Презентация по самопознаниии на тему ?неге отбасынан ( 8 сынып)


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Қош келдіңіздер! Өнеге отбасынан Шаттық шеңбері - Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер? - Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?- Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе? Әңгімелесу Оқу ақпаратыОтбасындағы өзара қарым-қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс.Отбасының әрбір мүшесі бір-бірінің алдындағы парызы мен борышын, жауапкершіліктерін сүйіспеншілікке өзара сыйластық пен құрметке негіздеген жағдайда шаңырақта шаттық, қуаныш түсіністік орнайды. Мәтінмен жұмыс Ақылды егінші Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді.Тырбанып, еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып,онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістігін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығын жүздеген алтынға шығатын еді. Шаруа патшаның таң қалғанына қарап: - Бұл қанағатшыл адамға тіпті көп те болады.Мен ақшамды үшке бөлемін.бір бөлігімен өмір сүремін.Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын,-дейді.Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді.Ақкөңіл диқан күлімсіреп: - Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенімде мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін.Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда олар маған көмектеседі деп үміттенемін.Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын,-дейді. Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін қаржыны өз мойнына алады. Балалары да ер жеткен соң ата- анасына, халқына да қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті.Егіншінің қанағаты мен бақытты күйінің сыры неде? Сен өз ақшаңды қалай жұмсар едің? Дәйексөз« Үлкен алдында жас қарызы , ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый »Мұхтар Әуезов- Дәйексөзді қалай түсінесіңдер? Тапсырма Өз отбастарыңда үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіріңдер, ата, әжелеріңнен ұрпақтартарына қалдырған өсиеттері туралы1-2 ауыз сөз жазыңдар. Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған? Халықтық дәстүрден қандай өнеге үлгі алуға болады? Отбастарыңда қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлер бар? Өз отбасыларыңда қандай кәсіпті жалғастырып жүрсіңдер? ( Ата-әжеңнен немесе ата-анаңнан қандай өнегелі іс үйрендіңдер? )Әңгімелесу Ата болып бата айтып көріңдер, Әже болып ертегі айтып беріңдер. Әке болып еркелетіп көріңдер, Ана болып бесік жырын айтыңдар. Аға болып үлгі көрсет кішіге, Іні болып көмектес сен ісіне. Әпке болып мейіріміңмен аяла, Қарындас боп бауырыңда саяла.Сахналау Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.» - деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. Түйіндеме 2 топқа бөлініп « Шаңырақ », « Дастархан » тақырыбында постер қорғаңыздар.Постер қорғау Дастархан Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар . Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Тыныштық сәті 1-топқа Әдепті бала ата-анасын мақтатар ........... Ана сүтін ақтамағанды …………….. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без ………… Қарағайға қарап тал өсер …………… Үйінде ұл-қызы бардың ………………Сыңарын тап ойыны 2-топқа Жығылып жатып……….. Күлме досыңа………… Ауру қалса да ………… Әдепті бала арлы бала…………… Ұяда не көрсең…………Сыңарын тап ойыны Тыйым сөздер Әр топ 5, 5 тыйым сөзден жазу 1-топқа Жеті атаңды ата Ұлттық ойындарды атаңыз? «Елім-ай» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (бір шумағын айтып беріңіз) 2-топқа Төрт түліктің пірлерін ата? Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат) «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)Ою ойғанның ойы ұшқыр ( Сұраққа жауап бере отырып ою ою керек.) Отбасы татулығыБаяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықты бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет « сүйіспеншілік », жүз рет « кешірімділік », жүз рет « бірлік » деп қағазға мұқият жазып шығады.Үш сөзді оқыған патша таң қалып: Осы –ақ па?Ия, - деді ақсақал. –Бірлік жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, -деді, сәл ойланып, « және шыдамдылық » деген қосып қойды.Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең ,ұшқанда соны ілерсің » дейді халқымыз. Сендер осы қасиеттерді бойларыңа сіңіріп « Қара шаңыраққа » лайықты адам болуға тырысыңдар, талпыныңдар. Өйткені сендер бір-бір үйдің арқа сүйер ұлы және қызсыңдар. Қорытынды Шаңырыққа уықты байлап, бір - бірілеріңе тілек айтыңыздар: Мысалы: инабатты қыз болайық ,ибалы ұл болайық , еліміздің іргесі бүтін болсын тсс.Жүректен жүрекке АуылымКіндігімнің жас қаны,Тамған жерім ауылым.Шабытымның асқарыСамғаушы еді ауылым. Жастығымның куәсі,Шұрқыраған ауылым Жусаны мен жуасы ,Бұрқыраған ауылым. Биік-биік шың құзға,Құмар қылған ауылым.Бүлдіршіндей бір қызға,Сыңар қылған ауылым.Әнмен таңды атырып,Ән салдырған ауылым.Сары қымыз сапырып,Тамсандырған ауылым. 

Приложенные файлы

Добавить комментарий