«Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар» ашы? саба?


Ақмола облысыБұланды ауданыКММ «Айнакөл орта мектебі»

(математика пәнінен сайыс)
1506855142240
Өткізген: Сыздыкова А.Ж.
2014ж
42487852402205Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: сайыс сабақКөрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта1. Ұйымдастыру кезеңі.Мұғалім:Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.Ал келіңдер, келіңдер,Біріңе - бірің еріңдерБіліміңді тексеріп,Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.
3495040266446039776401037590Мұғалім:Білмеймін деп қысылма,Талабың болса бойыңда.Өнерлінің ырысыЖарқырап жатыр бойында – дей келе, топтарымызды ортаға шақырайық.Топтарымызды таныстырып өтейік.І топ «Алғырлар» ІІ топ «Білімділер»Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау.1топ «Алғырлар»Ұраны:Жарыс десе жанамызБүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.Сәлемдесуі:Қиындықтан сірәда біз қашпаймызАлғырлық пен тапқырлықты ұштаймызҚияларға самғап ұшқан құстаймызШегінбейміз жеңістерге бастаймыз2 - топ. «Білімділер»Ұраны:Білікті бірді жығадыБілімді мыңды жығадыСәлемдесуі:Біз дайынбыз бұл сайысқа достарымКөрсетеміз бізде қандай күш барынАлға қойған мақсатымыз бір екенСәтті болсын сапарымыз әрдайым.Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.1. Таныстыру
3637280-146685 2.Ой жүгірту.3.Байқағыштық . 4.Сиқырлы төртбұрыш.
457136552451005. Шешімін тап!6. Полиглот.7. Ойлан, тап8. Білеміңді шыңда. Мұғалім:Шын жүйріктер сыналады жарыста,Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!Бағалайды әділқазы сіздерді.Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? – деп, осы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.Мұғалім:Ал келіңдер, келіңдер!Дұрыс жауап беріңдер.Біліміңді тексеріп,Саудаласып көріңдер. Сырлары көп білімніңШешілмеген әлі де. Тереңдігі білімніңКерек екен бәріне.І кезең «Ой жүгірту»Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.1топ «Алғырлар»1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)6. Қосуға кері амалды ата. (азайту)7. Бір жылда неше күн бар? (365 – 366)8. Есту мүшесі не? (құлақ)9. Көру мүшесі. (көз)10. Иіс сезу мүшесі? (мұрын)11. Дәм сезу мүшесі. (тіл)12. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)13. 1945ж 9 мамыр қандай күн? (жеңіс күні )14. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)15. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)16. Ұлыстың ұлы күні. (22 – наурыз)17. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)18. 12 – сәуір қандай мейрам? (ұшқыштар күні)
2 - топ. «Білімділер»1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)2. Мемлекеттік рәміздері? (ту, елтаңба, әнұран)3. Көптік жалғауларын ата. (- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер)4. 720 – ны 9 есе кеміт. (80)5. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)6. Азайтудың компонентері (азайғыш, азайтқыш, айырма)7. Тәулікте неше сағат? (24)8. Ынтымақ күні? (1 мамыр)9. Мүшел жас (1ж,7ж,12ж)10. Судың неше күйі бар? Ата (бу, сұйық, мұз)11. Кез келген сан мен 0 – дің көбейтіндісінің мәні неге тең? (0 - ге)12. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз. (туынды сөз)13. 0-ді 5000-ға көбейтсек неше болады? (0)14. Сөйлем түрлерін ата. (сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем)15. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)16. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады.Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)17. Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді? (тазы)18. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (газ, мұнай) ІІ кезең «Байқағыштық»1. Ағашта 50 қарға, 30 сауысқан отырған еді. Барлық сауысқан және сонша қарға ұшып кетті. Неше қарға қалды? (20)
2.Би үйірмесінде 17 ұл және 14 қыз бала қатынасады. Барлық қыздар жұптары мен билегенде, неше ұл билемей қалды? (3)
3.Бірінші еменде 15 алма, екінші еменде 20алма өсіп тұр еді. 16 алма түсіп қалды. Неше алма қалды? (еменде алма өспейді)
4. Екі стаканға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердік. Қай ыдыста су көп?
370522510661655. Шаршының қабырғасы 20см, периметрі қанша? (80см)6. 12 минутта неше секунд бар? (720)ІІІ кезең «Сиқырлы төртбұрыш»Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік.Арамызда тапқыр достар көп екен,Соларды енді жарыстырып көрелік!
8 3 10
9 7 5
4 11 6
Мұғалім:Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,Математикаға орын берсең басыңнан.Барлық ғылым соған үйір болады,Досың солар табылатын қасыңнан.ІҮ кезең «Шешімін тап!» 3+3+3+3+3-3-3-3=6
4+4+4+4-4-4=8
3 3 3 3 3 3 3 3=6
4 4 4 4 4 4=8Ү кезең «Полиглот»«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс,ағылшын тілінде айтады.Жұмбақтар:1). Қабат – қабат қаттама,Ақылың болса аттама. (кітап – книга-)2). Падишадай жатысы бар,Жолбарыспен шатысы бар. (мысық – кошка)3). Аяғы біреу, қолы жоқ,Шиыр – шиыр жолы көп.323850067310Өзі сөйлей білмейді,Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка)4). Жылт – жылт еткен,Жылғадан өткен. (су – вода)5) Ашылып, жабылады,Әр үйден табылады. (Есік - двер)6) Құс сияқты, құс емес, Самғап ұшқан биікке.Қанаты бар қақпайды,Жүрсе де сондай биікте. (ұшақ – самолет).VI «Ойлан,тап!»Мұғалім:Ендігі кезекті Жасырынған сөздер.
К3ТІ 1ҚАЗАН С10А М6 Т10 К2ЛVII - кезең: «Біліміңді шында»Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?Жауабы: үш стакан6. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырсаМұғалім:Ашық – жарқын жүзді,Әділқазы біздің.Таңдап баға беругеШақырайық төрге – деп, сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазыларға сөз кезегін берейік! Әділқазылар жеңімпаз топты марапаттайды, қалған топтарға ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.Мұғалім:Алдыңызда әлі талай асу бар,Асулардан қиналмай – ақ асыңдар.Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,Болашаққа батыл қадам басыңдар! – дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет!


Приложенные файлы


Добавить комментарий