Т?рбие са?аты Алтын к?з


Алтын күз1 - жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!2 - жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!1 – жүргізуші:
Алтын күзге арналғанКешімізді бастайық..!2 - жүргізуші:
Армысың сары алтындай Алтын күзім»Күн нұрын төккендей боп жарқын жүзің.Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,Алтын күзде болсын деп молшылығың.
1-жүргізуші:Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлык, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс - жидек, астың пісіп жетілуі, күзде мал да, аң мен құстар да қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
2-жүргізуші: Берекесін сыйлауғаӨлкемізге күз келдіЖемістерін жинауға,Шақырады біздерді.
1-жүргізуші:
«Жапырақтар» биін қабыл алыңыздар .Би: «Жапырақтар» 3-сынып қыздары
2-жүргізуші: Подстепный №1 мектебінің 3-ші және 4-ші сынып оқушыларының қатысуымен өтілетін « Берекелі, Алтын күз!» атты кешімізге қош келдіңіздер
1-жүргізуші: Кешіміз сайыс түрінде өтеді. Әр сыныптан екі оқушы қатысады.
Сайысымызға баға беруші әділқазы алқасымен таныстырамыз:
2-жүргізуші:
Ендігі кезекте сайыскерлер келіп өздерінің өнерлерін көрсету үшін реттік нөмірлерін келіп таңдайды.Ортаға әр жұптың ұлдарын кезекпен келіп алуға шақырамыз.
Сайыс 5-турдан тұрады.
1-тур.Таныстыру. Оқушылар өздерін таныстырады, сән үлгісін көрсетеді. ( «5», «4», «3» балл)
1-жүргізуші:
2-тур . Алдын ала дайындап әкелген күз өнімдерінен салат дайындап,оған ат қойып, жасалу жолын түсіндіреді. ( «5», «4», «3» балл)
3-тур. Жұмбақтар шешу сайысы.Слайд арқылы жұмбақ беріледі. Әр жұп жұмбақтың шешуін табады. Бір дұрыс жауап «5» балл тұрады. ( «5», «4», «3» балл)
2-жүргізуші:
4-тур. Көкөністер мен жемістерден әртүрлі бейнелер жасайды. Оқушылардың қол шеберлігі, тапқырлығы сыналады. ( «5», «4», «3» балл)
5-тур. Киім үлгісін көрсету. Оқушылардың жүру мәнері,сахнада өзін ұстауы, талғамы, үлгісінің тақырыпқа сай келуі бағаланады.
1-жүргізуші:
1-тур. Таныстыру.
Сайыскерлер де келіп тұр танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Іркілместен сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға.
Әділқазылар алқасынан «Таныстыру» кезеңіне берген бағаларын сұраймыз. №1 жұптың бағасы , №2, №3, №4, №5
2-жүргізуші:
2-тур . «Ас – адамның арқауы» демекші, келесі кезекте, алдын ала дайындап әкелген күз өнімдерінен салат дайындап,оған ат қойып, жасалу жолын түсіндіреді. ( «5», «4», «3» балл)
Ән: «Қазақ жігіттері» 4-сынып
Әділқазылар алқасынан 2-ші турдың «Ас мәзірі » кезеңіне берген бағаларын сұраймыз. №1 жұптың бағасы , №2, №3, №4, №5
1-жүргізуші:
3-тур. Жұмбақтар шешу сайысы.Слайд арқылы жұмбақ беріледі. Әр жұп жұмбақтың шешуін табады. Бір дұрыс жауап «5» балл тұрады. ( «5», «4», «3» балл)
№1 жұпқа тапсырма, №2 жұп жұмбақ шешеді, №3, №4, №5
Әділқазылардан 3-ші тур «Жұмбақтар шешу » сайысынан жинаған ұпайларын айтуды сұраймыз. №1 жұптың бағасы , №2, №3, №4, №5
2-жүргізуші:
4-тур. «Өнерлі өрге жүзер – демекші,келесі сайысымыз қол өнер сайысы. Көкөністер мен жемістерден әртүрлі бейнелер жасайды. Оқушылардың қол шеберлігі, тапқырлығы сыналады. ( «5», «4», «3» балл)
Берілетін уақыт 5-минут. Жұмысты әділқазылардың алдына апарамыз.
Ән : 4-сынып оқушылары
Әділқазылардан 4-ші тур « » сайысынан жинаған ұпайларын айтуды сұраймыз. №1 жұптың бағасы , №2, №3, №4, №5
1-жүргізуші:
5-тур. Сән үлгісін көрсету. Оқушылардың жүру мәнері,сахнада өзін ұстауы, талғамы, үлгісінің тақырыпқа сай келуі бағаланады.
Піскен кезде құлпынай,Қандай тәтті шіркін – ай.Қарай бергің келеді,Дүркін, дүркін, дүркін – ай. дей отырып, ортаға 3- «а» сынып сайыскерлерін шақырамыз
Құлпынай бейнесінде.
2-жүргізуші:
Теңбіл – теңбіл қарбыздыТентек Серік жарғызды.Сонан соң оны жеді,Жеді де былай деді:- Сүйек болмаса, етіНеткен тәтті - деді.
3 «ә» сыныбының қатысушыларын шақырамызҚарбыздар жұбы.
1-жүргізуші:
Алма: Пісіп тұрған алмамын,Тамсандырар бал дәмім.Жерге сілкіп түсірме,Ісіп кетер маңдайың.4 «а» сыныбының бақ өнімдерін шақырамыз ...
2-жүргізуші:
4 «ә» сыныбы
1-жүргізуші:
Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты ... (Шие)Мен моншақты шиемін,Құмарсыңдар білемін.Кетіп қалып жүрмесін,Тамағыңа сүйегім.
Мен шиемін,шиемінИіліп басымды иемін.4 «к» сыныбы
Шие жемісін ша
Әділқазылардан 5-ші тур « Сән үлгісі » сайысынан жинаған ұпайларын айтуды сұраймыз. №1 жұптың бағасы , №2, №3, №4, №5
2-жүргізуші:
Ортаға сайысқа қатысушы оқушыларды ,биылғы жылы пісіп өнген күзгі өнімдерді шақырамыз.
Сөз кезегін әділқазылардан « Берекелі, Алтын күз!» атты сайысымыздың қорытынды ұпайларын айтуды сұраймыз.
Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын марапаттау және өз бағаларын берулерін сұраймыз.
№1, №2, №3, №4, №5
Бас жүлде: «Күз ханшасы – 2015», «Күз патшасы -2015» номинациясының иегерлері, тәж тапсыру
«Өнерлі», «Шебер» , «Зерделі» аталымдары бойынша марапатталады.
2-жүргізуші:
«Алтын күз» мерекесіне дайындаған сайысымыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет.
1-жүргізуші: балалардың орындауында ән «Күз жомарт» әнін қабыл алыңыздар.
Хор:        1.  Тоңазып,атырап
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ ,
Саудырап түседі.
   Қ-сы.    
«Күз жомарт» дейміз, біз
Жемісін жейміз біз.
  2.Үстінде егінжәйСалқын жел соғады.
Гүл,шөбі белдің, сай
Қуарып, солады.

Приложенные файлы

Добавить комментарий