«Жасай бер, жаса, ?аза? елі»


Ашық тәрбие сағаты
Ақсукент-2014ж
Тақырыбы: «Жасай бер, жаса, Қазақ елі» Мақсаты: оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер, қанатты сөздер Бейнефильмдер, слайд, көркем суреттер.Қанатты сөздер: «Мәңгілік мақтан, Дауылпаз дастан –Қазақстан!» Слайд көрсетіледі.
(Мемлекеттік Гимн орындалады)
1 жүргізуші:
Далада думан қалада думан жыр бүгін,
Ғасырлар бойы аңсай да  күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін.
2 жүргізуші:
Сен де арманда едің ау, мен де арманда,Сол арманға қол жетті, арман бар ма!Өзімізді өзіміз таба алмастан,Адасқанбыз, сан тарап ормандарда.
1 жүргізуші:
Аспан түсіті туымыз желбіреді,Шықты және теңгеміз – ел біледі.Әнұран да, Елтаңба — өзімдікі,Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!
2 жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар мен қонақтар!
Бүгінгі біздің Гуманитарлық-педагогикалық колледжімізде өткелі отырған
«Жасай бер жаса, Қазақ елі!» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
2 жүргізуші:
Сіздердің алдарыңызда (ән ) Қазақстан орындайтын Мейіржан
1 жүргізуші:
Келесі тамашалайтындарыңыз қазақ биі.(Қамаржай)
2 жүргізуші:
Ал енді келесі кезекте «Жасай бер жаса тәуелсіз қазақ елі!» атты ашық тәрбие сағатымызға арналған өлең жолдарын тыңдайық.
1-бала: Қазақстан –Республикам, мақтанышым, Мен сені жырлаймын мақтан үшін. Құдайым маған құйттай жүрек берген, Лүпілдеп сені сүйіп сақтау үшін Адамзатқа дүниеде, Өмір –ау десеп ен қымбат, Дархан тірлік мекенім, Бәрінен, Отан сен қымбат! 2-бала Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген Жөргегімде тыныстым мұн тілімен Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен қазақпын, ажалсыз анамын мен, Құрсағыма сыйдырам даланы кең Пәк сәбимін бесікте уілдеген. Дәуәрлермен құрдаспын, данамын мен. 3-бала: Қазақстаным, жасыл орманым, Қуанышымды жасыра алмадым. Аңсаған бабам, Аңсаған елім, Бостандық еді, Асыл арманым. 
4 балаМаған қымбат Ұлы елімнің Шешек атқан әр гүлі. Аялайды бәрімізді Азаттықтың таң нұры. САрарқаның даласына, Күн шуағын төкен күн. 
5 балаЕлім менің жерім менің, Баққа қолы жеткен күн. Бостандығым тұнғыш рет Ақ қанатын қаққан күн. Әже әлдилеп немересін, Басы айналған бақтан күн. Тәуелсіздік –Ұлы күнім, Тұрсын жайнап төбемде. Сен жасай, бер мәңгі бақи, Қуанышқа бөленде. 
2 жүргізуші:
Үнді биі ортада Тохтаметова М
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші.
1 жүргізуші:
Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
2 жүргізуші:
Қазақ халқы – жауынгер халық. Олар аттың жалында, түйенің қомында жүріп – ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе? Жер болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар. Ең бай, шұрайлы, құнарлы, әсем жерлер.Сұлу айдын көлдеріміз, асқар тауларымыз, шалқар белдеріміз көз тартарлық табиғат байлығы Қазақстан жерінде!
1 жүргізуші:
Келесі сіздердің тыңдайтындарыңыз Қайрат Рысқұлбековтың өмірінен үзінді желтоқсан ызғары «Көрініс» тамашалаңыздар.
2 жүргізуші:
Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.
Бұның бәрін дұрыс болмас түсінгін
Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!
Ортада жастар биі
Экранға назар аударайық! (Слайд Тәуелсіздік)
1 жүргізуші:
Бұл күн ешқашан ұмытылмақ емес, ешқашан ұмытылмайды да. Тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан аға, әпкелерімізді 1 минут үнсіздікпен есе алайық!
2 жүргізуші:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін  салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел  экономикасында, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Н.Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт  те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.
1 жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле берМерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ән «Қазақстан» Сержанның орындауында
2 жүргізуші:
«Орнында  бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық  жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан»  егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Ортада өзбек биі Каримбекова Барно
7 бала
Той боп жатыр, міне бүгін қаламда,
Той боп жатыр бүгін менің даламда.
Көркіменен бар әлемді тәнті еткен,
Ел ордамыз – «Астана» атты қаламда.
8 бала
Тәуелсіз – Қазақстаным, Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
«Жаса Қазақстаным» орындайтын Жайлау Елдос. Қабыл алыңыздар!
9 бала
Сан ғасырлар  тарихынан кешегіТуған жердің шежіресі өседіМенің елім Қазақстан —  Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі.
5б сынып оқушысы Айнурдың орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар!
10 бала
Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы.
Туған тілдің мәртебесін  тасқа қашап,
Күмбез  көкте желбірейді көк байрағыОртада «Жастар» биі
2 жүргізуші:
Қазақ жері – мекенім,
Байтағын бойлап жел ескен.
Мақтанып  мәңгі өтемін,
Тау менен дала теңескен.
Шегіне көзің жетпейтін,
Ата-анам – Қазақстаным.
Перзентінен көктейтін,
Мен балаң – Қазақстаным.
1 жүргізуші:
Бөленген сұлулыққа далам менің,
Тыныстап, емін – еркін алар демін.
Тәуелсіз күндерімнің арқасы ғой,
Қарашы, ой да,
Қыр да,
Жаңарды елім,
Ғасырлар, Бабам күткен заман ба едің?!
2 жүргізуші:
Тарихтың белгілі енді алдамасы,Оңтүстік – достық, бірлік жалдамасы.Үш жүздің басын бұрын қосқан болса,Тұранды қосты бүгін – Ордабасы!
1жүргізуші:
Тәуелсіздік! Бақытым, бақ-мұратым,
Сенсің маған биікті алдыратын.
Сенсің менде жүректі жандыратын.
Кәусәр сезім бақытқа қандыратынБар әлемге паш етіп теңдігімдіМәңгі бақи тарихта қалды атың!
Ортада «өзбек» биі Каримбекова Барно
2 жүргізуші:
Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,Тоқтар менен Талғаттар шығар ма еді?Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,Әлем шырқап, қосылып тұрар ма еді!
1 жүргізуші:Тәуелсіздік! Бар бақыт, бақ – тұмарым,
Ұранымсың, жадымда сақтар әнім.2 жүргізуші:
Сенсің менің кеудемді керіп тұрып,
Айдай әлем алдында мақтанарым!
Ән «Жаса Қазақстан» Каримбекова Барноның орындауында
1 жүргізуші:
Құрметті қауым, Тәуелсіздігіміздің 23 жылдық мерей тойы құтты болсын!
2 жүргізуші:
«Жасай бер, жаса, Қазақ елі» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.1 жүргізуші:
Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
Қош сау болыңыздар!
 

Приложенные файлы


Добавить комментарий