?аза? тілі п?ні Дастархан жаю ?дебі (10 cынып)


10-сынып
Сабақтың таұырыбы: Дастарқан жаю әдебі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы
түсініктерін жетілдіре отырып, қазақ  ұлтының,тұрмыстық
мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.
Дамытушылық: Тыңдалым дағдыларын дамыту,өзіндік пікірлерін ашық айтуға,
қалыптастыруға баулу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгершілікке,ұлтжандылыққа,қонақжайлылыққа
тәрбиелеу, сыйластық пен татулыққа, кішіпейілдікке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас,топтық
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,миға шабуыл,әңгімелесу,аударма, сұрақ- жауап,
топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мультимедиялық қондырғылар, суреттер-слайдтар
 Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі2. Бір-біріне сәттілік тілеу 3. Психологиялық дайындық. Жүректен - жүрекке Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын бірге айтамыз. Бәрін де жақсы көремін, Үнемі көмек беремін. Үлкенді сыйлау - кішілік, Үлгілі мінез - кісілік. Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен сабағымызды бастайық. Оқушыларды II топқа бөлу. Ең алдымен ағаш ыдысқа шұжық, бауырсақ, қымыз суреттерін таратамын,сол бойынша топқа бөлу.
Үй тапсырмасы:  3топтан киелі сандар туралы сұрау,ерекшелігін айту.
 ІІІ.Жаңа сабақ.
Миға шабуыл
Слайдта дастархан жасауының суреттері көрсетілген.
-Балалар, суретте не бейнеленген?
-Не көрсетіліп жатыр?
-Ендеше сабақтың тақырыбы қандай?
Экранда сабақтың тақырыбы мен мақсаты жазылған.
Тыңдалымға арналған тапсырмалар. Мәтінді тыңдау.
Мақсатпен тыңдау/түртіп алып жазу/
Әр топ 5-6түйін сөздерді дәптрлеріне жазып отырады.
Әр топқа мәтіндер таратылады, оқушылар оқиды.(2 мин)
Қазақ халқының қонақжайлылығын, дастархан жаю әдебін ,ерекшелігін түсіндіру.
3. АВС стратегиясы: (оқушылар 3-тен жұмыс жасайды)
А: айтушыВ: тыңдаушы
С: бақылаушы
Айтушы сөзін «Мен қазір сіздерге…  тақырыбында сөйлейін деп жатырмын» деп бастайды. Тыңдаушы негізгі идеяларды түртіп алады. Бақылаушы процестің қалай жүзеге асып жатырғанын бақылайды.(рөл ауысады)
4-тапсырма. Сәйкестендіру сауалнамасы                          
Сыбаға -Жас босанған әйелге арналып сойылған малдың жас еті.
Қонақасы- Бұл-әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық,азық-түліктің мол қоры. Оған түйе,жылқы,сиыр сияқты ірі мал сойылады.
Қалжа- Сыйлы қонақтарға,алыстан келген құрметті кісілерге,сойылған малдың басы малға бата жасаған жасы үлкен кісінің алдына қойылады.
Бас тарту- Қадірменді,сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті.
Соғым- Қонаққа арнап әзірленген тағам,ас.
                                                    Деңгейлік тапсырмаӘр оқушы өзінің шама-шарқы бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
ІІІ деңгей Тақырыпқа байланысты шағын эссе жазады.
ІІ деңгей  Тақырыпқа сай мақал жазып,мағынасын ашуІ деңгей    Өлең шығару
5-тапсырма.Аудиомәтін тыңдау № 2
Біздің халқымыздың құрметті қонақтарына ұсынатын басты тағамы-қазақша ет. Қазақтар сыйлы қонаққа малдың басын тартады. Табақ тарту-үлкен өнер, елдікке сын. Қонақтың дәрежесі мен жасына, туыстық жолына қарай табақ тарту- бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ, күйеу табақ, келін табақ т.б болып аталады. Аталған табақтарға сай жілік (ет) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Табақ тартуға қазақтар ерекше көңіл бөліп отырған.
Тыңдалым бойынша тест тапсырмалары:
1. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.
А) Қазақтың басты тағамы-қазақша ет.
В) Сыйлы қонаққа бас тартады.
С) Қымыз –денсаулыққа пайдалы сусын.
Д) Табақ тарту-үлкен өнер
2. Мәтінге сай сөйлемді аяқтаңыз.
Қазақтар сыйлы қонаққа малдың басын… .А) қояды
В) бередіС) тартадыД) алады3. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
А) Қазақтар қонақ күтпей ме?
В) Қандай ет сізге ұнайды?
С) Бүгін бесбармақ дайындадың ба?
Д) Қазақ халқы қонаққа қалай табақ тартады?
Ү. Кері байланыс
1. Раундробин әдісі
Әр топтан сабақтан алған ақпарат бойынша пікір айтылады, жалғастырылады т.б
Мыс: Қазақ халқының ұлттық тағамдары әр түрлі екен. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған. «Ас –адамның арқауы» дегенді балаларына айтқан.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
•Топтардың жұмыстарын марапаттау.
•Үйге тапсырма .
Ситуациялық жағдай. Мысалы, үйіне қонақ келді. Қонақты қалай қарсы аласың? Шақырылмаған қонақ келсе не істейсің? VІІ Бағалау.
                       

Приложенные файлы

Добавить комментарий