?арттарын ?адірлеген ел арда?ты


1 қазан –Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты 5Ә-сыныптың ашық тәрбие сағатының бағдарламасы:Мақсаты:оқушыбойынахалқымыздыңасылқасиеттерінсіңіру, үлкендісыйлау, өзата – бабасынұмытпайсақтауүшінжәнесалт – дәстүрденнәралыпөсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жамандыажыратабілугеаталысөзденғибраталуғатәрбиелеу.Жүргізуші: АйдарХошкеліпсізақжаулықтыаналар,Ақылкенінарқалағанаталар.Алдарыңдажауқазындайқұлпырған,БізалаңсызбалғыншақтыбалаларАрмысызауылымныңасылдарыЖайнасынкөңілдердіңжасылбағыСіздерүшінән мен күй, өлең мен биСіздерүшінмерекешашулары
Жүргізуші ДилназҚымбаттыақылдыңкенінарқалағанайбындыаталар! Ақжаулықтыаналар! Шынайы да ізгісезімдерді, білімнің алтын діңгегінсыйлаушыұстаздарқауымы! Барлықтарыңыздықазанайыныңалғашқымерекелеріқарттар, ұстаздармерекесітоғысқанкүніменқұттықтаймыз.Аппақшашыңкүнсайынқылаңдаған,Зейнетемесбейнеттенарылмаған.Тәңірімдейтабыныпөтеммәңгі,Қарияларөзіңді ел сыйлаған. Жүргізуші Асланбек
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.Жұргізуші Айдар
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін сыныбымыздың жетекшісі Нұрлы Ізімқызына береміз.

Жүргізуші Дилназ
Дүниеге келер бір ретҚұрыштан құйған құдіретБалалар, ол кім?Әрине қарттарымыз.
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағатЕшкімге жасамайтын қиянатЖайлап қана ақылменен түзейсіңБолып қалса ұғына алмай бір сағатАуылымыздың ардагері, қарт зейнеткер ұстазымыз Айдын ағайға сөз береміз.
Жадыраймын жадырайын,Көңілденіп күлемін.Жанар ма деп талабым,Ата ақылын тыңдаймын.Жүргізуші:Асланбек
Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.Тақпақтар:1-ДарханСән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,Қуат кетіп бара жатыр қартайып.Отбасында, бала – шаға қасындаЖетпістер мен сексендер жүр қалқайып.Көңіл жетім болмаған соң сыңарыЖас баладай жаутаңдаған жанарыҚайта – қайта қарағың кеп тұрадыҚағыс естіп қалбақтайды баладайМәпелеңдер қарт біткенді аялапНиеті ақ, көңілі кең даладайКімге болсын қарттың жетер аяңдап.2-СәкенАтам менің әмандаӘдепті жан бол дегенАтам сөзі санамдаЖасы үлкенге жол беремАлдын орап кісініңКесіп өтпе көлденеңІзетімен кішініңСәлемдесіп қол берем.3-РамазанАтам менің әмандакішіпейіл бол деген.Ата сөзі санамдаМақтанбауды жөн көремҚалдыратын ұлтқаЖалған сөзге төзбеймінЖеткізеді мұратқаТек шындықты көздеймін.4-ДәулетАтам менің әмандаӘділетті бол деген.Ата сөзі санамдаЖүрмін тура жолмененЕй, тәкаппар дүниеМаған да бір қарашыТанимысың сен меніМен қазақтың баласы.5-БекзатҚұттықтаймыз мейрамыңмен аталар!Әр күлгенің бізге бақыт саналар.Еңбегіңді еш етпейтін өмірдеЕлің жұртың ұл мен қызың бағаларАна мейір күн көзімен пара – пар.Тұла бойға қуат болып тараларӨміріме шуақ шашып әрқашанКөп жасаңдар аталар мен аналар!6-Гүлназ ҚАта күні - әже күні әлем күніӘлемде теберінділер ақылды үніӘжесіз жан туған жоқ жер бетіндеҰғып ал бөбектерім сендер мұныАта - әже мерекелеріңіз құтты болсынЖанұяңызға тек қана шаттық толсынНемерелеріңіздің өнерін тамашалапЖүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.Жүргізуші: АйдарАсқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,Аспанымдай мәңгі жаса, құламаЕр жетсем де еркелігім қалмайды,Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.Жүргізуші Дилназ
Бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл аналарымыздың бірі, қарт ұстазымыз қазір зейнеткер Мұратова Набиға апай келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.
Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызыңЖүре тұршы жалғанғанда үзігіңМаған бақыт неге керек ақ әже – ауӨзің бірге көре алмасаң қызығың Жүргізуші Асланбек
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Жүргізуші Айдар
Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Көрініс:Ата өсиеті
Жігіт: Ассалаумағалейкум,ата!
Қарт:Аманбысың, балам?
Балам, бақытты болу оңай ма?
Жігіт: Ата, жары жақсы болса, бақытты жанында..
Қарт: Жоқ балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақыл адамды азаттандамазақтанда құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлен
Қарт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз..
Балам, үйде кім, елде кім қадірлі ?
Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі
Қарт: Жоқ балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі Қонақты қадірлеуді бәрі біледі Бала- үйдің патшасы,балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым
Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.
Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық –ана. Ана ақылды болса, бала дана болады.
Қарт: Ой, қандай керемет сөздер!
Балам, достықты нығайтатын не?
Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады
Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады.Есіңдғ болсын, шын досты ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па»- деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен
Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз- көңілді өсіреді, жөнсіз сөз- үмітіңді өшіреді.
Жігіт:Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!
!7- Гулназ ОТой деп бүгін халқым шашу шашады.Той депбүгінәлемсырынашады.ҚарттаркүнімейрамынаарналғанБишілерөнерлеріншашады«Қазақбиі» бір топ бишілер
8- НұржайнаЕгеменді ел болып қалыптастық,Өркениетке нақты анық бастық.Туған жердің тұғыры биік бол деп,Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
9- АльфияНағыз әке ақылгөй де асқар жанБарлық ұрпақ әкелерден басталғанАл әкелер өздеріңе арналмақБұл айтатын асқақ ән.10- МөлдірКөкке өрмелеп көңіліңНұрға толсын өміріңБақытты бол жан әкеҰзақ болсын өмірің11-АрузаАрайлы ақ тілекпенӘн жолдаймын өзіңеСағыныш сазы жүрекпенСыр арнаймын өзіңе
12- Айару
Арманым едің аңсағанӘке сен бақыт мен сағанҰрпағым болып жалғадымҚуаныш әке сен мағанЖүргіуші АйдарАбырой амандығың арта берсінБақ дәулет қызығымен қатар берсін.Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.Тыныштық елімізге бере берсін.Молшылық жерімізге ене берсін.Соғыстан ел жұртымыз аман болыпҚызығын бейбіт өмір көре берсінҚарттарым сіздерге Алла саулық берсінДенсаулық ауыз-бірлік бола берсінТап-таза абыройлы болғаныңдыҚазіргі ел билеген жастар көрсіндеп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Жүргізуші Дилназ
Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.
М.Әуезов атындағы № 7 орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
5 «Ә» -сыныбы
Сынып жетекшісі:
Байжанова Нұрлы Ізімқызы

Приложенные файлы

Добавить комментарий