3сынып ?дебиеттік о?у саба? жоспары


Күні: Сыныбы: 3 «Е»
Пәні: Әдебиеттік оқу
Пән мұғалімі: Кембаева Ләззат
Сабақтың тақырыбы: Медеу Сәрсеке  «Рәсім»
Жалпы мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.
Мәтіндегі негізгі ойды түсініп оқып, мазмұнын баяндай білуге үйрету. Сөздік қорын байыту. Ұқыптылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі Мәтіндегі негізгі ойды біледі.
Мәтінді оқи отырып, мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Мәтіннің мазмұнын баяндай алады.
Негізгі идеяларСабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы өзіндік танымдық қабілетін көрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласадыТапсырма көздері Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары
Сыни тұрғыда мәтінді талдауАшық сұрақтар беру
Сабақтың көрнекілігі Автор суреті, смайликтер, суреттер,
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақ барысы
Жоспарланған кезең Жоспарланған іс -әрекет
Сабақтың басы
3 минут Психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем беріп құрметпен
Бас иеміз ...біз
Үй тапсырмасын сұрау
10 минут « Рәсім» тақырыбын оқыту.
Мазмұнын сұрау.
Қосымша сұрақтар қою.
Бағалау
«Сұрақ - жауап» әдісі арқылы бекіту
Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
1 минут
8 минут 1 . Медеу Сәрсеке туралы әңгімелеу.

Медеу Сәрсеке (02.01.1936 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қайнар ауылы) - жазушы. Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1958). 1958 - 1959 жылдары "Жас Алаш" газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі, 1963 - 1965 жылдары "Егеменді Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі. Жазушы Қаныш Сәтпаевты 40 жылдан аса уақыт зерттеген.
2. Мәтінді түсініп оқу. Талдау жасау
Жас Қаныштың әр жылы, оқудан келген сайын міндетті парызындай көріп, ыждағатпен орындайтын бір рәсімі-үлкендерге сәлем беру.
Ол Арқаның атақты әншісі, сазгері Жаяу Мұса Байжанұлына арнайы барып сәлем береді. Бұған Қаныш қана емес, қарт әншінің өзі де үйреніп алған-ды. Мерзімді күнінен кешіге бастаса, «Имекеңнің кенжесі келіп пе екен, нәзік бала еді, оқудан ауырып қалмады ма екен?» деп сұрау сала бастайды.Тіпті шыдамы таусылса, қырық шақырымдағы Далбадан ерінбей жетіп те келетін
Сөздікпен жұмыс
Рәсім-әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің көрінісі.
«Суреттер сөйлейді» әдісі

-Берілген сурет мәтіннің қай бөліміне сәйкес келеді?
Мәтін бойынша өзің қандай сурет салар едің?
Жаяу Мұса кім?
Сабақтың соңы
10 минут Берілген тақырыптармен қай бөлімді атар едің?
Әр бөлімнің өзің қандай ат қояр едің? Сызбаны толықтыр.
Бөлімдердің атауы Бөлімдер Өзің қандай ат қояр едің?
Ашулы көк қаршыға 1 Қарт әншінің батасы 2 Күндей жомарт, шөлдей сараң қарт 3 Сәлемдесу-адамгершілік белгісі 4 «Миға шабуыл» әдісі
Мәтін неліктен «Рәсім» деп аталған деп ойлайсың?
Қандай рәсімдерді білесіңдер?
Бағалау
2 минут Бүгінгі сабақта үйренгеніміз...
Маған өте қиын болғаны...
Маған ұнағаны... (ауызша рефлексия)
Үйге тапсырма:
1 минут «Рәсім» түсініп оқу.
Әдебиеттікоқу 3 «Е»сынып Күні: 30.11.2016ж
Сабақ тақырыбы: Б. Майлин. Күлпаш
Сілтеме Әдебиеттік оқу 93-95 бет
Жалпы мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.
Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларды ізденіп, өз беттерімен шешуге жағдай туғызу;
Оқу нәтижесі Мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бірін-бірі бағалауға үйренеді.
Мәтін мазмұны арқылы ерте замандағы халық өмірін біледі. Бірін-бірі бағалауға үйренеді
Негізгі идеяларСабақбарысындаөзараәрекеттесуарқылыоқушыөзіндіктанымдыққабілетінкөрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласадыТапсырма көздері Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары
Сыни тұрғыда мәтінді талдауАшық сұрақтар беру
Сабақтың көрнекілігі Суреттер, смайликтер,оқулық
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдіс - тәсілі Кім біледі?,ой қозғау,джигсо, миға шабуыл,көзқарас
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Зейіндерін шоғырландыру
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Үй тапсырмасын сұрау «Азаттық жолында» мәтіннің мазмұнын сұрау. Қосымша сұрақтар қою.
Бағалау
«Кім біледі?» ойыны
Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?
Түрмеде оған қандай айып тағылған?
Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсын?
Тоқашқа жолығуға кімді алып келді?
Сабақтың ортасы Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау
Ой қозғау
Бейімбет Майлин кім?
Бейімбет Майлин-әңгіме жанрының шебері әрі ақын.
Жырлағаным-кедейдің жыры,
Сырлағаным-кедейдің сыры.
Сырым да бірң жырым да бір-
Мен дағы сол кедейдің бірі.
1930-1932жылдары Қазақстан халқының саны алты миллиондай болса, соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды.
«Джигсо» әдісі
«Күлпаш» мәтінді іштей, тізбектей оқу,түсіндіру
Сөздікпен жұмыс
Өрім-өрім-тозған, жыртылған.
Бөкебай-басқа жамылатын шәлі.
Ызғырық-суық жел.
Өлмелі кедей-өте кедей.
«Миға шабуыл» әдісі
Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?
Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?
Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
Сабақтың соңы «Көзқарас» ойыны
Суретпен жұмыс
-Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?
Шығармашылық тапсырма
-Мәтіндегі қою қарамен жазылған сөздерді пайдаланып,сурет бойынша әңгіме құра..
-Әй, рақымсыз аштық-ай! Кімдерді жылатпады, кімдер жыламады?!-Күлпаш өксіп жылап жіберді.
Бағалау Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Үйге тапсырма Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде? Үлкендерден сұрап біліп кел.
Күні: 2.12.2016ж
Сыныбы: 3 «Е»
Пәні: Әдебиеттік оқу Мұғалімі: Кембаева Ләззат
Сабақ тақырыбы: С. Торайғыров Кедей
Сілтеме Әдебиеттік оқу 96-бет
Жалпы мақсаттары: Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы айта отырып, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы айта отырып, өлеңдегң негізгі ойды біледі.
Өлеңннің мазмұнын түсінеді.
Өз ойларын еркін жеткізе алады.
Негізгі идеялар Сабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы өзіндік танымдық қабілетін көрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласадыТапсырма көздері Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары
Сыни тұрғыда өлеңді талдауАшық сұрақтар беру
Ресурстар Суреттер, смайликтер, кесте
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдіс –тәсілі Кім біледі?, ой қозғау, миға шабуыл, ой толғаныс
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сәлемдесу, түгендеу
Зейіндерін шоғырландыру
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Үй тапсырмасын сұрау «Күлпаш» мәтіннің мазмұнын сұрау, қосымша сұрақтар қою.
Бағалау
«Кім біледі?» әдісі
Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?
Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?
Сабақтың ортасы
Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау
Ой қозғау
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы не білесіңдер?

Сұлтанмахмұт Торайғыров-талантты ақын әрі жазушы
Ол 1893 жылы Ақмола облысы, Қызыл ту ауданында дүниеге келген. 1920 жылы дүниеден озған.Оқуға, білімге шақырған ақын. «Шәкірт ойы, Оқығандағы мақмат не?, Қамар сұлу»
Сүйемін туған тілім-ана тілін
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді түсініп оқу.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
«Кедей»
Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.
Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан, міне, шықтым талай жасқа.
«Миға шабуыл» әдісі
Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?
Кедей деп кімдерді атаған?
Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген?
Бұл оқиға қай кезде болған
Шығармашылық тапсырма
Салыстырып, дәлелде. Ақын суреттегеген кедейдің тұрмысын қазіргі кезбен салыстыр.
І топ ІІ топ
Қазір кедей адам жоқ. Қазіргі кезде де кедей
адамдар бар.
Сабақтың соңы Ой толғаныс
Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады деп ойлайсың?
Бағалау Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Үйге тапсырма«Кедей» жаттау
Күні: 3.12.2016ж
Әдебиеттікоқу 3 «Е»сынып Мұғалімі: Кембаева Ләззат
Сабақ тақырыбы: Ш. Мұртаза Интернат қоймасы
Сілтеме Әдебиеттік оқу 97-99 бет
Жалпы мақсаттары: Танымдық, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Психологиялық жағымды орта қалыптастыру арқылы олардың зейінін дамыту;
Ұжымдық нәтижелерге қол жеткізуге жағдай жасау;
Оқу нәтижесі Мәтінді оқуға және қосымша ақпараттарды іздеуге талаптанады. Топта бірлесіп жұмыс жасауға қалыптасады
Негізгі идеяларСабақбарысындаөзараәрекеттесуарқылыоқушыөзіндіктанымдыққабілетінкөрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласадыТапсырма көздері Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары
Сыни тұрғыда мәтінді талдауАшық сұрақтар беру
Сабақтың көрнекілігі Суреттер, смайликтер,
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдіс – тәсілі Кір жаятын жіп, сұрақ - жауап
Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сәлемдесу, түгендеу
Зейіндерін шоғырландыру
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Үй тапсырмасын сұрау «Кір жаятын жіп» әдісі
«Кедей» өлеңін жатқа сұрау
Бағалау
«Сұрақ - жауап» әдісі
Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?
Кедей деп кімдерді атаған?
Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген?
Бұл оқиға қай кезде болған?
Сабақтың ортасы Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау
Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді.
Ой қозғау
«Қызыл жебе» романынан 2 –сыныпта қандай үзінді оқып едіңдер?
Оқулықпен жұмыс
2.Мәтінді түсініп оқу.
«Ой шақыру» әдісі
Әңгіме кім туралы?
Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды?
Серік неліктен шындықты айтты?
Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді?
Шығармашылық тапсырма
Әңгімеге қатысушы балаларды сипатта. Іс –әрекеттеріне баға бер.
Сабақтың соңы Ой толғаныс
Сен олардың орнында болсаң не істер едің?
Мәтіннің соңғы жолын қайталап оқы. .
Әңгімеге басқаша ат қой. Неге олай ат қойдың дәлелде
Бағалау Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Үйге тапсырма«Интернат қоймасы» түсініп оқу
Серікке ара түскен Тұрар кейін Сталинге неліктен хат жазды деп ойлайсың?
Күні: Әдебиеттікоқу 3 «Е»сынып Мұғалімі:
Сабақ тақырыбы: Т. Кәкішев «Мәңгі жасар өмір»
Сілтеме Әдебиеттік оқу 99-100 бет
Жалпы мақсаттары: Өмірмен байланыстыру арқылы әсемдікті көре және ести білуге, көргені мен естігенін көркемдеп айта білуге жағдай туғызу;
Оқу нәтижесі Мәтін мазмұны арқылы ерте замандағы халық өмірін біледі.
Бірін-бірі бағалауға үйренеді
Негізгі идеяларСабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы өзіндік танымдық қабілетін көрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласадыТапсырма көздері Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары
Сыни тұрғыда мәтінді талдауАшық сұрақтар беру
Ресурстар Суреттер, смайликтер, оқулық
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдіс -тәсілі Кім біледі?, сұрақ –жауап, ой толғаныс
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сәлемдесу, түгендеу
Зейіндерін шоғырландыру
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Үй тапсырмасын сұрау «Интернат қоймасы» мазмұнын сұрау, қосымша сұрақтар қою.
Бағалау
«Кім біледі?» әдісі
Әңгіме кім туралы?
Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды?
Серік неліктен шындықты айтты?
Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді?
Сен олардың орнында болсаң не істер едің?
Сабақтың ортасы Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау
«Мәңгі жасар өмір»
1937-1938жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, қуғын-сүргінге ұшырады. 105мың адам қамауға алынып, оның 22мыңы атылды.
Оқулықпен жұмыс
1.Мәтінді түсініп оқу.
2.Сөздік жұмыс.
Қуғын - сүргін – мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын
Қатаң жазалау шарасы.
(Ақталу, елгезек, шамалы жер, біртуар)
3.Әңгіме кім жайлы?
Ел басынан өткен қандай кезең суреттелген? Ауыл адамдары кімнің үйіне жиналған?
Неге? Исламқұл әнін неге жалғастырмай тоқтап қалды?
Олар неден қорқады?
Өйткені, ол кезде С.Сейфуллиннің әлі ақталмаған, есімін атауға жұрттың қорқатын кезі еді. Сәкенге деген халық сүйіспеншілігі қандай еді?
Сабақтың соңы Ой толғаныс
Суретпен жұмыс

Суретті қалай атар едің? Кімнің суреті?Осы сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма? Болса қандай?
«Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен кімдерді білесің?
Шығармашылық тапсырма
Оларды атқан адамдарға өз көзқарасынды білдір
Бағалау Рефлексия
Бүгінгі сабақта үйренгеніміз...
Маған өте қиын болғаны...
Маған ұнағаны... (ауызша рефлексия)
Үйге тапсырма«Мәңгі жасар өмір» түсініп оқып, мазмұндау

Приложенные файлы

Добавить комментарий