Бітеу буын. Тасымал саба? жоспар 5-сынып


Мерзімі: Пән: Қазақ тілі. Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Бітеу буын.Тасымал
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, тұйық буынды, тасымалды жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар арқылы меңгерту.Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, баяндау, талдау, ой қозғау, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
301-жаттығу
ІІІ. Түсінік беру:
Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т. б.Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.
Бітеу буын деп - дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: серт, тон, мек - теп, төрт, сый - лық, нау - рыз, бай - лық, Бек - сұл - тан, Сұл - тан - мах - мұт т. б.
    Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады   Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады.Мысалы : са-бақ,мек-теп.    Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.   1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы : от,кел,ет,қарт.   2. Сөздердің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңынап қалдыруға болмайды. Сондай – ақ ата,аң,кең,еш,қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.   3. А.Құнанбаев,М.Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилясынан бөліп тасымалдауға болмайды.   4.Қысқартылып жазылған өлшем атауларын ( км,кг,м,см,мм ) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды : 10кг,25см   5.Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды.АҚШ.ТМД,ҚАЗ МУ.
Сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс:
303-жаттығу
Мәтіннің тақырыбы өнер жайында екенін әңгімелеңдер. Мәтіннен буын жігі ауысқан сөздерді табыңдар. Мәтіннің кейіпкері-әл-Фараби туралы не білетіндеріңді, Қазақстанда әл-Фараби қалай құрметтелетіні және оның себептері туралы айтыңдар.
304-жаттығу
Мәтіндегі ұлағатты сөздердің мәнін түсініп оқыңдар. Әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажыратыңдар. Бір сөйлемге лексикалық талдау жасаңдар. Осы ұлағатты сөздердің біреуін эпиграф етіп алып, сол мәселе туралы өз ойларыңды жазыңдар. Жазған сөйлемдеріңде құрмалас сөйлемдер болуын ескеріңдер.
305-жаттығу
Түсініп оқыңдар. Ғалым-жазушы М.Әуезовтің пікірін қалай түсінгендеріңді әңгімелеңдер. Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді табыңдар. Өздерің болашақта қандай маман болуды қалайсыңдар? Сол мамандықтарыңа ана тілі қажет деп ойлайсыңдар ма? Пікірлеріңді айтыңдар.
"Асыл сөз маржандары"
Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу. (сол сөздердің буын түрін ажырату)1. Ат ізін салмауха - бар - лас - пау2. Бармағын тістеді ө - кін - ді3. Жұлдызы оңынан туу жо - лы бо - лу4. Өрісі кең бі - лім - ді5. Үріп ауызға салғандай сүп - сүй - кім - ді6. Тонның ішкі бауындай ө - те жа - қын, өз а - да - мын - дайЖұмбақтың шешу
Мысықта бар, Күшікте жоқ, Қасықта бар, Есікте жоқ. (ы дыбысы) Ы дыбысы–тілдің қатысына қарай жуан, жақтың қатысына қарай қысаң, еріннің қатысына қарай езулік. 2. Борда бар, Допта жоқ, Балда бар, Далада жоқ. (б дыбысы– ұяң дауыссыз дыбыс.) 3. Жазуда бар, Сызуда жоқ, Жылуда бар, Қызуда жоқ. (ж дыбысы – дауыссыз ұяң дыбыс). 4. Ләззатта бар, Жанатта жоқ, Азатта бар, Қанатта жоқ. (з дыбысы –дауыссыз ұяң дыбыс). 5. Нанда бар, Етте жоқ. Айранда бар, Сүтте жоқ (н дыбысы – дауыссыз, үнді дыбыс). 
Тест
1.Ашық буынды сөзді тап.
а) аз.            ә) қаз.         б) боса.2.бірыңғай бітеу буынды сөзді тап.
а)оқушы.     ә) дауысты.   б) мектеп.
3.        Бірыңғай ашық буынды сөзді тап.
а) тамаша.     ә) еркіндік    б) басылым.4.Тұйық буынды сөзді тап.
а) анар.   ә)ант.  б) қант.
Буынның неше түрі бар.
а) екі   ә)  төрт.   б) үш6. Буын түрін көрсет.
А)  қысаң.    ә)бітеу   б)езулік.
Үйге тапсырма беру: 306 -жаттығу
Оқушыларды бағалау:

Приложенные файлы

Добавить комментарий