бақылау үшін қойылатын сұрақтардың өзін әр түрлі формада қолданған жөн. Мәселен жекелей,топпен,жұппен,нақты бақылау жұмысы түрінде. Жыл бойы мұғалім 6 ҰБТ-ге дайындықты 5 сыныптан бастаған жөн. Пән бойынша алғашқы ұғымдар мен негізгі өзекті тақырыптар естерінде жақсы қалдыру үшін тиімді жол. Жыл бойы мұғалім 7 Өткен жылдың барлық тест материалдарын қосымша сабақтарда,тренингтерде,сабақтарда да қарастырып алған дұрыс. Қиындық тудырған тақырыптар мен тапсырмаларды мұғаліммен бірлесіп талдау және қайталау нәтиже береді. дұрыс.Жыл бойы мұғалім 8 Әр сыныпқа білім сапасына мониторинг жасап саралап отыру керек. Жыл бойы мұғалім 9 Пән бойынша ғалымдардың аты-жөніне,зерттеулеріне,ғылыми жаңалықтарына,еңбектеріне көңіл аудара отырып,сабақта қайталау сағатына енгізу арқылы базалық мәлімет жинақтау. Жыл бойы мұғалім ҰБТ-ға дайындыққа нұсқаулар ҰБТ дайындық бумасы келесі құжаттардан тұрады ҰБТ өткізу ережесі Тестілеудің элементтісараптамасы Жұмыс жоспары Дайындық сабақтар кестесі Дайындық сабақтарына қатысу-есеп журналы Байқау сынақтары мен ҰБТ нәтижелерінің динамикасына әсер ететін жағдайлар Өзінің білім деңгейіне деген сенімсіздік пен тұлғалық реттелмегендік/тапсырманы қалай,қайдан бастауды анықтай алмай,уақыт жоғалту/Өзінен нәтиже күтуге асықпау,ішкі түйсігін бағындыра алмау, білім мазмұнына қойылатын талапты ескермеу.Бастауыш,орта және негізгі мектеп курсы бағдарламаларын саналы түрде игеріп,есте сақтамау. Білімнің өзектілігіне немқұрайдылықпен қарау.Бұрынғы білімін жаңа білімде қажетіне сай пайдалана алмауы, танымдық қабілетін дамытпауы.Сапалы жоғары деңгейдегі нәтижеге жетуге деген ұмтылыс болмау,артта қалып қоюшылық.Мұғалім тарапынан оқушы біліміне болжам жасалмау.Мұғалімнің жаңа білім беру мазмұнына сәйкес оқытпауы,уақытында қадағаламауы,нәтижеге бағыттамауы. ҰБТ-ге дайындыққа әдістемелік нұсқаулар ҰБТ-ге даярлау мен пәнді оқыту үшін пән мұғалімдері төмендегі қағидаларды жоспарға енгізгені дұрыс:- сабақта білім мазмұнын жүйелеу(білім-тәжірибе-білімді жинақтау);- дайындық сабақтарын жүйелі ұйымдастыру(білім– бақылау – білімді жаңа жағдайда қолдана білу);- оқушыларды ҰБТ-ге дайындауда пән бойынша кұрделі тараулар мен қиындық туғызған тақырыптарды оқытудығ түрлі әдіс-тәсілдерін сапалы қолдана отырып,сабаққа енгізу; - ҰБТ тапсыруда дайындықты оқу материалдарын тақырыптық қайталауды оқыту бағдарламасы негізінде нәтижеге бағыттай отырып ұйымдастыру;- ҰБТ- ге оқушылармен жеке дайындықты күшейту;- сынау тестілеу бойынша түзету жұмыстарын жүргізуде қиындық тудырған тақырыптарды ескере отырып сабақта.сабақтан тыс уақытта әр оқушыға жекелей түсіндіру(оқушының жеке даму картасын әзірлеу);- тақырып бойынша қайталау сабақтарын тест тапсырмаларын қолданып өткізу ;- Жаңа тақырыпты түсіндіру мен бекітуде зерделейтін тақырып бойынша тест тапсырмаларын қолдану ;- Жауап нұсқаларында жиі жіберілетін қателерін мұғаліммен бірге талқылау. Оқушылардың ҰБТ-ге сапалы дайындығын қамтамасыз ететін жүйе ҰБТ Мектеп әкімшілігі Әдістемелік бірлестік Ата-аналар Пән мұғалімдері Оқушылар Психолог Сынып жетекшілері кіріспе (диагностикалық) бақылау жұмысыоқушыға қиындық туғызатын тақырыптарды анықтап, түзету жұмысының тақырыптық жоспарын құру курс тақырыптары бойынша қиын тақырыптарды қайталауды ұйымдастыру, практикалық дағдысын қалыптастыру, қорытынды тақырыптық бақылау жүргізуҰБТ тапсырушы оқушыны өзін-өзі бағалауға үйретубазалық тестілеумен қатар, электрондық құрылғылар (репетитор, экзаменатор, анықтамалық, …) және оқыту бағдарламалар (5+, ИКТ-әдістемелігі …) түрлерін кеңінен қолданужүйелі түрде өткізілген сынау тестілеулері мұғалім мен оқушының талдау,саралау,бағалау жұмыстарын нәтижеге бағыттай жүргізуіне ықпал ету керек.оқушымен қатар,ата-аналарға да түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек Пән мұғалімінің жұмыс алгоритмі: Шебер-мұғалімнің тұлғалық қасиеті қандай? Пәнді нақты және терең білуі: мұғалім пәнді терең біліп,білімге қатысты жаңалықты оқиғаларды, деректерді ынта –жігерімен қабылдайды;Өзіндік білімін жетілдіруге ұмтылыс: өз білімін үнемі ,үздіксіз жетілдіріп отырады;Балаларға деген сүйіспеншілігі зор: оқушыларды «жақсы» оқитын,болмаса «қиын оқушылар» деп бөліп олар туралы жағымсыз пікір білдірмейді.;Талап етуші тұлға: оқушыларды тәртіпке шақырады;Педагогикалық такт: оқушылармен қарым-қатынаста денсаулықтарына зиян тигізерлік әрекетке бармайды;«Мендік» тұлғасы: кез келген ортада өзінің сабырлылығымен,төзімділігімен,мейірімділігімен көзге түскені дұрыс. ҰБТ тапсырмаларын табысты орындаудың болжам шарттары Оқушы мен мұғалімнің ҰБТ қорытындысы болжамының сәйкес келуі/келмеуі/;Бітіруші түлектердің өзі-өзі басқарушы тұлға ретінде қалыптасу деңгейін анықтау ;ҰБТ балдық бағамдарын игеру көрсеткіші;Оқушы мен мұғалімнің тығыз байланысының нәтижелігі. « Ойсыз,оқусыз,ой толғамай өткізген әрбір күн-зая кеткен күн» В.А. Сухомлинский Оқушыларды ҰБТ –ге дайындау кезіндеоқытудың дәстүрлі әдістерін ғана емес,сонымен қатар ақпараттық -коммуникативтік технологияны қолдану тиімді Тестілеуде Activstudio 3 бағдарламасын қолдану, оқушылардың білімін бақылап,ғана қоймай сонымен қатар түзету жұмысынжүргізуге мүмкіндік береді.Әрбір кеткен қате түзетіліп,сараланады,бағдарлама бірден бағасын қояды.Тестілеуді қорытындылау нақты және уақытында болып, кері байланыс үнемі жүргізіледі. ҰБТ –ге дайындық кезіндеАКТ қолдану оқытуда жүйелі бақылау мен нақты нәтижені уақытында алуға мүмкіндік береді. Жұмыс үшін қолдануға болатын сайттар http://ymnik.kz http://www.testent.ru http://www.proshkolu.ru http://megamozg.kz http://collegy.ucoz.ru/

Приложенные файлы

Добавить комментарий