Презентация по географии Япония (11- класс)


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Сабақтың тақырыбы: Пән мұғалімі : Нуржанова Каламкас Кудайбергеновна Сабақтың барысы: Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру. 2. Ой қозғау . 3. Жаңа сабақты түсіндіру. 4. Адасқан оқиғалар 5. Синкуин стратегиясы. 6. Сабақты бекіту тесті. 7. Қорытынды «Венн жүйесі» бойынша. 8. Бағалау. 9. Үйге тапсырма. Азия аймақтары. Космостан қарағанда көрінісі. Жапонияның әкімшілік-территориялық картасы. Фудзияма. Кэгон сарқырамасы. Жапония ыстық бұлактарға бай. Жапония табиғаты әсем мұнда табиғи бақтар өте көп. Мемлекеттік құрылысы және мемлекеттің тарихынан : Жапондар өздерін «Ниппон» немесе «Нихон» деп атайды, бұл «Күннің ұлы» деген мағынаны береді екен. Мемлекет жалауы ақ орамалға қызыл шеңбер түскен, ақ түс-бейбітшілік пен қауіпсіздікті аңғартса, жалау бетіндегі қызыл шеңбер- бұл императордың билігін білдіретін мұхит үстінде атып келе жатқан күнді аңғартады. Ту 1870 жылы қабылданған. Жапондар оны «Хиномару» деп атайды. Елтаңбасында Хризантема гүлі бейнеленген, бұл императордың жоғарғы даңқын білдіреді. Ұлттық валютасы-иена. Валютасы 1871 жылы қабылданған. Жапония-конституциялық монархия, мемлекеттің құрылымы 1947жылы қабылданған конституция негізінде қабылданған.1997жылы қабылданған ел конституциясында Жапониядағы билік формасы туралы жазылмаған,осы себепті ондағы басқару түрі туралы әр түрлі көзқарас бар. Оның ең басымы, қазіргі Жапонияны парламенттік монархия деп тану, өйткені мемлекет басшысы император болып есептелгенімен, іс жүзінде мемлекетті премьер-министр басқарады. Император Акихито. Астанасы: -Токио. Елдің алғашқы астанасы-Нара(710-794жж), одан кейінгі астанасы-Киото (794-1868жж), казіргісі Токио, кей әдебиеттерде алғашқы астанасы –Камакура, кейіннен Эдо, Токио делінеді. Токио-шығыс астана деген ұғымды білдіреді.-Токио дүние жүзіндегі ірі миллионер қалалардың бірі. Мұнда Токио агломерация-н қоса 28 млн халық тұрады. Дүние жүзі елдерінің жыныс құрамы бойынша картасы. Дүние жүзі елдерінің білім деңгейі бойынша картасы. Мемлекеттік тілі:жапон тілі.Жазу үлгісі хирагана, катакана деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Діні: халықтың 76%-синтоизм, 16%-ы будда діндерін ұстанады. Синтоизм діні ұлттық дін болып саналады, бұл дін ұлттың өзіндік келбетінің қалыптасуына ықпалы зор болды. Тодайдзи шіркеуінде Дайбуцудэн (Ұлы Будда) мүсіні бар (6ғ), оны құю үшін 444 т қола қолданған бұл әлемдегі ең үлкен Будда мүсіні. Камакура қаласында орналасқан Дайбуцу немесе Үлкен Будданың қоладан құйылған (13ғ) мүсіні, Сэнсодзи шіркеуі орналасқан . Мұнда орташа тығыздық 1км2-ге 341 адам шамасында.Жапония халқының 79 %- қалада тұрады, елде халық саны млн асатын 11 ірі қала бар. : Жапондар салт-дәстүрін қатаң еш өзгертусіз сақтаған аз ғана елдің бірі. Жапон әйелдерін кимоносыз елестету мүмкін емес. Кимоно- бұл ұлттық киімі, ол ешқандай кесіп-пішілмей-ақ құрастырылады. Жапонияда «Сакураға» (шие)-құрмет ерекше. Сакура Жапонияның ұлттық символы. Сакура гүлдегенде (наурыздың соңы мен сәуірдің басында) жапондар «Ханами пати» ұлттық мейрамын өткізеді. мейрамда халық сакура жабайы шиесінің ашық қызыл гүлін тамашалайды, рухани ләззәт алады. Елде гүл өсіру, «Бонсай» және «Икэбана» тәрізді қолданбалы ұлттық өнері жақсы дамыған. «Бонсай»-бұл жапон тілінен аударғанда құмырадағы ағаш ұғымын береді, бұл өнері арқылы жапондар «кішіден ұлыны көру»-ұстанымын ұстайды. «Бонсай»-өнері Жапонияға будда дінімен бірге 6 ғасырда Қытайдан келген. «Икэбана»-жапон тілінен аударғанда «гүлдің жаңа өмірі» «Икэбана»-өнері де Қытайда VІІ ғасырда дүниеге келіп Жапонияға будда дінімен бірге келген. «Хина мацури»-бұл Жапонияда 3 наурыз күні өткізілетін ұлттық мейрам. Бұл мейрамда бүлдіршін қыздар қуыршақ жасап, оны елдің байырғы императорларынша киіндіреді. Шайды Х-ХІ ғасырларда қытайдан әкелген. Қытай ғибадатханаларында жапондар ұйқымен күресетін сусынмен танысып, оны Жапонияға әкелген. Шай дайындау өнері Буддамен байланысты. Шай дайындау өнері өте күрделі, оны дайындау шеберлігін үйрену үшін бірнеше жыл оқуды қажет етеді. Жапондарда ұлттық ойындар спорттық ойын дәрежесінде, олардың әрқайсысында мән-мағына бар. Мысалы: каратэ (қарусыз күрес), сумо (аударыспақ), айкидо (жекпе-жек), дзюдо (еркін күрес) т.б.с.с. Жапонияға саяхат. Біз жазда Жапонияға қыдырып бардық.Бұл ел оңтүстік жарты шарда рналасқан және экватор сызығы солтүстік бөлігін кесіп өтетіндіктен ел өте ыстық екен. Жапония 4 ірі 4000 дай ұсақ аралда орналасқан, ірі аралдары : Хонсю, Хоккайдо, Кюсю, Хайнань аралдары. Жапония территориясының көп бөлігін шөлдер алып жатыр Елдің аумағында Лобнор көлі, Янцзы, Ганга өзендері, ағып жатыр. Ескеткіштерден пирамидаларды , будда мүсіндерін, атақты Тоцегу ғибадатханасын тамашаладық. Елді президент басқарады, үкімет басшысы премьер-министр.Ел аумағында Сары теңіз болғанымен елдің теңізге тіке шығар жолы жоқ.Жапония көпұлтты ел, мұнде негізгі халық жапондар 70%, қалғаны 100 шақты ұлт өкілдері. Жапонияда ұлттық дін индуизм діні кең таралған.Саяхатымыздың барысында біз ең үлкен қаласы Шанхайда болдық. Саяхатымыздың соңында Жапондардың кастерлейтін тауы Тибетте болдық . Біз жазғы демалысты осылай өткіздік. «Синкуэн» - 5 жолды өлең стратегиясы. Оқушылар Жапонияға қатысты сөздерден мағына беретін шумақ құрастырады. Ол мына шартта құрастырылуы керек.1.Не? зат есім2. Қандай? Сын есім3. Не істеді? Етістік4. Синоним.5. Идеясы. Бір мағына білдіретін сөйлем. Тест тапсырмалары: 1. Жапонияның басқару үлгісі қандай? 2 халқының саны қанша?а) теократтық монархия а) 100 млн ә) абсолюттік монархия ә) 150 млнб) конституциялық монархия б) 128 млнв) республика в) 125 млн3. Жапонияның жер көлемі 4. Жапония мен Материк арасында қанша? қандай теңіз жатыр? а) 300 мың км2 а) Жапон ә) 250 мың км2 ә) Корей б) 350 мың км2 б) Сары в) 372 мың км2 в) Филиппин теңізі.5. Жапония аралдары:а) Хонсю, Хоккайдо аралдарынанә) Хонсю, Хоккайдо, Кюсю,Сикоку аралдарынанб) Хонсю, Сикоку, Токкоро аралдарынанв) Хонсю Токкоро аралдарынан тұрады. 6.Жапонияның халқының өсуі өсудің 7. Жапонияның негізгі қай типіне жатады? ұлттық діні:а) І типі немесе демографиялық қыс а) христианә) ІІ типі немесе демографиялық көктем ә) буддаб) демографиялық жарылыс б) синтоизмв) демографиялық жаз в) конфуцизм 8. Жапонияның халқы ең 9.Жапония мен Ресей арасын тығыз орналасқан аралы: қандай бұғаз бөліп тұр?а) Сикоку а) Корейә) Кюсю ә) Лаперузб) Хоккайдо б) Малакав) Хонсю в) Бунго10. Жапондар қандай тіл 11.Жапонияның мемлекеттік әулетіне жатады?: құрылымы қандай ?а) Алтай а) федерация ә) Үнді-Еуропа ә) унитария б) Афроазии б) конфедерация в) Квартел в)монархия 12.Әкімшілік аумақтық құрылымы 13.Көне Жапонияда император бойынша қанша бөлікке бөлінеді: лауазымы қалай аталған:а) 47 префектура а)қағанә)23 провинция ә) сегунб)47штат б) буддав) бөлінбейді в)император14.Жапония жағалауларында 15 Жапония қандай климаттықболатын алып толқын: белдеулерде жатыр?а) тайфун а) экваторлық, тропиктікә)ураган ә)қоңыржай,субтропиктік,тропиктікб) цунами б) қоңыржай,субтропиктікв) торнадо в) қоңыржай, тропиктік. Сабақты қорытындылау. Жапония Қазақстан Үйге: - Оқулықтың мәтініне қоса, климаттық карта бойынша Жапония аумағында қаңтар және шілде изотермаларының, жылдық жауын-шашын мөлшерінің өзгеру заңдылықтарын анықтау;- Кескін картамен жұмыс: кескін картаға атласты оқулықты пайдаланып Жапония халқының ұлтын, дінін, жыныс құрамын шартты белгілер арқылы белгілеу; - Жапонияға байланысты кез-келген тақырыпта эссе жазып келу тапсырылады.Келесі сабақта өтілетін Жапонияның шаруашылығы тақырыбына материалдар жинақтау тапсырылады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий