Презентация по внеклассному работе на тему 7 ?асиетті сан сайыс


№ 24 жалпы орта білім беру мектебі
Оқушыларды
ағылшын тілі пәніне
үйрету үшін сабаққа
дайындалу жолдары мен тәсілдері
А.Р.Шанашова
2014-15 оқу жылы
Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау.Айта білетін адам табылса, тіл пайдалануға әрқашан жарайды. Тек айта білетін адам табылуы қиын», – деген.
Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлтты, көптілділік және көп мәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген, көпмәдениетті тұлға қалыптастыру-өзекті мәселелердің бірі. Көпмәдениетті тұлға дегеніміз-біріншіден, жан жақты дамыған тұлға. Екіншіден көпмәдениетті тұлға әр түрлі халықтардың мәдениетін танылып білетін қастерлейтін тұлға Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруда көпмәдиеттілік тәрбиесі мен көптілді білім беру қатар жүреді, егіз болып табылады.
Шет тілін үйрету-қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте маңызды.
Шет тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы да сол балалар тоғыз жасқа дейін сөйлеу шеберлігінің маманы, олардың миының тілге арнайы икемді болуы, бірақ ол есейе келе төмендей түсетіні анықталған. Сондай ақ ерте жастан балаға шет тілін оқыту, баланың сурет салу, сөйлеу, есептеу қабілетінің шетел тілімен байланысты жоғарлайтыны басқа балалармен салыстырғанда денгейінің жоғары екендігі байқалған.
Психологтардың зерттеуінше шет тілін ерте жастан оқыған бала бойында мына қасиеттердің жоғарлайтыны анықталған:
Жалпы және жеке жұмыс жасауға
Қабілетті
Салыстыруға
Сараптауға
Қорытынды жасауға белсенділігі анықталған
Бастауыш сыныптағы баланың ерекшеліктері шет тілін оқытуда төмендегі жағдайларда ажыралып тұрады:
Тез қабылдауы
Еліктеуге бейімділігі
Қиялының әртүрлілігі
Ойлау ауызша, сөйлеу іскерліктерінің дамуы
Танымдық іс-әрекеттерінің басымдылығы
Есте сақтауы
Қызығушылық қасиетінің молдылығы мен әртүрлілігі
Жан-жақты тәрбиелеуге бейімділігі
Сезімтал болуы
Іс-әрекетті ойын түрінде тез қабылдауы.
Бастауыш сыныпта баланы оқытуда алғашқы кездесетін қиыншылықтар:
Әріпті танымауы
Физиологиялық ерекшелігі
Психологиялық ерекшелігі болып табылады
Басты қиыншылықтарды шешу үшін сабақта төмендегілерді ұйымдастыру маңызды болып табылады:
Көру, есту
Сергіту сәті
Мұғалім өзінің психологиясын өзгерту, баланың психологиясын түсіну екендігін басты назарға алған жөн. Төменде бастауыш сыныптарда ағылшын тілі сабақтарында әр түрлі тақырыптарға байланысты сөз ұйқастарын (ритмдер) ұсынып отырмын
МЫСАЛЫ:
The ABC
A B C D E F G
H I J K L M N O P
Q R S T U V W
X Y Z
X Y Z
This is called the alphabet
Which we never must forget
……………………..
My name is Pat I have a catAnd with me
He likes to chatСыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене,шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру  емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы  қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өзі білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Мағынаны ашу
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс.
Ой толғаныс 
түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы - тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім - іскерліктің жаңа түрі. қолдауға жағдай жасайды.
Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар.
Шет тілін меігертуде қиыншылықтар кездесетіні рас. Соның бірі-мәтін мазмұнын баяндап беру. Оқушының тілді толық дәрежеде меңгеруі үшін, анық сол тілге деген қызығушылығын арттыру қажет. Сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарды үйретуші ойындарды пайдаланудың әдістемелік маңызы зор. Ойын арқылы баланың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Ойын оқушыларды сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап тіл материялын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді және керекті сөз бірікпелерін таңдауға жаттықтырады. Ағылшын тілінде ойындарды 3 топқа бөліп өткізуге болады. Олар:
1. Фонетикалық ойындар.
2. Сөйлеуге дағдыландыру ойындары.
3. Жазба жұмысындағы ойындар.
Фонетикалық ойындарды сабақтан бес-алты минут жарыс түрінде өткізуге болады.
А) мұғалім оқушыларды топқа бөліп, ағылшынша сөз айтады. Сол айтылған 4 сөздің әшәнде біреуі қалған 3сөзден жазылуы басқаша. Жазылуы басқаша сөзді тапқан топ жеңеді. Мысалы:
Man-man-men-man
Bad-bed-bad-bad
Ship-sheep-ship-ship
Live-leave-live-live
Ә) Сабақ барысында өтіп кеткен қандай да бір дыбыс бойынша ойын жүргізуге болады.
Мысалы [æ] дыбысына.
Мұғалім әр топқа кезек-кезекпен осы дыбыс бар сөздерді айтқызады. Қай топ көп сөз айтса, сол топ жеңеді.
That, back, hand, map, cap, glad, to have, man.[ei]My name is Ann.Her name is Man.His name is Ben.Say it again.[b]A big black bug bit a big black bearA big black bear bit a big black bug
Б) Мысалы сыныптағы бір оқушы тақтаға шығады. Оқушы балаларға қарамай теріс қарап тұрады. Мұғалім қолымен партада отырған Айдананы көрсетеді.
Айдана “Good morning, Aijan!” дейді. Егер де Айжан Айдананың даусын таныса “Good morning, Aidana!” деп жауап береді. Содан тақтаға Айдана шығып ойын жалғаса береді.
Сөйлеуге дағдыландыру ойындары:
А) Тақта жанында 2 орындық тұрады. Біруінде “дұрыс”, ал екіншісінде “қате” деген жазулар тұрады.Мұғалім “The weather is fine!” дейді. Бірақ бұл кезде далада боран. Мұғалім бір баланың атын айтады. Аты аталған бала “қате” деген жазуы бар орындыққа отырады да “The weather is bad”-деп қатені дұрыстайды. Бұл ойынды да топ арқылы жарыстыруға болады. Қай топ аз қате жіберсе сол топ өздеріне ұпай жинайды.
3. Жазба жұмысындағы ойындар.
А) тақтаға қандай да бір сөз жазып қоямын. Мысалы: Schoolchildren. Осы жазылған сөздерден оқушылар жаңа сөздер құрастырып шығарып керек. Шығатын сөздер мыналар (he, she, side, shoe, son, nose, ill, red, doll, line, child, school) т.б. Қай топ көп сөз жинаса, сол топ жеңеді.
Ә) оқушыларды топқа бөледі де, бірінші топқа black деген сөз айтады.
1-топ black сөзін аударады.
2-топ сөздің антонимін табады. Black-white.
1-топ black сөзіне сөйлем құру тапсырмасын орындайды. Мысалы: black cat.
Келесі топқа тағы да бір сөз айтып оны аударып ары қарай ойын жалғасады.
Б) Бір оқушы ағылшынша бір сөз айтады. Келесі оқушы сол айтылған сөздің екінші әрпінен басталатын сөз айтуы керек. Қай бала сөз құрай алмаса сол бала ойыннан шығады.
В) Тақтада 2 қатарда сөздер жазылған. Ол сөздердің арасынан әріптер түсіп қалған. Екі топ арасынан бір-бір оқушы шығып белгі берілген уақытта қолдарына бор алып, түсіп қалған әріпті жазу керек. Әріпті жазғаннан кейін қолындағы борды келесі оқушыға беру керек. Тапсырманы тез, дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.
Сонымен қоса оқушылардың күнбе-күн алып жүрген жаңа сөздеріне сөзжұмбақ құратуға болады. Немесе өзім дайындап келіп оқушыларға шешкізеін. Немесе оны грамматикалық тақырыпта, мысалы етістіктерге, сын есімдерге құрайды.
Ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Ағылшын тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. 5,6 класс оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет. Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Еліміздің қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Оқушы қоғамның болашағы, сондықтан ол өз жаратылысын, қабілеті мен мүмкіндіктерін мектеп қабырғасында басқалармен қарым қатынас үстінде ғана дамытып алады. Демек, жеке оқушының басты белгілері болып табылатын оның мінез құлқы, басқа оқушыларға, табиғатқа қатынасы, оқушының болмысы, білім алуы, өзіндей оқушылармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий