Тау жыныстары. Д?ниетану. 3-сынып.


Пәні: дүниетану. Сыныбы:3. Уақыты:11.02.2016ж.
Тақырып: Тау жыныстары және оны қорғау.(ӨҚН)
Мақсаты:
Оқушыларды тау жыныстары туралы түсінік беру.
Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.Сбақтыңа әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сызба, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық көңіл-күй тудыру.
Көбелекше қанат жайып,Гүлдерге мен қонамын.Құмырсқаша күні - түні,Еңбекқор бала боламын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Топырақ. Топырақты қорғау.
1.Сұрақ – жауап:
Топырақ құрамы неден тұрады?
Топырақ қалай құрылады?
Топырақтың құнарлылығы неге байланысты?
Ең құнарлы топырақ қалай аталады?
Сор деген не?
Сор қалай пайда болады?
2. Оқушылар өздерінің тұратын жерлеріндегі топырақ тың құрамы мен ерекшеліктері туралы мәлімет жинап келу.
ІІІ.Қызығушылықты ояту.
Ребус шешу. Қ
402697214630616040101339851905027832'''''',,,,,,
ІҮ. Жаңа тақырып. Тау жыныстары деген не?- Адамдар құрылыста қандай материалдарды пайдаланылады?- Оларды қайдан алады?- Отынның қандай түрлерін білесіңдер?- Пайдалы қазбаларды қандай мамандық иелері өндіреді?Оқулықпен жұмыс. А) тақырыпты тізбектеп оқу.ә) мағынасын ашуб) тақтаға топтастыру схемасын құрастыру.в) дәптермен жұмысГранит – қатты, тығыз тау жынысы. Ол көбінесе жер қыртысының терең қойнауында орналасады. Таулы аймақтарда жер бетіне шығып, кең көлемде таралады. Орталық Қазақстандағы Сарыарқаның көптеген таулары түгелдей граниттен тұрады.
Құмтас. Кәдімгі қайрақты қолыңа алып қара. Егер көп қолданылғаннан жылтырап кеткен болса, сындырып көр. Оның ұп-ұсақ құм қиыршықтарынан тұратынын байқау қиынға соқпайды.
Әктас – біздің күнделікті өмірімізде өте жиі кездеседі. Әктастың үш түрі бар: бор, кәдімгі әктас және мрамор. Олар бір-бірінен қаттылығына қарай ажыратылады.
Бор – әктастың жеке түрлерінің ішіндегі ең жұмсағы. Оны қолмен оп-оңай опыра аласыз. алынады.
Мәрмәр – әктастың ең қатты және тығыз түрі. Түсі әртүрлі келеді. Ақ, қызғылт, сұр, тіпті қаралары да кездеседі.Мәрмәр оңай өңделеді.
Тұз. Пайдалы қазбалардың ең көп таралғаны – тұз. Тұз дегендебіз әдетте ас тұзын түсінеміз. Ас тұзын тұзды көлдерден өндіреді. Көл суы жаздың аптап ыстығында көп буланады да, еріген тұз түбіне шөге береді.
Тас. Жер қабатын құраушы тау жыныстары бірін-бірі үлкен салмақпен басып жатады. Түрлі ерітінділер араласып бір-бірімен байланысқан құм түйіршіктері ауыр салмақтың әсерімен тығыздалады. Сөйтіп, олар қатты тасқа айналады.
Тас көмір – қатты, көбінесе қара түсті зат. Жер қойнауында таскөмірдің үш түрі кездеседі. Тас көмірдің ең сапалы түрі антрацит.
Топтық жұмыс:«Кеншілер» тобына:• Тау жыныстары деген не?• Олар қайда кездеседі?• Қатты күйдегі тау жыныстарын ата.«Экологтар» тобына:• Тау жыныстарын атаңдар.• Олар қандай түрлерге бөлінеді?• Сұйық күйіндегі тау жыныстарын ата.«Ғалымдар» тобына:• Өзің туған өңірде қандай тау жыныстары кездеседі?• Олардың қандай пайдасы бар?• Сұйық күйіндегі тау жыныстары қайда қолданылады?Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,Солға, солға түзу тұр.Артқа қарай бір адымАлдыға қарай бір адымЖоғары төмен қарайықОрнымызды табайық.
Ү.Бекіту. 1.Сызба құрастыру.

2. Жуан сұрақтар.                           Жіңішке сұрақтар.
Пайдалы қазбалар деген не?         Пайдалы қазбалар болмаса, не болар еді? 
Тау жыныстары деген не?              Тау жыныстары мен пайдалы қазбаның
Пайдалы қабала түрлерін ата            айырмашылығы неде?
Тау жыныстары нешеге бөлінеді?    Қалай ойлайсын неге пайдалы қазбаны
Құрылыста пайдаланылатын            пайдалы деп айтады?
пайдалы қазбаларды ата?
Отын ретінде пайдаланылатын
пайдалы қазбаларды айт.
ҮІ.Қорытынды:
- сабақтың тақырыбы?
-тақырыпты қайталауға қандай тапсырмалар берілді?
-балалардан кім белсенді болды?көп қатысты?
-қай бала сабақ жүргізуге кедергі болды?
-кім жауап беруге қиналды?
ҮІІ.Рефлексия:
-не білдің?
-не үйрендің?
-нені үйренгің келеді?
ҮІІІ.Үй тапсырмасы. Тау жыныстары туралы реферат.
ІХ.Бағалау

Приложенные файлы

Добавить комментарий