«Елбасы – елді? т?т?асы» презентация


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Орал гуманитарлық- техникалық колледжі Педагогика,психология кафедрасы «Елбасы – елдің тұтқасы» Дайындаған: Педагогика,психология кафедрасының оқытушысы Ж.С.Жубатова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныСөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевӘнін жазған: Шәмші ҚалдаяқовАлтын күн аспаны,Алтын дән даласы,Ерліктің дастаны-Еліме қарашы!Ежелден ер деген,Даңқымыз шықты ғой.Намысын бермеген,Қазағым мықты ғой! Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемнін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің-Қазақстаным.Ұрпаққа жол ашқан,Кең байтақ жерім бар.Бірлігі жарасқан,Тәуелсіз елім бар.Қарсы алған уақытты,Мәңгілік досындай.Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемнін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің-Қазақстаным. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елбасы – елдің тұтқасы»Тәрбие сағатының мақсаты:Ақпараттық құзіреттілік: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағұлмат беру; Коммуникативтік құзіреттілік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып,Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу,басшылық етудің күрделі де маңызды екенін сезіну.Проблема шешу құзіреттілігі: Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін тани білуді меңгерту. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев(6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.1-ші Қазақстан Республикасының Президенті24 сәуір 1990 жылдан бастапІзашары:Лауазымы ұйымдастырылғанҚазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы22 ақпан — 24 сәуір 1990 жылІзашары:Мақтай СағдиевІзбасары:Ерік АсанбаевҚазақстан Коммунистік партиясыОрталық комитетінің бірінші хатшысы22 маусым 1989 жыл — 28 тамыз 1991 жылІзашары:Геннадий КолбинІзбасары:Лауазымы ыдыратылғанҚазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы22 наурыз 1984 жыл — 27 шілде 1989 жылІзашары:Бәйкен ӘшімовІзбасары:Ұзақбай Қараманов Партиясы:Нұр ОтанДіні:исламДүниеге келуі:6 шілде 1940 (74 жас)Шамалған ауылы, Қаскелең ауданы,Алматы облысы,  Қазақ КСР (қазіргіҚазақстан), КСРОЖұбайы:Сара АлпысқызыБалалары:қыздары: Дариға Назарбаева, Динара Назарбаева және Әлия Назарбаева Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.  Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп әкетті. Онымен бірге қиындықтарға төтеп берген жолдастары Төлеген Юсупов пен Болат Кәрімов те жоғары білікті металлургтерге айналды.Жиырма жастағы Нұрсұлтан өзінің қомақты жалақысының жартысын жас балаларының мұқтаждығына жұмсасын деп, әкесіне жолдап отырды.Алдыңғы қатарлы жұмысшы қазақ, комсомол мүшесі ретінде Назарбаев БЛКЖО съездері мен жастар фестивальдеріне жиі жіберіліп тұрды. Ол танымал бола бастады, өндіріс үздігі Назарбаевтың суреті орталық баспасөзде де басылды. Жас металлург жұмыстастары арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды. Сондықтан ол партияға өткеннен кейін цех парторгы болып сайланды. Осы жылдарда оның өмірінде тағы бір маңызды оқиға болды. Нұрсұлтан Әбішұлы кейіннен былай деп жазды: «Ал сол жылдардың өмір бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы – болашақ келіншегім Сарамен алғашқы кездесуім. Ал бұл кездесу... бір апаттан кейін домна пешінің жанында болған еді. Әдетте апат болып, металл жерге төгіліп жатқанда түгел ауысым бар қалдықты жинап, теміржол қозғалысын қалпына келтіргенше ешкім ешқайда кетпейді. Бұл бір бұлжымас тәртіп еді. Күні бойы боласың ба, тәулік бойы боласың ба, өзің бүлдіргенді өзің ретке келтіруің тиіс. Осындай қолайсыз бір сәт еді – тәулік бойы дерлік табанымыздан тік тұрған кезіміз, тұла бойымыз қазанның түп күйесіндей қап-қара, тек көзіміз жылтырап, аппақ тісіміз ақсияды. Сол күні қосалқы электр станциясында кезекші болып, біздің пешіміздің түбінде не болып жатқанын көруге келген қызға кез бола кеттім. Көп ұзамай тойымыз болды. Өзім екпінділер мен белсенділер қатарында жүргендіктен коллективіміз оны комсомол-жастар үйлену тойы етіп өткізіп берді».Бақытты жас отбасы тез жетіліп, өсіп-өніп келе жатты, шаңырақтарында үш қыз – Дариға, Динара және Әлия дүниеге келді.Жас жұбайлардың өздері де кәсіби тұрғыдан өсе берді. Зауыттың жолдамасы бойынша Назарбаев өз цехындағы бірнеше жігітпен бірге Қарағанды политехникалық институтына түсті Қызмет жолы1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды Елбасы қолымен жазылғанН.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),«Тарих толқынында» (А., 1997),«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),«Сындарлы он жыл» (А., 2002),«Еуразия жүрегінде» (А., 2005). Сөзжұмбақ Е Л Б А С Ы Көрермендермен,қонақтармен ойын «Патриоттық әнге қалайсыз?» (ән атаулары,әннің мәтінінен кеспе сөздер беріледі,әнді жалғастырып орындау керек)1. Маңдайымнан сипап өткен самалды, Қазағымның алақаны деп білем... 2. Көк тудың желбірегені-жаныма қуат береді...  3. Арайлап таңым, асқақтап тауым. Ән ойнап көгім, күй тартты көлім..  4. Кең өлкем, әлдейлей бер, сен деп келем, аңсап келем сағынып, шөлдеп келем Саржайлауым..... 5. Келгенде көктемі, Көңілін гүл басқан, Шырағы көктегі, Жұлдызбен сырласқан. РеформаларыЖаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты жәнедемократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.[3] 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі,инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы,Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындарыХалықаралық ақпараттық технологиялар университетіҚазақстан менеджмент институтыЭкономика және болжау институтыҚожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ-түрік университетіН. Гумилев атындағы Еуразия университетіҰлттық Мемлекеттік заң университетіНазарбаев УниверситетiНазарбаев Зияткерлік Мектебі[3]бірқатар лицейлер мен колледждерПрезиденттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған. Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар! Лайым бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүрсін! Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Қазақстан Республикасының Президенті ұсынып, оны халық 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылдады.Республикалық референдум қорытындыларының ресми түрде жариялануы Конституцияның 1995 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енуіне байланысты. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Бұл қазақша, орысша, ағылшынша – үш тілдегі кітаптар. «Желтоқсан 86» жинағының «Ұлт теңдігі көтерілісі» деп аталатыны бірінші кітабында желтоқсан көтерілісіне қатысты мерзімді басылымдарда жарияланған деректер мен дәйектер, көтерілістің Республика аймақтарында шарпығандығын айғақтайтын деректер және көтеріліске қатысты зиялылардың айтқан сөздерімен сараптамалары беріліп отыр. 18-19 ғасырлардың қасіретті де қастерлі шежіресінен бейхабар болмас үшін, әсіресе жас буын, жаңа ұрпақты тарихи тұрғыдан тәрбиелеу мақсатында алаш тақырыбына басқаша қырынан қарап, жиған-тергенімізді оқырман назарына ұсынуды жөн деп таптық. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенін ұмытпа! Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік бейбітшілікке бағытталған жаһандық сипаттағы қызметтері жан-жақты сарапталған бұл жинақта Еуразия кеңістігіндегі 9 мемлекеттің заялы қауым өкілдерінің мақалаларымен топтастырылған. Кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың фотосуреттері жинақталып оқырман алдында Елбасы ретінде ғана емес, өз елінің отан сүйгіш патриоты ретінде көрсетілген. Бұл кітапта Елбасының Отанына, жеріне, еліне, мекеніне, ұлттық дәстүріне, ұлттық тәрбиесіне, халқына деген сүйіспеншілігін жеткізетін дәйексөздері жазылған. Кеңес Одағы (СССР) кезеңінде Қазақстан Республикасы ядролық қару жөнінен төртінші орында болатын. Елбасының көрегенділігінен , өз халқына деген сүйіспеншілігінен Қазақстан Республикасын ядролық қарусыз ел атандырды.Қазақтың өзіндік ұлттық қасиеттерінің қалыптасуына қамқорлық жасау – менің Президенттік те, перзенттік те парызым. Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жыл Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды жыл болды. Жылдың 365 күні жас мемлекетімізді әлемге әйгілі етті. 11 жыл өткізілмеген ЕҚЫҰ ел басшыларына Астана саммиті әлем еліндегі жаңа дәуірдегі Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарихындағы жаңа дәуірдің бастамасы болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫК отырысында. Хельсинки, 1992 ж. 8-10 шілде. Отырысқа қатысу шеңберінде Қазақстан Президенті 1975 жылғы ЕҚЫК Хельсинки Қорытынды актісіне қол қойды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ Саммитінің ашылуы кезінде, Астана, 1 желтоқсан 2010 ж. Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетіміздің нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр Елдік те ерлік сияқты сын сағатта танылады Нұрсұлтан Назарбаев Азиялық ойындарды лайықты өткізу – Алматы қаласына 2018 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындардыөткізетін қалалардың конкурсына қатысу үшін перспектива береді, себебі Азиада Халықаралық олимпиадалық комитеттің тікелей қамқорлығымен өтеді Қасымбеков М. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы [Мәтін] / М. Қасымбеков. Астана: Елорда, 2005. - 200 бет+2 б.т. жапсырма Жекелеген сұхбаттар мен очерктерден тұратын бұл кітапта Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елімізді басқаруда атқарған ұлан-ғайыр істері, саясаткер, адам және азамат ретіндегі кейбір қырлары сөз болады. Әлімқұлов Қ., Қасымбеков М. “Нұрсұлтан деп ат қойдым...” [Мәтін] / Қ. Әлімқұлов, М. Қасымбеков. - Алматы: Өнер, 1997. - 272 бет. Кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне балаларының атын Елбасының есімімен атаған азаматтардың жүрекжарды лебіздері мен ой-пікірлері арқау болған. Бекниязов Т. Тұңғыш Президент: өлеңдер мен поэма [Мәтін] / Т. Бекниязов. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 262 бет. Т. Бекниязовтың бұл жинағында өлеңдері мен поэмасы берілген. Ақынның тәуелсіз еліміз туралы ой-толғамдары мен Елбасыға арналған көлемді туындысында замана және ұлтымыздың жарқын болашағына деген зор сеніммен жыр тербелген. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев Дінге сене отырып, өз салтымыз бен ғұрпымызды сақтауымыз керек Нұрсұлтан Назарбаев Астана – Тәуелсіздік және бірлік символы Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – Тәуелсіздіктің көк Туы , Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар. Ылайым, бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүре берсін! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Әлем басшылары және Елбасы Әнұранның авторы Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаев ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елбасы – елдің тұтқасы»Тәрбие сағатының мақсаты:Ақпараттық құзіреттілік: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағұлмат беру; Коммуникативтік құзіреттілік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып,Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу,басшылық етудің күрделі де маңызды екенін сезіну.Проблема шешу құзіреттілігі: Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін тани білуді меңгерту.Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәдесыйлықтар, әнұран,буклет,елбасының кітаптары т.б.

Приложенные файлы


Добавить комментарий