С?кен Сейфуллин «А?са? киік» ?дебиет


Атырау қаласы Дамбы селосы Амангелді орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанатаева Айымгүл Бағыбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»Сабақтың мақсаты:Білімділігі: С. Сейфуллин өмір жолы мен шығармашылығына тереңірек түсінік беру.Тәрбиелігі: Қоғам қайраткерінің өмірін ұмытпауға, елін, жерін сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Дамытушылығы: оқушыны еркін сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауапСабақтың көрнекілігі: С. Сейфуллин портреті, кітаптар жинағы, киіктүрлерінің суреті, киік жауларының суреті.Сабақтың жүру барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.II. Үй тапсырмасы.Жүз жасаған алып ақын Ж. Жабаев.«Ой шақыру» стратегиясы. Тестпен жұмыс1. Жамбыл кім?а) жазушыә) ғалымб) жыр алыбыв) суретші2. Ақынның ұстазы?а) Бұқар жырауә) Шортанбайб) Майлықожав) Сүйінбай3. Ақынның шығармасын тап?а) «Қысқы жолда», «Сағындым»ә) «Далада», «Өтеген батыр»б) «Аттандыру», «Атаның әлдиі»в) «Өтеген батыр», «Мен кім?»4. Айтысқа түскен ақынды көрсет.а) Әлімқұл, Құлмамбетә) Сары, Шерниязб) Әлімқұл, Майлықожав) Шашубай, Досқожа5. Жамбылдың ақындық атағы кіммен айтысқаннан кейін шығады?а) Әлімқұлә) Құлмамбетб) Мұраталыв) Қатаған«Ер есімі - ел есінде» тақырыбына жазған эсселерін тыңдау.III. Жаңа сабақ.5 нәтиже4 ойнап ойлау3 жүйелі таныстық2 терең таныстық1 бастапқы таныстықОлай болса, жаңа сабағымызды бастайық. Сабағымызды пирамида құру арқылы ой - өрісімізді оқудан үйренуге, ойнаудан - ойлауға, өсуден жетілуге бағыттаймыз.Пирамида 5 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде бірігіп жұмыс жасаймыз. Тапсырманы дұрыс, нақты, тез орындасақ, келесі бөлімге өтіп, өрлеп отырамыз.1.«Бастапқы таныстық» кезеңі.а) бұл кезеңде ақынның өмірімен толығырақ танысамыз.Хронологиялық кесте1894ж Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстауында дүниеге келген1905 - 1908ж Нілдідегі орыс - қазақ мектебінде оқиды.1908 - 1910ж Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде1910 - 1913ж Қалалық училищеде1913 - 1916ж Омбы семинариясына қабылданады1916ж Сілеті - Бұғылы ауылында мектеп ашып, мұғалімдік қызмет атқарды1917ж Ақмолаға қоныс аударды.«Асығып тез аттандық»,«Кел жігіттер» өлеңдерін жазады.1918ж 4 маусымда тұтқынға түсіп, Атаман Анненковтың азап вагонында қиындықтар кешеді.1919ж 3 сәуірде қашып шығады.1922ж «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы шықты.1926ж Гүлбаһрам Батырбекқызына үйленеді.1930ж Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.1937ж Жалған саяси жаламен тұтқындалып, 1938ж ату жазасына ұшырайды.2. «Терең таныстық» кезеңі.а) Бұл кезеңде «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасын ашамыз.Арқанын Бетпақ деген даласы бар,Бетпақ шөл ойлы - қырлы панасы барСол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп өнгенЖәндіктің киік деген баласы бар.1. Арқаның Бетпақ даласына географиялық карта арқылы түсіндіру.2. Киіктің дене тұрқы 109 - 130см, салағы 25 - 40кг болады. Киік жүгіргенде жылдамдығы 70км/сағ.Киіктің төлі - құралай.Оның мүйізі, терісі аса бағалы.Осылай етіп, басқа да өлең шумақтарын талдаймыз3. «Жүйелі таныстық» кезеңі.Өлеңді құрылысына талдау.1.«Ақсақ киік»2. өлең3. 9 шумақ4. 36 тармақ5. 3 бунақ6. 11 - 12 буын7. қара өлең ұйқасы8. теңеуҚап - қара екі көзі мөлдіреген,Әдемі екі танау желбіреген.Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,Жел түрткен жусаннан да селдіреген.9. Бізге беймәлім сөздер:Сегіз көштік - ұзындық өлшеміТаңы - жануардың сұлу мүсініҚос - шатыр, күркеБетеге - шөп атауыКиік - аталық жануарБөкен - аналық жануар10. Өлең адамның табиғатқа деген қаталдығы, мейрімсіздігі.4. «Ойнап ойлау» кезеңі.«Бес жолды өлең» әдісі.1. Киік2. сұлу, құнды3. мекендейді, жүгіреді, жаутаңдайды4. Ақ бөкен - сахараның ботагөзі5. жануар5. «нәтиже» кезеңі.Оқушылар осы тақырыпты жетік түсінсек «Табиғатты қорғау - біздің парызымыз» тақырыбына эссе жазайық.VI. Сабақты қорытындылау.1. Киік туралы жалпы мағлұмат2. Киік мүйізінен не жасалады.3. Адамдар киікті не үшін атады?VII. Үйге тапсырма:«Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу, үзінді жаттау. Оқиғаға байланысты сурет салу.

Приложенные файлы


Добавить комментарий