?аза?стан тарихы. 11-сынып.


Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебі
Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: 1931-1933 жылдардағы ашаршылық. Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік- экономикалық зардаптары.
Түрі: Ашық сабақ
Сыныбы: 11-сынып
Пән мұғалімі: Кеулімжай Әлия Талғатбекқызы
Қазақстан тарихы
Мұғалімнің аты-жөні Ә.Кеулімжай №95 мектеп Сыныбы:11
Күні: 10.12.2014ж
Сабақтың тақырыбы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптары.Сілтеме Білім стандарты,пән бағдарламасы.11-сынып оқулығы,электронды оқулық,интернет материалдары
Жалпы мақсаты 1931-1932 жылдардағы қуаңшылық пен ашаршылық туралы білімдерін ғылыми тұрғыда меңгеруге қолайлы орта жасау
Міндет-тері Ашаршылық,нәубет жылдары,ұжымдастыру қорытындылары туралы ұғындыру
Күтілетін нәтиже 1931-1932 жылдардағы қуаңшылық пен ашаршылық, жергілікті халықтың республикадан тыс жерлерге қоныс аударуы туралы мағлұматтар алады
Негізгі идеялар Күштеп ұжымдастыру,ашаршылық және зардаптары туралы біледі.Жергілікті халықтың республикадан тыс жерлерге қоныс аударуы, зорлық-зомбылықтарға қарсы наразылықтар,көтерілістер жөнінде біледі, ұжымдастырудың қорытындыларын саралай алады.
Тапсыр-малар Тақырып туралы материалдарды электронды оқулықтан, интернеттен қарап,іздену
Үйге тапсыр-ма Тарихи және әдеби шығармалар оқу, тақырып бойынша іздену,БАҚ-нан материалдар қарап,әзірлену
Сабақ бойынша мұғалім жазба-лары Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
2 минут
5 минут
2 минут
5 минут
6 минут
4 минут
15 минут
2 минут
2 минут
2 минут І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу. Зейіндерін шоғырландыру.Сергіту сәті: «Тілек шеңбері»
Ә) Сабаққа дайындығын тексеру.
Б)Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Б)Топ ережесін құру
В)Бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалау реті түсіндіріледі.
ІІ.Маңызын арттыру. «Ой қозғау»
Үй тапсырмасы бойынша «Жабық тест» арқылы негізгі мағынаны түйіндеу.
«Білемін.Білгім келеді.Білдім».
Өзін-өзі бағалау.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
«Ыстық орындық» әдісі бойынша оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру арқылы үй тапсырмасы қорытындыланады.
Мадақтама сөздер арқылы бағалау
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру.
1.«Миға шабуыл»
(Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау)
Жаңа тақырып: «1931-1933 жылдардағы ашаршылық.
Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптары.»
«Оймақтай ой» стратегиясы арқылы жұптық жұмыс жасау
Топтық жұмыс: «Ұлы нәубет жылдарында» және «Тарихқа тағзым» тақырыптарында газеттер шығару.
ІҮ.Жаңа сабақты қорытындылау. «Мен шыққан биік» кестесі
Сабақты қорыту. Бағалау:
Кері рефлексия.
«Білемін.Білгім келеді.Білдім» кестесі
Ү.Үйге тапсырма.
Өзіміздің өлкеміздегі ұжымдастыру, отырықшыландырудың жүргізілуі,тарихы туралы мағлұматтар жинау тапсырылады.
Оқушылар бір шеңберге, ортаға топтасады.11-сынып бітірушілер ретінде бір-біріне игі тілектерін жеткізеді
«Көшпелілер» және «Отырықшылар» тобы болып екі топқа бөлінеді
Оқушылар табан іздерімен берілген «Мен шыққан биік» кестесіне өзін-өзі бағалайды.
Әр топқа үй тапсырмасына байланысты 5 сұрақтан беріліп, «Жабық тест» тапсырмаларын орындайды.
«Білемін.Білгім келеді.Білдім» кестесі бойынша өзін-өзі бағалау
«Ыстық орындыққа» отырған бала сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың қызығушылығы, белсенділігі артады
Жаңа сабақты электронды оқулық ,интернет материалдарын пайдалана отырып меңгереді
«Оймақтай ой» стратегиясы арқылы жұптаса отырып,тақырыпты меңгереді, дәптерге түйінді ойларын түсіріп отырады.
Топпен жұмыс жасай отырып, шығармашылықпен ізденеді, орындайды, жұмыстарын қорғайды.
«Мен шыққан биік» кестесі арқылы өзін-өзі бағалайды
«Білемін.Білгім келеді.Білдім» кестесін толтыруды аяқтау.
Тарихи дереккөздер іздеу,мұражайға бару, көнекөз қариялардан сұрау тапсырылады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий