?здік ?дістемелік бірлестік ережесі


Бекітемін
Мектеп директоры
Бірманова Қ.И.
«07» желтоқсан 2014 жыл
Әдістемелік бірлестіктер арасында өткізілетін
«Үздік әдістемелік бірлестік» атты байқау-сайысының
Е Р Е Ж Е С І
І. Жалпы ережелер
Мақсаты: -Әдістемелік бірлестік қызметінің жұмысын жетілдіру.
- Әдістемелік қызметтегі ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмысты жандандыру.
-Педагогтардың кәсіби деңгейінің сапасын арттыру.
Міндеттері:
Әдістемелік бірлестік қызметіне инновацияларды енгізу үрдісіне көмектесу.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды қолдау, ізденісін ынталандыру.
Мектепішілік педагогикалық новациялар банкін құру..
Әдістемелік бірлестік қызметінің озық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату.
Өтілу формасы: Көрме
Ұйымдастырушы: «№7 орта мектебі»ММ директордың әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Л.Ш.Ахметова.
Мерзімі мен өтілу орны: 14 желтоқсан 2014 жыл, сағат13.00, 1-қабат.
ІІ. Байқау-сайысына қатысушылар:
Әдістемелік бірлестіктер
ІІІ. Байқау-сайысының ұйымдастырылуы мен өтілуі
3.1 Байқау-сайысының ұйымдастырылуы мен өтілуі жайлы бірлестік жетекшілеріне хабарланады, ал бірлестік мүшелерін қатыстырып, олардың нәтижелі жұмыстарын жинақтау бірлестік жетекшілерге жүктеледі.
3.2. Ұйымдастырушылар:
- өту мерзімін белгілейді
- әділқазылар алқасын бекітеді
- бағалау критерийін дайындайды
- қорытынды шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды
- бұқаралық ақпарат құралдарымен хабарласады.
3.3. Әділқазылар алқасы мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерден құралады.
3.4. Әділқазылар:
- тапсырылған материалдарды қарастырады, талдайды, бағалайды
- қатысушы бірлестіктердің рейтингін жасайды
-жеңімпаздарды марапаттау үшін ұйымдастырушыларға ұсыныс жасайды.
3.5. Әділқазылар алқасының құрамы:
1. Бірманова Қ.И. - мектеп директоры.
2. Ахметова Л.Ш. – әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.
3.Байкенова Ғ.Қ.. –кәсіподақ комитетінің төрайымы.
4.Қасабек Г.Б.- кітапханашы.
5.Шілімбетов Д.Ю.- ата-ана комитетінің төрағасы.
IV. Марапаттау
Қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Лауреаттар мен сайыс жеңімпаздары Құрмет грамотасы мен сыйлықтармен марапатталады.

Приложенные файлы

Добавить комментарий