О.Б?КЕЙ ??ГІМЕЛЕРІНІ? К?РКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ презентация


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Ғылыми жобаның тақырыбы: О.БӨКЕЙ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Көрінуші ең көнелердің көзіндей,Жазғандарың -қара өлеңнің сөзіндей,Асқақ едің, атақты едің,Нар едің -Туған өлкең -өр Алтайдың өзіндей(С.Тұрғынбеков) Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. Зерттеу жұмысының өзектілігі. Оралхан Бөкей - қазіргі қазақ прозасына елеулі үлес қосқан, қалың оқырман қауымға кеңінен танымал болған жазушыларымыздың бірі. Жазушының романдары мен повестері, шағын әңгімелері қазақ көркем әдебиетіндегі өзіндік орны бар айтулы шығармалар. О.Бөкейдің мектептің төменгі және орта сынып оқушылырының танымына сай әңгімелерін талдауды жөн көрдік. Сол арқылы жазушының балалар әдебиетіне қосқан үлесін анықтау керек болды. Жұмыстың өзектілігі де осында. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Жұмысты жазу барысында алға қойған мақсатымыз О.Бөкей әңгімелерінің тақырыптық- мазмұндық ерекшелігін анықтау болды. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:- О.Бөкейдің шығармашылық өмірбаянына тоқталу;- жазушы әңгімелеріндегі заман шындығын талдап көрсету;- қаламгер әңгімелерінің идеялық-көркемдік ерекшелігін анықтау. Жұмысты жазу барысында сүйенген теориялық тұжырымдар Қ.Ысқақ, А.Кемелбаева, Д.Исабеков, Т.Тоқбергенов, Т.Мәмесейітов, Б.Кенжебаев т.б зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынды. О. БӨКЕЙ ӘҢГІМЕЛЕРІ БАСТАУ ҚАМШЫГЕР ҚАСҚЫР ҰЛЫҒАН ТҮНДЕ САРЫАРҚАНЫҢ ЖАҢБЫРЫ БӘЙТЕРЕК ЖАЛҒЫЗ АЯҚ ЖОЛ КЕРБҰҒЫ АРЫСЫН ТОСЫП ӘЛІ ОТЫР МЕНІҢ ОҚЫП, ТАЛДАҒАН ӘҢГІМЕЛЕРІМ ҚҰМАР ҚОЛ БҰЛҒАПТЫ АПАМНЫҢ АСТАУЫ ТОРҒАЙ МІНЕР АҚ БОЗ АТ КЕРБҰҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ О.Бөкей шығармаларында тілдік құралдар мен тәсілдер арқылы шындық болмыс шеберлікпен бейнеленеді. Шығарма тілінің көркемдігі мен қаламгердің тілдік құралдарды қолдану шеберлігінен жазушының өзіндік дара ерекшелігі болып танылады. Өзіндік стилі қалыптасқан жазушы шығармаларында ғана байқалатын автор бейнесі О.Бөкей шығармаларынан анық танылады. Әңгімелерінде туған жеріне, тіпті оның жануары мен әр бұта-қарағанына деген, жалпы адамзат баласына деген алапат сағынышы мен сүйіспеншілігі аңқылдап тұрады. Оралхан Бөкей шығармаларында негізгі идеясы-қазақ елінің игі жақсыларының қатары сиреп, тағдыры күйреп, ұлан-байтақ даланың тоқырауға ұшырағанын көркем оймен символдап, астарлап жеткізеді Қорыта айтқанда, Оралхан Бөкей шығармаларында автор бейнесі бар, нақты қалыптасқан. Кейде автор жай бақылаушы қалыпқа түссе, кейде оқиғаға тығыз араласып кетеді. Кейде сыншыл, кейде мұңшыл кейіпке енеді. О. Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы бойынша тест тапсырмаларының қорытындысы Ұсыныс: - 5 сыныптан бастап мектеп бағдарламасына О.Бөкей шығармалары енгізілсе- О.Бөкей шығармашылығы 7-сыныптың мектеп бағдарламасында 2-сағат берілгендіктен, жазушы шығармашылығы оқушыларға толық танылмайды , осыны ескере отырып, сағат саны көбейтілсе.

Приложенные файлы

Добавить комментарий