Себаеп-салдар ?стеу. саба? жоспары 5-сынып


Мерзімі: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 6.
Сабақтың тақырыбы: Себеп-салдар үстеулері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Үстеу туралы ұғымды тереңдей түсіндіру. Үстеуге тән ерекшеліктер мен оның мағынасына қарай бөлінуін ұғындыру. Себеп - салдар үстеуі туралы мағлұмат беру.
ә) дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойларын, іскерлік белсенділіктерін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау.
б) тәрбиелік; Өз ойын дұрыс айта білу негізінде жүйелі сөйлеуге баулу, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, плакаттар, үлестірмелі тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
2-тапсырма
ІІІ.Түсінік беру:
Себеп - салдар үстеуі қимылдың, іс - әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп - салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың т. б.Сабақты бекіту:
224-жаттығу
Сұрақ қою арқылы мақсат және себеп-салдар үстеулерін тауып, бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңдер.
3-тапсырма
«Кім тапқыр» рөлдік ойыны. Үйірме жетекшісі мен оқушының диалогін құраңдар.
225-жаттығу
Сөйлемдерден топтау үстеуін табыңдар, олардың қай сөзбен тіркесіп тұрғанын айтыңдар.
226-жаттығу
Сөйлемдерден үстеулерді тауып, сұрақ қою арқылы түр-түріне ажыратыңдар.
«Дау-дамай» стратегиясы бойынша «иә, жоқ» сөздерін айта отырып, сұрақтарға жауап беру.1. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді? (Иә)2. Бүгін, ертең сөздері мекен үстеуі? (Жоқ)3. Үстеу заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы? (Жоқ)4. Мекен үстеуі қимылдың, іс - әрекеттің болу орнын білдіреді? (Иә)5. Үстеулер мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді? (Иә)6. Күшейткіш үстеуі қалай, не мақсатпен деген сұрақтарға жауап береді? (Жоқ)Ой қозғау- Мына суретке қараңыздар. Кімнің, қандай шығармасынан алынған деп ойлайсыздар? Жақында ғана әдебиет пәнінен өттіңіздер, киносын да көріп жүрсіздер.(Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа») Қожаның қай сәтінен көрініс бейнеленген?(Сөмкеге бақа салып жатырған кезі) Енді мысал сөйлемдерге назар аударамыз.1. Қожа сөмкеге бақаны лезде салды. (сын - бейне)2. Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды. (не мақсатпен? мақсат үстеуі)3. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды.(неге? себеп - салдар үстеуі)4. Қожа сөмкеге бақаны салып, кейін кетті. (қайда? мекен үстеуі)5. Қожа сөмкеге бақаны таңертең салды. (қашан? мезгіл үстеуі)6. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды. (қаншалықты? мөлшер үстеуі)7. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды. (қандай? күшейткіш)Не байқадыңыздар, оқушылар?1. Үстеулер қандай сөз табымен тіркесіп келіп тұр? (етістік)2. Үстеулер дегеніміз не? Етістіктің, яғни қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі белгілерін, сипатын, жай - күйін білдіретін, өзгертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге келе бермейтін сөздер.
Үстеуді сәйкестендіру тестіӘдейі Мезгіл үстеуіТысқары Мекен үстеуіӨте, нақ Сын - қимыл үстеуіҚыруар Мөлшер үстеуіӘрең - әрең Күшейткіш үстеуЕнді Мақсат үстеуБекерге Себеп - салдар үстеу
Сергіту сәті:- Екі көз не үшін керек?- Жақсыларды көру үшін.- Екі қолың не үшін керек?- Елге көмек беру үшін керек.- Құлақ деген не үшін керек?- Ақыл - кеңес тыңдау үшін- Тіл мен жағың не үшін керек?- Ақиқатты айту үшін.- Ал аяғың ше?- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.- Ал үстеу не үшін қажет?- Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесі жоғары
Семантикалық карта.1....... төрт аяқты...... екі аяқты...... үш аяқты.(сәби, жастық, кәрілік)2...... бәрі қашады..... аспанды басады.(жұлдыз)3. Синонимдерін үстеумен жаз.Кірпік қаққанша – (тез, лезде, шапшаң)Тайға таңба басқандай – (дәл, анық) 1. Еріншекке (қашанғыдан? Қашанғы?) оңай?2. (Қашан?) тұрған жігіттің ырысы артық?3. Синонимдерін жаз.Құр, босқа, бекерге.Әдейі, жорта, қасақана.
Үйге тапсырма беру: 227-жаттығу
Оқушыларды бағалау:

Приложенные файлы

Добавить комментарий