10 cынып Электр ?рісіні? потенциалы та?ырыбында?ы саба? жоспары


Сабақ тақырыбы: §8.7 Электр өрісінің потенциалы
Күні: 09.02.16 Сынып: 10 Пәні: физика
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Қатысқандар саны:9 Қатыспағандар саны:1
Электр өрісінің потенциалын, потенциал айырымын, өріс кернеулігі мен кернеу арасындағы байланысты және формулаларын есептер шығаруда қолдана білу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Электр өрісінің потенциалын, потенциал айырымының физикалық мағынасын біледі
Оқушылардың басым бөлігі:
Электр өрісінің потенциалын, потенциал айырымының физикалық мағынасын және формулаларын біледі
Кейбір оқушылар:
Формулаларды қолдана отырып есептер шығарады
Түпкі мақсат Оқушылар:
Электр өрісінің потенциалын, потенциал айырымының физикалық мағынасын, күнделікті өмірде қолданылуын,формулаларын қолдана отырып есептер шығара біледі
Негізгі физикалық терминдер:
Физикалық шамалар Белгіленуі формуласы Өлшем бірліктері
Потенциал φ В
Потенциал айырымы φ 1- φ2=U φ 1- φ2= В
кернеулік Е В/м
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Потенциал, потенциал айырымы, кернеулік
Талқылауға арналған тармақтар: Неге потенциал деп атаған? Неліктен потенциал айырымы деген? Сіз неліктен кернеу мен кернеулік арасында байланыс бар екенін айта аласыз ба?
Жетістік критериі жетті талпынады
Электр өрісінің потенциалы жайлы мағлұмат алды
Электр өрісінің потенциалын күнделікті тұрмыста және есептер шығаруда қолдана білді
Топта бағалай білді Электр өрісінің потенциалы жайлы мағлұмат алуға
Электр өрісінің потенциалын күнделікті тұрмыста және есептер шығаруда қолдана білуге
Топта бағалай алуға
Алдыңғы оқу §8.7 Электр өрісінің потенциалы
ЖОСПАР
2 мин І.Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді) 3 мин ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Гаус теоремасы жайында не білеміз?
Электр өрісі жұмысы не білеміз? 1)10-сынып оқулығы
2) интернет желісі
3 мин ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (видео)
Потенциал дегеніміз не?
Электр өрісінің потенциалы дегеніміз не? 10мин (7+3) І Топтық жұмыс (Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Берілген мәтінді топпен бірлесе отырып оқып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді) 1)10-сынып оқулығы
2) интернет желісі
14мин(3+7+(2+2)) ІІ топтық жұмыс (Сұрақ құрастыру)Мұнда оқушылар әр топтан 5 сұрақтан дайындайды.Көршілес топтарға береді. Топтар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
Топтық жұмыс критерий арқылы бағаланады.
Сұрақтың маңыздылығы
Нақты физикалық терминдердің болуы
Формула және өлшем бірліктердің берілуі 1)10-сынып оқулығы
2) интернет желісі
13 мин ІІІ Жеке жұмыс (есептер шығару)
Әр оқушыға бір есептен беріледі.
Есепті бағалау өлшемдері:
Берілгенін жазу-1 балл
Берілгенін және шығару формуласын жазу-2 балл
Есепті толық шығару-3 балл 1)10-сынып оқулығы
2) Рымкевич есептер жинағы
Қосымша ақпарат
Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлай-сыз? Сіз қабілеті жоғары оқу шыларға тапсырманы күр-делендіруді қалай жоспар-лайсыз? Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Неге потенциал деп атаған? Неліктен потенциал айырымы деген?
Сіз неліктен кернеу мен кернеулік арасында байланыс бар екенін айта аласыз ба?
Топтық жұмыс критерий арқылы бағаланады.
Сұрақтың маңыздылығы
Нақты физикалық терминдердің болуы
Формула және өлшем бірліктердің берілуі
Есепті бағалау өлшемдері:
Берілгенін жазу-1 балл
Берілгенін және шығару формуласын жазу-2 балл
Есепті толық шығару-3 балл
Информатика, жаңа тақырыпты ашу үшін видео
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Сабақтың оқу мақсаттары шынайы деп ойлаймын. Өйткені әрбір жұмыс уақытқа және оқушылардың әрбір қимылын бақылап, бағдарлап отыруға ыңғайлы болды. Нәтижесінде жұмыс барысында оқушылар потенциал, потенциал айырымы, кернеулік жайында білді және жұмыстар барысында оқушыларда алдыңғы сабақтағыдай емес кішкене болсада ілгері жылжу байқалды. Өйткені топтық жұмысқа қарағанда жеке тапсырма кезінде оқушылардың шынайы бағалануы, әр оқушының жұмысына қарай баға алуы, олардың қозғалысына себеп болды. Мұны бақылауға көп уақыт кетті және берілген уақыттан жеткізе алмадым. Өйткені оқушыларды шынайылыққа жетелеу көп уақытты талап етті. Алдағы уақытта көп уақытты жеке жұмысқа жұмылдыру арқылы түпті мақсатқа жету үшін жеке жұмысқа көңіл бөлу қажеттігі туындады.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1)Үй тапсырмасы мен жаңа тақырыпты ашуда көрсетілген видео оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына себеп болды.
2) Жеке жұмыс тапсырмасы.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқуды да, оқытуды да)?
1)Оқушылардың жеке жұмыстағы шынайы бағалануы.
2)Оқушылардың шамаларына қарай деңгейлік тапсырмаларды орындауы.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім?
Келесі сабақта оқушыларды шынайылыққа жетелеу үшін жеке жұмысқа тарту қажеттігі туындады. Өйткені топтық жұмыста төменгі деңгейдегі оқушылар жоғары деңгейдегі оқушылардың көлеңкесінде қалып қоюы орын алды. Соны жетілдіру мақсатында жеке жұмысқа ден қоюды жөн көрдім.

Приложенные файлы

Добавить комментарий