Ана тілі Бала Т?рар. Шерхан М?ртаза 4-сынып


Пәні: Ана тілі
Сыныбы: 4 сынып
Күні: 23. 11. 2013 ж
Сабақ : №44
Cабақтың тақырыбы:.Бала Тұрар. Шерхан Мұртаза
.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Шерхан Мұртазаның «Бала Тұрар» атты әңгімесі
бойынша қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар
Рысқұловтың өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс
істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу
қасиетін дамыту; Отан сүйгіш, елін қорғайтын, шыншыл азамат
болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, әңгімеге зер салыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. --Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?
--Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің?
--Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады?
--Бұл күйді қай кезде шығарған? Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың?
2. Құрманғазыны тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы. Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп оқы.
-- Бұл сөзді оқығанда өзің қандай сезімде болдың?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:-- Құрманғазы Кенжеге қандай ақырғы өтініш білдірді? --Құрманғазының қандай күйлерін білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. 2 – 3 класта Шерхан Мұртазаның қандай әңгімесін оқыдық? ( Бала Тұрар)
--Онда не жайлы оқыдық? (Тұрардың а,б әріптерінің орнына «Аспара, Қызыл Жебе, Көке» деген сөздер жазылғаны жайлы. Тұрардың зерек бала екендігі жайлы. ...). «Интернат қоймасы» деген әңгімесінде «Қызыл Жебе» романынан үзінді, бала Тұрарды ұры атандыру үшін Атамырзаның әрекеті еді.)
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. 1. Тұрар Рысқұлов жайлы не білесің?
Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді.
2. Репрессия деген не? (Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын қатаң жазалау шарасы.)
3. 1937 – 1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22 мыңы атылды.
4. Тұрар Рысқұлов – мемлекет және қоғам қайраткері. 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілістің басшысы болған. Белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» романынан келтірілген үзіндінің жалғасын оқу арқылы Тұрардың жарқын бейнесімен танысуды жалғастырамыз.
5. Романның үзіндісін түсініп, жалғастырып оқу.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: --Үзіндіде мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті? (Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антарктида,Россия ).
--Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе?
--«Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?
--Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың?
---Әңгеме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады?
---Бұл сөздің астарынан не түсіндің?
ҮІІ. Қорыту. Әңгімедегі елдердің, көлдердің аттарын дәптеріңе жаз. Картадан тап. Мәтіннен Тұрардың көңілі жүдеп, мұңайып қалған жерін тауып оқы. Оның себебін түсіндір. (- Жоқ, әншейін, - деді бала бір түрлі мұңайып. ...)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, «Қызыл Жебе» кітабын тауып оқу.

Приложенные файлы

  • docx zamira9apay1
    Размер файла: 26 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий