Берекелі болса ел. Абай ??нанбаев


Бекітемін:
Сыныбы: 4 «А» Пәні: Әдебиеттік оқу Уақыты: 3.10.2014 І тоқсан.
19 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Берекелі болса ел. Абай Құнанбаев.
Сабақтың мақсаты: Балалардың сөздік қорларын, логикалық ойлауын дамыту. Өз ойын ашық айтуын меңгерту. Табиғатты аялауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Абай Құнанбаев туралы білімдерін кеңейтеді.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, А. Құнанбаевтің портреті, кітаптары, маркер, плакат, стикер, сұрақ – тапсырмалар.
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті. Оқушы әрекеті.
Кіріспе:
Топтарға бөлу:
Тұсаукесер:
Негізгі бөлім:
Қортынды:
Үйге тапсырма:
Бағалау:
Рефлексия:
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Психологиялық дайындық:
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан.
Амансың ба, достарым,
Амансың ба, ұстазым.
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
2) Оқушыларды топтарға «мозайка» әдісі арқылы бөліп аламын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1).Әр топтан бір оқушы шығып, өлеңді мәнерлеп оқып, түсініктерін айтады.
2).Сұрақ –жауап әдісі.
ІІІ. Қызығушылығын ояту:
А. Құнанбаев туралы не білеміз?
Абайдың әкесі кім?
Абайдың әжесі кім?
Абайдың анасы кім?
Абайдың жыл мезгілдеріне арналған қандай өлеңдерін білеміз?
Қандай әндері бар?
Қанша қарасөзі бар?
Жыл мезгілдері туралы жазылған өлеңдерінен жатқа үзінді айта аласыздарма?
ІҮ. Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары , төмен қарайық,
Орнымызды табайық
Ү. Жаңа сабақ:
1)Абай туралы қосымша мағлұмат беру.
2)Оқулықпен жұмыс:
А)Жаңа тақырыппен таныстыру.
Ә)Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіру.
Б)Тізбектеп оқу.
1)Дәптермен жұмыс:
«Табиғатты аялайық» тақыры-бына шығарма жазу.
2)Шығармашылық жұмыс:
І топ: Берекелі ел дегенді қалай түсінеміз?
ІІ топ: Берекесі кеткен ел дегенді қалай түсінеміз?
ІІІ топ «Таза көл, күтімсіз көл» салыстыру.
1.Жер тазалығы неге байланыс-ты?
2. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген мақалды қалай түсінеміз?
3.Табиғат туралы мақал – мәтелдер білемізбе?
Өлеңді жаттау.
«Табиғатты аялайық» тақырыбына сурет салу.

Жұлдызшалар арқылы бағалау.
Не үйрендім?
Бүгінгі сабақтың ұнаған сәтін жазу. Қимылдайды, сабаққа деген қызығушылықтары артып, көңілдері көтеріледі.
Балалар суреттерді алып,біріктіріп топқа қалай бөлінетіндіктерін тауып,3топқа бөлінеді.Қимылдай-ды,сабаққа деген қызығушылық-тары артады. Көңілдері көтеріледі.
Оқушылар өтілген материалдар бойынша бір – біріне сұрақтар береді.
Сұрақтарға топ мүшелері кеңесе отырып жауап береді.
Жаңа мағлұматтар алады.
Оқулықпен жұмыстанады.
Топтағы оқушылар өз беттерінше орындап, ішінен өз таңдаулары бойынша бір шығарма оқылады.
Балалар өз ойларын ортаға салып, постер құрып, дәлелдейді.
Салыстырады.
Оқушылар өз ойларымен бөліседі.
Тапсырма күнделікке жазылады.
2 жұлдыз, 1 тілек стикерге жазылады.


Приложенные файлы

Добавить комментарий